Инфоурок Химия Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары және атаулары.

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары және атаулары.

Скачать материал

Химия 8 сынып

Күні  :

I тарау .  ХИМИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ ҰҒЫМДАР

    

 САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Химия – заттар туралы ғылым. Қауіпсіздік техника ережесі бойынша нұсқаулық кіріспе. Химия - жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызды туралы қысқаша тарихи мәліметте

 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ.

 Білімділік: Химия пәні туралы алғашқы ұғым беру, заттардың қасиеттерін , таза зат және қоспа ұғымдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Заттарды анықтауға және олардың қасиеттерін сипаттай білуге үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа,қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету .

Сабақтың түрі: танысу сабағы.

 Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап

       ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР. Химияның маңызын көрсететін көрнекі құралдар,үйде және зертханада /лабараторияда/ қолданылатын әр түрлі заттан тұратын бірдей денелерді көрсету. Мысалы, шыныдан, фосфордан, металдан жасалған стакандар немесе алюминийден, темірден, мыстан жасалған сым, қасық, т.б.

Пәнаралық байланыс: физика, биология

ТІРЕК БІЛІМ МЕН БІЛІКТЕР. Дене, зат және заттың қасиеті туралы түсініктер.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.

ІІ.Үй жұмысын пысықтау

     ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

        Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды зертханада жұмыс істеу ережелермен таныстырам . Құралдар мен оқу жабдықтарын дұрыс пайдалану қажеттігі айтылады. Сабақ оқу  кезінде негізгі құрал оқулық болғандықтан  оның мазмұнымен, құрылымымен таныстырамын.

 Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл сабақта оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйренеді.Алғашқы сабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті   төмендегі  сұрақтардың мәнін ашуы керек .1.Жаратылыстану  ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі

.2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа  пәндермен байланысты.

.3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы  химияның рөлі.

    Одан кейін физика курсынан таныс зат , дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіріп өтемін

 а/  денелер деп нені айтады?

 ә/ денелерге қандай қасиеттер тән /пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т.б./?

Заттың  алуын  түрлілігіне,  жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен  ұқсастығына тоқталу. Сонан соң  заттрдың касиеттеріне  қарай әр түрлі болатындығын түсіндіру яғни  оқушыларды  бір заттың басқа затпен салыстырғанда  ұқсастығы мен ерекшелігі неде  екенін ажырата білуге үйрету.  Сол сияқты  оқушыларды зат және физикалық  дене  ұғымдарын ажырата білуге  үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу  білігін  қалыптастыру  үшін  төмендегі  тапсырманы орындатамын.

Келтірілген  тізімде  заттар және физикалық  денелер берілген: су,  сызғыш,  сода, қант, алюминий, стақан, қасық.

         / I нұсқа/.   Осы тізімнен заттарды іріктеп жаз.

       /II нұсқа/.Физикалық  денелерді іріктеп  жаз

 Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен  танысу ережесін  еске түсіреді, әсіресе  сандық айырмашылығына  баса көңіл аударады.Себебі, химия  пәні  дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен /ареометр,термометр/ таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді.

Заттың қасиетін  төмендегі кестені толтыра отырып сипаттаса оқушылардың ісінде көбірек сақталады.

Салыстыру

белгілері

        Заттың

темір

қасиеті

күкірт

Жинақтап

қорытындылау

1 Агрегаттық

күйі

 

 

 

2 Түсі

 

 

 

3 жылтырлығы

 

 

 

4 Иісі

 

 

 

5Қаттылығы

 

 

 

6 Иілгіштігі

 

 

 

7 Электр өткізгіштігі

 

 

 

8 Жылу өткізгіштігі

 

 

 

9 Суда ерігіштігі

 

 

 

10 Тығыздығы

 

 

 

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:                                                                                                                                                                                

1.     Химия ғылымы нені зерттейді.

2.     «дене»және «зат»ұғымдарының  айырмашылығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріндер.

3.     Заттардың өздерін білетін физикалық қасиеттерін айтып беріндер.

4.     Мына заттардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін сипаттап,кесте жасандар:

а/ ас тұзы мен қант: ә/ сірке қышқылы мен су.

Үйге тапсырма беру:   Кіріспе, §1 ж/е 1-жаттығу

 

 

 

 

 

 

Химия 8 сынып

Күні  :

Сабақтардың тақырыбы: Заттар және олардың физикалық қасиеттері.Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан тазарту әдістері  №1 көрсетілім.

Оқыту мақсаты: а) Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Реактивтер мен құралдар: Көрсетілім столда қоспадағы заттарды бөлуге  керекті химиялық ыдыстар: стақандар, сүзгі, сүзгі қағаз, цилиндр,бөлгіш ыдыс,лаб/тұрғы. Реактивтер: ас тұзы, құм,темір үгіндісі, күкірт ұнтағы,т.б. Электрондық оқулық, кесте.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

1.     Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

2.     Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау.

3.      Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады  сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

3.     Таза зат дегеніміз не?

4.     Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

    ( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

       Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

       Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

1.       Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

2.       Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

3.       Тәжірибе алаңы:Оқушыларға көмір және су,күкірт және су,өзен құмы және су түрлерін көрсете отырып практикалық жұмыс жасау ережелерімен, техникалық ережелерімен таныстыру.

4.       Екі топқа тапсырма беру. Тотияйын және су,күкірт және темір,ас тұзы және су тәжірибелерін орындата отырып,біртектіме,әртектіме екенін тусіндіру.

5.       Қоспаларды бөлу тәсілдері:

6.       Әртекті

1.Тұндыру

2.Сүзу(құйғы және сүзінді қағаз көмегімен)

7.       Біртекті

1.Қайта кристалдау-бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, буландыра отырып,сулату жолмен тазарту,қайта кристалдау әдісі.

2.Айдау-ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып,салқындатып,сұйық күйге ауыстырып,конденсациялауды айтады.

 

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1.     Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

2.     Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

3.     Әртекті  қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

4.     Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17 жаттығуды дәптерге орындау. Қосымша ойлануға күрделірек жаттығулар беру: 1-20,1-21,1-22.

Екі  топқа арнайы карточкалар арқылы тапсырмалар беріледі.

I-топ.Таза заттар

Төменде берілген сөздерден таза заттардың астын сызып,көшіріп жазыңдар:

Шыны,лай су,стакан,су,дәптер,кітап,қант,бор.

    Ас тұзымен құмшекердің қасиеттерінде қандай ұқсастықтар бар?

II-топ.Әртекті қоспалар

Заттар мен денелердің қатарындағы бір артық сөзді көрсетіңіз?

А)стакан,су,қалам,сызғыш

Ә)ас тұзы,пышақ,ас содасы

Б)бор,кітап,қағаз,резеңке

Бағалау:Әр топқа бағалау парағы беріледі.

 

 Үйге тапсырма беру: §2.3.  2,3,4, 9-14бет оқу.1-10 жаттығулар (ауызша).

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары және атаулары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Химия 8 сынып

                       Күні      

 Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары және           атаулары.  Металдар және бейметалдар туралы түсінік

                                    №1 зертханалық тәжірибе /1.1/.

                                 Заттардың физикалық қасиеттерін танып білу.

Оқушыларға атом түріндегі химиялық элемент туралы алғашқы ұғымды түсінеді, химиялық  элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын  есептеуге және  салыстыруды үйренеді,Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге дағдыланады.

Құрал-жабдықтар: Тәжірибе үстелінде мынадай жай ( мыс,күкірт,  ) және күрделі заттар (су,  мыс купорасы), заттар малекуласының үлгілері,  металдар жинақтамасы,  химиялық элементтердің таралу диаграммасы  қойылады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: физика, биология

Тірек білім мен біліктер:: атом  және атомдық масса.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.

ІІ.Үй жұмысын пысықтау

     ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірек білім мен біліктерді тексеру: Оқушыға жай және күрделі зат ұғымдарын ажырата  білуі үшін төмендегі тапсырманы беремін

1. Оқулықтан  жай және күрделі заттқа берілген анықтаманы тауып,  өз бетіңше қайталап айт.

2. Тақтада берілген төмендегі заттардың ішінен жай, және күрделі заттардың аттарын көшіріп жаз: алюминий, мыс оксиді, су, көмір қышқыл газы, оттегі, темір,  темір сульфиді,сынап оксиді, азот.

Жаңа материалды оқыту: «Жиксо» әдісі арқылы мәтін мен танысуды тапсырамын.Оқушылардың  судың және  көмір қышқыл газының модельдері арқылы  олардың  құрамын қайталап талдап, бүкіл  заттардың  құрамын  модел  арқылы көрсету  қолайсыз екенін  біледі. Одан кейін  химиялық  символиканың  шығуының қысқаша тарихымен таныстырып, 3-4 элементтің таңбасын жазамын.  Оқушыларға мынадай тапсырма беремін: оқулықта берілген 2- кестемен зейін қойып таныс.

Дәптрге а) металдың ә) бейметалдың таңбасын жаз және атауға жаттық. Оқушыларға  химиялық элемент атомдардың белгілі бір  түрі екендігін атап өтіп, қазіргі кезде109 атомның  түрі немесе  элементтің  түрі бар  дейміз.

Оқушылар назарын  химиялық элементтің атом түрі  ретінде жай  заттарды құрайтынын, сонымен бірге  күрделі  босқа  элементтермен бірге  күрделі заттың құрамына  ене алатындығын көрсетемін .

Химиялық элемент, жай зат және күрделі затұғымдарын ажырата білуі үшін  оқушыларға  мынадай  жаттығу орындатамын.

Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір және зат ретінде, ал қайсысында темір элемент ретінде  күрделі зат  құрамында  айтылады: а) темір сульфиді - бұл темір мен  күкірттен  құралған химиялық қосылыс: ә) таттың құрамында  темір болады:б) сым темірден жасалады:в) темір ылғал ауада таттанады:

зертханалық тәжірибе

1.Металдар мен бейметалдар үлгілерімен танысып ,олардың сыртқы түрін сипаттандар.

2.Берілген күрделі заттарды қарап,олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріндер.

Жаңа материалды бекіту:

1.Тапсырманы орында: Оқулықтан 12-жаттығуды орындау.

2.Химиялық элементжәне жай зат деген  ұғымдарды  ажырата  білу үшін  төмендегі тапсырманы  орындайды.

Мына сөйлемдердің  қайсысында  мыс жай зат, қайсысында  химиялық элемент  ретінде айтылады:а) мыс купорасының құрамында мыс болады:

ә)сым мыс  тан жасалған:

б) мыс оксидінің  құрамында мыс болады:

в) мыс электр тогын  жақсы өткізеді.

3. Мына элементтерді ата:

 

1 нұсқа:             H, ........... AІ................   Na, .................. N

2 нұсқа:            S, ........... Zn,..............    O,  ..................  Mg

3 нұсқа:            Ca,               CІ,               Fe,                   P

            1.Магнийдің үш атомынан және азоттың екі атомынан тұратын қосылыстың формуласын жазыңыз. Осы қосылыстың салыстырмалық молекулалық массасын есептеп шығарту.

            2.Мына жазбадан нені көреміз: 5H2, 6С, 5S, P2O5, Cu, 2H2?

            3.Бинарлы қосылыстың формуласын құрыңыз: темірдің екі атомына, оттегінің үш атомы сәйкес келеді.

            4.Химиялық таңбаларды пайдаланып формулаларды жазыңыз:  мыстың  екі  атомы;  хлорсутектің  үш молекуласы; судың бес молекуласы; азоттың екі атомынан тұратын бір молекуласы.

 

Үйге тапсырма беру.§1 1-10 жаттығу.  .

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 915 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 819
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шокатова Сагдат Кажымукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шокатова Сагдат Кажымукановна
    Шокатова Сагдат Кажымукановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28479
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 351 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека