Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Әрбір бала- бір жұлдыз, жарқырауға көмектес!»

«Әрбір бала- бір жұлдыз, жарқырауға көмектес!»

Скачать материал

«Әрбір бала- бір  жұлдыз, жарқырауға көмектес!»

    Осындай ұранды сөзбенен даму айдынында жүзіп келе жатқанымызға  12 жыл уақыт болып қалды.   Біз физиологиялық кезеңді бөліп, баланы балабақшадан тәрбиелеу керек деп келдік. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Баланы бесіктен тәрбиелеу керек»,- деді. Бұл қағида отбасына жақындатқанымен, шындықты барынша аша алған жоқ. Адам ұрпағының тәрбиесі   табиғаттың биологиялық алтын заңына бағынады. Бұл – бала тәрбиесінің бір заңы. Заңдылықтарды он сегіз мың ғалам тіршіліктің ішінде өрескел бұзып отырған адам баласы ғана. Қабілеті шектеулі  жандарға зауал содан келіп отыр деуге болады. Мәселен, жер бетінде ұшқан құс, жүгірген аң ұрпағына алдын- ала дайындық жасайды екен. Өз бойындағы артық май, арам терден бір ай бұрын ажырап, қанжардай қатып жарап, тұнық сумен шайлап қана, асыл шөптен татып қана бойындағы бүкіл шлактан тазарады екен. «Ұрпақты кім жалғастырады» дегенде өмір мен өлім шайқасады екен. Сол шайқаста жеңген ғана ұрпақты жалғастырады. Міне, ғажап! Ал құстарды табиғат өз қамқорлығына алады. Көктемде құс бір айда жылы жаққа ұшып барады да, 3- 4 күн  демалады. Бойы әбден тазарған. Бірден ұя салып, ұрпақ өсіруге кіріседі. Тазалықты сақтамай отырған- адам баласы ғана. Адам баласы уланған денемен ақ төсекте жатып ұрпақ әкелуге дағдыланған, болашақтағы келер ұрпағының қанын, жанын ойламайды.   Бұдан соң сау баланы қалай күтерсің?

     Қазақ халқы- тым бауырмал, туысқаншыл халық бірақ, өз қанын былғамаған халық. Соның өзінде бір елде бір мақсат, бір болашақпен күн кешкен халықпыз.

    ҚР Президентінің  кезекті Жолдауында жас өскінге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың лайықты білім алып, оларды сауықтыру жолында пәрменді шаралар қабылдау көзделген болатын.  Елбасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет анағұрлым көп көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларын үйден оқытқаннан гөрі коррекциялық  мекемелеріне әкелуге ұмтылуда. Көпшілік ортаға келгеннен кейін олардың өмірге деген ынтасының артуы мүмкін. Сондықтан,  мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне шуақ, келешегіне қанат бітіру адамзаттың парызы. Осыған орай аудан орталығында  психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеті ашылып, талай ата-ананың көңіліне демеу, қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашары мәлім

      Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «№8 Педагогикалық- психологиялық коррекциялық кабинет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» 2005 жылы тамыз айында ашылып қазіргі таңда көптеген нәтижелермен жұмысын жалғастыруда.  Ауданымызда алғаш ашылған мекемеде арнайы, ең қажетті мамандар жұмыс жасайды, яғни педагог- психолог, педагог- дефектолог, педагог- логопед, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы,  ұқалаушы мамандарымен толықтырылған. Қазіргі таңда мекемеге тіркелген бала саны- 160.  Бала саны бұнымен шектелмеген, әрбір жылы түрлі себептермен, нәтижелермен кетіп жатқан балаларда баршылық.

    Мекеменің келелі мәселесі:

« Дамуында ақауы бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту және бейімдеу.»

ППКК психологиялық-педагогикалық көмекті ОПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға:

1) көру қабілеті бұзылған;

2) есту қабілеті бұзылған;

3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;

4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;

5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;

6) зерде бұзылыстары бар;

7) психикалық дамуы тежелген;

8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетеді.

