Инфоурок Другое Рабочие программыҚұрметтей білейік

Құрметтей білейік

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: №47 ЖОББМ    Мерзім: желтоқсан   №15сабақ

Тақырып: «Құрметтей білейік»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адамгершілік, сыйластық

Мұғалiм:Рахматуллина Г.А Сынып:4

Сабақ мақсаты: оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері:

-Құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

-Ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-Үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы1.

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәтi(баяу әуен)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің      төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...  Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

«Төле би туралы аңыз». («Үш пайғамбар» кітабынан).

-Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?

Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?

Сабақ барысын талқылау

Дәйексөз.

  «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый».                               

М.Әуезов.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Сахналау

  1. Туыстар арасындағы сыйластық.
  2. Қыз бен ұлдың сыйластығы.
  3. Өзінен үлкендерге деген құрмет.
  4. Келген қонаққа деген құрмет.

Өзгенің еңбегі мен пікірін құрметтеу.

 

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Адам атын ардақта

Әскербек әкесімен әзілдей сөйлесіп, күлімдеп жүреді. Әкесі Әлен баласының көңілді жүргеніне мәз болады. Бірақ көңіл деген нәзік нәрсені күте білмей, Әскербек әкесін ренжітіп алады. Оқиға ойда жоқта шиеленісті. Мектептен жақсы баға алып, жайраңдап келген  Әскербек әкесіне:

-Әлен Әлменович, әдебиет сабағынан «бес» деген баға алғанымды хабарлаймын!-деді.

Әшейінде танадай қара көздерін күлімдетіп, баласына елжірей қарайтын Әлен бұл жолы қалың қасты қабағын қарс жауып алды:

-Балам, менен бойың биік бола бастағанға, ойың биік бола ма десем...

-Құлдық ұрып, құлшылық етуге әзірміе, көке...Не кінәм бар?

-Әдептілік әкені құрметтеуден басталады.

-Құрақ ұшып құрмет көрсетіп тұрған жоқпын ба?

-Мені «көке» деуші ең, тең құрбыңдай қарайтын болыпсың... «Ұрыс «сен» деген сөзден шығады» - дейді халық.

-Аты- жөніңді толық айту да айып па?

-Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді. Ал адамды құрметтеу үшін, атын ардақтап, дәрежесін көтеріп, жасы мен туыстың қатынасына қарай , ата, әже, апа, шеше, көке, тәте, жәке, аға, ағатайым, нағашы, жиен, бөле деу керек.

-Көке кешіріңіз. Шынында да сый- құрмет көрсету осындай ұсақ-түйектен басталады деп ойлағам жоқ едім.

-Бұл рәсім ұсақ- түйек емес , балам, атты ардақтау адамгершліктің белгісі.

 

Шығармашылық жұмыс

1.«Құрметтеу» сөзіне топтастыру.

2.Мәтінді оқып, құрметтеу туралы түсініктеріңді айтып беріңдер. Сендердің өмірлеріңде мәтіндегідей оқиға кездесті ме? Ойланып, естеріңе түсіріп көріңдер. Осы мйтіннен кейін өздеріңнің сол әрекеттеріңді қалай бағалар едіңдер? («Танымасын сыйламас». Ф.Оңғарсынова.)

 

Топпен ән айту

Кел, балалар, күлейік

Сөзі: Ш.Смаханұлы

Әні: И.Нүсіпбаев

Кел, баллар, күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Өмір сырын білейік.

Қайырмасы:

Ойын – біздің досымыз,

Ойын – көңіл хошымыз.

Ракетадай зуласын,

Алға тартқан көшіміз.

Бәрін көзбен көрейік,

Тау гүлдерін терейік.

Күле жүріп, күнгейге

Дән маржанын егейік.

 

Үй тапсырмасы.

«Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқу

 

Соңғы тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құрметтей білейік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

сабақ тыныштық сәтінен басталды. Үй тапырмасы тексерілді. Дәйексөз ретінде М.Әуезовтың сөзі "Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы". Мұғалім сыйы ретінде "Адам атын ардақта" мәтіні қолданылды. Шығармашылық жұмыс пен топпен ән айту орындалды. Үй тапрсымасы ретінде "Жақсылық пен жамандық ертегісі " тапсырылды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.10.2020 474
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Очирова Зоя Бадмаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Очирова Зоя Бадмаевна
    Очирова Зоя Бадмаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78348
    • Всего материалов: 248

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе