Главная / Физкультура / Сабақ жоспары "Дененің даму қасиеттері"

Сабақ жоспары "Дененің даму қасиеттері"

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 мая действуют скидки до 70% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


Сабақтың технологиялық картасы


Мерзімі:

Пән: Дене тәрбиесі әдістемесімен

Сабақ тақырыбы: Дененің даму қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Дененің даму қасиеттері туралы білімдерін толықтыру. Дененің даму қасиеттерін зерттеу, оларды дамыту әдістерін, амалдарын білдіру, ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Білім алушыларға дененің даму қасиеттерін түсіндіру.

Дамытушылық: Өзіндік жұмыс арқылы дененің даму қасиеттеріне талдау жасай білу, өзіндік ойларын тұжырымдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Дененің даму қасиеттерін іс-тәжірибе барысында пайдалана білуіне мүмкіндік жасауға үйрету. Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.

Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау сабағы

Сабақтың түрі: Теориялық және іс-тәжірибелік дербес жұмыстар сабағы

Пәнаралық байланыс: Педагогика. Спорттық ойындар.

Сабақтың технологиясы: Ойын технологиясы

Сабақ көрнекілігі және оқытудың техникалық құралдары: Мультимедиялық презентация, таратпа материалдар

Әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Болашақ мамандардың кәсіптік дене тәрбиесі. //Оқу-құралы. –А,   2008. 336 б.  

  2. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту. //Оқу- құрал. – Түркістан, 2005. – 70 б.

  3. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – А, 2004. – Б. 33-34.

  4. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. Алматы,  2005. –Б. 28-31. 

  5. Дене тәрбиесі ұғымының мәні. //Қазақстан мектебі. № 2. – А, 2006. –Б. 14-15.

  6. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ  мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі. //Шағын мектеп №8(52).  - Алматы,  2007.

  7. «Денсаулық» журналы, Алматы 2010 ж. № 8 басылым.


Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқу іс-әрекеті мотивациясы

ІІІ. Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау

ІҮ. Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгертуге дайындау

Ү. Жаңа материалмен таныстыру.

ҮІ. Бірінші бекіту кезеңі

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау

ІХ. Бағалау

Х. Рефлексия



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • Топты түгендеу

  • Сабақтағы жұмыс түрлерімен таныстыру

ІІ. Оқу іс-әрекеті мотивациясы

Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген педагогикалың үрдіс.

    а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;

    ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;

    б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;

    в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік) дамыту;

    д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.

ІІІ. Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау

Адамдардың  денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

    Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты әсерін тигізеді, денсаулығын нығайтады.

ІҮ. Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгертуге дайындау

Қозғалыс әрекеттері

Ү. Жаңа материалмен таныстыру.

Жоспар:

1. Дене  жаттығуларымен айналысудың маңыздылығы

2. Дененің сапалық қасиеті

3. Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулар

4.  Дене  шынықтырудың негізгі міндеттері

ҮІ. Бірінші бекіту кезеңі

- Дене  жаттығуларымен айналысудың маңыздылығы

- Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері

- Күштің пайда болуына себепші жаттығулар

- Дененің сапалық қасиеті

- Дененің жылдамқың қасиеттерін тәрбиелеу

- Ептілік қасиетіне тәрбиелеу

- Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулар

- Шыдамдылық  қозғалыс әрекеті

- Шыдамдылық  қасиетін дамытудың қүралы

- Икемділік қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары

- Дене  шынықтырудың негізгі міндеттері

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

    Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулары

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау

Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыру және дамытуда орындалып  жатқан іс-шаралар, ҚР спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада  ойындарындағы  жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттың сезімін тербиелейді.

 Дене  шыныңтыру  эстетикалың тәрбиемен  тығыз байланысты. Дене шынықтыру

арқылы қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі, дене шынықтыру жабдықтарын, айналада қоршаған бүкіл ортаның  әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қабілеті дамиды. Дене жаттығулары әсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, сенімді болады.

    Дене  шынықтыру  сабақтары көбінесе табиғи жағдайда өткізіледі. Мұндай сабақтар кең-байтақ Отанымыздың табиғат сұлулығын танып-білуге көмектеседі.

     Дене  шынықтыру политехникалық оқу және еңбек тәрбиесіне әсерін тигізеді.

 Дене шынықтыру құралдарын еңбек процесінде пайдалану денсаулықты жақсарту, дененің сапалық қасиеттері күш-қуат, ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, т.б. қасиеттерге тербиелейді.

    Дененің дамуына, политехникалық оқытуға дене тәрбиесіне қажетті құрал-жабдықтар дайындау, жөндеуден өткізу, сабақ өткізетін орынды әзірлеу жатады.

ІХ. Бағалау

Оқушылар білімі үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысында белсенді қатысып отырған оқушылар білімі бағаланады.

Х. Рефлексия

INSERT стратегиясын қолдану арқылы қорытындылау

«V» білемін

«-» мен үшін түсініксіз

«+» мен үшін жаңа ақпарат

«?» тереңірек білгім келеді






  • Физкультура
Описание:

Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген педагогикалың үрдіс.Дене шыныңтыру эстетикалың тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру

арқылы қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі, дене шынықтыру жабдықтарын, айналада қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қабілеті дамиды.

Автор Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
Дата добавления 14.12.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров 623
Номер материала MA-069020
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии: