03.11.2015 жыл
Сағат: 1500
«Сыбдыры
сұлу, Алтын күз!» күзгі балл сайысының сценарийі
9,10
– сынып
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» атты
күзгі балл сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке,
күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік
бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
«Сыбдыры
сұлу, Алтын күз!» күзгі балл сайысының жүрісі
1. 2-жүргізуші
шығу
2. 2014-2015
оқу жылының күз ханзадасы мен күз ханшайымын ортаға шақыру
3. Ханзада
мен ханшайымдарды шақыру
4. Әділқазылар
алқасын шақыру
5. Сайыс
бөлімдерін таныстыру
6. Күзгі
вальс биін билеу
Жоспары:
1.
Әр сыныптың өз өнерлері (ән, би, көрініс
т.б.)
2.
Ханзада мен ханшайым сайысы
Шарттары: 1. Таныстыру
2. «Кім тапқыр»
Сұрақ-жауап
3. Күзге байланысты
көрме дайындау
4.
Өз өнерін көрсету (ән, би, көрініс,
актерлық шеберлік т.б.)
5. Сән
үлгісі
1-жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты
ұстаздар, оқушылар! «Сыбдыры сұлу, Алтын күз» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің
бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жаз даланың дархан
дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.
2-жүргізуші:
Нағыз сары алтындай
сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай
– мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша.
Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара
суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
1-жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі балл» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Күзгі балды»
тойлаймыз.
2-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге
шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін
ашсын.
Бақ пенен шаттық
бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен
ортақтассын – дей отырып 2014-2015 оқу
жылындағы күзгі балл сайысының жеңімпаз Ханзадасы мен Ханшайымын ортаға
шақырамыз, алдарыңызда Қашқынов Сакен мен Елемесова Жайна.
1-жүргізуші:
Көңіл қойып, құлақ
салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына
қалыңыздар!
Бүгінгі біздің
бағдарламамызда:
Келтіретін ардайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың
неше түрін
Әншінің анықтаған әнін
естіп,
Көңіліңіз қалары хақ
бір серпіліп.
Осылай бәрі-бәрі болып
жатса,
Мақсатқа қалар едік біз
де жетіп- дей отырып бүгінгі күзгі бал
кешіне қатысушы ханшалар мен
ханзадаларды ортаға шақырайық.
9 «А» - сыныбының
ханзадасы мен ханшайымы Наурызов Дәулет пен Наурызова Сания
9 «Ә» - сыныбының
ханзадасы мен ханшайымы Сұлтанов Нұрдаулет пен Кенжебекова Майра
9 «Б» - сыныбының
ханзадасы мен ханшайымы Айдынбеков Талғат пен Сәрсенбаева Жансая
9 «В» - сыныбының
ханзадасы мен ханшайымы Кадирбаев Айдар мен Хаирбаева Арай
10 «Ә» - сыныбының
ханзадасы мен ханшайымы Жұмабек Темірлан мен Қашқынова Әсем
2-жүргізуші:
Күз
мейрам құтты болсын баршаңызғы,
Күздің
сәні келіп қапты ортамызға.
Әділқазы
алқалармен таныстырып,
Кетейінші
осы отырған баршаңызға-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен
таныс болыңыздар.
1.
Тәрбие ісінің меңгерушісі – Мақсымбай
Күмісбек
2.
Ұйымдастырушы педагог – Қаражанова Нағима
3.
Қосымша білім беру педагогы – Абенова
Нағима
Олай болса алдарыңызда күзгі вальс биімен ханзадаларымыз бен
ханшайымдарымызды қарсы алайық.
1-жүргізуші:
Ендеше, құрметті
көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Сыбдыры
сұлу, Алтын күз!» атты
сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп
қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты
ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
Олай болса 1-ші бөлім таныстыру
2-жүргізуші:
Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз өздерін таныстырып болса,
әділқазылар алқасының бағасын көрейік.
1-жүргізуші:
Алтындай сылдырлайды
күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын
күні.
Биылғы мерекелі нұрлы
күздің
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз
мерекелі,
Байлығы өте-мөте
берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт
шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты
ел екені,-дей келе келесі бөліміміз сұрақ-жауап сайысы.
Олай болса 2-ші бөлім сұрақ-жауап сайысы
2-жүргізуші:
Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз сұрақтарға жауап беріп
болған болса, әділқазылар алқасының бағасын көрейік.
Олай болса келесі бөліміміз күзг
байланысты көрме дайындау.
2-жүргізуші:
Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың күзгі көрмелерін тамашалап болсақ, әділқазылар алқасының
бағасын көрейік.
1-жүргізуші:
Күз келіп, хан мен
ханшайым
Өткізді күзгі балл айын
Ханшайым тапқыр қыз
болды,
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды,
Барша жұртты шақырды
Би де билеп, ән айтты,
Қуаныштан шалқыды.
2-жүргізуші:
Алтын күз бірде шуақ,
бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған
сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар
сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге
сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай
дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл
мидай
Қырманда қызыл алтын,
қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген
сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға
теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше,
құрметті көрермендер Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың өнерін
тамашалайық.
Олай болса келесі бөліміміз өз өнерін
көрсету.
1-жүргізуші:
Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз өз өнерін көрсетіп болған
болса, әділқазылар алқасының бағасын көрейік.
2-жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр
өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз
жанымен
Өз қолынан шығарған
киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз
сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
Қатысушыларымыз өз
шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.
Олай болса келесі бөліміміз сән үлгісі
1-жүргізуші:
Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз өз шығармашылықтарымен
жасаған киім үлгілерін тамашаладық, енді
әділқазылар алқасының бағасын көрейік.
2-жүргізуші:
Қатысушылармыздың өнерлерін, тапқырлықтарын, шешендіктерін тамашаладық, арайлы
алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтау
үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.
(жеңімпаз марапатталады)
1-жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес,жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп,жеңілдім деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын!Қош дейміз әлі
талай сайыстар бар.
2-жүргізуші:
Бүгінгі «Сыбдыры сұлу алтын күз»атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!
Бас жүлде – 9 «А» сынып
оқушылары Наурызов Даулет пен Наурызова Сания
І орын – 10 «Ә» сынып
оқушылары Жұмабек Темірлан мен Қашқынова Асем
ІІ орын – 9 «Ә» сынып
оқушылары Сұлтанов Нұрдаулет пен Кенжебекова Майра
ІІІ орын – 9 «Б» сынып
оқушылары Айдынбеков Талғат пен Сарсенбаева Жансая,
9 «В» сынып оқушылары Кадірбаев
Айдар мен Хаирбаева Арай
Сынып өнерлері
І орын – 9 «А»
ІІ орын – 9 «Б»
ІІІ орын – 10 «Ә»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.