Князова Балзира
Бақытжанқызы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 5 орта мектеп,
тарих пәні
мұғалімі, 7 сынып
Әбілқайыр хандығы
Сабақтың тақырыбы: Әбілқайыр хандығы
Сабақтың мақсаты :
А) Әбілқайыр хандығының құрылуы,
жер аумағы, халқының этникалық құрамы,
хандықтың нығаюы және хандықтың
әлсіреуі туралы толық баяндап түсіндіру.
Ә) Оқушылардың белсенді ойлау
қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Б) Оқушыларды өз еліне, жеріне
деген сүйіспеншілік, адамгершілікке,
азаматтыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық
Сабақтың жабдығы : Интерактивті тақта, карта,
слайд, тірек-сызбалар
Сабақтың өтілуі әдісі : түсіндірмелі әдіс,
сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы : І) Ұйымдастыру кезеңі
ІІ) Үй
тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасының тақырыбы : ХІІІ-ХV ғғ. Ноғай
Ордасы. Солтүстік Қазақстан және
Батыс Сібір.
І-тапсырма:
Тор көзде үй тапсырмасының бөлімдері
жасырылған. Әр топтан бір оқушы өзінің таңдаған санын атайды. Сол бойынша үй
тапсырмасы сұралады.
- Ноғай ордасының құрылуы, жер аумағы,
қоғамдық құрылысы.
- 13-15 ғғ. Солтүстік Қазақстан және Батыс
Сібір
- Ноғай Ордасы және Батыс Сібір аймағының
этникалық құрамы.
Әр жауап берген оқушыға келесі топтардан
сұрақ қойылады және әр оқушы житонмен бағаланады.
Сұрақ-жауап қою арқылы үй тапсырмасы толық
қамтылады.
ІІ-тапсырма: Сөз жұмбақты шешу
1.
Монғолдың түркіленген
барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы (Әмір-Темір)
2.
Алтын Орданы басқарған Едігенің
қандай атағы болған (Беклер- бек)
3.
Алтын Орданың гүлденген кезі
Өзбек хан мен кімнің билік еткен тұстарында болды? ( баласы Жәнібек хан)
4.
Моғолстанның орталығы
(Алмалык)
5 .XV ғ. басында Шығыс
Дешті қьшшакта өмір сүрген мемлекет қалай аталады? (Ак Орда)
6.
XV ғ. ортасында Ақ Орда,
Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандыктары болып бөлініп кетті?
(Алтын Орда)
7.
Қазіргі Монғолияның жерінде
XIII г. басында Керей Жалайыр хандыктарының
шекарасына іргелес жатқан
Монғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрді. (Найман)
8.
Қазақ даласынан Египет еліне кұлдыққа
сатылып барған Мәмлүк мемлекетінің 4-ші сұлтаны кім ? (Бейбарыс)
9.
1327-1328 жылдары өз атынан
Сығанақ каласында теңге соқтырған хан ? (Мүбәрак хан)
Кілт сөз : Әбілқайыр
(суреті)
Жаңа
сабақ: Әбілқайыр хандығы
- 15 ғасырдың 20 - шы
жылдарында Ақ Орда орнына Әбілқайыр хандығы пайда болды.
- 1428 жылы Шайбан
ұрпағы 17 жасар Әбілқайыр билікті колына алды.
- Әбілқайыр Жошы
ханның 5-ші ұлы. Шайбани ханның ұрпағы
- Шайбани хан ұлысы
Батый ханның тұсында кұрылған
- Әбілқайыр жастайынан
жетім қалып, Жұмадық ханның колында өскен
- 20 дан астам
тайпалардың өкілдерінен 200- ден астам ақсүйектер Әбілқайырды хан сайлады
- Шығыс Дешті
Қыпшақтың бытыраңкы феодалдарының басын косып Көшпелі Өзбектер
мемлекетін құрды.
Тарихи жазбалардағы аталуы:
- Өзбек ұлысы
- Шайбани ұлысы
- Қыпшақ хандығы
Аумағы : Әбілқайыр хандығы батысында - Жайық Орал
шығысында Балқаш
оңтүстігінде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы
солтүстігінде Тобыл және Ертіс өзендері
Астанасы Тура 1428 ж.
Орда-
Базар 1431 ж.
Сығанақ
1446 ж.
Халқы : 92 ру-тайпадан тұрған - Рузбихан дерегі бойынша
- Шайбанилер
- Қарақалпақтар
- Қазақтар
Әбілқайыр хан
соғыстары:
- 1430 ж.
Тобыл өзені бойында Махмұд Қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті
талқандады..
- 1431 ж.
Екіретүпте Тоқа - Темір ұрпақтарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды.
- 15 ғ.
40 ж. Балқаш өңірінің терістік батысын өзіне қосты.
- Әбілқайыр
ханның көп күшін жұмсаған жері: Сыр өңірімен Қаратау жері.
- 1446
ж. Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңді.
- Сырдария
бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Үзгент, Аркөпті жаулап, Сығанақты астана
етті.
- 1446 ж. Самарқанды
алды.
- 1456 - 1457 жж.
Үз-Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде Көккесене деген жерде
жеңіліп, ауыр шарт жасасты.
- 1468 ж. Әбілқайыр хан
Моғолстанға жорыққа аттанып Аққыстауда (Алматы маңында) қайтыс болды.
- Қазақ хандығының
құрылуы мен Әбілқайыр хан ұрпақтары Шығыс Дешті- Қыпшақ жерінде билік жүргізу
құқынан айрылды.
Елді 40 жыл билесе де
Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады:
- Мемлекет бір
орталықтан басқарылмады.
- Бірнеше
иеліктерге бөлініп оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарды.
- Билік үшін Жошы
ұрпақтары арасындағы өзара қырқыстар болды
- Толассыз
соғыстар тоқтамады.
Бекіту: Жаңа тақырыпты
пысықтау тапсырмалары :
І-тапсырма: Сандар
сөйлейді.
- 15 ғасырдың 20 жылдары
(Ақ Орда орнына Әбілқайыр хандығы пайда болды)
- 1428 ж. (Әбілқайыр
тартыста жеңіп шығып, хан сайланады)
3. 16 жас. (16
жасар Әбілқайыр тұтқынға түседі)
4. 20-200 (20 дан
астам тайпалар өкілдерінен 200ден астам ақсүйектер Әбілқайырды хан сайлайды
5. 92 ( халқы 92
ру-тайпадан тұрған)
6. 40 жыл ( елді
40 жыл билеседе Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі-саяси жағдайын тұрақты ете
алмады.
7.
1731 ж. Тоқа-Темір ұрпақтарына
қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді.
8.
1446 ж. Атбасар маңында Мұстафа
ханды жеңді.
9.
1456-1457 жж. (Үз-Темір Тайшы
бастаған Ойраттармен соғыста жеңіліп қалды)
2
- тапсырма.
Тарихи тұлғаға
сипаттама беру:
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Әбілқайыр хандығы және қосымша деректер
жинау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.