Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / Разработка открытого урока по казахскому языку на тему: "М.Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі" (8 класс)

Разработка открытого урока по казахскому языку на тему: "М.Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі" (8 класс)

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


hello_html_m38e66e06.gifhello_html_m607b0c60.gifhello_html_m56b3b32c.gifhello_html_88f4ae6.gifhello_html_64e22c70.gifhello_html_m3654a8cd.gifhello_html_375ca2d1.gifhello_html_5c246fb9.gifhello_html_m4f969de5.gifhello_html_m3809e644.gifhello_html_78c17baf.gifhello_html_706bd1bb.gifhello_html_m6886b073.gifhello_html_m573f9b89.gifhello_html_m34bb0e4f.gifhello_html_m2b1b84a6.gifhello_html_m6269e4b9.gifhello_html_m51b2c148.gifhello_html_m59ec60cc.gifhello_html_m17aca5ef.gifhello_html_m63e2edc1.gifhello_html_m114bb118.gifhello_html_m255a5596.gifhello_html_m6896d1f3.gifhello_html_m2bba1dbb.gifhello_html_m6896d1f3.gifhello_html_m6e83de48.gifhello_html_76b6327.gifhello_html_m17aca5ef.gifМұғалімі: Н.Сегізбаева.

Сыныбы: 7 «Б».

Тақырыбы: М.Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі.

Мақсаты:

  1. білімділігі: - ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере

отырып, «Сүйемін» өлеңімен таныстыру:

- теориялық талдау тапсырмалары арқылы өлеңнің

көркемдік ерекшелігін таныту.

  1. дамытушылығы: - шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы жүйелі

ойлап, шешен сөйлеуге дағдыландыру;

  • таным белсенділігін арттыру.

  1. 3) тәрбиелілігі: - елін, жерін, халқын, анасын қадірлеуге, Отанын

сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, музыка, өнер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері, модульдік оқыту технологиясы стратегиялары, дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, сатылай-кешенді талдау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, тірек-сызба кестесі, ақын-жазушылар портреттері,

Техника: иетербелсенді тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Жаңа материалды түсіндіру.

3. Өтілген материал бойынша оқушы білімін

шығармашылық жұмыстармен бекіту.

4. Оқушы білімін шығармашылықпен қорыту.

5. Үйге тапсырма.

6. Бағалау.

ІІ Жаңа сабақ.

Мағжан Жұмабаев өмірінің тарихи тізбесі

1893 жылы 25 маусымда Ақмола губерниясы Қызылжар уезі Сарыайғыр болысындағы Бекеннің төртінші нәрестесі дүниеге келді. Атасы Жұмабай немересіне Әбілмағжан деп ат қойды.

1905-1910 – Қызылжардағы татар зиялысы М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқиды.

1910-1913 – Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алады.

1912 жылы Қазан қаласындағы Каримовтер баспасынан «Шолпан» атты тұңғыш кітабы жарық көреді.

1913 – Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

1917 – Ақпан төңкерісі кезінде құрылған «Алашорда» партиясының құрылтай съезіне қатысып, мүшелігіне сайланады. «Алаш» партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болады.

1918-1919 – Қызылжар уездік земство басқармасында қызмет етеді.

11919-1923 – Ақмола губерниялық «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет етеді.

1922 – Сырымбетте интернат аштырады.

1923 – Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтына оқуға түседі.

1929 - «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыппен 10 жылын айдауда өткізеді.

1936 – М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен айдаудан босап, Қызылжарға қайта оралып, мектепте бала оқытады.

1938 – қайтадан қамауға алынып, жазықсыз ату жазасына кесіледі.

1958 – кеңестік жүйенің қуғын-сүргіннің құрбаны болған Мағжан Жұмабаевты ақтау ісі қолға алынады.

1960 – Түркістан әскери округі әскери трибуналы шешімімен Мағжан Жұмабаев біржола толығымен ақталады. Бірақ Қазақстан Жазушылар Одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбаған.

1989 – ақынның шығармалары жариялана бастады.






Әндер мен күйлер

Ғылыми еңбек

Лирикалық өлең

Мақалалар

Аудармалар

Әңгіме

Дастан

Шығармашы-лығының жанрлық түрлері



(Слайдпен жұмыс)

«Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ Жаңа тақырыпты бекіту.

1) «Ең бастысы» оқыта үйрету ойыны.

Өлеңді жылдам әрі мұқият, зейін қоя 2 оқушы оқиды. Өлеңді бір ғана сөзбен сипаттайтын сөзді табамыз. Сосын өлеңді бір сөйлеммен сипаттайтын тармақты табамыз. Осы сөз бен тармақтардың негізінде

өлеңнің идеясын ашамыз.

  1. Әдебиет теориясы: қайталау - белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды. Қайталаудың да бірнеше түрі бар: жай қайталау – өлең тармақтары бір сөз әр жолда қайталану.

Түртіп алу» әдісі) бойынша оқушылар түсінігі ауыр сөздер мен сөз тіркестерін тауып, түсінігін ашу.

1) Ақын анасы неге «көрше ауыр күрсінеді» деп ойлайсыңдар?

  1. Ақынның «Жабайы ғана жарым бар» деген сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?

  2. Туған халқының бойындағы қандай қасиеттер ақын көңілін алаңдатады деп ойлайсыңдар?

  3. «Мәңгі өлік сахарасы» деген сөздің мағынасын қалай түсіндің?

2) Сөздікпен жұмыс

Тасбиық – діни адамдардың сыйыну үшін қолданатын моншақ тізбектері.

Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» деуден бұрынғы елдің аты.

Кебін – өлген адамдарды орайтын ақ матадан тігілген киім.

3) Топпен жұмыс:

(І топқа) Өлеңді сатылай кешенді талдау технологиясымен талда:

Авторы _________________________________

Өлеңнің аты: _____________________________

Тармақ саны______________________________

Бунақ саны_______________________________

Буын саны________________________________

Ұйқасы__________________________________

Эпитет___________________________________

____________________________________

Теңеу_____________________________________

_____________________________________

Фигура: Қайталау _________________________________

Троптар: Метафора___________________________________

____________________________________

Кейіптеу________________________________

Өлеңнің мазмұны: "Сүйемін" өлеңінің негізгі арқауы - туған жер, атамекенге деген елжандылық сезім. Өлеңде ақынның адамгершілік биік тұлғасын көруге болады.



(ІІ топқа) Өлеңді қабылдау кестесі

Шумақтар

Ақын сезімі

Оқушы сезімі

І



ІІ



ІІІ



ІҮ



(ІІІ топқа) Әдебиет лотосы

Негізгі идея, автордың ойы

Мәтіндегі ойды ашатын өлең жолдары

Көркемдегіш сөздер

Тұжырым







(Әр топқа әдебиет теориясынан эпитет, теңеу, кейіптеу дегеніміз не деген сұрақтар қойылады.)

Лирика туралы теориялық ұғымды қайталау.

Лирика – әдебиет тегінің бір түрі. Лирика – ақынның сезімін, көңіл-күйін, қуанышы мен сүйінішін, арманын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең. Лириканың бірнеше түрі бар: азаматтық лирика, махаббат лирикасы, табиғат лирикасы, философиялық лирика, көңіл күй лирикасы.

  • Балалар, осы өлеңді лириканың қандай түріне жатқызуға болады?

4. «Болашаққа хат»

ХХІ ғасырдың басында бақытты өмір сүріп отырған Егемен Қазақстанның бақытты ұрпағына халқымның кәусар әдебиетінен қанып ішкен, ұлы Абайдың тұнығынан нәр алып, батыс пен шығысты өзіме үлгі тұтқан алаштың бел баласы Мағжан Жұмабаевтан сәлем хат:

Ей , болашақ ұрпақ, «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-дей отырып сендерге рухани байлықтарымыз – тілді, әдет-ғұрыпты,өткен тарихты, дінді, ұлтқа тән қасиеттің бәрін де көркейтіп, дамытуды аманат етпекпін. «Мен сенемін жастарға, Алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда» деген пікірім менің замандастарымның бәріне де ортақ. Бізді топтастырған ортақ мұрат – егеменді ел болып, жаңа ұлттық сананы қалыптастыру, елімізді өзге өркениетті елдер қатарына қосу болды.

Жас дос, Сенің қолыңдағы бақыт – еліңнің егемендігі. Сол бақыттың баянды болуы сендердің қолдарыңда. Ол үшін сендер білімді болып, өзге елдердегі замандастарыңмен білімде де, өнерде де, күш-қуатта да бәсекеге түсе алатындай дәрежеде болуларыңа тілектеспін. «Мен жастарға сенемін...»

Мағжан

«Авторға хат» (оқушылар авторға хат жазады). 3-минут уақыт беріледі.

М.Жұмабаевтың «Бәрінен де сен сұлу» әнін орындау.

4. 3 топқа өлең құрастыру және берілген өлең шумақтарына тиісті сөздерді тауып орналастыру тапсырылады:

1-топ: -ана тақырыбында;

  • От боп жанып, лаулады, лапылдады,

Шығыстың шырағы боп жарқырады.

Жұлдыздай ағып өткен жұлдыз-ғұмыр,

Жарығын сыйлап жатыр бізге әлі.

2-топ: туған ел тақырыбында;

  • Жаздыңыз өлең құйылсын деп нұр кеуде,

Қысылар болар дұшпан да сізді «пәс» деуге.

Айғағы соның айбыны асып, асқақтап,

Жырларың қазір жасарып, қайта көктеуде.



3-топ: табиғат тақырыбында.

  • Ілімге үндеп, есейткен қазақ санасын,

Жүз жылда бір-ақ туылатұғын дарасың.

Өлеңі – өрен, ақылдың кенін іздесең,

Мағжаннан биік тұлғаны қайдан табасың?

ІҮ Сабақты қорыту: 1) Мағжанның «Тез барам», «Мен жастарға сенемін» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  • Қалай ойлайсыңдар, Мағжаннан кейінгі ұрпақ ақын сенімін ақтай алды ма?

  • Ақын үмітін ақтау үшін өздерің қандай қам-қарекет жасаудасыңдар?

  • Мағжан сүйген Алаш баласының бүгінгі жетістіктерімен мақтануға бола ма? Өзіңді ерекше сезімге бөлеген қандай жетістіктерді атап айтар едіңдер?

2) Лирикалық кейіпкерге «Автор орындығы» оқыта үйрету әдісі арқылы мінездеме беру.

3) «Мағжанның рухы өлген жоқ» . (Тұрсын Жұртбай) пікірі төңірегінде ауызша пікір айту.

Ү Үйге тапсырма: Сыныпқа «Сүйемін» өлеңін жаттау; 1-топ: «Бұл далада өскен жанда жоқ арман...» тақырыбына ойтолғау жазу; 2-топ: «Ақын ағаға» тақырыбында өлең құрастыру; 3-топ: «Мағжан сүйген туған ел» тақырыбында сурет салу.

ҮІ Бағалау.



































Метофора – екі нәрсенің ұқсастығына қарай бірін бірімен ауыстырып айтса, оны метофора деп атайды. Мысалы: Алатау – ақ бас шал, мен – жұлдызбын, т.б.

Теңеу деп бір нәрсені екінші нәрсемен салыстырып көрсетуді атаймыз. Теңеу –дай, -дей жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жұлдыздай жарқырады. Найзағайдай жарқылдады.

Эпитет – адамның не құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету үшін қолданылатын көркем сөздің түрі. Мысалы:

«Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.»,- деген өлең жолдарында сұр

бұлт, түсі суық, дымқыл тұман деген тіркестер эпитет болып тұр.



Қайталау - белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды. Қайталаудың да бірнеше түрі бар: жай қайталау – өлең тармақтары бір сөз әр жолда қайталану.

Кейіптеу – жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі заттың (кісінің, аңның) қылығымен ауыстырыла суреттелуді атаймыз. Мысалы: құстар ән салды, бұлақ сыңғыр қағып күлді, жұлдыз жымыңдады, т.б.













(ІІІ топқа) Әдебиет лотосы

Негізгі идея, автордың ойы

Мәтіндегі ойды ашатын өлең жолдары

Көркемдегіш сөздер

Тұжырым

Туған ел, өскен жерді сүю. «Отан – отбасынан басталады». Ақын үшін анасы да, балаларының анасы жары да, ел-анасы да, жер-анасы да сүйікті, қасиетті, қадірлі. Ақын өмірі осы ұғымдармен тығыз байланысты.

Сол анамды сүйемін.

Сол жарымды сүйемін.

Сол елімді сүйемін.

Сол Арқамды сүйемін

Эпитет:

Күлдей күңгірт шаш, қарт анам, көк нұр, жұмақ жыр, жалынсыз, усыз құшағы, жабайы ғана жар,т.б.

Теңеу: Күлдей күңгірт, жыландай, құрандай, т.б.

Метофора: Көз дегенің – сұп-сұр көр, Қыс –ақ кебін, жаз – сары, т.б.

Кейіптеу: Сағымы сайран құрады, Бораны ұлып тұрады.

Біз де туған анамызды қалай қастерлесек, дәл солай Отан-анамызды қастерлеуге тиіспіз. Өскенде ата-ананы асырау парызымыз болса, Отанды дамытып, гүлдендіру де міндетіміз деп білеміз.









(ІІ топқа) Өлеңді қабылдау кестесі

Шумақтар

Ақын сезімі

Оқушы сезімі

І

Күнделікті тіршілігіне, өткен өміріне көңілі толмаса да, өміріне шүкіршілік ететін анасын сүйеді.

Ана өмір береді, тәрбие береді. Анасы шыдамды, өміріне шүкіршілік етеді, қанағатшыл адам деп есептейміз.

ІІ

Қарапайым ғана қазан-ошағының басында жыландай уын шашпайтын, ешкімге зиянсыз, күнделікті тіршілігін ғана күйттейтін жалынсыз жарын сүйеді.

Сүйген жары білімді болса, бүгінгідей қоғамдық істерге араласар еді. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген бар.

ІІІ

Ежелгі ата-баба заңымен, алдындағы малымен күнін көрген, жалқау да болса жанындай жақсы көретін Алаш деген елін сүйеді.

Сүйікті Алашы басқа ұлттармен терезесі тең болу үшін, егемендік үшін күресті, сол жолда құрбан болды.

ІҮ

Бораны ұлып тұратын, тауы да жоқ, суы да жоқ, мәңгі өлі сахарасы – Сарыарқа деген жерін сүйеді.

Өлі сахараны сүюі – болашаққа сенуі.Бүгін арманы орындалды.



































Бір кездері бес арыстың бірі - Жүсіпбек Аймауытов М. Жұмабаев туралы былай деп ой толғаған екен: «Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуен қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Суретті, кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады, Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға болады. Мағжанды Пушкинге теңеуге ауыз барады.... ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан»,- деп жазды өзінің 1923 жылғы «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласында.
Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауыл). Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.

Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл - кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте - бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді:
«Азамат! Анау қазақ ханым десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең
Екінің бірі, басқа жол жоқ!»

Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.Қалай дегенде де, Мағжан - өзіне дейінге де, кейінгіге де ақындарға ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән - мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде де, Москваның Жоғары әдебиет және көркемөнер институтында оқып жүргенде де, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Бұл кезде ұлы орыс халқы мен европаның классик ақын-жазушыларының шығармашылығымен танысып, оған өз тарапынан азаматтық баға бере отырып, үлгі тұтты.
(Слайдпен жұмыс)


Мағжан – сыршыл ақын. Ол үшін бақ пен қуаныш - сүйе білу. Құштарлық пен оның оттай жанған сезім бұрқанысы мол жан сөзін жүрек поэзиясына тұңғыш әкелген. Оның «Тілегім», «Мені де, өлім, әлдиле», «Сүйемін», «Сәрсембайдың жыры», «Жазғы түнде», «Сағындым» тәрізді өлеңдері - қазақ поэзиясының қазынасы. Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұралары уақыт сынынан сүрінбей өтті. Өзге классиктердің шығармаларымен қатар қазақ мәдениетінің тарихынан сыбағалы орын алды.


Мағжан - көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Халық алдындағы жауапкершілік сезімі, осыдан келіп шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы кезеңіндегі үндеулер Мағжан шығармаларына ғана тән. Сол кезеңдерде Мағжан Шекспир, Пушкин, Соловьевтардан бастап символизм, технократизм және Шпенглерге дейінгі жалпы адамзаттық көркем әрі ғылыми мұраларға бет бұрды. Біздің дәуірімізге дейін жеткен экзистенциализм сарыны ақын шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Алайда арадағы ұзақ жылдар бойғы үзілістен кейін Мағжан Жұмабаевпен қайта қауышудың сәті түсті. Сондықтан ақын туындыларын қайта бастырып шығару туралы да ойлар жиі айтылуда
1912 жылы Қазанда алғашқы «Шолпан» өлеңдер жинағы шыққан Мағжанның шығармалары 1929 жылы жаламен күйіп, абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрды.
Негізінен ақын өлеңдері екі - ақ рет жинақталып, топталып оқырман қолына тиді. Бірінші рет 1922 жылы Бернияз Күлеев Қазанда бастырып, екінші рет осы кітап толықтырылып Сұлтанбек Қожановтың алған сөзімен 1923 жылы Ташкентте шықты. «Педагогика», «Сауатты бол» (араб, латын әріптерімен бірнеше рет басылған), кітаптары, аудармалары басылды. Қысқасы, М. Жұмабаевтың қаламгерлік сапары бас - аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді, он жылдай өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын - сүргінде, азап - қорлықта өтіп, ақыры 1938 жылы ажал оғы құлатты.

1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.
1936 жылы орыс жазушысы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға.
Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», т. б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т. б. поэмаларын білеміз























  • «Мағжан – қазақтың Пушкині»

  • «Мағжанның мақсаты ел бүтіндігін, бірлігін сақтау болатын»

(Шериаздан Елеукенов)

  • «Мағжанның ғылыми мұрасы – қазақ ғылымына қосылған сүбелі де құнды үлес»

(Айгүл Ісмақова)

  • «Мағжан - бір әңгімесімен-ақ прозаға жаңа жол салған қаламгер»

(Әкім Тарази)

  • «Мағжанның рухы өлген жоқ»

(Тұрсын Жұртбай)



























1-оқушы: Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға. Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», «Мүйемін», «Сағындым» т. б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т. б. поэмаларын білеміз. 6-сыныпта біз ақынның «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңін оқып, қазақ тілінің құдіреті мен қасиеті туралы пікірімен танысып, ақын арманының бүгін орындалғанына куә болып отырмыз. Бүгінде қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

2-оқушы: «Мағжан рухы өлген жоқ» деген пікірді орыс халқының ақыны Александр Пряниковтың Мағжанға арнаған «Звезда поэзии Магжана» деген өлеңінің үзіндісін орыс тілінде оқып беріп дәлелдесем деймін:

...Но справедливость все же есть на свете –

Звезда Магжан заново зажглась.

Сияет в поэтической Вселенной,

Пробившись через толщу тусклых лет,

Поэзии могучей и нетленной

Горячий,

Возвышающий нас свет!


3-оқушы; Ақын Жарасқан Әбдірашев

«Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,

Ақындықтың мұздай мөлдір маржаны.

...Жұмабайдың Мағжаны деп таны да,

Ұлы Абайдың ұрпағы деп басыңды и!»- деп жырлағанындай, ұлы Абай мен Мағжандай ақындарымыздың рухани мұрасы біздерге мәңгілік азық болатынына мен сенемін.



4-оқушы: Ұлы ақынның атында туған жерінде Мағжан аулы бар. Еліміздің көптеген қалалары мен елді мекендерінде Мағжан атында орта мектептер бар, көше атаулары берілген, Ақмола облыстық ғылыми кітапханасы жұмыс істеуде. Болат Шәріп пен Айгүл Кемелбаевалар Мағжанның «Шолпанның күнәсы» әңгімесінің негізінде «Күнә» көркем фильмін түсірді.





Тез барам

Қыранымын сары сайран даланың,

Қос қанатым – алтын Алтай, Оралым.

Еркін дала ардақтысы, еркесі –

Бетім қақпай өскен еркін баламын.



Асқан алып – ата затым сұрасаң,

Асқан дана – ана затым сұрасаң.

Шашып жалын жас жолбарыс ұмтылса,

Қорқақ құлдар, қалай қарсы тұрасың?!



Тұлпар мініп туды қолға алайын,

Суырып қылыш қан майданға барайын.

Жердің жүзі кім екенім танысын,

Жас бөрідей біраз ойын салайын.



Тірілтейін алып атам аруағын,

Тазартайын Сарыарқамның топырағын.

Жан-жағына тегіс билік жүргізіп,

Кемеліне келсін кейінгі ұрпағым.



Дұғада бол, алтын Алтай – қарт анам,

Алып ата, қуды жолың ер балаң.

Ақ шашыңды, көкірегіңді иіскеуге,

Тәңір жазса, сәулетпенен тез барам.



Қазақтың біртуар тұлғаларына «тағзым етуді» қолға алған Жанар Ғабиденқызы ақын туралы ерекше толғаныспен сөз бастады: «Мағжан кім? Не туралы жазған? Қандай мұра қалдырған?

Мағжан Жұмабаев – аңыз адам. Оның адами қасиеті мен шығармашылық дарыны ерекше болған. Замана заңғары Мұхтар Әуезов ол туралы: «Қазақ поэзиясының атасы Абайды сүйемін, бұдан соң Мағжанды сүйемін. Мағжан – мәдениеті зор ақын» деген.

Мағжан өзі сүйген, өзі қалаған, өзіне үлгі тұтқан, жүрегіне жақын ақын–жазушыларды ғана аударған (Гете, Гейне, Лермонтов, Горький, Мамин-Сибиряк). Мағжан – еліктегіш ақын. Пушкин, Лермонтов, Байрон мен Шекспир сияқты ұлы ақындарға еліктеген. Ол орыс, қазақ, татар, араб деп талғамаған. Адамзатқа деген шынайы сезімі берік жан болған.

Ол туралы: «Сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, романтик, мәдениетшілдік», – деген Жүсіпбек Аймауытов.

Ақмола облысының тумасы болып саналатын Мағжанның болашақта әйгілі болатынын атасы марқұм сезген екен. Үш жасында ол: «Менің осы немерем түбінде менің атымды әлемге әйгілі етеді» деп кішкене Мағжаннан үлкен үміт күткен. Атасының игі батасын алған Мағжан төрт жасында мектеп табалдырығын аттайды. Мектепті жақсы бітірген соң, Уфадағы медреседе араб, парсы, түрік тілдерін үйренеді. 1912 жылы Қазанда «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарыққа шығады.

Ақынның ұстаздары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов болды. Дулатов Мағжанға Еуропа мен орыс мәдениетін, ілімі мен білімін үйренуді ұсынады. 1917 жылы Мағжан «Алаш орда»партиясына кіреді.   1923-1938 жылдар аралығында Мағжанның өмірі түрме мен айдауда өтеді.  1938 жылы «Халық жауы» деген айып тағылып, қатаң жаланың нәтижесінде атылады».

Мағжанның тағдыры кімді де болмасын бей-жай қалдырмасы анық. Өнері, өмірі, сезімі мен сенімі терең тұлғаның шығармашылығына деген қызығушылық кешке қатысып отырған студенттер мен оқытушылар тарапынан айқын аңғарылды.

Мағжанның өлеңдерін әр тілде жатқа оқыған студенттерді ақын шығармашылығы бай-жай қалдырмағаны анық байқалды. «Мен кім?», «Пайғамбар», «Түркістан», «Қазақ тілі» өлеңдері патриоттық рух пен ұлтжандылықтың айқын көрінісі болса, «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу» өлеңдерінен ақынның сезімталдығы мен терең сыршылдығы аңғарылды.

Махаббат лирикасына, достық тақырыбына көп жырларын арнаған ақынның әйел затына деген сүйіспеншілігі туралы орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Сейітзада Әсембеков жан-жақты талдап, басқа ақындармен салыстыра отырып, сәкестендіре отырып, қызықты етіп талдап берді. Оның лирикалық жанрдағы, өлеңдеріндегі, жалпы өмірдегі ұстанымын қатар қойып, Мағжанның өзіне ғана тән басты ерекшеліктері туралы сөз етті.

Сыршыл ақынның шығармашылығынан сусындап, өмірі мен өнерін тағы бір еске алған әдебиетсүйер  қауым тағы бір рухани серпіліп қалды. Ал осындай игі бастаманың басы-қасында жүрген профессор Жанар Ғабиденқызына, Исатай Әзімұлына және оқытушылар мен студенттерге ақ жол тілеп, университет игілігі үшін атқарылып жатқан ортақ істеріміз жемісті болсын демекпіз.



  • Другое
Описание:

Тақырыбы: М.Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі.

Мақсаты:

  • 1)білімділігі: - ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере
  • отырып, «Сүйемін» өлеңімен таныстыру:

- теориялық талдау тапсырмалары арқылы өлеңнің

көркемдік ерекшелігін таныту.

  • 2)дамытушылығы: - шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы жүйелі
  • ойлап, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
  • -таным белсенділігін арттыру.
  • 3) 3) тәрбиелілігі: - елін, жерін, халқын, анасын қадірлеуге, Отанын
  • сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, музыка, өнер.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері, модульдік оқыту технологиясы стратегиялары, дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, сатылай-кешенді талдау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, тірек-сызба кестесі, ақын-жазушылар портреттері,

Техника: иетербелсенді тақта.

Автор Сегизбаева Нургуль Кыдырбековна
Дата добавления 10.02.2017
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 418
Номер материала MA-070106
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Изобразительное искусство как творческая составляющая развития обучающихся в системе образования в условиях реализации ФГОС»