Инфоурок Технология Рабочие программыРазработка внеклассного занятия по технологии на тему: «Қыз-еркем, қылығымен көркем»

Разработка внеклассного занятия по технологии на тему: «Қыз-еркем, қылығымен көркем»

Скачать материал

Бекітемін:

Күні: 9.12.2016

Сыныбы: 6 « А»

 

Тақырыбы: «Қыз-еркем, қылығымен көркем»

 

Мақсаты: қыздардың эстетикалық талғамының жоғары болуын, сұлулықты, әдемілікті сезініп, өзін қоршаған ортада сымбатты ұстай білуге тәрбиелеу, халқымыздың  ұлттық өнерін дәріптеу,  технология пәні бойынша білім біліктерін шыңдау.

 

Әдісі: репродуктивтік, сұрақ-жауап, баяндау, сарамандық.

 

Көрнекілігі: сұрақтар, ою-өрнектер, газеттер, киім үлгілері, нақыл сөздер.

 

Сайыстың өтілу барысы:

 

1.     Сайыс мақсатымен таныстыру.

 

2.     Қолөнер сайысының өтілу барысы.

 

3.     Қорытындылау. Марапаттау.

 

Жоспары:

1.     «Топтың атымен таныстыру, топтың ұраны.

 

2.     «Анасын көріп, қызын ал» өз өнерлерін корсету.

 

3.     «Мықты болсаң, тауып көр» сұрақ-жауап.

 

4.     «Шебер қолдар» салат түрлерін жасау.

 

5.     «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән киім үлгісін көрсету (үй жұмысы)

 

6.     Дастархан жабдықтау, берілген ыдыстарды, асханалық құралдарды дастарханға дұрыс орналастыру, сулықтарды  бүктеу тәсілдерін көрсету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Эстетикалық пән бірлестігінің «Тәуелсіздік-тұғырым» атты апталық аясында откелі отырған « Қыз-еркем, қылығымен көркем» атты сайысымызды бастаймыз.

 

2-жүргізуші: Сайысқа қатысқалы отырған қыздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

 

1- жүргізуші:

Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,

Қуанып шаттанып, күлуде бар.

Өнерін тамашалап отыр қауым,

Сайыста әділқазылар тағыда бар.

Келесі кезекте әділқазылар алқасымен танысу

Сызу пәнінің мұғалімі – Абтикерова Аманкүл апай

Мектебіміздің аға тәлімгері – Зухра  апай

Музыка пәні мұғалімі – Нарманова Күлмараш апай

 

2-жүргізуші: Қазақ халқы қашанда қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген

Мысалы: «Қызға қырық үйден тыю, бір үйден жию», «Қыз қылығымен тәтті», «Қыздың жиған төсегіндей» ...т.б

 

1-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі сайысымыздың мақсаты .. қыздардың эстетикалық талғамының жоғары болуын, сұлулыққты, әдемілікті сезініп, өзін қоршаған ортада

Сымбатты ұстай білуге тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық өнерін дәріптеу, технология пәні бойынша білім біліктерін шыңдау.

 

2-жүргізуші: Бүгінгі сайыс «Қолға жұмыс-жүрекке қуаныш» деген ұранмен өткелі отыр. Сайысымыздың 1-ші бөлімінде әр топ атын, ұранын айтып өтуі тиіс.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал,  қыздарға тек сәттілік тілейікші!

Кезек   топтарға беріледі.

 

1-жүргізуші: Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайысқа бәйге алуға,

Арулар аянбай ақ жан салыпты, - дей келе « Анасын көріп, қызын ал» өз өнерлерін көрсету. Әр топқа мата және ою-өрнек таратылады. Мата бетіне ою-өрнектен түйреуіштермен қыстыру арқылы композиция құрау керек. Бұл жерде түстердің үйлесімділігі, ұқыптылық, жылдамдық ескеріледі.

 

2-жүргізуші: Түйреуіштермен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпайық.

 

1-жүргізуші: Қыздарымыз іспен айналысып жатқанда 6 «А» сынып оқушыларының орындауында  « Кара жорға» биін тамашалаңыздар.

2- жүргізуші: Жек жат кім, жұрағат кім, жамағат кім?

Көңіліне тоқып бәрін жүрмей мекен

Туысты қалай атау керектігін

Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен, - дей келе «Мықты болсаң, тауып көр» сұрақ –

жауап сайысына да келіп қалдық....

1. Үш арсызды ата? (Ұйқы,

                                     күлкі,

                                     тамақ)

2. Жеті қазынаны ата?

( 1. Ер жігіт

2. Сұлу әйел

 3. Ақыл, білім

4. Жүйрік ат

 5. Қыран бүркіт

6. Берен мылтық

7. Жүйрік тазы )

 

4.     Жеті жұртты ата?

(Оба, Зіл зала,

       Су тасқыны,

        Асаршылық,

       Құрғақшылық,

            Өрт,

            Апат) 
4.
Әпкеңнің қызы саған кім?

(Бөле)

 

5. Ер баланың үш жұртын ата?

(өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

 

6.Жеті атаны ата?

(Әке,

 бала,

немере,

шөбере,

шөпшек,

немене,

 туажат

7.Бес арысты ата?

(Ахмет Байтұрсынов,

Міржақып Дулатұлы,

Жүсіпбек Аймауытов,

Шәкәрім Құдайбердіұлы,

Мағжан Жұмабаев)

 

 

8. Жеті күнді ата?

1. Дүйсенбі

2. Сейсенбі

3. Сәрсенбі /сәтті күн/

4. Бейсенбі

5. Жұма /қасиетті күн/

6. Сенбі

7. Жексенбі.

 

1- жүргізуші:

Көрсетті өнер әр салада сайысып, 

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Бұл бөлімде қыздар өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді.

 

2- жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,- деп ортада 

Шамбилова Назеркенің орындауында

«Ән шашу»

 

1- жүргізуші:

 Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың –дей келе сайысымыздың «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән киім үлгісін көрсету бөліміне берсек.(Аруларды кезек-кезекім ортаға шақырымыз, сән үлгісін көрсетеді және таныстырады)

 

2- жүргізуші: Келесі сайысымыз Дастарқан жабдықтау сайысы. Бұл сайыстын шарты: Дастарқанға асханалық құралдарды дұрыс орналастыру, сулықтарды сәнді етіп бүктеу.

 

Әділқазы бағаларын береді.

(әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірін білдіреді, аруларға жинаған ұпайларына

сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.)

 

  1-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка внеклассного занятия по технологии на тему: «Қыз-еркем, қылығымен көркем»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Қыз-еркем, қылығымен көркем»Мақсаты: қыздардың эстетикалық талғамының жоғары болуын, сұлулықты, әдемілікті сезініп, өзін қоршаған ортада сымбатты ұстай білуге тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық өнерін дәріптеу, технология пәні бойынша білім біліктерін шыңдау.Әдісі: репродуктивтік, сұрақ-жауап, баяндау, сарамандық.Көрнекілігі: сұрақтар, ою-өрнектер, газеттер, киім үлгілері, нақыл сөздер.Сайыстың өтілу барысы:1.Сайыс мақсатымен таныстыру.2.Қолөнер сайысының өтілу барысы.3.Қорытындылау. Марапаттау.Жоспары:1.«Топтың атымен таныстыру, топтың ұраны.2.«Анасын көріп, қызын ал» өз өнерлерін корсету.3.«Мықты болсаң, тауып көр» сұрақ-жауап.4.«Шебер қолдар» салат түрлерін жасау.5.«Қыздарға әсемдік жарасады» Сән киім үлгісін көрсету (үй жұмысы)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 383 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.09.2020 309
    • DOCX 50.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Лещенко Наталья Евгеньевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Лещенко Наталья Евгеньевна
    Лещенко Наталья Евгеньевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89174
    • Всего материалов: 249

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 12 регионов

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции