Инфоурок Другое Рабочие программыСабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. Сөйлем мүшелеріне талдауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.
Түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап,
түсіндіру
Көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта, бор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу, түгелдеу.
ә) сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І, ІІ, ІІІ қатарға есімшелі, көсемшелі, тұйық етістікті мақал - мәтелдер жазып келу. Етістіктен өткенді қайталау.
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Етістік дегеніміз не? Оның неше шағы бар?
2. Осы шақтың түрлері, мысал ойлаңыз. Қалып етістіктерін атаңыз.
3. Өткен шақтың түрлерін атаңыз.
4. Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
5. Етістіктің райларын атаңыз. Жасалу жолдары.
6. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жақсы балалар, етістік жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік. Бүгінгі жаңа сабағымыз етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып, сұрақтарын қайталап өтейік. (ауызша тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары еске түсіріледі.)
Мұғалім: Жақсы рахмет. Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік. (ауызша)
1. Мен биыл мектепті бітіремін.(баяндауыш)
2. Оқу - білім бұлағы.(бастауыш)
3. Білгенге – маржан, білмеске – арзан.(толықтауыш)
4. Ол күлімсіреп қарады.(пысықтауыш)
5. Оқудың шегі жоқ.(анықтауыш)
Мұғалім: Тапсырмаларды ауызша орындайды. Неге бұлай деп ойлайтындарын сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі.
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп баяндауыш қызметінде болады.
Сөйлем соңында келген тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларда тұрып та баяндауыш қызметін атқарады.
2. Көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.
3. Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.
4. Етістік есімше, тұйық етістік тұлғаларында атау септігінде келіп, заттанып, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
5. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп келіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.
6. Етістік есімше немесе тұйық етістік тұлғаларында атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 216 - жаттығуға назар аударыңдар.
Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып алып, сұрақтар қою арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.
Тақтамен жұмыс.
217 - жаттығу (Етістіктің шақтарын, райларын ажырату.), 218 - жаттығу (Етістіктерді тауып, тұлғасына қарай ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау)
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу «Етістік»
Есімше
Бастауыш
Ілік
Пысықтауыш
Толықтауыш
Есім
Көсемше
1.- ған,- ген,- қан,- кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістік.
2. Оқу – инемен құдық қазғандай. Тұйық етістіктің қызметі қандай?
3. Анықтауыш қай септіктің сұрақтарына жауап береді?
4. Мен жақсы оқу үшін жүрмін. Тұйық етістіктің қызметі?
5. Кітап оқудан жалықпа. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі?
6. Есімшенің атқаратын екі қызметінің бірі.
7. Жіктелмейтін жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі?
ҮІ. Үйге тапсырма: 
Сыныпқа – 131 - беттегі пысықтауға арналған сұрақтармен ауызша жұмыс жасау, етістіктің сөйлемдегі қызметіне 5 сұрақтан тұратын тест құрап келу, 215 - жаттығуды орындау.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. Сөйлем мүшелеріне талдауға үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту. Түрі: Дәстүрлі. Сабақтың типі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, түсіндіру Көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта, бор.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу, түгелдеу. ә) сабаққа назар аударту.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І, ІІ, ІІІ қатарға есімшелі, көсемшелі, тұйық етістікті мақал - мәтелдер жазып келу. Етістіктен өткенді қайталау.ІІІ. Бекіту сұрақтары: 1. Етістік дегеніміз не? Оның неше шағы бар? 2. Осы шақтың түрлері, мысал ойлаңыз. Қалып етістіктерін атаңыз. 3. Өткен шақтың түрлерін атаңыз. 4. Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңыз. 5. Етістіктің райларын атаңыз. Жасалу жолдары. 6. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.ІҮ. Жаңа сабақ. Жақсы балалар, етістік жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік. Бүгінгі жаңа сабағымыз етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып, сұрақтарын қайталап өтейік. (ауызша тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары еске түсіріледі.) Мұғалім: Жақсы рахмет. Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік. (ауызша) 1. Мен биыл мектепті бітіремін.(баяндауыш) 2. Оқу - білім бұлағы.(бастауыш) 3. Білгенге – маржан, білмеске – арзан.(толықтауыш) 4. Ол күлімсіреп қарады.(пысықтауыш) 5. Оқудың шегі жоқ.(анықтауыш) Мұғалім: Тапсырмаларды ауызша орындайды. Неге бұлай деп ойлайтындарын сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі. 1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп баяндауыш қызметінде болады. Сөйлем соңында келген тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларда тұрып та баяндауыш қызметін атқарады. 2. Көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады. 3. Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады. 4. Етістік есімше, тұйық етістік тұлғаларында атау септігінде келіп, заттанып, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. 5. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп келіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. 6. Етістік есімше немесе тұйық етістік тұлғаларында атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады. Оқулықпен жұмыс. Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 216 - жаттығуға назар аударыңдар. Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып алып, сұрақтар қою арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.Тақтамен жұмыс. 217 - жаттығу (Етістіктің шақтарын, райларын ажырату.), 218 - жаттығу (Етістіктерді тауып, тұлғасына қарай ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау)Ү. Жаңа сабақты бекіту. Сөзжұмбақ шешу «Етістік» Есімше Бастауыш Ілік Пысықтауыш Толықтауыш Есім Көсемше 1.- ған,- ген,- қан,- кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістік. 2. Оқу – инемен құдық қазғандай. Тұйық етістіктің қызметі қандай? 3. Анықтауыш қай септіктің сұрақтарына жауап береді? 4. Мен жақсы оқу үшін жүрмін. Тұйық етістіктің қызметі? 5. Кітап оқудан жалықпа. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі? 6. Есімшенің атқаратын екі қызметінің бірі. 7. Жіктелмейтін жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі?ҮІ. Үйге тапсырма: Сыныпқа – 131 - беттегі пысықтауға арналған сұрақтармен ауызша жұмыс жасау, етістіктің сөйлемдегі қызметіне 5 сұрақтан тұратын тест құрап келу, 215 - жаттығуды орындау.ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 245 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2020 128
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ражабова Марина Данировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ражабова Марина Данировна
    Ражабова Марина Данировна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 82494
    • Всего материалов: 246

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе