І жүргізуші Саят:
Құрметті ардагерлер,ұстаздар,
оқушылар,қонақтар. Ұлы жеңістің 68 жылдығына байланысты өткізіліп
отырған мерекелік концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер.
ІІ жүргізуші Асель: Міне, Ұлы
Жеңістің 68 жылдығын
тойлағалы отырмыз. Жеңіс… Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы
минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?
Ақыры
олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.
І жүргізуші: Соғыс
жылдарында біздің
Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата –
әжелеріміз соғыстың алғашқы сәттерінен –ақ майданға аттанды.
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отан басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
Осы қан майданда мерт болған ерлердің
рухына, бүгін арамызда асқар таудай
болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.
(1 минут
үнсіздік).
ІІ жүргізуші:
Жеңіс жолында Отан үшін
су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай
шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала -
әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды.Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама
ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.Ал, тылда қалған қарттар,аналар мен
бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп, бірде
аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді.
Іжүргізуші: Бірақ
ешкімнің сағы сынбады. Олардың
бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт
өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Жеңіс
күні – адамзат
аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -
1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні
ІІ жүргізуші:.
Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып
келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау
кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен Совет Одағының
шекарасын бұзып, басып кірді.
--соз-----------------------------------------------------------------------
І жүргізуші: Жеңіс
оңайлықпен
келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Талғат Бегельдинов, Бауыржан
Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Маншүк Маметова, Әлия Молдағұлова және осы
ауылымыздың ардагерлері сияқты есімдері аңызға айналған,
аталарымыз, әжелеріміз
тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
-номер---------------------------------------------------------------------
І
Іжүргізуші:
Ұлы Отан соғысына
қатысқан батыр қыздарымыздың бірі Әлия
Молдағұлова 1924 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданының Көкбұлақ деген жерінде
туып, Ойыл ауданындағы Алтықарасу ауылында өскен.
І жүргізуші: 1944 жылы
Ленинград
маңындағы елді мекенді азат етуде алдыңғы шепте жүрген Әлия, «Отан үшін алға!»
деп барлық жауынгерді соңынан ертіп, шабуылға шығады. Жаудың бораған оғына
қарамай қыстаққа бәрінен бұрын алдымен өзі кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды.
ІІ жүргізуші:
Әлияның соғыс жылдары мергендік
атағы шықты.
Ол небәрі 20 – ға толмаған қыршын
жасында жау оғынан көз жұмды. Біз Әлияны ешқашанда
ұмытпаймыз.Соз:_________________________________
І жүргізуші: Аты аңызға
айналған
Бауыржан ата 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында Көлбастау
ауылында дүниеге келген
ІІ жүргізуші: Бауыржан
атамыздың дүниеге келгенін биыл 100 жыл толады. Бауыржан Момышұлы
– елі үшін ерен еңбек жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған.Номер:------------------------------------------------------
І жүргізуші: 68-жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
68-жыл –шуақты күн тараты әнін
Есімде сонан бері 68 рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары. Соз:--------------------------------
ІІ Жүргізуші: Жеңіс
деген жақсылықтың
сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуыныш пен мерекенің бұлағы.
Номер:----------------------------------------------------------
І жүргізуші: Жеңіс!
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән – көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып. Номер:---------------------------------------------
ІІ
жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда
жүрген ардагер аталарымыз бен
апаларымыз аға ұрпақтың жауынгерлік және еқбектегі ерліктерін әрқашан мақтан
тұтамыз.
Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел! деп
----------------------------------------әнін қабыл алайык
І жүргізуші: Соғыстың
құны – кесілген білек,
Соғыстың құны – тесілген жүрек.
Соғыстың құны – лаулаған орман,
Соғыстың құны – уланған арман.
Соғыстың құны –
өртенген аспан,
Соғыстың құны – төгілген жас қан… Номер-----------------------------
ІІ Жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен
асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945
жылдың 9-мамырында қайта оралды.
Номер------------------------------------------------------
І жүргізуші:
Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.
Номер------------------------------------------------
ІІ Жүргізуші:
Ер елсіз болмайды, ел ерсіз
болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға
таптатпаған батырларға арналады.
номер---------------------------------------------------
І жүргізуші:
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге
келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай
берулеріңізге тілектеспіз. Сіздердің құрметтерінізге
Номер----------------------------------------------------
ІІ Жүргізуші: Жеңіс
бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға
жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын
қақты. Номер---------------------------------------
І жүргізуші:
Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
ІІ Жүргізуші:
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.
Корытынды соз:
І жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
ІІ Жүргізуші:
Құрметті ардагерлер,ұстаздар,
оқушылар,конактар осымен Ұлы жеңістің 68 жылдығына байланысты
өткізіліп отырған мерекелік концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз.
Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.