Инфоурок Литература Рабочие программы«Сұңқар ақын» атты мәнерлеп оқу сайысы

«Сұңқар ақын» атты мәнерлеп оқу сайысы

Скачать материал

Ақмола облысы

Бурабай кенті

С.Сейфуллин атындағы мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Сұңқар ақын» атты мәнерлеп оқу сайысы

 

 

 

Өткізген: Ахметбекова Б.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

Мақсаты:  қазақ халқының тарихындағы қасіретті  кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған, қазақ халқының зиялыларының бірі С.Сейфуллин жайлы оқушыларға мағлұмат беру.С.Сейфуллин  есімін құрметтеуге,

ұмытпауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар,қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушының портреті, бейне материалдар.

Барысы: Оқушыларды сынып сағатының тақырыбымен,мақсатымен түсіндіру. Мектебімізге С.Сейфуллин атының берілуі тектен-тек емес екенің айта отырып, ортаға тарих пәнінің мұғалімі Әсет Алдабергенұлына сөз беру.

Тарих пәнінің мұғалімі мектебімізге қай жылы,қашан С.Сейфуллин аты берілгені туралы ақпарат берілді.

Мұғалімнің сөзі: С. Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады.

Қараңғылық, дәрменсіздік, қос үрей қорқақтық құрсауында талмаусыраған қалың бұқараны азаттандыру, еркін де жарық әлемге шығару, озық жұрттар санатына қосу, өнер - біліммен қаруландырып, бақытты өмір жасардай дәрежеге жеткеру С. Сейфуллиннің  ес біле көкірегіне ұялаған аңсаулы арманы, ынтыға іздеген нысанасы еді.

  Жаңа заманда бостандыққа қолы жетіп, бақытты өмір сүрген, халқымен жиырма жылдай бірге жасасып және жақсы білген өмірін айқын бейнелеп, туған халқының жалынды жыршысы болған С.Сейфуллин поэзияның кең арналы эпикалық, терең сырлы лирикалық салаларында жарқырап көзге түсті де, шын халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін салды. Кеңес заманында білімі де, тәжірибесі де, таланты да жетілген кешегі ауыл ақыны аз уақыттың ішінде әдебиет шеберлерінің алдыңғы сапына шығып, қазақтың жас совет әдебиетінің қалыптасу кезеңінде де қатарға жетіп кемелденген кезінде де өзіне лайық ардақты орнын алды. Сөйтіп оның есімі туған ел әдебиетінің тарихында «аспанның төсін арда емген» Алатаудай зәулім шоқының бірі болып қалды.

Бейне материалдар көрсетіледі.

1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы

2.Сәкен жайлы естелік.

3.Сәкеннің мұражайы.

 

Кіріспе сөз. Сәкен Сейфуллин-ұлы тұлға.

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
     Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жаситары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрды, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болды.
1917 жылы қарашада «Кел, жігіттер» өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы «жас қазақ марсельезасын» жазды, «Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады.
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жарық көреді. «Домбра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драмматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.

С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
«Жұбату» (1917) әңгімсі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зертгеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу існе де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.1938 жылы жолсыз жазага ұшырады. Ол туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі, поэмалар,  әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды

Құлпытас

Жарасқан Әбдіраш

Талай ұрпақ бізден кейін келсе де,

Тағзым етер дұға оқып зейіндеп.

Мына дала болса егер мына бел,

Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.

 

Ежелден - ақ екі көздің бірі қас,

Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас.

Ақаңның да Құлагері бар десек,

Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.

 

Теңеуін халық төксе де,

Байламын айтқан бекемдеп.

Сұлуы жердің Көкшетау,

Сұлуы ердің Сәкен деп.

Сайыскерлерге алдағы уақытта да тек қана жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз

 «Халық жауы»

Қара күй жағылған.

Қарғыс таңба

Жазықсыз таңылған.

«Халық жауы»

Үй- орманың оталу.

Өз еліңде

Өзің дұшпан аталу.

Саналылар

Сұмырайға саналу.

Айыпсыз-ақ

Абақтыға қамалу.

 

Қапияда

Қауып алар қармақтар,

Ойды орап,

Қырды жапқан Карлагтар

Қайда барсаң

Қан сасыған іргелер

Тірі өлікке толған іші түрмелер

 

-Парызың көп Тірілер,

Өмір-күрес,жанталас.

Заман туса бірігер

Басыңды қос,алты Алаш.

Қазағымның әр үйін

Қуат беріп қолдаған.

Әли десең-Әлиің,

Хан десеңіз-Хан болам.

Ұлдар туар Ержүрек,

 

Атар әлі таң-нұрың.

Бөлінсеңдер бөрі жеп,

Тәлтек болар тағдырың.

Аспан әлем-нұрланса,

Жау шықпайды тасадан.

Алаш туы бір болса,

Бауыр-бүтін,

Бас-аман.

 

СӘКЕН:

 

Мен-Сәкенмін!

Сейфолланың баласы,

Жазылмаған жүрегімнің жарасы.

Мен құдайдың ажалынан өлгем жоқ,

Мені өлтірген адамдардың аласы.

 

Он жетіде ту ұстадым қолыма,

Мақтанышпен мадақтадым оны да!

Қыран едім,қанатыммен соғылып,

Өзім түстім қастандықтың торына.

 

 

Көжегіне ұқсамадым қоянның,

Қатарымнан тым ертерек ояндым.

Қызыл туды жырлап едім армансыз,

Ақырында,қызыл қанға боялдым.

 

Бостандықтың күте-күте әр таңын,

Енді соның шын азабын тартамын!

Мені атқан адамдардан қорықпаймын,

Елін сатқан адамдардан қорқамын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЙІМБЕТ:

 

Жазам,жазам әлі де бір тынбаймын,

 

Қонса-дағы бір күн бақ,бір күн қайғың.

 

Амангелді,Жалбырға жан бітірген,

 

Бейімбетпін-

 

Досымын Мырқымбайдың.

 

 

Шұға-менің өз мұңым,өз ғашығым,

 

Туған елден жоқ менің өзге асылым.

 

Құрымбайдай жігіттің құрдасымын,

 

Аштан өлген Күлпаштың көз жасымын.

 

Мінген атым астымда тепектеген,

 

Белсенді көп бұйрықты екі етпеген.

 

Көкбазарға сатуға бара жатыр,

 

Көк сиырын Дайрабай жетектеген.

 

Тәуелсізсің.Айналдың өркенді

 

Елге,

 

Қаптап,қаулап гүл өсті

 

өртеңдер де,

 

Кеше жаздым мұңымды,бүгін жаздым,

 

Мен сендермен біргемін Ертеңде де!

 

 

ІЛИЯС:

 

Ілияспын!

 

Өлеңге мұрагермін,

 

Иесімін мынау ел,мына жердің.

 

Құлагерді жазып ем жүрегіммен,

 

Тағдырына тап келдім құлагердің.

 

Жетісумын,

 

Алтаймын,

 

Сарыарқамын,

 

Жарылмады жүректе жанартауым.

 

Түгел көріп,қайтейін кете алмадым

 

Қазақстан жерінің бар алқабын.

 

Туған елдің туымын,

 

айбарымын,

 

Жетісудың мен де бір қайнарымын

 

Жауларыма сұстымын-алмас қылыш.

 

Жайшылықта жайсаңмын,

 

жайдарымын.

 

Бітті бәрі!

 

Басылды дау-дабыра,

 

Өзеніме иемін,тауларыма.

 

Егеменді Ел болып қайтарыңдар,

 

Менің кеткен кегімді жауларыма!

 

СҰЛТАНБЕК:

 

Мен Сұлтанмын,Сұлтанмын,

 

Өз еліме ұлтанмын.

 

Әуелденқ білгенмін,

 

Ататынын бір таңның.

 

Шешен десең шешенің,

 

Көсем десең көсемің.

 

Кесіп тастай алмадым,

 

Замананың кеселін.

 

Орындалмай тілегім,

 

Соқпай қалды жүрегім.

 

Өз халқымнан кіші едім,

 

Сталиннен ірі едім!

 

Көшпей қойды бастан бұлт,

 

Елге жасап қастандық...

 

Қайтып келді бәрібір,

 

Мен аңсаған Бостандық!

 

Ән: «Заман-ай».

 

1-жүргізуші. «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы»Қазақстан Республикасының 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды,қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды.

 

Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретті халық жадынан ешкім өшіре алмас.

 

2-жүргізуші.Қазақпын,мен қазақтың бөлшегімін,

 

Жау шебінде шыңдалған семсерімін.

 

Тайыз емен,тереңмін,тамырлымын,

 

Иілмейді ешкімге еңсем бүгін!

 

1-жүргізуші.Қазақпын,мен қазақтың бөлшегімін,

 

Домбыраның бірімін қос ішегінің,

 

Қазақпын,мен қалайда жапа-жалғыз

 

Жиегінде тұрсам да жер шарының!

 

2-жүргізуші.Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,

 

Кейіпкері емеспін ертегінің.

 

Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,

 

Жер әлемге жетеді көпке үнім!

 

Ән: «Атамекен»

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

 

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп - кетіп есен – сауын.

Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.

 

 

 

 

 

Жеке батыр.

Болыпты баяғыда Жеке батыр,

Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.

Бір күні қарауылда қалғып кетіп,

Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

Бурабай

Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс,

Көргенде шаршаған жан алар тыныс.

Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,

Қарағай, қайыңмнен қалың жыныс

Оқжетпес

Басына атсаң – дағы оғы жетпес,

Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.

Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,

Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.

Жұмбақтас

Батырлар айнала тұр тас қасында,

Алғандай бір - бір сұлу бас - басына.

Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы

Абылай бәсекенің бас қасында.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сұңқар ақын» атты мәнерлеп оқу сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ақмола облысы Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы мектебі «Сұңқар ақын» атты мәнерлеп оқу сайысы Өткізген: Ахметбекова Б.С. Мақсаты: қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған, қазақ халқының зиялыларының бірі С.Сейфуллин жайлы оқушыларға мағлұмат беру.С.Сейфуллин есімін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар,қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушының портреті, бейне материалдар. Барысы: Оқушыларды сынып сағатының тақырыбымен,мақсатымен түсіндіру. Мектебімізге С.Сейфуллин атының берілуі тектен-тек емес екенің айта отырып, ортаға тарих пәнінің мұғалімі Әсет Алдабергенұлына сөз беру. Тарих пәнінің мұғалімі мектебімізге қай жылы,қашан С.Сейфуллин аты берілгені туралы ақпарат берілді. Мұғалімнің сөзі: С. Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады. Қараңғылық, дәрменсіздік, қос үрей қорқақтық құрсауында талмаусыраған қалың бұқараны азаттандыру, еркін де жарық әлемге шығару, озық жұрттар санатына қосу, өнер - біліммен қаруландырып, бақытты өмір жасардай дәрежеге жеткеру С. Сейфуллиннің ес біле көкірегіне ұялаған аңсаулы арманы, ынтыға іздеген нысанасы еді. Жаңа заманда бостандыққа қолы жетіп, бақытты өмір сүрген, халқымен жиырма жылдай бірге жасасып және жақсы білген өмірін айқын бейнелеп, туған халқының жалынды жыршысы болған С.Сейфуллин поэзияның кең арналы эпикалық, терең сырлы лирикалық салаларында жарқырап көзге түсті де, шын халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін салды. Кеңес заманында білімі де, тәжірибесі де, таланты да жетілген кешегі ауыл ақыны аз уақыттың ішінде әдебиет шеберлерінің алдыңғы сапына шығып, қазақтың жас совет әдебиетінің қалыптасу кезеңінде де қатарға жетіп кемелденген кезінде де өзіне лайық ардақты орнын алды. Сөйтіп оның есімі туған ел әдебиетінің тарихында «аспанның төсін арда емген» Алатаудай зәулім шоқының бірі болып қалды. Бейне материалдар көрсетіледі. 1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы 2.Сәкен жайлы естелік. 3.Сәкеннің мұражайы. Кіріспе сөз. Сәкен Сейфуллин-ұлы тұлға. Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жаситары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрды, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болды. 1917 жылы қарашада «Кел, жігіттер» өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы «жас қазақ марсельезасын» жазды, «Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жарық көреді. «Домбра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драмматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты. С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» (1917) әңгімсі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зертгеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу існе де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.1938 жылы жолсыз жазага ұшырады. Ол туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі, поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды Құлпытас Жарасқан Әбдіраш Талай ұрпақ бізден кейін келсе де, Тағзым етер дұға оқып зейіндеп. Мына дала болса егер мына бел, Сол арада жатыр Майлин Бейімбет. Ежелден - ақ екі көздің бірі қас, Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас. Ақаңның да Құлагері бар десек, Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс. Теңеуін халық төксе де, Байламын айтқан бекемдеп. Сұлуы жердің Көкшетау, Сұлуы ердің Сәкен деп. Сайыскерлерге алдағы уақытта да тек қана жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз «Халық жауы» Қара күй жағылған. Қарғыс таңба Жазықсыз таңылған. «Халық жауы» Үй- орманың оталу. Өз еліңде Өзің дұшпан аталу. Саналылар Сұмырайға саналу. Айыпсыз-ақ Абақтыға қамалу. Қапияда Қауып алар қармақтар, Ойды орап, Қырды жапқан Карлагтар Қайда барсаң Қан сасыған іргелер Тірі өлікке толған іші түрмелер -Парызың көп Тірілер, Өмір-күрес,жанталас. Заман туса бірігер Басыңды қос,алты Алаш. Қазағымның әр үйін Қуат беріп қолдаған. Әли десең-Әлиің, Хан десеңіз-Хан болам. Ұлдар туар Ержүрек, Атар әлі таң-нұрың. Бөлінсеңдер бөрі жеп, Тәлтек болар тағдырың. Аспан әлем-нұрланса, Жау шықпайды тасадан. Алаш туы бір болса, Бауыр-бүтін, Бас-аман. СӘКЕН: Мен-Сәкенмін! Сейфолланың баласы, Жазылмаған жүрегімнің жарасы. Мен құдайдың ажалынан өлгем жоқ, Мені өлтірген адамдардың аласы. Он жетіде ту ұстадым қолыма, Мақтанышпен мадақтадым оны да! Қыран едім,қанатыммен соғылып, Өзім түстім қастандықтың торына. Көжегіне ұқсамадым қоянның, Қатарымнан тым ертерек ояндым. Қызыл туды жырлап едім армансыз, Ақырында,қызыл қанға боялдым. Бостандықтың күте-күте әр таңын, Енді соның шын азабын тартамын! Мені атқан адамдардан қорықпаймын, Елін сатқан адамдардан қорқамын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 192 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Технологическая карта «Н.А. Некрасов. Стихотворение «Железная дорога». Картины подневольного труда».
  • Учебник: «Литература (в 2 частях)», Полухина В.П., Коровина В.Я., Журавлёв В.П. и др. / Под ред. Коровиной В.Я.
  • Тема: «Железная дорога»
  • 10.01.2021
  • 215
  • 0
«Литература (в 2 частях)», Полухина В.П., Коровина В.Я., Журавлёв В.П. и др. / Под ред. Коровиной В.Я.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2020 262
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сахаров Олег Игоревич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сахаров Олег Игоревич
    Сахаров Олег Игоревич
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96888
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Речевое развитие школьников на уроках родного (русского) языка в условиях реализации обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в дополнительном образовании

Педагог дополнительного образования по русскому языку и культуре речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 767 человек

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек