Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: Достық –қымбат өмірде Мақсаты: 1. Оқушыларға достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа шынайлыққа баулу. 2. Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. 3. Достық , сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезім қалыптастыру. І. Ұйымдастыру кезеңі Кіріспе Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Достық - өмір ұшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке ие бола тұрсада, дос жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сайысымыз жалпы дос, достық туралы болмақ. Бүгінгі сайысқа 9 «а» «Зерек» тобы, 9 «ә» « Алғыр» тобы қатысады. Ал енді бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысыңыздар. 1. «Достық торы» таныстыру 2. «Дос табу оңай- сақтау қиын» достық ережесін құру 3. Мақал –мәтелдің жалғасын тап 4 Логогрифті өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді аудару 5 Сахналау 6 Достық туралы мақал – мәтелдің орысшадан қазақшаға аудару 7 Достық сыйы Сайысқа қатысушылардың білімділігін , тапқырлығын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлау. Күніміз күлкілі бола берсін, Қуанышқа көңіліміз тола берсін. Нұрлы аспан аясында, астында Басымызға бақ келіп қона берсін. Зұлымдықтан әрқашан жиренейік, Адалдықты сүюді үйренейік Бірлікпенен тірлікті ұштастырып, Бір әдемі ғажайып, күйге енейік. І. «Достық торы» топтар өздерін таныстыру ІІ. Достық - өзара сенім, өзара қалауымен , ортақ қызығушылықтар негізінде құрылған терең, шынайы қарым –қатынас. Достық жібін үзіп алмай достық ережесін құрайық. «Достық ережесін» құру ІІІ. Мақал – мәтелдің жалғасын табу «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші мақал – мәтел айтып жарысайық. Көтермей бір сөзіңді өкпелесе Нағыз дос бірін – бірі жамандамас Араға көп өкпе сап табандамас Көңілі татулықтың шабандамас Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз Жасыған жездей болып мойымаңыз Сыр алмаған біреумен дос болам деп Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз. IV. Логорифті өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді аудару. Сенім дос, Отырма бос. Екіге екіні қос, Жауабын тос. Дос – друг, бос- свободный, қос –прибавь, тос- жди. V .Сахналау 1. Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң 2. Өз досыңның жеңісіне мақтаныш VI. Достық туралы мақал – мәтелдің орысшадан қазақшаға аудару. Крепкая палка лучше плохого попутчика Жаман жолдастан таяғым артық. Над бедой друга не смейся, тоже может случится и с тобой. Күлме досыңа – келер басыңа. 3 .Одежда хороша новая А друг старый Киімнің жаңасы жақсы Достың ескісі жақсы. Дружи с тем у кого приятелей, много откровейничай с тем, у кого друзей мало. Дос көппен сыйлас, Досы азбен сырлас. VIІ. Сәлем өрен достарым Өмірге кеп қосқаным. Молайтыңдар шаттықты Ән айтыңдар шаттықты. Ән: Достарым VIIІ . «Достық сыйы» Құс қанатымен мықты, Адам достарымен мықты. Әр топ өз сыйлықтарын ұсыну IX. Қорытынды. Әділ қазылар қорытындысын бағалау Адам бойындағы жақсы қасиеттер , әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін. Бүгінгі достығымыз әрқашан берік болсын! ШҚО. Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ Өзін-өзі тану мұғалімі Зиятова Маржан Жумагадиловна
6 656 218 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Евстратова Любовь Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.