Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыСабақтың тақырыбы: Адам құқығы туралы барлық адам біле ме? (6 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы туралы барлық адам біле ме? (6 сынып)

Скачать материал

Батыс  Қазақстан  облысы
Теректі  ауданы 
Шаған  жалпы  орта білім беретін  мектебі. 












Тәрбие  сағаты 
Тақырыбы: «Адам  құқығы  туралы  барлық  адам біле ме? »
6 «а» сынып 











Сынып жетекші: Ханов Ш.У 



2016-2017 оқу жылы 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


19.11.2016 оқу жылы 

Тәрбие ісінің  меңгерушісі: _____________

Сабақтың тақырыбы: Адам  құқығы  туралы  барлық  адам біле ме?  

Сабақтың мақсаты:

                                  а) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз

                                      беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін

                                      толықтыру. 
                                  ә) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы

                                      мен таным белсенділігін арттыру. 
                                  б) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу;

                                      патриоттық тәрбие беру. 
Сабақтың көрнекілігі: 
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер.

Қанатты сөздер: 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
                                                                                                       Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 
                                                                                                        Н.Назарбаев. 

 

Мұғалім сөзі  :

         Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні 
болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы. 
       «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. 

         1-жүргізуші:   «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз 
бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың 
тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау 
иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс 
жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, 
қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 
        2-жүргізуші:  Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 
        Жүргізушілер кезекпе-кезек оқу:

 Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік: 
-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. 
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. 
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. 
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. 
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды. 
- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары 
туралы заңы қабылданды. 
- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты 
Заңы қабылданды.  Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. 

          1-жүргізуші:   Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. 
Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. 

         2-жүргізуші: Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін 
айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам 
басты. Ата Заңым бабалардың лебізі, Ата Заңым барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата Заңда адамды Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты, Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты. Адам кұқы бостандығы, теңдігі - Барлығын да қарастырған жан-жақты. 
Ата Заңмен арайланған айналам, Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.
Білім алам, еңбек етем, дем алам, Қартайғанда зейнеткер боп жайланам. 
Ата Заңым - мемлекет айбыны, Ата Заңым - ақыл ойдың айдыны. Туған жердің - Қазақстан елінің, Ата Заңмен қорғалады байлығы. 

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы  баптарын саралап шығайық: 

Жүргізушілер кезекпе –кезек:

12 - бап 
1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен 
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді. 
2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар 
абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де 
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады. 
З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. 
5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы 
басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық 
құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс. 
13 - бап 
І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. 
14 - бап 
І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 
17-бап 
1. Адамның қадыр - қасиетіне қол сұғылмайды. 
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды. 
18-бап 
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 
2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерінің , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғаңа жол беріледі. 
19 - бап 
І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы. 
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. 
27 - бап 
1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады. 
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті. 
29 - бап 
І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 
30 - бап 
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 
36 - бап 
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады. 
                  Заң міндетті бәрімізге, халайық,

                  Заңнаманың басын ашып алайық,

                  Барлық заңның біріктірер бастарын,

                  Ата заңды қасиетке балайық! 
Енді ата заңымыздың тарихына көз жүгіртейік.

 

Рөлге бөліп оқу:

              Автор:  Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы қүрылған кезде XV ғасырда барша жүрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар . Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын.Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке» бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - гұрыптар тән болды. 

XVI ғасырда әдет - ғүрыптарды Қасым хан тұңгыш жүйелеп, 
жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді.
Олар:
 
1 .Мүлік заңы 
2.Қылмыс заңы 
3.Әскери заңы 
4.Елшілік жоралары 
5.Жұртшылық заңы 

 Есім хан «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп, 
жаңадан төрт тұғырды дүниеге келтірді: 
1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын 
2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын 
З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын. 
4-сі: Би болсын, би түсетін үй болсын 

 1-жүргізуші:                      Заң болып Қасымханның қасқа жолы,

                                             Құп алып қазақ қостады оны

                                             Шыққанда ескі жолы Есім ханның

                                             Өрбітпей отаршылық тастады оны 

             Автор:  Әз Тәуке хан өз замандастары - Төле, Қазыбек,Әйтеке, Құттыбай және Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып «Жеті жарғы» атты Заңдар топтамасын шығарды. : Бабалардың дәстүрі бойынша тайпалардың, рулардың және би кенестері күймен әрлендіріп, домбыраның үнімен ашылатын. 

Кейіпкерлер:

1.Автор,

2.Тәуке хан

3.Төле би

4.Қазбек би

5.Әйтеке би

6.Қырғыз Көкім би:

7. Қарақалпақ би:

8.Қатаған Жайма би:

 


Тауке хан: 
        -Уа, жүртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!
Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиналып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін жарғы қабылдап «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманға» жетуіміз керек. 
          Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау, жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын. 
Бұдан былай жайылымдар ру- ру болып пайдалануға беріліп және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп - қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мелшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалау барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім шығаруы қажет. 
Тауке хан: Ал енді, Ұлы жүздің бас биі Теле би, сен не айтасың? 

Теле би:

                      Жыртық үйден жел гулесе - сол жаман. 
                      Өлім - бесік әлдилеген - сол жаман. 
                      Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып, 
                       Берекесін елдің алған - сол жаман. 
              Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел 
тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын. 
Тауке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазбек биге сөз берейік. 

Қазбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден қүт - береке қашпасын деп,

Еліміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Еш бір дұшпан басынбаған елміз, 
Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамазыз ету болсын. 

Тауке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік. 

Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет - бетімен ру -руға белініп, 
бір- бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп , елдің 
ұлттық бірлігін сақтауымыз керек.
Алты алаштың баласы бір- біріне жау болса елдің  ертеңі не болмақ? Келесі Жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын. 

Тауке хан: Келесі сөзді Қырғыз Көкім биге берейік. 

Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе - жер мұра, іні өлсе - келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын. 

Тауке хан: Қарақалпақ би, жарғыға қосарың бар ма? 

Қарақалпақ би :

Балаң жаман болса, 
Көрінгеннің мазағы емес пе! 
Әйелің жаман болса, 
Бұл жалғанның тозаңы емес пе! 
Туған балаң жақсы болса, 
Тән мен жанның шырағы емес пе! 
Алған жарың жақсы болса, 
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- деп Қаз дауысты Қазбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі жөнінде болсын. 

Тауке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар? 

Қатаған Жайма би:

Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек? 
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек? 
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек? 
Әйелі ерін силамаса, ері елін силамаса, 
елі әдет- ғұрып сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын. 

Тауке хан: Уа, жұртым,алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер Жеті жарғымызды қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып

«Жеті жарғымыз» темірқазығымыз болсын!        Әумин. 


1-жүргізуші: Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты:

1 бап - Мемлекттік мәселелеріне байланысты 
2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты 
3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты 
4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты 
5 бап- Діни мәселелеріне байланысты. 
6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты 
7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты 

Осы Жеті жарғы заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады. 

       

Жүргізушілер бөліп оқу.

 Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. 

Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік

1 - бап. Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. 
2 - бап. Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне,этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді. 
6 - бап. Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы. 
7- бап. Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы. 
9 - бап. Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы. 
13 - бап. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы. 
14-бап. Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы. 
15-бап. Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы. 
16-бап. Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды. 
17-бап. Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы. 
19-бап. Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды. 
27 - бап. Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді. 
28 - бап. Баланың білім алу құқығын мойындайды. 
32 - бап. Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды. 
33 - бап. Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді. 
31 - бап. 
Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды. 

Баланың жеке басының құқықтары: 
- Аты - жөні, тегіне құқылы. 
- Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы. 
- Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге. 
- Адами қасиетін силауға. 
- Туған - туыстармен араласуға. 
- Өз құқығын қорғауға. 
- Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы. 
- Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы. 

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

 Ықылас қойып тыңдағандарыңызға көп-көп раъхмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы туралы барлық адам біле ме? (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы туралы барлық адам біле ме?Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. ә) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. б) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер.Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. Мұғалім сөзі : Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. 1-жүргізуші: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 2-жүргізуші: Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Жүргізушілер кезекпе-кезек оқу: Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік: -1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. -1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. -1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. -1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. -1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. -1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. -1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды. - 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңы қабылданды. - 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды. Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. 1-жүргізуші: Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. 2-жүргізуші: Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заңым бабалардың лебізі, Ата Заңым барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата Заңда адамды Артық санау, кемсітудің жоқ ізі. Еркін елдің Ата Заңы ардақты, Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты. Адам кұқы бостандығы, теңдігі - Барлығын да қарастырған жан-жақты. Ата Заңмен арайланған айналам, Басшы орынға сайлаймын да, сайланам. Білім алам, еңбек етем, дем алам, Қартайғанда зейнеткер боп жайланам. Ата Заңым - мемлекет айбыны, Ата Заңым - ақыл ойдың айдыны. Туған жердің - Қазақстан елінің, Ата Заңмен қорғалады байлығы. Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы баптарын саралап шығайық: Жүргізушілер кезекпе –кезек: 12 - бап 1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді. 2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады. З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. 5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс. 13 - бап І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. 14 - бап І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 17-бап 1. Адамның қадыр - қасиетіне қол сұғылмайды. 2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды. 18-бап 1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерінің , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғаңа жол беріледі. 19 - бап І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы. 2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. 27 - бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті. 29 - бап І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 30 - бап 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 36 - бап 1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады. Заң міндетті бәрімізге, халайық, Заңнаманың басын ашып алайық, Барлық заңның біріктірер бастарын, Ата заңды қасиетке балайық! Енді ата заңымыздың тарихына көз жүгіртейік.Рөлге бөліп оқу: Автор: Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы қүрылған кезде XV ғасырда барша жүрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар . Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын.Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке» бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - гұрыптар тән болды. XVI ғасырда әдет - ғүрыптарды Қасым хан тұңгыш жүйелеп, жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар: 1 .Мүлік заңы 2.Қылмыс заңы 3.Әскери заңы 4.Елшілік жоралары 5.Жұртшылық заңы Есім хан «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп, жаңадан төрт тұғырды дүниеге келтірді: 1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын 2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын. 4-сі: Би болсын, би түсетін үй болсын 1-жүргізуші: Заң болып Қасымханның қасқа жолы, Құп алып қазақ қостады оны Шыққанда ескі жолы Есім ханның Өрбітпей отаршылық тастады оны Автор: Әз Тәуке хан өз замандастары - Төле, Қазыбек,Әйтеке, Құттыбай және Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып «Жеті жарғы» атты Заңдар топтамасын шығарды. : Бабалардың дәстүрі бойынша тайпалардың, рулардың және би кенестері күймен әрлендіріп, домбыраның үнімен ашылатын. Кейіпкерлер:1.Автор, 2.Тәуке хан 3.Төле би4.Қазбек би 5.Әйтеке би 6.Қырғыз Көкім би:7. Қарақалпақ би:8.Қатаған Жайма би:Тауке хан: -Уа, жүртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары! Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиналып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін жарғы қабылдап «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманға» жетуіміз керек. Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау, жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын. Бұдан былай жайылымдар ру- ру болып пайдалануға беріліп және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп - қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мелшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалау барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім шығаруы қажет. Тауке хан: Ал енді, Ұлы жүздің бас биі Теле би, сен не айтасың? Теле би: Жыртық үйден жел гулесе - сол жаман. Өлім - бесік әлдилеген - сол жаман. Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып, Берекесін елдің алған - сол жаман. Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын. Тауке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазбек биге сөз берейік. Қазбек би:Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден қүт - береке қашпасын деп, Еліміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Еш бір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөзді асырмаған елміз. Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамазыз ету болсын. Тауке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік. Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет - бетімен ру -руға белініп, бір- бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп , елдің ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір- біріне жау болса елдің ертеңі не болмақ? Келесі Жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын. Тауке хан: Келесі сөзді Қырғыз Көкім биге берейік. Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе - жер мұра, іні өлсе - келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын. Тауке хан: Қарақалпақ би, жарғыға қосарың бар ма? Қарақалпақ би :Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы емес пе! Әйелің жаман болса, Бұл жалғанның тозаңы емес пе! Туған балаң жақсы болса, Тән мен жанның шырағы емес пе! Алған жарың жақсы болса, Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- деп Қаз дауысты Қазбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі жөнінде болсын. Тауке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар? Қатаған Жайма би:Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек? Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек? Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек? Әйелі ерін силамаса, ері елін силамаса, елі әдет- ғұрып сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын. Тауке хан: Уа, жұртым,алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер Жеті жарғымызды қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып «Жеті жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин. 1-жүргізуші: Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты: 1 бап - Мемлекттік мәселелеріне байланысты 2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты 3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты 4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты 5 бап- Діни мәселелеріне байланысты. 6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты 7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты Осы Жеті жарғы заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады. Жүргізушілер бөліп оқу. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік1 - бап. Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. 2 - бап. Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне,этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді. 6 - бап. Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы. 7- бап. Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы. 9 - бап. Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы. 13 - бап. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы. 14-бап. Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы. 15-бап. Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы. 16-бап. Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды. 17-бап. Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы. 19-бап. Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды. 27 - бап. Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді. 28 - бап. Баланың білім алу құқығын мойындайды. 32 - бап. Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды. 33 - бап. Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді. 31 - бап. Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды. Баланың жеке басының құқықтары: - Аты - жөні, тегіне құқылы. - Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы. - Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге. - Адами қасиетін силауға. - Туған - туыстармен араласуға. - Өз құқығын қорғауға. - Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы. - Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Ықылас қойып тыңдағандарыңызға көп-көп раъхмет!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.07.2020 329
    • DOCX 33.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Торопова (Воронцова) Любовь Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73178
    • Всего материалов: 238

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе