Тұңғыш
ғарышкер
Сабақтың тақырыбы:
«Тұңғыш ғарышкер» Олжас Сүлейменов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің мазмұнын түсіндіру,
тұңғыш ғарышкер туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойын, қиялын, зейіндері мен есте
сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдыққа, достыққа, ғарышкерлерді ұмытпауға,
құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың формасы: топтық, жұптық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – ж
ауап, әңгімелеу, талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ойын элементтері, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
б) Оқу құралдарын дайындау.
в) Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
- Осы біздер қандаймыз?
- Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?
- Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
- Қалай оқимыз?
- Көп оқимыз. Терең оқимыз.
- Жанып тұрған шырақпыз.
Толқынды су бұлақпыз.
- Біз кімбіз?
- Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Аналарға бас иетін
Елтаңбасымен еңселі,
Туымен тұғырлы,
Әнұранымен айбатты –
Қазақ елінің болашағымыз!
Үй тапсырмасын сұрау.
Кәмен
Оразалин:
«Абай
шаңырағы»
әңгімесін мазмұндау.
1. Киіз үй.
Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін қайта жөндеткені
және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді
тапсырғаны айтылған. Жаңадан жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек –
бауларымен көркемделген.
2. Күнжанның қонақтары.
Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді кейіпкерлер бар.
Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері осы бөлімде анық
айтылған.
3. Абай шаңырағы.
Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері бейнеленген. Әуездің киіз
үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті
домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы,
төрлетіңіз!» деген қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы»
бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.
• Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?
• Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Ол қай бөлімде айтылған?
• Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?
• Абайдың үйінде болған заттарды сипаттап айтып бер.
172– беттегі сурет
бойынша «Абай шаңырағы» тақырыбына әңгіме құрап келу. (Киіз үйдің сол және оң
жағында не орналасқан? Киіз үйдің төрінде және ортаңғы бөлігінде не
орналасқан?) Заттарды сипаттап жазып келу.
Қызығушылықтарын ояту:
Сабақ бастамас бұрын, топқа бөлініп, ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге
жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді.
1. Таңмен көзін ашады.
Әлемге нұрын шашады. (күн)
2. Қараңғыда жымыңдай, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады. (жұлдыз)
3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)
Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.
Күн - Күннен, оны
айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,
Сатурн, Уран және Нептун.) планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан,
шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық
денелер жүйесі.
Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан
денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі
3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз)
Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын
және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан
ғана үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан,
телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді.
Телескоп туралы видео көрсету.
Жаңа сабақ:
- Балалар, тақтадағы өрнектердің мәнін тауып, кему ретімен орналастырсақ
бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты шығады.
Тұң ---------- ғыш ---------- ға ----------- рыш ---------- кер
70*2 -------- 490: 7 -------- 8*5 ---------- 120: 40 ------ 10: 10
«Ой қозғау»
- Ендеше, біз бүгін Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін өтеміз.
- Тақтаға қарайықшы балалар, Ғарышкер сөзін сөз құрамына талдайықшы.
- Сөз құрамы неден тұрады?
- Түбір мен қосымшадан.
- Ғарышкер қай сөз табы?
- Зат есім.
- Балалар, Ғарышкер дегеніміз кім?
Ғарышкер – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны
пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
- Қандай ғарышкерлерді білеміз?
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
- Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
- Қалай аталады?
- Байқоңыр.
Картадан Байқоңырды көрсетеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Адам ерте кезден - ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп,
білуге тырысқан.
- Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың
шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
1 – оқушы. Негізгі ғарышқа жол 1957 жылы 4 – қазанда ашылған.
2 – оқушы. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер
төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылады. Солардың ішінде адам ұзақ
уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.
3 – оқушы. Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар
туралы ғылыми деректер алынды.
4 – оқушы. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына суреттер ауа райын күн
ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.
5 – оқушы. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио,
телефон байланыстары жүргізіледі.
6 – оқушы. Ғарыш құрал – жабдықтары Жердің табиғи серігі - Айды да зерттей
бастады.
Автор жайлы мәлімет
Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, саяси және қоғам қайраткері
1936 жылы Алматыда дүниеге келген
1989 жылдан «Семей Невада қозғалысының төрағасы
Жазушы, ақын
«Арғымақтар» 1961 жылы шықты
2002 жылдан ЮНЕСКО – дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
Өлеңді үнтаспадан тыңдату.
- Өлең кім туралы?
- Юрий Алексееич Гагарин туралы.
Юрий Гагарин туралы мағлұмат беру (слайд)
(Бейнебаян көрсету)
Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға тізбектей оқу әдісі бойынша оқыту. Өлеңді сұрақ – жауап арқылы
талдау, әңгімелеу.
- Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?
- Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?
- Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтіндігін қалай білген?
Қазақ халқының
ғарышкерлері туралы әңгімелеу.
Т.
Әубәкіров туралы мәлімет беру.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні қазақтың қаһарманы
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа үшты. Ол
сапарынан аман – есен жерге қонды.
Талғат Мұсабаев – Алматы облысында дүниеге келген. Ол ең алғаш ғарышқа 1994
жылы ұшты. Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан.
Дәптермен жұмыс:
Ю. А. Гагарин – ғарышқа 1961 жылы ұшты.
Т. О. Әубәкіров – 1991 жылы ұшты.
Т. М. Мұсабаев – 1994 жылы ұшты.
Жаңа сабақты бекіту:
«Бал жинау» ойынын ойнау.
Сұрақтары:
1. Өлеңнің авторы кім?
2. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
4. Талғат Мұсабаев туралы не білесің?
5. Қазіргі таңда Байқоңыр ғарыш айлағын қай ел меңгеріп жатыр?
6. Ғарышкерлер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың?
Жаңа сабақты қорытындылау:
- Балалар біз осындай зымыранды қай пәннен жасадық?
- Еңбек пәнінен.
- Оны жасау сендерге оңай болды ма?
- Жоқ.
- Әрине жоқ.
- Зымыран ұшқанда ауа райы қандай болады?
- Ендеше зымыран ұшырудың бізге қандай пайдасы мен зияны бар екенін мына
бейнебаяннан тамашалайық. (Мультимедиядан зымыранның ұшырылуы көрсетіледі)
Үйге тапсырма беру:
1. Өлеңді жаттау.
2. «Ғарышкер болғым келеді» тақырыбына әңгіме жазу.
3. Ғарышкерлер туралы мәлімет жинау.
Бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
№
46 жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық
сабақ
Әдебиеттік
оқу
Тақырыбы:
Тұңғыш ғарышкер
Өткізген:
Мырзахметова Ақсұлу Төлегенқызы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.