Сонымен бірге, ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға) отбасы жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне қатысты кеңес береді. Баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, оны жеке дамыту бағдарламасын құрады. Жеке, топтық, топты шағын топтарға бөлу түрінде түзете-дамыту сабақтарын өткізеді.                                                                                                             

      Мамандар (невролог, психолог, логопед, дефектолог, ЕДШ нұсқаушысы, музыкалық ырғақ маманы, емдік ұқалау маманы, әлеуметтік педагог)  кемістігінің құрамы күрделі балаларды терең зерттеу барысында өзара тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатады, диагностика мәліметтері мен ұсыныстар алмасады, ортақ мәмілеге келу нәтижесінде баланы оңалтудың біртұтас кешенді бағдарламасын әзірлейді.  Мамандар командасы әрбір нақты баланың жағдайына қатысты оптималды әдістеме мен түзету-педагогикалық көмектің мазмұнын айқындайтын іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. ППКК-да логопедтер, дефектологтар, психологтар жұмыс барысында жалпыдидактикалық принциптерге, түзете әсер ету әдістеріне сүйене отырып,  дәстүрлі емес түзете-дамыту технологияларын да пайдаланады. Атап айтқанда, леготерапия, құм терапиясы, акватерапия, ертегітерапиясы, бейнелеу өнері терапиясы («саусақпаен сурет», «коллаж», «таңба»), Wikki stix технологиясы, А.Л.Венгердің суретті тесттері, әйнекке құммен сурет салу, әйнек мольбертке сурет салу,  Эдуплей мультимедиялық оқыту жүйесі, Дэльфа компьютерлік дамыту бағдарламасы.

           Аталмыш мекеме жұмыс атқарған уақытта  біраз ата-ананы қуантып, жүруге қабілеті болмаған баланы жүруге үйретті. Бұл да болса осы мекеме мамандарының мақтанышы, еңбегі. Мысалы;  аудан көлемінде өткен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған би номинациясы бойынша байқаудан церебриальды параличтің салынан зардап шеккен Дильназ қызымыз жүлделі орынға ие болып ата- ана мен бізді де қуанышқа бөлеп   Астанаға жолдама алды. Сонымен бірге психикалық дамуында тежелуі бар Кемран атты баламыз қосымша күреске қатысып әртүрлі жүлделі орындар мен медальдарға ие болуда. Бұл ортақ қуаныш.

     Психикалық дамуында тежелуі бар бірнеше баланың сырқаты алынып, жалпы білім беру мектептеріне кеткені бар. Тіл кемістігінде тұтығу, дыбыстарды дұрыс айтпау мәселелерімен келген балалардың түзелуі біз үшін үлкен нәтиже.

  «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым ауыр болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек»- деп неміс педагог- дефектологы П. Шуман бекер айтпаса керек. Сондықтан түзету жұмыстарын жүргізу бағытында мамандардың үнемі шығармашылық ізденістерін кәсәби біліктіліктерін жетілдіру талап етіледі. Әрбір сабақ барысында барлық маман керекті құралдарды керек кездерінде ғана пайдаланбай күнделікті сабақтарында пайдалануды басты қағида етіп алған. Сабақтар арасындағы байланыста жақсы әдетке айналған. Мысалы, саусақ жаттығуын жасау, бұны халқымыз ежелден «Қуырмаш» өлеңімен айтып бастаған, сондықтан бұл біздің сабағымыздың негізгі бөлімі деуге болады. Баланың барлық көңіл- күйі мен назарын аудару үшін сезімдерін де ояту керек болса, сабақтағы қолданылған «Аяққа арналған тактильді жол» («Тактильная дорожка для ног») тақтайшасынсыз сабақ басталмайды. Баланың интеллектуальдық дамуын арттыруда «Сеген тақтайшаларын» пайдалану да жақсы нәтиже. Өйткені бұл ойыншық басқа ойыншықтарға ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Бұны әрбір сабақ сайын жарыс түрінде өткізу қызықты. Бала бұдан тек түстер мен пішіндерді үйренбейді жылдамдық пен икемділікті, көзді жүмып отырып орындарын тауып сипап сезінуді де үйренеді.    Сенсорлы бөлменің өз ерекшелігі бар баланың қиялын дамытып, ой- өрісін дамытып сезінуге өте керемет. Оны психологтың жақында өткен ашық сабағы одан әрі ерекшелете білді. Өйткені бұл балалар үйден басқа ешқайда шықпаған бала үшін ғажайып басқа  дүние.  Дене шынықтыру сабақтарындағы мамандардың пайдаланатын «Фаэтон», «Велотренажер» құралдары басты құрал болып есептеледі. Ата- аналар сабақ басталысымен  осы құралдарды пайдаланбай кеткісі келмейді.

    Осы орайда педагог- психолог маманының «Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясында» өзінің практикасынан алған «Баланың интеллектуальдық даму деңгейін дамыту жолдары»- тақырыбында баяндама жасап қайтқанын атауға болады. Осы конференциядан алған әсерінен кейін өзінің бастамасымен соңғы екі жылда жеке дамыту бағдарламасын жасап сол бойынша барлық маман түзету жұмысы бағдарламасының құрылымын  осы бағытта жүргізуде. Бұл бағдарлама әрі қолайлы, әрі тиімді. Онда баланың күнделікті сабақтағы бағасы, мақсаты, кезең соңындағы даму динамикасы жақсы көрсетілген. Осы педагог- психолог маманының мамандармен жүргізіп жүрген тренинг семинары қызықты, әрі мазмұнды болғанын атауға болады, осындай еңбегі бағаланып  психолог маманың суреті баспаның бірінші бетіне беріліп, мақаласы мен ашық сабағы жарияланды. Тек бұл маман ғана емес басқа да мамандар өз еңбектерін көрсету мақсатында ашық сабақтар өткізеді, оны әдіскер мен басқа да мамандармен бағалап баспаларға жіберіп тұрамыз. Бұл мамандардың негізгі еңбектері.

   Коррекциялық кабинеттің ашылып, тыныс ала бастағаннан бергі алдына қойған мақсаты мен мәні- ұрпақ тәрбиесінің құпиясын ашып, ортаға бейімдеп жағдай жасап,   кемшілігін түзеу болса, басшы ретінде осы мекеменің кем- кетігін түгендеу, арнайы құралдарды пайдалану арқылы баланы дамыту менің міндетім деп білемін. Сондықтан да елге пайдалы қадамдарға барудан еш жасқанбаймыз. Ұрпақ тәрбиесіне қажет деген тәсілдерді батыл пайдалану әрбір ұстаздың өзіне тән сипаты десе болады. 

  №8 психологиялық - педагогикалық  коррекциялық  кабинетінің   мамандары ерекше білімді қажет ететін   балалардың  проблемасын  біртіндеп  шешудің  негізін  қалыптастырып, олардың  өзіне-өзі  қызмет  етіп  өмір  сүруіне  жағдай  туғызу  үшін  жұмыстар атқарып  келеді.     

 

 

,

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Әрбір бала- бір жұлдыз, жарқырауға көмектес!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Осындай ұранды сөзбенен даму айдынында жүзіп келе жатқанымызға12 жыл уақыт болып қалды.Біз физиологиялық кезеңді бөліп, баланы балабақшадан тәрбиелеу керек деп келдік. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Баланы бесіктен тәрбиелеу керек»,- деді. Бұл қағида отбасына жақындатқанымен, шындықты барынша аша алған жоқ. Адам ұрпағының тәрбиесітабиғаттың биологиялық алтын заңына бағынады. Бұл – бала тәрбиесінің бір заңы. Заңдылықтарды он сегіз мың ғалам тіршіліктің ішінде өрескел бұзып отырған адам баласы ғана. Қабілеті шектеуліжандарға зауал содан келіп отыр деуге болады. Мәселен, жер бетінде ұшқан құс, жүгірген аң ұрпағына алдын- ала дайындық жасайды екен. Өз бойындағы артық май, арам терден бір ай бұрын ажырап, қанжардай қатып жарап, тұнық сумен шайлап қана, асыл шөптен татып қана бойындағы бүкіл шлактан тазарады екен. «Ұрпақты кім жалғастырады» дегенде өмір мен өлім шайқасады екен. Сол шайқаста жеңген ғана ұрпақты жалғастырады. Міне, ғажап! Ал құстарды табиғат өз қамқорлығына алады. Көктемде құс бір айда жылы жаққа ұшып барады да, 3- 4 күндемалады. Бойы әбден тазарған. Бірден ұя салып, ұрпақ өсіруге кіріседі. Тазалықты сақтамай отырған- адам баласы ғана. Адам баласы уланған денемен ақ төсекте жатып ұрпақ әкелуге дағдыланған, болашақтағы келер ұрпағының қанын, жанын ойламайды.Бұдан соң сау баланы қалай күтерсің?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Рабочая тетрадь по лабораторным работам дисциплины "Электротехника" (2 курс)
  • Учебник: «Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • Тема: Глава 1. Электрические цепи постоянного тока
  • 30.12.2020
  • 32131
  • 18
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.07.2020 462
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримова Елена Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каримова Елена Алексеевна
    Каримова Елена Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72936
    • Всего материалов: 241

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе