Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Ертегілер әлемі"

Сабақ жоспары "Ертегілер әлемі"

Скачать материал

Тақырыбы: Ертегілер әлемі. 

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту.

Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. 

Билингвиалды компонент: қыс-зима-winter, ертегі-сказка-fairy tale. 

Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу. 
Шаттық шеңбер

Үлкен шеңбер құрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Күлімдесін күн де, 
Күлімдейік біз де. 
Алақанды ашайық, 
Күннің нұрын салайық, 
Таза ауаны салайық, 
Жүрек жылуын салайық, 
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық. 

Жұмбақ: 
Аяз қысып, өрнек сызып, 
Терезені торлайды. 
Қарға омбығып, бет домбығып, 
Сырғанап балалар ойнайды. 
Айтыңдаршы бөбектерім, 
Бұл қай мезгілде болады? 
Балалар: Қыс мезгілінде. 

Сұрақ-жауап: 
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі? 
Балалар: Қазір қыс мезгілі. 
Т: Балалар қыс деген сөзді үш тілде айтып көрейік. Менің артымнан қайталандар: қыс-зима-winter. 
Т: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші. 
Б: Қыста күн салқын болады, аяз болады, қар жауады, боран болады және т.б. 
Т: Қыс мезгілінде неше ай бар? 
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. 
Т: Қазір қандай ай? 
Балалар: қазір ақпан айы. 
Т: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме? 
Тақпақ: 
Қыс айлары көңілді, 
Ақ қар жапты өңірді. 
Үйренеміз жалықпай, 
Коньки, шаңғы тебуді. 
(Балалар бірге айтады) 
Т: Жарайсыңдар, өте ақылды екенсіңдер. 
(Тәрбиеші есік қасында хатқа назар аударады) 
Т: Балалар, қараңдаршы бізге біреу хат әкелген. Кәне, ашып оқиық. Кімнен екен? 
Хатты ашып оқиды: Сәлеметсіз бе! Мен Машамын. Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар. Мен, қысқы орманға серуендеп барғанмын. Ал мені Қыс ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап қойды. Мында өте салқын.Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым. Мені құтқарыңдаршы!!! 
Т: Машаны құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба? Ертегілер әлеміне енеміз бе? 
Балалар. Иә!!! 
Т: Балалар,ертегі сөзін үш тілде айтып көрейікші: ертегі-сказка-fairy tale. Жарайсыңдар! 
Т: Ендеше, бәріміз автобуспен қысқы орманға барамыз. Кәне, кеттік! 
(«Ертегілер» әні қосылып, безендірілген қысқы орман алаңқайындағы орындықтарға барып отырады) 
Т: Балалар, міне біз де қысқы орманға келіп қалдық. Қысқы орман әдемі ме? 
Балалар: Иә! 
(Осы кезде Қыс ханшайымы алаңқайға келеді) 

Қыс ханшайымы (ашулы дауыспен айтады): Кім? Кім менің қарлы патшалығыма келген?
Т: Балалар, кәне, Қыс ханшайымымен амандасайық. 
Балалар: Сәлеметсіз бе! 
Қыс ханшайымы: Амансыңдар ма! Менің патшалығыма қайдан келдіңдер? Не істеп жүрсіңдер? 
Т: Қыс ханшайымы, біз Машаны іздеп жүрміз. 
Қыс Хааншаймы: Ха ха ха! Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен. Мен оны үйіме кілтеп қойдым. Енді ол менің үйімді жинап, маған қардан дәмді тағамдар пісіреді. 
Т: Балалр, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп немесе ойнап жүруге бола ма? 
Б: жоқ. 
Т:Қыс ханшайымы, Машаны кешірші, оны жіберші, ол кішкентай қыз ғой. Атасы мен әжесі жылап жатқан болар. 
Қыс ханшаймы: Ммм, егер сендер менің тапсырмаларымды орындай алсаңдар, жіберемін. 
Т: Балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба? 
Б: ИӘ! 
Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру» 
Айназ: Суда мұз бар, Жерде қар бар. 
Боран боп соғады, Бұл қай мезгілде болады? (Қыс) 
Жалт-жұлт етеді, 
Ұстасан еріп кетеді. (Қар) 

Перизат: Қыста ғана болады, 
Ұстасан қолың тонады. (Қар) 
Қолы жоқ сурет салалды, 
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз) 
(Жұмбақтардың жауабын тапқан сайын, слайдта сызықтармен жабық тұрған шалқанның суреті ашылады) 

Т: Балалар, ненің суреті шықты? 
Б: шалқанның. 

Қыс ханшайымы: Дұрыс, ендеше келесі екінші тапсырма «Шалқан» ертегісін сомдау. 
Т: Балалар, «Шалқан» ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаймыз. Кәне, еріктерімен айтындар, қай кейіпкерді сомдайсыз. (автор, ата, әже, немере қыз, күшік, мысық, тышқан) 
Т: Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар. 
Балалар, шаршаған боларсыңдар, кәзір серігіп алайық. Орнымыздан тұрайық. 
Сергіту сәті: 
Боран соғады оң жақтан, 
Боран соғады сол жақтан. 
Қар лақтырып ойнасақ, 
Су өтеді қолғаптан. 

Қыс Ханшайымы: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер ме? 
Балалар: Иә! 
Үшінші тапсырма: «Ертегінің атын тап?» 
Слайдта көрсетілген ертегі суретіне қарап, қай ертегі екенін айту керек. 

Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, рахмет! 

Т: Төртінші тапсырма мына жұмбақты шешкенде белгілі болады: 
Қашып кеткен атадан, 
Қашып кеткен әжеден. 
Орманда кеше жүр еді, 
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ) 
Төртінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін шарлар арқылы сомдау. 
(Шарға кейіпкерлердің суреті жапсырылады, балалар қолдарына ұстап ойын түрінде сомдайды) 
Ата, Әже, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр,Аю,Түлкі. 

Т: Керемет, балалар, өте жақсы сомдадыңдар! Енді бесінші тапсырмаға назар аударайық. Жеке жұмыс. 
Бесінші тапсырма: «Лақтарға дұрыс жол тап» («Жеті лақ» ертегісі бойынша). 
Шарты:Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып бастыр. Егер жолдан қателессен, лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп қояды. 
(Балалар үстел жаңына барып сызады. Бір бала тақтаға келіп көрсетіп, сызады) 


Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар. Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар. Ендеше мен Машаны жіберейін. 
(Есіктің арғы жағынан Машаны лестіріп келеді) 

Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім. Тонып, қамауда жүрер едім. Қыс ханшайымы, сізге де рахмет. Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін. Балалар, сендер де орманға, көшеге жалғыз ойнап бармандар, жарай ма!? 
Менің сендерге сыйлығым бар, Жанна Мұратқызына берейін, ол сізге кейін береді. Мен атам мен әжемді сағындым, үйіме қайтайын. Сау болыңдар! 
Т: Біздің қайтатын уақытымыз болды. Қыс ханшайымы, балаларға енді ұрынба, сау бол!
Балалар: Сау болыңыз, қыс ханшайымы! 
Т: Балалар, автобуспен балабақшаға қайтайық. 
(Бәрі бірінің артынан бірі жүріп қайтады) 

Қорытынды: Сұрақ-жауап: 
Біз қайда бардық? 
Кімге көмектестік? 
Қандай тапсырмалар орындадық? 
Сендерге оқу қызметі ұнады ма? 
(Балалар жауап беріп, өз әсерлерін айтады) 


Тәрбиеші: Осымен оқу қызметіміз аяқталды.Рахмет, балалар!Қонақтармен қоштасайық. 
Балалар: Сау болыңыз! 
(Тәрбиеші балаларға Машаның сыйлығын үйлестіреді) 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Ертегілер әлемі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2020 262
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рябцев Василий Викторович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рябцев Василий Викторович
    Рябцев Василий Викторович
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78361
    • Всего материалов: 224

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 34 регионов

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе