Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Технология / Ұсақ моншақтардан гүл жасау. 5 класс

Ұсақ моншақтардан гүл жасау. 5 класс

Технология 5 сынып

Сабақтың тақырыбы :  Ұсақ моншақтардан гүл жасау.

Сабақтың мақсаты :  Бисердің түрлері мен тоқу әдістерін меңгерту

Білімділік:  . Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.


Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта–ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.


Сабақтың әдісі : Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: тарих,қазақ тілі,ботаника.

Көрнекілік:  схемалар, суреттер, плакат, бисер, сым темір, қайшы, бисер салатын ыдыс.

Сабақтың барысы:

   І . Ұйымдастыру кезеңі.

  а)  Оқушылармен амандасу

  ә)  Оқушыларды тексеру.

  б)  Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  ІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

  ІІІ  Сарамандық жұмыс

  ІV  Алған білімін тексеру.

   V  Үйге тапсырма

  VІ   Бағалау.

  Оқушыларды 2 топқа бөлу.

  1. Байшешек

  2. Раушангүл

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін сөз жұмбақты шешу.

  1. Ұлттық бас киім (бөрік)

  2. Тігуге арналған құрал (ине)

  3. Түсіп қалған сөзді тап   Техника  ............... ережесі

  4. Ең жақсы баға

  5. Жүнді иіретін құрал



















1 Б

Ө

Р

І

К


2 И

Н

Е


3 Қ

А

У

І

П

С

І

З

Д

І

К



4 Б

Е

С



5 Ұ

Р

Ш

Ы

Қ





 Бисер  сөзі шықты (тарих )


 Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Деген мен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайма, әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

     Бисермен тоқу ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнердің түрі. Ежелгі египет, Үнді елінен шығып, кеңінен   қолданылған. Бисер сөзінің түп төркіні «Бусра» «Жалған маржан» сөзінен шыққан. Египеттіктер «Бусра» деп атап, бізге келіп, «бисер» - ұсақ моншақ болып айтылған. Сондай-ақ біздің ата-бабаларымыз да киімдерді әсемдеуде қолданып отырған

    (Интерактивті тақтада    ұлттық киім түрлері )

         Тек қана ұлттық киімдерде ғана емес түрлі әшекей бұйымдарда  да  кеңінен қолданылып  келеді. Бисер тоқу шеберлері дайындаған мына суреттерді қарап өтейік.

     (Интерактивті тақтада    бисерден жасалған  бұйым түрлері)

Балалар, мына суреттерді қарап отырып, керемет өнердің куәсі болып отырмыз. Бұл деген қандай еңбек, шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Балалар еңбекке, өнерге, шыдамдылық қасиетке байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз? Ендеше, балалар осы өнерді біз де үйреніп көрейік.

Жаңа сөздер:

Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.

Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.

Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)

Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру

 

     Бисер түріне қарай былай бөлінеді

  1. Ұсақ,  түрлі-түсті моншақтар

  2. Стеклярус

  3. Рубка                                                                                                                      

 

   http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/07/24/original/f0c19e39ba20452cdb41b9267eebba0f.png                                             

             

 Бисер тоқудың әдістері:

  1. Параллель тоқу

  2. Тігінен тоқу

  3. Айналдыра тоқу  

 

 

      Бүгінгі сабағымызда  ұсақ,  түрлі-түсті моншақтармен және сымның көмегімен гүл күлтесін жасауды үйренеміз.

           

 

Дала   гүлін ұсақ моншақтардан жасап үйренеміз. Бұл гүлдің  күлтесі, жапырақтары үшкіл, түсі қызғылт сары, алқызыл т.б болып келеді. Бұл гүлдердің күлтелері бес-бестен. Осындай гүл жасап үйренейік.


Ол үшін бізге мыналар қажет:

1 Түрлі – түсті ұсақ моншақтар

2. Жіптің жуандығындай мыс сым.

3. Қайшы және безендіруге байланысты құралдар.

 

Қолданылатын әдісіміз параллель тоқу. Алдымен қауіпсіздік ережесін қайталап аламыз. (Интерактивті тақтадан көрсету)


Техника қауіпсіздік ережесі

1.Қайшыны ұшымен беруге болмайды.

2. Қайшыны қайшылауға, лақтыруға  болмайды.

3. Қайшыны ауызға салуға  болмайды.

4. Қайшыны  жерге тастауға  болмайды.

5. Қайшымен  ойнауға  болмайды.

6.Майысқан, тот басқан,сынған қайшымен

жұмыс істеуге болмайды.

7. Қайшыны сөмкеге салар алдында аузын бекітіп,

 ұшын төменге қаратып  салу керек

8. Сымды  ауызға салуға  болмайды.

9. Сымды  лақтыруға  болмайды.

10.Сымды қайшымен қию керек.

11.Бисерді ауызға салуға болмайды.

12.Бисерді   лақтыруға  болмайды.

 

Бисермен гүл тоқуды түсіндіру.

 Әр оқушы бір күлтеден жасап, 1-топ 1 гүл жасау.


Сергіту минуты


Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Жоғары қолды созамыз,

Аяқтын ұшында тұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.


Тест

  1. Бисер неден жасалған?                                                                             

                     Ағаш                                                                                                                                           

                     Шыны

  1. Бисер түрін тап                                                                                                

                    Ағаш                                                                                                                     

                   Стеклярус

  1. Бисерді алғашқыда қалай атаған?                                                    

                         Бусра                                                                                                                              

                         Бисер

  1. Қайшымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады?         

                  Қайшымен ойнайды                                                                                                           

                  Қайшымен  ойнауға болмайды

  1. Сыммен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады?        

                 Сымды қайшымен  қияды                                                                                              

                Сымды тіспен қырқады

  1. Желіммен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады?  

                Желімді ауызға салуға болмайды                                                                            

                Желімді төгу керек

Бекіту       сұрақтарын     қою.

1. Бисер дегеніміз не?

2. Моншақ дегеніміз не?

3. Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар?

4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? т. б.

Қорытынды.

Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.

Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма беру (үйден гүл токып әкелу).

Үйге тапсырма.    

Оқушыларды бағалау



























Гүл тоқу технологиясы

Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау.

Схема параллельной техники бисероплетения1http://webdiana.ru/uploads/posts/2015-01/1420982431_2196.jpg

http://webdiana.ru/uploads/posts/2015-01/1420982518_4177.jpg2


http://webdiana.ru/uploads/posts/2015-01/1420982524_5176.jpg3



http://webdiana.ru/uploads/posts/2015-01/1420982529_7147.jpg4

http://webdiana.ru/uploads/posts/2015-01/1420982534_8137.jpg5

http://webdiana.ru/uploads/posts/2015-01/1420982543_1283.jpg6












  • Технология
Описание:

Технология 5 сынып

Сабақтың тақырыбы : Ұсақ моншақтардан гүл жасау.

Сабақтың мақсаты : Бисердің түрлері мен тоқу әдістерін меңгерту

Білімділік: . Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта–ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақтың әдісі : Аралас сабақ.


Автор Бидельманова Миргуль Аманжоловна
Дата добавления 15.02.2017
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров 850
Номер материала MA-070216
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки «Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации»