Инфоурок Другое КонспектыРазработка открытого урока по самопознании на тему: "Жылы жүрек - жақсы тілек" (3 класс)

Разработка открытого урока по самопознании на тему: "Жылы жүрек - жақсы тілек" (3 класс)

Скачать материал

Тақырыбы:  Жылы жүрек -  жақсы тілек

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: «мейірімділік», «қайырымдылық», «ізгілік» т.б.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер, презентация,бейнебаян)                                                                                                           Оқушылар саны: 24

Сабақ мақсаты: Балаларға «Сүйіспеншілік» құндылығының  мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

 -балалардың мейірімділік, қайрымдылық  қасиеттері туралы  түсініктерін  кеңейту;

- қайырымды  қарым – қатынас  жасау  іскерліктерін  дамыту;

- мейірімділікке, ізгілікке  тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.     Тыныштық сәтi.

-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!

Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

   Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Өздерінің  отбастарына,  достарына жақсы  тілектер  тілегенін  айтады.Мұғалім  оқушыларға  өзінің  ризашылығын  білдіреді.

-Жарайсыңдар,  балалар!  Әрқайсыңның  достарыңа,  отбасыларыңа  деген  жылы  лебіздеріңді  есітіп,  қатты  қуанып  тұрмын.  Енді  бәріміз  қосылып  «Көңілді  балалар  әні»   Ермек   Өтетілеуовтің  өлеңін  айтайық 

Әрқашанда  біргеміз.

Жабырқауды  білмейміз,

Жалқаулықты  сүймейміз.

Біз  - талапты  жас  ұлан,

Үлгі  аламыз  жақсыдан.

 Орман,  көлге, шыңға біз

 Саяхатқа  шығамыз.

 Бөлінбейді  іргеміз.

Сабақ барысын талдау:

   2.Үй тапсырмасын тексеру.

Әңгіме «Жақсы ата»

-Әңгіме не туралы?

-Ерасылдың неліктен ызасы келді?

-Немересі атасына ризашылығын қалай білдірді?

Әр адамның арманы, болашақ өмірі оның жылы жүрегінен шыққын жақсы сөзге байланысты.Сондықтан жылы сөз, жақсы тілек айту әр қайсысымыздың парызымыз.

3.Дәйексөз                             

Жақсы сөз- жан  жылытар

Халық мақалы

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

-Балалар, сендер осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?

 Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады, оны уайымға салады.

 

    4. Мұғалім  сыйы .  Бейнебаян « Ата –ананың  парызы»

Балалар бейнебаяннан не түсіндіңдер? Сабыр қаражатты неге жұмсайды екен?

«Жылы жүрек- жақсы тілек» атты сабағымыз не жайлы екен?

Бір-бірімізге жақсылық жасай отырып, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді айтып жүрейік.

 

 5.Сергіту сәті

Балаларды барлық уақытта жақсы ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:

     - Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.

 

                           

                                Тілек

Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)

 

 

 

6 .Дәптермен жұмыс

 -«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер» күнделігін арнап , күн сайын өзінің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің  мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып көріңдер.

 

7.Топпен ән айту.

Бала тілегі.

Сөзін жазған С. Молдасаұлы

Әнін жазған Ф. Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет

 

8.Соңғы тыныштық сәтi.

Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстапе, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Ықыластарыңа рахмет.

Адамзатық  жақсы қасиеттер өзгелерге қайырымдылық жасаудан,  жақсы тілек айта білуінен көрінеді.

Қайырымдылық жасауды үйрен!

 Шамаң келсе көмектес!

 Жақсы болу өз қолыңда!

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ КОММУНАЛДЫ МЕКЕМЕСІ №275 ОРТА МЕКТЕП

 

 

 

 

 

 

 

ЖЫЛЫ ЖҮРЕК-  ЖАҚСЫ ТІЛЕК

 

(Панорамалық сабақ)

 

 

Пән: Өзін -өзі тану

Мұғалім: Таубаева Алпеш

Сынып: 3"А"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байқоңыр қаласы, 2017 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка открытого урока по самопознании на тему: "Жылы жүрек - жақсы тілек" (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ мақсаты: Балаларға «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін түсіндіру.Міндеттері: -балалардың мейірімділік, қайрымдылық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; - қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;- мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Сабақ барысы:1.Тыныштық сәтi. -Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?Өздерінің отбастарына, достарына жақсы тілектер тілегенін айтады.Мұғалім оқушыларға өзінің ризашылығын білдіреді.-Жарайсыңдар, балалар! Әрқайсыңның достарыңа, отбасыларыңа деген жылы лебіздеріңді есітіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып «Көңілді балалар әні» Ермек Өтетілеуовтің өлеңін айтайық Әрқашанда біргеміз.Жабырқауды білмейміз,Жалқаулықты сүймейміз. Біз - талапты жас ұлан,Үлгі аламыз жақсыдан. Орман, көлге, шыңға біз Саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз. Сабақ барысын талдау: 2.Үй тапсырмасын тексеру.Әңгіме «Жақсы ата»-Әңгіме не туралы? -Ерасылдың неліктен ызасы келді?-Немересі атасына ризашылығын қалай білдірді? Әр адамның арманы, болашақ өмірі оның жылы жүрегінен шыққын жақсы сөзге байланысты.Сондықтан жылы сөз, жақсы тілек айту әр қайсысымыздың парызымыз. 3.Дәйексөз Жақсы сөз- жан жылытарХалық мақалыБәріміз қосылып айту.2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.-Балалар, сендер осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер? Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады, оны уайымға салады. 4. Мұғалім сыйы . Бейнебаян « Ата –ананың парызы»Балалар бейнебаяннан не түсіндіңдер? Сабыр қаражатты неге жұмсайды екен? «Жылы жүрек- жақсы тілек» атты сабағымыз не жайлы екен?Бір-бірімізге жақсылық жасай отырып, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді айтып жүрейік. 5.Сергіту сәтіБалаларды барлық уақытта жақсы ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады: - Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік. ТілекШөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.)Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.) 6 .Дәптермен жұмыс -«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер» күнделігін арнап , күн сайын өзінің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып көріңдер. 7.Топпен ән айту.Бала тілегі.Сөзін жазған С. Молдасаұлы Әнін жазған Ф. ЛұқпановаБал-балалық, балдырған шақ сан арман,Барлық бала армандауға жаралған.Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)Болашақтың иесіміз бәріміз,Туған жердің түрлендірер нәріміз.Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)Қалықтаған көгершіні көгінде,Мұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген батаменен көркейсін,Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет 8.Соңғы тыныштық сәтi. Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстапе, көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен:«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»Ықыластарыңа рахмет.Адамзатық жақсы қасиеттер өзгелерге қайырымдылық жасаудан, жақсы тілек айта білуінен көрінеді. Қайырымдылық жасауды үйрен! Шамаң келсе көмектес! Жақсы болу өз қолыңда!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 797 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.07.2020 166
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Губанова Елена Германовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Губанова Елена Германовна
    Губанова Елена Германовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71120
    • Всего материалов: 226

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 49 регионов

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе