Инфоурок Химия Другие методич. материалыСарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс

Скачать материал

Химия 11

Зертханалық жұмыс № 6.2

Синтетикалық талшықтардың қасиеттерін талдау

 

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде кездестіретін талшықтарды танып білу икемділіктерін қалыптастыру.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: сынауығы бар тұрғы, қысқыш, қайшы, сақинасы бар тұрғы, спиртшам, шыны, сіріңке, синтездік тадлшықтар: полиэфир және полиамидті талшықтар, концентрлі күкірт және сірке қышқылдары, 20%-тік натрий гидроксиді, органикалық еріткіш.

Талшықтарды анықтау оның жанғыштығын, қышқылдарға, сілтілерге, ацетонға әсерін бақылау негізінде жүргізіледі. Анықтайтын талшықтар үлгілері әрбір оқушыға ең кемінде 4-5 үлгіден беріледі. Талшықтарды анықтау үшін төмендегідей жазылған кесте алдын ала толтырылып оқушылардың алдына қойылады. Кестеге сүйене отырып, талшықтарды анықтау үшін төмендегідей ретпен тәжірибелер орындау керек.

Талшықтар

Талшықтардың негізгі элементтік құрамы

Қыздыруға әсері

Жанғандағы күлінің түрі, түсі

Еріткіштердің әсері

Азот қышқылы

Сілті (10%)

Ацетон

1

Мақта

Целлюлоза

Балқымайды, жанған қағаздың иісін шығара лезде жанады

Сұр түсті

Ерімейді

Ерімейді

Ерімейді

2

Жүн, табиғи жібек

Белок

Күйген құс қауырсыныны-ң иісін шығара баяу жанады

Қара түсті түйіршік

Ісінеді, ерігенде сары түс пайда болады

Ериді

Ерімейді

3

Ацетат

Ацетилцеллюлоза

Тез жанады, жалыннан алса, жанбайды

Күңгірттеу, қоңырқай түсті түйіршік

Ерімейді

Ерімейді

Ериді

4

Капрон

                       

H                       O

Қыздырғанда жұмсарып, балқиды. Иісі жағымсыз

Жылтыр, қоңыр түсті түйіршік

Ериді

Ерімейді

Ерімейді

5

Лавсан

CN

Балқымайды, ыдырайды

Қоңыр түсті күл

Ерімейді

Ерімейді

Ериді

 

Анықтайтын талшық үлгісінен 3 сынауыққа салып, біреуіне 1-2 мл конс. азот қышқылын, екіншісіне 1-2 мл 10%-тік сілті ерітіндісін, үшіншісіне сондай мөлшерде ацетон тамызып, араластырыңдар. Не өзгеріс байқалды?

Талшықты қыздырған кезде не байқалады? Жану нәтижесінде түзілген заттың иісі қандай? Күлдің түрі мен түсін анықтаңдар.

Жұмыстың орындалуы:

Синтездік талшықтардың физикалық қасиеттерін тексеріңдер: а) түсі; ә) балқуы; б)  органикалық еріткіште еруі; в) созылуы. Талшықтың созылуын суретте  көрсетілгендей тексеріңдер: жіптің бір ұшын сақинаға байлаңдар да, жайлап бұрыңдар. Жіп үзілгенше қанша бұрадыңдар, соны санаңдар. Осылай жасанды талшықтарға да тексеру жүргізіңдер.

Синтездік талшықтардың химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) күкірт қышқылының әсері; ә) сірке қышқылының әсері; б) сілтінің әсері.

 

1125-shnur-pletelniy3-1341552999           viskoza1            0fvqJA19                   hlopokЛавсан                         Вискоза                   Жүн                                    Мақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия 11

Зертханалық жұмыс № 6.1

Пластмассаның қасиеттерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың күнделікті өмірде кездестіретін пластмассаларды танып білу икемділіктерін қалыптастыру. Полимерлер туралы білімдерін қорытып, бекіту.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: электрөткізгіштікті сынайтын құрал, сынауық орнатылған тұрғы, газ жүретін түтікше, қысқыш, қайшы, спиртшам, сіріңке, әртүрлі пластмасса: полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол, полиметилметакрилат, фенол-формальдегид пластмассасы, 20%-тік күкірт қышқылы және азот қышқылы, натрий (калий) гидроксиді, бром суы, 0,1%-тік калий перманганатының ерітіндісі, бензин, дихлорэтан, лакмус қағазы (көк, қызыл), су.

Сабақты жүйелі түрде өткізу үшін алдын ала зертханада пластмасса үлгілері беріледі. Пластмасса түйіршіктерінің көлемі сынауыққа енетіндей болу керек. Пластмассалардың атын қысқартылқан күйде қолданған жөн. ПЭ – полиэтилен, ПС – полистирол, ПВХ – поливинилхлорид, ПМ – полиметилметакрилат, Ф – фенопластар. Пластмассаларды анықтау үшін нөмірленіп бөлек қалтаға салынған 5-6 пластмасса үлгілерінің түйіршіктері беріледі.

Мұғалім оқушыларға пластмассаларды сыртқы түріне, тығыздығына, қыздыру мен жану барысында байқалатын ерекшеліктерге байланысты анықтауға болатынын ескертеді. Анықтайтын пластмассалар үлгісі әрбір оқушыға ең кемінде нөмірленген 4-6 үлгіден беріледі. Оқушыларға жеке тәжірибелерді орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.

Пластмассаларды танып білу үшін төмендегідей жазылған кесте алдын ала толықтырылып, оқушылардың алдына қойылады.

Қандай пластмассалармен таныстыңдар?

Пластмассаларды қандай қасиеттеріне сүйеніп анықтадыңдар?

 

image003_1    material-04    aaa      termofleksgranuli

Поливинилхлорид  Полистирол           Полиэтилен       Полиметилметакрилат

 

 

 

 

Пластмассалардың аты

Пластмассаның негізгі элементтік құрамы

Жануға әсері

Қыздыруға әсері

Еріткіштердің әсері

ацетон

бензол

дихлорэтан

1

Полиэтилен

Жанған парафиннің иісін шығарып, көкшіл жалынмен жанады. Жанған кезде полиэтилен тамшысы бөлінеді. Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды.

Балқыған күйінде жіп созуға болады

ерімейді

ерімейді

ерімейді

2

Поливинилхлорид

Cl

Түтіндеп жанады, жалыннан алса, бірден жануын тоқтатады

60-70 градуста жұмсарады. 110-120 градуста ыдырайды.

ерімейді

ерімейді

ерімейді

3

Полистирол

Стирол иісін таратып, түтіндеп жанады, жалыннан алған соңда жана береді.

Жұмсарады, балқымасынан жіп созу оңай.

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

4

Полиметилметакрилат

 

 

Жанған эфирдің иісін шығарып, сарғыштау жалынмен жанады

Жұмсарады, жіп созуға келмейді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

ерімейді

ерімейді

5

Фенолформальдегид пластмассасы фенопластар

 

Безымянный.png

Фенол иісін тарата бықсып жанады, жалыннан алса, біртіндеп сөнеді

Қатты қыздырғанда ыдырайды

ерімейді

ерімейді

ерімейді

 

Жұмыстың орындалуы.

Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а) түсі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электрөткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ) органикалық еріткіштердің әсері.

Пластмассаның химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) сілті, қышқыл және органикалық еріткіштер әсеріне тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жанғыштығын, жалынның түрін, жанған кезде газ бөліне ме (ыдырай ма?), иісі қандай, бақылаңдар (тартпа шкаф астында жағу керек).

Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризациялануы. Сынауыққа пластмасса кесегін салыңдар да, аузын тығыны бар түтікшемен тығындаңдар. Бром суы және калий перманганатының ерітіндісімен пластмассаның диполимерленген өнімін тексеріңдер. Не байқадыңдар?

 

Пластмассаның химиялық қасиетін кестеге жазыңдар.

 

Пластмассаның химиялық формуласы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия 11

Зертханалық жұмыс № 5

Нәруыздар.

 

 

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: нәруыз ерітіндісі, тұз, азот, күкірт қышқылдары, мыс (II) сульфатының ерітіндісі, қорғасын (II) ацетатының ерітіндісі, фенол, формалин, этил спирті, натрий хлориді.

400px-Fried_egg,_sunny_side_up     500px-Poli23

Poli21

Жұмыстың орындалуы

1.     Минерал қышқылдар қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Үш сынауықтың біреуіне азот қышқылынан, екіншісіне күкірт қышқылынан, үшіншісіне тұз қышқылынан 3 мл құйып, оларға сүт нәруыздарынан 1 мл қосса, ақ түсті нәруыз тұнбаға түседі. Қоспаны шайқаса, азот қышқылы бар сынауықтағы тұнба мөлшері арта түседі де, ал тұз және күкірт қышқылы бар сынауықтағы қоспа еріп кетеді.

2.     Ауыр металл тұздары қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Екі сынауыққа 2 мл-ден нәруыз ерітіндісн құйып, біреуіне араластыра отырып, мыс (II) сульфатының ерітіндісінен, екіншісіне қорғасын ацетаты (III) ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызса, тұзды ортада нашар еритін нәруыздар ірімшіктелген тұнба түзеді. Мұнда қандай өзгерістер байқалатынын түсіндіріңдер.

3.     Формалиннің және спирттің нәруызға әсері. Екі сынауықтың біреуіне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне 1 мл-ден нәруыз ерітіндісін қосады. Сонда екеуіне де тұнба түзіледі. Тұнбаға су қосып, араластырыңдар. Тұнба ерімейді.

4.     Нәруызды қыздырғанда ұюы (денатурациясы). Жұмыртқаның нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Су қоссаңдар тұнба ериді ме? Неліктен тұнбаның ерімейтінін түсіндіріңдер.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сарамандық жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Химия 11Зертханалық жұмыс № 6.2Синтетикалық талшықтардың қасиеттерін талдауЖұмыстың мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде кездестіретін талшықтарды танып білу икемділіктерін қалыптастыру.Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: сынауығы бар тұрғы, қысқыш, қайшы, сақинасы бар тұрғы, спиртшам, шыны, сіріңке, синтездік тадлшықтар: полиэфир және полиамидті талшықтар, концентрлі күкірт және сірке қышқылдары, 20%-тік натрий гидроксиді, органикалық еріткіш.Талшықтарды анықтау оның жанғыштығын, қышқылдарға, сілтілерге, ацетонға әсерін бақылау негізінде жүргізіледі. Анықтайтын талшықтар үлгілері әрбір оқушыға ең кемінде 4-5 үлгіден беріледі. Талшықтарды анықтау үшін төмендегідей жазылған кесте алдын ала толтырылып оқушылардың алдына қойылады. Кестеге сүйене отырып, талшықтарды анықтау үшін төмендегідей ретпен тәжірибелер орындау керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2020 587
    • DOCX 761.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пронина Татьяна Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Пронина Татьяна Васильевна
    Пронина Татьяна Васильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62056
    • Всего материалов: 215

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов