Пән атауы: Салық және
салық салу
Ашық сабақ тақырыбы: Салық және
басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге
«Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті
төлемдер» бөлімі бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру
Дамытушылық: Студенттердің
белсенділігін арттыру, танымдылық-қызығушылықтарын ояту, ойлау қабілеттерін
дамыту
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,
шығармашылыққа, тиянақтылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке,
инабаттылыққа, кішіпейілділікке, өз мамандығын сүйіп оқуға тәрбиелеу, өз
бетінше ізденуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: білім
сайысы, тірек-сызба, ойын элементтері, интерактивті әдістер, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті
тақта, компьютер, слайд, бағалау бетшесі, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер,
нақыл сөздер
Сабақтың пәнаралық байланысы:
Экономика, құқық, бюджет және бюджеттік жүйе
Қолданылған
әдебиеттер: 1.
Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е «Салық және салық салу»;
2. Ильясов К.К., Ермекбаева Б.Ж «Салық және салық салу»;
3. Сейдахметова Ф.С «Қазақстандағы
салықтар». 4. ҚР Салық кодексі
Сайысқа 10 студенттен тұратын екі команда
қатысады. Команданың аты, ұраны, эмблемасы болады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5минут)
1. Сәлемдесу
2. Студенттерді түгендеу
3. Сабақ барысымен таныстыру
Пән оқытушысы:
Мамажанова И.М
Армысыздар құрметті әріптестер,
білімгерлер және қонақтар!!! Бүгінгі Есеп және аудит мамандығы УА-21д топ
білімгерлерімен «Салық және салық салу» оқу тәжірибесі пәнінен «Салық және
басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» атты тақырыбына арналған
«ашық сабағын» ашуға рұқсат етіңіздер!!!
ІІ. Әділқазы алқасын сайлау.
ІІІ. Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1. Таныстыру (Команда мүшесі өз - өзін
таныстырып өтеді, команданың үраны, эмблемасы ) (10 минут)
2. Білімділер сайысы (сұрақтарға жауап
беру) (15 минут)
3. «Дебат кезеңі»(салықтың артықшылықтар
мен кемшіліктерін айту). (15 минут)
4. «Сен білесің бе?» (ұяшық таңдау арқылы
сұраққа жауап беру) (10 минут)
5. «Салық» және «бюджет» (үйге берілген
тапсырма) (15 минут)
1. Командалар:
Қатысушы командалар өздерін таныстырады.
Команданың ұраны:
Салық –командасы
Бюджет -командасы
2. Білімділер сайысы:
(Сұрақ-жауап)
1. Салық
ұғымы және маңызы.
2.
Қазақстандағы салық жүйесі.
3
Салық салу қағидалары.
4.
Салықтың элементтері
5. Салық салуды ұйымдастыру
6. Қазақстан Республикасының салық жүйесін
реформалаудың қанша кезеңі бар? (3 кезеңі)
7. Салықтар мен алымдардың
айырмасы неде?
8. Салықтың экономикалық мәнін ашыңыз.
9 . Салық органдарының
негізгі міндеттері мен құқықтарын атаңыз.
10. Салық
төлеушінің міндеттері мен құқықтарын атаңыз.
11. Қазақстанда салық салу
ісін зерттейтін қандай ғалымдарды білесіз?
3. «Дебат» кезеңі ( ҚР-ның салық
жұйесінің тиімді және тиімсіз жақтары)
1. Салық командасы – Салықтың
кемшіліктері
2. Бюджет командасы – Салықтығ
артықшылықтары
4. «Сен білесің бе?» ұяшықтардағы
сұрақтарға жауап беру.
Сол жақтағы 500 ҚР Салық кодексі қанша бөлім, қанша
тараудан және қанша баптардан тұрады? (18 бөлім, 101 тарау және 568баптан)
Оң жақтағы 1000 ҚР Салық кодексінің қай бабында салық
түрлері көрсетілген? (60- бап)
Ортадағы 2000 ҚР Салық кодексінің қай бабында алымдар
көрсетілген? (61-бап)
Сол жақтағы 5000 ҚР Салық кодексінің қай бабында
төлемақылар көрсетілген? (62-бап)
Оң жақтағы 3000 ҚР Салық кодексінің қай бабында
мемлекеттік баж көрсетілген? (63-бап)
Ортадағы 6000 ҚР Салық кодексінің қай бабында кеден
төлемдері көрсетілген? (64-бап)
Сол жақтағы 4000 Қазақстан Республикасының салық
заңдары қай бапта көрсетілген? (2-бап)
Оң жақтағы 7000 Салық заңдарының қолданылуы қай бапта
көрсетілген? (3-бап)
Ортадағы 8000 Салық төлеушінің құқықтары қай бапта
көрсетілген? (11-бап)
Ортадағы 9000 Салыө төлеушінің міндеттері қай бапта көрсетілген?
(12-бап)
Сол жақтағы 600 Салық қызметі органдарының міндеттері
мен құрылымы қай бапта көрсетілген (15-бап)
Оң жақтағы 5000 Салы қызметә органдарының міндеттері
қай бапта көрсетілген (17-бап)
500 2000 1000
5000 6000 3000
4000 8000 7000
600 9000 5000
5. Үйге берілген тапсырма бойынша
сұрау «Салық»
1. Салық - командасы
2. Бюджет - командасы
ІV. Сабақты қорытындылау (5 минут)
Бағалау: Бағалау бетшесі
арқылы бағаланып, жеңген команда марапатталады.
V. Үйге тапсырма беру: ІІ бөлім
бойынша тест құрастыру
Құрметті әріптестер және қонақтар!!!
Бүгінгі өткізілген ашық сабағымызға көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Ашық сабағымызды жабық деп жариялаймыз!!!
Өздеріңіздің пікірлеріңізді бағалап саралауды сұраймыз!!!
Оқытушы: Мамажанова
Индира Медетбекқызы, Экономикалық пәндер оқытушысы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.