Инфоурок Директору, завучу ТестыСапалы білім беру аспектілері

Сапалы білім беру аспектілері

Скачать материал

  

Курмалова Асель Агисовна

          Директордың оқу – тәрбие жұмысының орынбасары, бастауыш класс мұғалімі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№20 мектеп – лицей

 

 Сапалы білім беру мен тәрбиелеудің жаңа аспектілері

    ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы  Жолдауында Қазақстан дамуының жаңа кезеңі - бұл экономиканы нығайту,  халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін шешу болып табылады деп көрсетілді. Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының басты басымдықтарын айқындап берді.

    Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық үдерісінде  инновациялық іс-әрекет жүргізу қажеттілігі. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілердің, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.

 Бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның жоғары білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына енгізілген үш сатылы білім беру, кредиттік жүйе, білім саласына мемлекет қана емес, жалпы қоғамның араласуы – инновациялық реформалардың бастапқы жемісі.. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.

    Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл маңызды мәселе әсіресе  жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болған.

    Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.

     Тақырып бойынша зерттелген ғылыми еңбектерде инновациялық технологияны орта кәсіби және орта мектеп жүйесінде қолдану жан-жақты қарастырылып, жоғары мектеп жүйесіндегі маңызды орны, әсіресе инновациялық технологияларды педагогикалық пәндерді оқыту барысында қолдану қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде. Реттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

     Ұстаз –киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерден мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету ұстазға жүктелетін міндет. Білім беру ісінде ұстаз ең басты-шешуші тұлға. Ұстаздың білімдарлығы, абыройы мен беделі оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттің» жақсы болмағы ұстазынан деп тегін халық айтпаған. Ұстаз ұғымының мағынасы кең, мәні терең тарихи ұғым. Әлемдік ой алыптары, кейбір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қаншалықты биік әрі қасиетті екендігін осыдан көруге болады.
      Қай заманда да жастардың алар орны ерекше. Қазіргі ақпаратты заманның жастары да техникалық құралдарды жоғарғы меңгерген болса керек. Сондықтан білім жүйесі қоғаммен бірге дамып отырғандықтан мұғалімге қояр талаптар да өзгеріп отырады. Ол үшін: ұстаздың кәсіби өсуі, өзінің негізгі мамандығы бойынша жаңа әдіс- тәсілдіерді меңгеруі ғана емес, оны өз әрекетіне дұрыс қолдана білуі әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде болуын қалайды. Сол себебтен өмірге еніп жатқан жаңа технологияларды игере отырып оқушыларға сапалы да саналы білім беру әр мұғалімнің көздеген мақсаттарының бірі болуы тиіс.

      Сонымен біз мынадай қорытындыға келдік: инновациялық іс әрекет дегеніміз, мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісінде өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесінде байланысты енгізуін айтамыз.Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру әрекетінің реті — жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс-тәсілдерімен танысып, талдау; оларды өз жұмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді өз еңбегінде қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды жұмыстың кезендерін жоспарлау; болашак, қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылап, бағалау,талдау. Сайып келгенде сапалы білім беру мен тәрбиелеудің  тәжірибелік аспектілері жан жақты жүзеге асырылуы тиіс.

 

                          

                            Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауынан үзінді

2. Әбдіхалықов Н.Б. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің өнімді – шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру.// «Зерттеулер. Ойлар. Көзқарастар. Тәжірибелер» атты облыстық ғылыми – теориялық конференция материалдарының жинағы (2010 жыл),- Қызылорда: Қазақ - Қытай институты, 2010, 90-95 б.

3. Әбдіхалықов Н.Б. Кәсіби іс - әрекетте  мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің даму заңдылықтары // «Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сапалы білім беру аспектілері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 361 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2020 634
    • DOCX 15.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Новикова Наталья Леонтьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Новикова Наталья Леонтьевна
    Новикова Наталья Леонтьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83244
    • Всего материалов: 209

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы организации и осуществления закупок

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Оказание первой помощи детям и взрослым

72/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 140 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность инструктора-методиста по физической культуре и спорту

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе