Инфоурок Другое Другие методич. материалыСалық- мемлекеттік тұрақты қаржы (11 сынып)

Салық- мемлекеттік тұрақты қаржы (11 сынып)

Скачать материал

 

         Күні  8.10.2016 ж                                             Тексерілді  ______________

№6 сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Салық- мемлекеттік  тұрақты  қаржы

 

Сабақтың мақсаты:  экономика пәнінің мазмұны, мақсаты, шығу тарихымен таныстыру. Экономика, үй шаруашылығы, кәсіпорын шаруашылығы, игілік ұғымдарымен таныстыру, қызметтерін түсіндіру, практикада қолданылуына мысалдар келтіу.

 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітап, жұмыс дәптері, таблица, график.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

 

 Салық дегеніміз не?

           Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

           Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.

           Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35 – бабында « Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады » деп атап көрсетілген.

 

           Қазақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті:

           Бірінші кезең – 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР – дің басты мемлекеттікжәне 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

          Екінші кезең – 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақсатн Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45 – тен 11 – ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.

          Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.

         Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше толықтырулар мен өзгерістер жасалды.

          2006 жылдың 13 наурызында Астанада Конгресс – хол ғимаратында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті басшылық құрамының Астана қаласының салық төлеушілерімен кездесуі болып өтті, соған сәйкес салық заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізудің ұсынылатындығы туралы хабардар етті, соның ішінде:

Ø 2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008 – 2009 жылдарда тағы да 1-2 пайызға төмендету;

Ø 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;

Ø 2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субьектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай салық ставкасын енгізу;

Ø 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен 30 пайызға төмендету және басқалар

 

       Жиында сөз алған Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов жыл сайын салық заңнамасына өзгертулер енгізу және жыл басында салық төлеушілермен кездесу өткізіп, бухгалтерлер мен қаржы қызметі басшыларына, кәсіпкерлерге сол өзгерістер жайында түсінік беріп отыру – Салық комитетінің жақсы дәстүріне айналғандығын атап өтті.

                                         

                                    Жер салығы

            Жер салығы 1992 жылы енгізілді.

            Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:

Ø Экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;

Ø Тұлғаларды жерге орналастыру;

Ø Жердің құнарлығын арттыру;

Ø Жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;

Ø Аумақтың әлеуметтік- мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.

          Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган ір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі.

          Жер салығын төлеушілер:

1.     жеке меншік құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;

2.     тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;

3.     бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;

4.     заңды тұлғалардың жоғары да белгіленген құқықтарда салық салынатын обьектілері бар құрылымдық бөлімшелер.

          Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болып саналады.

          Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып табылады. Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.

Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:

Ø ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

Ø орман қорының жерлері

Ø су қорының жерлері

Ø запастағы жерлер

 

                                   Мүлік салығы

           Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар төлейтін салық түрі.

            Мүлік салығын төлеушілер:

Ø ҚР аумағындаменшік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар.

Ø ҚР аумағанда меншік құқығында салық салу обьектісі бар жеке кәсіпкерлер.

Ø заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері.

Ø ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу обьектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

 

                          Мүлік салығының ставкалары

           1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларының құнына 0,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығы салынған еді.

            Мүлік салығын төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған. Мысалы,

Ø Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша – коммерциялық емес және бюджеттегі ұйымдар;

Ø өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік бойынша – ҚР мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы.

Ø Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері.

 

ІІІ. Бекіту, қорытындылау.

ІҮ. Үйге тапсырма: Салық- мемлекеттік  тұрақты  қаржы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Салық- мемлекеттік тұрақты қаржы (11 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Бұл әрине өзін-өзі ақтады. Осы ретте ағылшынның «темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.08.2020 178
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калябина Татьяна Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калябина Татьяна Анатольевна
    Калябина Татьяна Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64996
    • Всего материалов: 215

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе