Инфоурок Математика Рабочие программы5 саны және цифры

5 саны және цифры

Скачать материал

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:

5 саны және цифры

Мектеп:

Күні :

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

натурал сандарды алу жолын түсіндіреді;

 

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды;

 

цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүк-телер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрсетеді;

“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

 

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

цифрлары бар парақшалар;

 

белгі беретін тақтайшалар;

доп.

Тірек сөздер

бес.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 5 санын алу жолдарымен, 5 саны-ның сандық сәуледегі орнымен, 5 санының құрамы-мен таныстыру және оларға 5 цифрын жазуды үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

5 саны натурал сан болып табылады және нату-рал сандық сәуледе 4 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында оқушыларды 5 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру қажет. 5 санын сандық сәуледегі басқа сандармен салыстыруға, сандардың құрамы және сандық сәуледе оңға немесе солға қарай орналасуы арқылы 1, 2, 3, 4 сандарымен байланыстарын анықтауға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ оқушыларға 5 цифрын дұрыс және көркем жазуды үйрету қажет.

 

Сабақты қайталаудан бастаңыз. Сандық сәуледегі санның орнын түсіндіруге бағытталған жаттығулар-ды орындатыңыз. 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшалар дайындаңыз. Осы қағаздарды тақтаға бекітіңіз, 2 және 4 цифрлары бар парақшалардың бет жағын тақтаға қаратып қойыңыз.

 

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

 

— Қандай парақшалар аударылып қойылған?

 

— Қандай сандар түсіп қалған?

— Мен бір сан ойладым, ол 3 санынан кейін тұрады (2 мен 4-тің арасында, 2-нің алдында) және т.с.с. Бұл қай сан? (Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытындылаңыз.)

 

Кіріспе тапсырма. Тақтаға төрт оқушыны ша-қырыңыз. Оларға 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратыңыз. Алдымен сандардың кему реті бойынша, артынан өсу реті бойынша тұруды ұсыныңыз. Тағы бір оқушыны тақтаға шақы-рыңыз. Сыныптағы оқушылардан неше оқушының тақтада тұрғанын сұраңыз. Тақтадағы оқушылардың біреуінің бір қадам алға басуын сұраңыз. Сыныпта-ғы оқушылардан ол нешінші оқушы екенін айтқызы-ңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

— 5 саны қай саннан кейін орналасқан?

 

— Оның алдында қандай сандар бар?

— Қай сандар 5-тен кіші?

Тақтадағы сандар қатарына назар аудартыңыз да, 5 саны бар қағазды сонда қосыңыз. Оқушылардан сабақтың тақырыбын сұраңыз және бүгінгі сабақ-тың мақсатын айтып беруді ұсыныңыз (жауаптарын тыңдаңыз).

Суреттегі заттарды сана. Оқушылардан су-рет бойынша дүкен сөресіндегі тауардың барлық түрлерін айтып беруді сұраңыз. Одан кейін тек сноубордтарды санауды ұсыныңыз. Оларға нәти-жені бір-бірімен жұптары бойынша талдап айту қажеттігін ескертіңіз.

Жауабы:

бес сноуборд.

Доптарды сана. Оқушыларға доптардың суретіне сүйене отырып, түсіп қалған сандарды қоюды ұсыныңыз. Олардан бірінші қорапта неше доп барын сұраңыз. Бір бөлігінде нешеу, ал екінші бөлігінде ше? 5 саны қалай пайда болды? Қандай сандар түсіп қалғанын сұраңыз. Олар неге олай деп шешті? Осылайша екінші қораптағы доптармен де жұмыс жасаңыз.

Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді және түсіп қалған сандарды табуды ұсыныңыз.

Жауабы:

бірінші жолақта: 1; екінші жолақта: 3; үшінші жолақта: 5.

Шығарып көр. Ең мерген ойыншыны табатын жарыс өткізіңіз. Оқушылардан 5 ұпай жинау үшін торға салатын доп нөмірлерінiң санын сұраңыз.

Жауабы:

2 мен 3; 1 мен 4.

Орындап көр. Оқушылардан қақпаға неше гол соғылғанын қалай тапқанын сұраңыз. Олардан, сұраққа жауап берген соң, өздерінің сүйікті спорт  түріне байланысты берілген тапсырмаға ұқсас өз тапсырмасын құрастыруды өтініңіз.

Жауабы:

5 доп.

Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сандық сәулеге сүйене отырып, 5 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайла-рын қамтыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*     Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Оқушылармен “Мен 5 қыздың есімін білемін: Елдана — 1, Қаламқас — 2, Әлима — 3, Ақерке — 4, Гүлнар — 5” ойынын ойнатыңыз (мұнда оқушылар сандарды анық әрі дұрыс айтуы қажет).

 

Ойынды басқаша да жалғастыруға болады: мысалы, мен 5 ұлдың есімін білемін, мен 5 қаланың атын білемін және т.с.с.

 

Бес балықтың суретін сал. Оқушылар цифрды зат санымен байланыстыруды және сонша заттың санын елестетуді үйренеді.

Түсіп қалған сандарды жаз. Тапсырмада 1-ден 5-ке дейін және 5-тен 1-ге дейін сандарды ретімен қойып, 5-ке дейінгі натурал сандар қатарын тура және кері ретпен қалпына келтіру керек. Оқушы-лар сандық сәуледегі 5 санының орнын анықтауды үйренеді, 5-ке дейінгі тура және кері ретпен санау дағдысын жетілдіреді.

Жауабы:

бірінші қатардағы түсіп қалған сандар: 2, 4, 5; екінші қатардағы түсіп қалған сандар: 4, 3, 1; үшінші қатардағы түсіп қалған сандар: 1, 3, 5.

Суреттерді мысалдармен қосып сыз. 5 саны-ның құрамын алдын ала қайталатыңыз. Содан кейін жұппен дауыстап айту арқылы жазуды ұйым-дастырыңыз. Мысалы: 5 – 2, 5 — бұл 2 мен 3, яғни 5 – 2 = 3 осы мысалды үш нүктемен қосамыз. Оқушылардың жұппен дауыстап бір-біріне айтуын бақылаңыз. Егер кей оқушыларға қолдау керек болса, көмек көрсетіңіз. Алынған нәтижені бүкіл сыныппен тексертіңіз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

 

5 санының сандық сәуледегі орнын табуды;

 

5 санын алуды және оны оқып үйренген басқа натурал сандармен салыстыруды;

 

5 цифрын жазуды меңгереді.

Сабақта өткен материалды меңгеру деңгейін

 

тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтарды қойыңыз:

 

— 5 саны сандық сәуледегі қай саннан кейін тұрады?

 

— 5 санына дейін қандай сандар бар?

— 5 санын қалай алуға болады?

 

Доппен ойын ойнатыңыз: 5 санының құрамы туралы сұрақ қоя отырып, оқушыға допты лақ-тырыңыз. Мысалы, 5 — бұл 2 және “?”. Оқушылар допты қайта лақтырып, сұраққа жауап береді.

 

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5 саны және цифры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабаққа қатысты ескертпелер Суреттегі заттарды сана. Оқушылардан су-рет бойынша дүкен сөресіндегі тауардың барлық түрлерін айтып беруді сұраңыз. Одан кейін тек сноубордтарды санауды ұсыныңыз. Оларға нәти-жені бір-бірімен жұптары бойынша талдап айту қажеттігін ескертіңіз.Жауабы:бес сноуборд.Доптарды сана. Оқушыларға доптардың суретіне сүйене отырып, түсіп қалған сандарды қоюды ұсыныңыз. Олардан бірінші қорапта неше доп барын сұраңыз. Бір бөлігінде нешеу, ал екінші бөлігінде ше? 5 саны қалай пайда болды? Қандай сандар түсіп қалғанын сұраңыз. Олар неге олай деп шешті? Осылайша екінші қораптағы доптармен де жұмыс жасаңыз.Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді және түсіп қалған сандарды табуды ұсыныңыз.Жауабы:бірінші жолақта: 1; екінші жолақта: 3; үшінші жолақта: 5. жарыс өткізіңіз. Оқушылардан 5 ұпай жинау үшін торға салатын доп нөмірлерінiң санын сұраңыз. Жауабы: 2 мен 3; 1 мен 4. Орындап көр. Оқушылардан қақпаға неше гол соғылғанын қалай тапқанын сұраңыз. Олардан, сұраққа жауап берген соң, өздерінің сүйікті спорт түріне байланысты берілген тапсырмаға ұқсас өз тапсырмасын құрастыруды өтініңіз. Жауабы: 5 доп. Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сандық сәулеге сүйене отырып, 5 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайла-рын қамтыңыз. Шығарып көр. Ең мерген ойыншыны табатын

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 931 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.03.2020 592
    • DOCX 322.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Челнокова Оксана Станиславовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 108415
    • Всего материалов: 228

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 11 регионов

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»