Инфоурок Музыка Другие методич. материалыРазработка урока мастер класс по вокалу

разработка урока мастер класс по вокалу

Скачать материал

Вокал сабағындағы қолданылатын әдіс- тәсілдер.

Вокализ” –  дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.

«Артикуляция» -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі. .

 «Регистр» - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі

«Ырғақ»   -  дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше.

«Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері:

«Мажорлық лад» -  ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді. 

«Минорлық лад» -   жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш).  Олар  I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.

«Тональдік» –  лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым.

«Ырғақ»   -  дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы.

 «Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық)» –  музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі.

Екпін түрлері:   Presto  - шапшаң, тез

                             Allegro – екпіні  жылдам жүруін.

                             Moderno  - умеренно, орташа, асықпай

                             Andante  – не спеша, спокойно, асықпай,  байсалды.         

                             Gento – медленно, жай

                             Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта.

 «Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі  агогика суреттеу құралдарына жатады.

Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату;

Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;

Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту,  жайлату;

PuuMosso – более подвижно, жылдамдата;

MeneMosso – менее подвижно, жайлата;

«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.

«Дауыс биіктігі»  - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі. 

«Дауыс күші»  -   дыбыс желбезектерінің  амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі.

«Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) -  қасиет тон.

«Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі.

Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді.

«Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің әліңішпе дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды.

Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның  «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады.

            Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді.

 «Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы.

«Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.

«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді

Пәннің мақсаты – оқушылардың дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың  дауыс ережелерін катаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру. 

Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында   әртүрліше жүргізіледі.

Вокал сабағынын негізгі басты шарты - оқушылардың музы­калық  қабілеттерін дамыту, музыкалық  денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін жетілдіре түседі.

Дұрыс ән айтуға  үйрету арқылы оқушылардың  дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық  дауыспен академиялық  үлгіде айтып жаттықтыру керек.

Ән айту балалардың орындаушылық  үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Ән айту – педегогикалық  деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет. Ән айту сапасы - мұғалімнің сол соңғы «азық-түліктік» негізге ала оты­рып, осы арқылы балалардың  ән айту қабілеттеріне белсенді кіреді.   

  Дыбысталу сапасын  қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Вокал сабағында оқушылардың өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық  қолайлы жағдайларды анықтау.

 

Оқушылардың музыкалық сауаттылықтары:

-  әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.

-  оқушылардың вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық  ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.

-  Вокалдық-музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

-  балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесімен үйрету.

Вокальдық  үш бағыт:  халықтық, академиялық, эстрадалық

online режимінде осы бағыттар  бойынша орындаушыларды  тыңдау..

 legato, non legato. жаттығулары.

  Жаңа технологиялар мен әдістерді, бағыттарды еңгізу

  және олармен танстыру арқылы студияға қатысушы  жас әншілердің эстетикалық талғымы мен музыкалықсауатын ашу, дамыту.

.. Жаттығулар мақсаты: дауыс аппаратын қыздыру және алынған тақырыпқа байланысты белгілі бір мақсатты көздейтін жаттығулар

1.     Тақырыптың мақсаты, міндеттері:

а) Вокал өнеріндегі үш бағытпен толық таныстыру

б) Академиялық, халықтық және эстрадалық үлгідегін түсіндіру.

г) Оқушылардың орындауында үш бағыттағы шығармаларды тыңдау

1-ші жаттығу: Дауысты дыбыстар әріптердің  ерекшелігін ескере отырып, бір дыбысқа барлық әріптерді айту.

2-ші  жаттығу: Тыныс алу түрлеріне арналады, әр түрлі әдіспен диафрагманың көмегімен жасау.

3-ші жаттығу: Музыкалық штрихтарға арналған  Legato, mon legato, stokatto

Жаттығуды білсеңдер, тұрып жасайық

         1. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша, белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның дұрыс үлгісі дейді.

         2. “Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді. Мұндағы ән айту үлгісі  әр халықтың тұратын география орнына, салт – дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды ашық айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта болуы шарт.

         Ал, «Эстрадалық» бағыттағы үлгі соңғы жылдары ерекше дамыған, жастардың кәзірде еліктейтін музыкалық өнердің бір түрі. «Эстрада»  - ұғымы ертеректе  концерттік қойылымдардың сахнасы деген  мағына берген. Ал, эстрадалық өнер немесе бағыт – бұл сахналық өнердің әр түрлі орындау формаларының бірлескен жеңіл, сауықтылық өнеріне  жатады. «Эстрадалық» ән айту мәнері, бұл әнді әртүрлі аспаптармен сүйемелдеу, дыбыстарды өз еркіне жеткізу, динамикалық ерекшелігімен айту сияқты үлгілерімен сипатталады. Соңғы кездері эстрадалық үлгі электрондық аспаптарда жазылған фонограммалар арқылы орындалып жүр.Әншілердің жеке- жеке дикциясы. Дикция кең мағыналы ұғым. Ол тіліміздегі әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстардың, сөздер мен сөйлемдердің бұрмаланбай таза айтылуы ғана емес, сонымен бірге жеке сөздер қурылысы жағынан әрі сауатты , әрі ұғымды тартымды болып келуінде. Әнмен айтылатын сөздерді құрап тұрған барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың ашық айқын естілуі қажет.

Дикция әннің сөздерін дұрыс, анық және дауысты дауыссыз дыбыстардың орындалу қағидасын білу техникасы тұрмыс – салт өлең әндерді өз ырғағымен, өз сазымен ауыздан – ауызға тарап, халық ортасында бағасын ала білді. Дауысты дыбыстар: а, о, у, и, ы, е, дыбыстары ерекше көңілге болуы кажет етеді, Көмкеріп, ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығуына дағдылану қажет. Әндегі дауссыз дыбыстардың ішінде әсіресе айтуға қиың: қ, п, т, ф, х, және с, ш, ц, щ, и, сияқты әріптердің міндетті түрде берік айтып, қысқа айту қажет, ал а, ш, ц, г, щ, дыбыстарын қысқа, үстіртін айтқан жөн. 

Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын.

Тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстарын фонема дейді.Әнді жинақы жабық шеңберлі дыбыспен (академиялық) үлгімен айту Вокал техникасындағы тағы бір маңызды вокалдық әдістің бірі болып, шығарманы орындау барысында бірыңғай вокалдық  желіні сақтай алады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңызы бар, бірақ барлық әншіге бірыңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар.

кция – (латынша) – айтылу, айту деген мағынаны береді. Ол негізінде екіге бөлінеді:

          Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді.

Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызыметі.Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысының жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір – бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады.Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызыметін жақсы білмейінше, белгелі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын.Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үш саладан тұрады:

1.     Тыныс мүшелері.

2.     Тамақ.

3.     Қуыс мүшелері.

1.     Тыныс мүшелері.  Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады.  Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы.

2.     Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы аталады. Тамақ сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екә жағынан бір – біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі  жалған дауыс шымылдығы   деп аталады. Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды, ал тамақ ішкенде, екі жағы қатты жымдасып, асты өңешке  асырып жіберіп тұрады. Тек нағыз дауыс шымылдығы ауырған жағдайда қарлыққан, баяу дыбыс шығаруға шамасы келеді.

Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиырылмалы астыңғы екеуі  нағыз дауыс шымылдығы  деп аталады.  Дауысшымылдығының аралығы қуысы немесе дауыс түтігі делінеді.

 

 

Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеуінің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиырылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмай, үн шықпайды.  Дауысты дыбыстар  дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де дауыс шамалы болады. Ал, қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды, міне сондықтан да ол дыбыстардың құрамында үннің “қатысы болмайды”.

3.     Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс неме үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға әртүрлі  өң  “рең”  беріледі, тіл дыбыстары бірінен бірі ерекшеленеді. Қуыс мүшелеріне:

1.       Ауыз қуысы. 2Мұрын қуысы  жатады.

Ауыз  қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.

Тіл.  Бұл – дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылдам жылжымалы мүше.  Ауыз  қуысында бірде ілгері – кейін, бірде жоғары – төмен жүйіткіп, ауыз қуысындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр түрлі рең береді.

Ерін. Дыбыс шығаруда  қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі – ерін. Екі ерін бір – біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып өтуінен [п. б] дыбыстары пайда болса, астынғы еріннің үстіңгі ерін мен тіске келіп қатысуынан [ф. в] дыбыстары шығады, екі еріннің дөңгеленіп алға қарай шүйіріліп тұруынан ө, о, ү, ұ, у, дыбыстары жасалады. Сол сияқты дыбыс шығаруда екі еріннің кейін керілуінен дыбыс сапасы өзгереді. Сөйлеу тіліндегі езулік дауысты дыбыстарды: а, е, и, ә, э, і  ән айтуда еркіндік дауысты дыбыстарына жуықтап дөңгеленте орындайды.

2.     Ән – төңіректегі шындықты терең тусінудің, жарқын, бейнелі формасы. Ән айту баланың  әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын, ықылас – ілтипатын тұғызады, ал кейде оған басқа информациялардан гөрі өзгеше қуатты сенімге бөлейді. Отан туралы, бақытты балалық шақ туралы, Астана туралы әндер аса бір асқақтықпен орындалады.

3.     Ән айтуға үйрету процесс баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтумен салыстыруды, фортепианода орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалық фразалардың, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйренеді.

4.     Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қаблетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.

5.     Ән айту үйрету процессінде баланың негізгі музыкалық қаблеттері: эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық естү қаблеті, ырғақты сезінүі айрықша тез дамиды.

суретте адамның тыныс алу мушелері салыңған. Ол үш салады тұрады:

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока мастер класс по вокалу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дұрыс ән айтуға  үйрету арқылы оқушылардың  дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық  дауыспен академиялық  үлгіде айтып жаттықтыру керек.

Ән айту балалардың орындаушылық  үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Ән айту педегогикалық  деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет. Ән айту сапасы - мұғалімнің сол соңғы «азық-түліктік» негізге ала оты­рып, осы арқылы балалардың  ән айту қабілеттеріне белсенді кіреді.   

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 053 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2014 1252
    • DOCX 1.9 мбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аскарова Кунсая Амангельдыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4793
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на гитаре

Преподаватель игры на гитаре

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные направления музыкального искусства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 27 регионов

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов