17.02.2015
жыл
Сағат:
1000
«Ғасыр ақыны»
атты поэзия кеші
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтің өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру,
ақынның бұрын сирек жарияланған өлеңдерін оқушылар назарына ұсыну;
Поэзияны
сүюге үйрету, оны құдіретін сезіндіру. Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты
қадірлей білуге тәрбиелеу.
1 - жүргізуші:
Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа
ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға
мәлім.
2 - жүргізуші:
-
«Ойлы жас, өлеңменен
сырласымдай,
Сырлассам да құмарым тұр
басылмай
Айтып өткен ақында арман бар
ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай»
- деп ақын өзі айтқандай бүгінгі ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғасыр
ақыны» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Мұқағали Мақатаевтың көзін көрген, өлеңдерімен сусындап өскен,
ақын жайында естелік айту үшін мектебіміздің директоры Жолдасқали Оразайұлына
сөз береміз.
1-жүргізуші:
Қалай түскен ақын жаны талқыға
Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына
Мұқағали тек қана ақын болатын.
Сауысқандар атанғанда қаршыға
Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай.
Еңбегінің қызығында көре алмай.
От боп жанып өліп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай
Келесі кезекте ақын өлеңдеріне тоқталамыз
7 «Г» сынып оқушылары Жеткінбаев Айбек, Елеуова Жадыра, Сыдиықова
Құндыз, Бегімсалова Самал
2 - жүргізуші:
-
Қарасаз, қара шалғын өлеңде
өстім,
Қырға шығып ырысқа
кенелмеспін.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді
ешкім.
«Пай, пай, өмір!» орындайтын 8 «Ә» сынып оқушысы Хожағалиева Анар
«Арыз жазып кетейін» орындайтын 8 «А» сынып оқушысы Жомартов
Нұрмұхамбет
1 - жүргізуші:
-
Махаббат, сүйіспеншілік
тақырыбына соқпай кететін ақын жок десек
артық айтқандық емес. Махаббат мәселесі, бұл – мәңгілік тақырып.
Бірақ әр ақын өз сезімін өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады. Мұқағалидың
сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш – бір үміт, бір өкініш – бір
күдік болатыны жасырын емес.
«Ғашықпын» орындайтын 8 «Б» сынып оқушысы Сарсенбаева Жансая
«Соқ, жүрек» 8 «Ә» сынып оқушысы Кенжебекова Майра
2 - жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Саф алмастай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның
өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
«Жырласам ба екен» 9 «В» сынып оқушысы Сабиева Мадина
«Қызық өмір» 8 «Б» сынып оқушысы Онбаева Гүлзат
1 - жүргізуші:
Мұқағали ауруханада ұзақ ауырып жатып қалған кезде достарын аңсап өзінің
қарындасындай болып жүрген Фариза Оңғарсыноваға арнап, «Фариза» атты
арыз-толғауын жазған еді.
Ән: «Фариза» орындайтын мектебіміздің мұғалімі Демеуов Есен
2 - жүргізуші:
Мұқағали поэзиясында табиғатты аялау сезімі, адамгершілік көзқарасы
жатыр. Табиғаттың еркесі, сұлулық рәмізі – аққулардың сезімін бейнесінде адал
сезімдер жырланады.
1 - жүргізуші:
Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыған жазушы
Ғ.Мүсірепов ақынға қатты риза болып, алтын қаламсабын сыйлаған екен.
«Аққулар ұйықтағанда» орындайтын 9 «Ә» сынып оқушысы Елубаева
Жұлдыз
2 - жүргізуші:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері
ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран
құстай самғап ұшып жүр.
«Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген» орындайтын 9 «Г» сынып оқушысы
Атчыбаева Анар
«Шәмілге жазған хаттардан» орындайтын 11 «Ә» сынып оқушысы
Сұлтанмұратов Жандос
1 - жүргізуші:
Мұқағали жыры – күшті жыр. Сондықтан да ол – ер ақын, ерен ақын,
ерекше ақын. Ер ақын дейтініміз: ол шындықты бүкпесіз бетке айтады. Ерен ақын
деуіміз: сөзі шырайлы, тілі қарапайым, тың өлеңдер жазды. Ерекше ақын
дейтініміз: ол ер және ерен ақын болғандықтан да ерекше.
2 - жүргізуші:
- Тірісінде сый көрмей қайран ақын.
Тек өлген соң атағын жайған ақын,
Ежелден қазақтың бұл қасіреті –
Бармағын тістеп кейін ойланатын.
Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,
Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.
Барында бағаламай, білдік кейін
Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан.
Мұқағалиға арнау 9 «А» сынып оқушысы Алтыбаева Айгерім.
1 - жүргізуші:
Құлпырып Қарасаздың бар әлемін,
Бөлеген жыр гүліне дала белін
Мұқаңдай пір тұтқан жан жоқ-ау, сірә,
Қазақтың құдіретті қара өлеңін! – деп бүгінгі алып жүректі, ақиық
ақынымыз М.Мақатаевтың «Ғасыр ақыны» атты шығармашылық кешімізді аяқтаймыз.
Келесі кеште кездескенше сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.