Инфоурок Химия КонспектыРазработка открытого урока по химии на тему: «VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер. Олардың қосылыстары. § 65. Сілтілік металл - натрий»

Разработка открытого урока по химии на тему: «VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер. Олардың қосылыстары. § 65. Сілтілік металл - натрий»

Скачать материал

8-сынып химия

Сабақтың тақырыбы: VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер. Олардың қосылыстары         §  65. Сілтілік металл - натрий

Сабақтың мақсаты:

                 а) оқушыларға жаңа тараудың ерекшелігін түсіндіре отырып,типтік металдардың өкілі ретінде натрий металымен таныстыру,оның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттерін меңгерту;

                 б) дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым                            жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру;

                 в) тәрбиелік: белсенді іс-әрекетке, ұқыптылыққа, тәрбиелей отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: репродуктивті,  түсіндірме-көрнекілік, ішінара іздену, тәжірибе көрсету әдісі,ақпаратты-комплексті,түсіндірмелі,топтық

 Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпа қағаздар

Пәнаралық байланыс: математика, биология, география, физика,әдебиет

Сабақтың барысы:

                               І.   Ұйымдастыру кезеңі

                               ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау

                               ІІІ.  Өткен сабақты қорыту

                               ІV.  Жаңа сабақ

                               V.  Жаңа сабақты бекіту

                               VІ.  Жаңа сабақты қорыту

                               VІІ. Үйге тапсырма

                               VІІІ. Оқушылар білімін бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі ( Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау    §64. Тотығу дәрежесі.Тотығу-тотықсыздану реакциясы

1. Электротерістілік деген не?

2. Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеніміз не?

3. Тотығу және тотықсыздану процесі дегеніміз не?

4. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш дегеніміз не?

5. Тотығу дәрежесі дегеніміз не? Оның сандық мәні қалай анықталады?

6. Күрделі қосылыстардағы элементтердің белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп шығарады?

7.Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеуін теңестіргенде қандай әдісті қолданамыз?

№2

   Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең және басқалары қандай тотығу дәрежесін көрсетеді ?

         Н2S   N2,   HI,  H2,   NaF,   CI2,   CaF2

№8

   K2 Cr2 O7  қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін есептеп шығар.

Қатесін тап.

а) ?-3    H3 +1   

ә) Ca3+2   P?-3

б) Ca? F2-1  

в)      N2?

г) Na+1 F?

“Құпия сөздің кілтін аш”          

 

Магний хлориді

Кальций гидроксиді

Калий

оксиді

Натрий  сульфаты

Фосфор       

қышқылы

Натрий

гидроксиді

Na2SO4

Д

А

Г

Н

М

А

MgCl2

А

Л

Д

О

С

Б

K2O

Ю

Э

Т

Б

А

Ж

Ca(OH)2

Щ

Р

М

К

 Р

 О

H3PO4

Т

Л

К

Ь

И

Р

NaOH

С

Я

М

Э

К

Й

 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру      

                       VIII  тарау. СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР. ГАЛОГЕНДЕР.

                                     ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

        Алдыңғы тарауларда химияның негізгі түсініктерімен таныстыңдар, элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы және химиялық байланыс, заттардың құрылыс теория негізінде химиялық элементтерді, жай және күрделі заттарды мына сызбанұсқаға сай: құрамы → құрылысы → қасиеті бойынша сипаттауды үйрендіңдер.

       Осы білімдеріңе сүйіне отырып, типтік металдар ─сілтілік металдар мен типтік бейметалдар ─ галогендердің құрылысын және қасиеттерін қарастырамыз. Бұл тарауда металдардың бейметалдардан айырмашылығын жай және күрделі заттардың құрылысы және қасиеттері арқылы анықтаймыз.

 

                               § 65. СІЛТІЛІК МЕТАЛЛ ─ НАТРИЙ

       Сілтілік металдар І топтың негізгі топшасында орналасқан.

       Сілтілік металдар ─ литий Li, натрий Na, калий K, рубидий Rb, цезий Cs ең белсенді металдарға жатады.

       Сілтілік металдарға тән ерекшеліктерді олардың кең таралған өкілі натрийді мысалға ала отырып қарастырайық.

       Атом құрылысы.  Натрий ІІІ периодтың І негізгі топшасында орналасқан. Ол сілтілік металдардың қатарына жатады, себебі сумен әрекеттескенде сілті түзеді.

       Натрий ІІІ периодтағы мөлшері ең үлкен атом әрі сыртқы энергетикалық деңгейінде бір ғана электроны бар. Сондықтан натрий басқа сілтілік металдар тәрізді, өзінің валенттік электронын оңай беретін өте белсенді металл ( қосылыстардағы тотығу дәрежесі +1).

        ) 2  ) 8  ) 1 .

 

   Электрондық формуласы :   .

    Графиктік формуласы:

 
                                  1s        2s          2p              3s            

 

 

 

 

 
                                                       

       

        Табиғатта кездесуі. Біздің планетамызда таралуы бойынша барлық элементтердің ішінде натрий алтыншы орын алады, оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64-і тиесілі. Натрий табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, олардың көбісі адамзатқа ерте заманнан белгілі. Ол жер қыртысында ас тұзының, далалық шпаттың және граниттің құрамына кіреді. Тау жыныстары мүжілгенде натрийдің ерімтал қосылыстары түзіледі, олар сумен бірге теңіздер мен мұхиттарға жетеді. Мұхит суларында 2,8 шамасында натрий хлориді болады, ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да жоғарылайды ( мысалы, Өлі теңізде 7,9 NaCl бар).

        Ерте кезеңдерде теңіздердің жағасында болатын құбылысты осы кездері де Каспий және Арал теңіздерінің жағалауларынан байқауға болады. Суы азайған шығанақтар теңізден бөлініп, онда құрғақ ауа райының әсерінен су қарқынды буланып,теңіз тұзы концентрациялана түседі. Сөйтіп, шығанақтар бірте-бірте тұзды көлдерге айналады. Осындай көлдерде жүз мыңдаған жылдардың ішінде ас тұзының мол қоры жинақталады, оның минералын галит деп атайды.

       Қазақстанда көптеген тұзды көлдер мен тас тұзының қоры (галит) кездеседі. Олар натрий хлоридін өндірудің көзі болып саналады. Осындай қорлар көбіне Каспий маңы ойпатында, Арал теңізінің жағалауында, Ертіс өзенінің бойында кездеседі.

      Қазақстанда мирабилит деп аталатын минералдың  кен орындары көп. Олардың ірілері Алматы, Қызылорда облыстарында шоғырланған.

      Іле ойпаты мен Балқаш көлі маңында содалы көлдер көптеп кездеседі. Оларда натрий корбанаты   мол.

      Натрийдің табиғи қосылыстарының ең маңыздысы – натрий хлориді NaCl адамға өте қажет. Ол адам мен жануарлар қорегінің  қажетті құраушысы болып саналады. Тірі организмде натрий ионы қан плазмасында, клетка құрамында болады., сөйтіп, клетканың қызметіне сай алуан түрлі процестерге  қатынасады. Натрий жетіспесе бұл процестер бұзылады. Сондықтан адам көп терлегенде оған аздап тұз қосылған су ішу ұсынылады.

     Физикалық қасиеттері.  Натрий басқа да сілтілк металдар сияқты, иондық кристалдық тор түзеді. Мұндай торларда атом қабаттары бір-бірімен салыстырғанда өзара перпендикуляр 3 бағытта сырғи алады, осыған орай натрий иілімді әрі жұмсақ келеді. Ол пышақпен оңай кесіледі, созылады. Натрий судан жеңіл, тығыздығы 0,97г/. Ол оңай балқиды:  Сұйық күйде жылу мен электр тоғын өте жақсы өткізеді, сондықтан оны ядролық реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде жиі пайдаланады.

    Жарықтың әсерінен натрий өз электрондарын оңай бөліп шығарады (фотоэлектрлік эффект).

    Сілтілік металдардың бәрі керосин қабатының астында сақталады, өйткені олар ауада бірден оксидтердің татымен қаптала бастайды. Осыған орай натрийге тән металдық жылтырды оны жаңадан пышақпен кескен жерінен байқауға болады.

    Натриймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет: оны қолмен ұстауға болмайды, өйткені күйдіреді. Натрий қалдығын раковинаға немесе қоқыс салған корзинаға тастай салуға болмайды, өйткені өзінен-өзі тұтануы не қопарылуы мүмкін.

     Химиялық қасиеттері. Натрий өте белсенді металдардың қатарына жатады. Оның химиялық реакция кезінде өзгеруін  былайша өрнектеуге болады:

                                                

     Бұл процесс өте оңай жүреді, сондықтан натрий күшті тотықсыздандырғыш болып саналады. Ол іс жүзінде азот пен инертті газдарды қоспағанда барлық бейметалдармен әрекеттеседі. Натрий оттекте, фторда, хлорда жанады, ал күкіртпен араластырып ұнтақтаса тұтанады:

                                                 

                                                                                                                                         

                                                 2Na +

         Натрийді суға салғанда онымен қуатты реакцияға түседі. Осы кезде бөлінген жылудың әсерінен металдың түйірі балқып, су бетінде “жүгіре” бастайды. Натрий түйірін бөлінетін сутек газы итереді.

                                                 

                                             1       2  тотықсыздандырғыш

                                                    2       1 тотықтырғыш

      Егер металдың кесегі үлкендеу болса ол өзінен-өзі тұтанып, тіпті қопарылуы мүмкін. Бұл аса қауіпті, сондықтан натрийді сумен әрекеттестірерде металдың кесегін бұршақтан кішілеу етіп алады. Әрі қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң сақтайды

      Натрийді тұздар мен қышқылдардың ертінділеріне салу қауіпті, өйткені натрий,алдымен еріткіш – судың өзімен әрекеттеседі.

       Натрий және оның қосылыстарын анықтау. Натрий иондары жалынды сары түске бояйды. Бұл тым сезімтал реакция. Платина сымын алақанға бір сәт тигізіп, одан соң жанарғының жалынына апарсаң, бірден натрийге тән сары түс пайда болады. Бұл терлегенде алақанда қалған ас тұзындағы натрийдің әсері.

        Өнеркәсіпте алу. Натрий өте белсенді тотықсыздандырғыш ретінде өзінің сыртқы электронын оп-оңай беретіндіктен, оған сол электронды қайта қосу тым қиынға түседі. Сондықтан бос күйдегі натрий ХІХ ғасырдың басында электр тогы қолданыла бастаған кезде алынды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви металл күйдегі нартийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды. Басқа сілтілік металдарды да осы күнге дейін олардың қосылыстарының балқымасын электр тогымен ыдыратып алады:

 

Қолданылуы. Металл күйдегі натрий қазіргі ғылым мен техникада сан алуан салада қолданылады.

 

Көлікте натрийдің қорғасынмен құймасы

 

Металлургиядағы тотықсыздандырғыш

 

Авиация мен ядролық реакторлардың жылу тасымалдағышы

 
                                           Натрийдің қолданылуы

 

 

 


Овал: N     Na

a

Лампаларды натрий буымен толтыру

 
                                             

Медицинада радиоактивті изотоптар

 
                                         

 

 

 

 

         Натрий – нағыз типтік белсенді металл. Натрийдің химиялық белсендігі, оның жалғыз     валенттік электронының ядромен әлсіз байланысуымен түсіндіріледі.

         Натрий қосылыстары табиғатта кеңінен таралған, ол Қазақстанның көптеген жерінде кездеседі. Ас тұзы – натрийдің ең маңызды қосындысы, ол күнделікті тұрмыста өте көп қолданылады.                            

V. Жаңа сабақты бекіту

1.  № 5-есеп

Натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесін (%) үлесін есептеңдер.

2. № 7-есеп ( Жаттығулар жинағы , 108-бет)

Төмендегі айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құпия реакция теңдеулерін жазыңдар.

Na→   NaOH →  NaCI  →   NaNO3           

І топ

Сәйкестендіру тесті

Аты

 

Формуласы

1. Ас тұзы

 

Na2 SO4 . 10 H2O

2.Мирабилит немесе Глаубер тұзы

 

Na2 CO3

3. Ас содасы

 

NaCI

4. Кальцийленген сода

 

NaHCO3

ІІ топ

Массаны тап

 

Реакцияның сипаттамасы

Еритін негіз (сілті)

Ерімейтін негіз

 

1. Индикаторға әсер етеді.

2. Ерімтал тұзына сілті қосып алады.

3. Металға немесе металл оксидіне су қосып алады.

 

8

 

10

 

20

 

6

 

12

 

15

 

    Мr(NaOH) =

 

ІІІ топ

«Химиялық лото» ойыны

           

 

 

 

 

 

+

 

 

+

 

 

 

 

 

 

  H2 O

 

 

 

 

 

 

 

O2

 

 

Ca( OH)2       Na2O          СaO          Na   

VІ. Жаңа сабақты қорыту

1.Натрийдің сыртқы энергиялық деңгейінде неше электрон бар?

2.Натрий периодтық жүйеде, қай период, топта орналасқан?

3.Таралуы бойынша нешінші орында?

4.Физикалық қасиеттері қандай?

5.Натрий тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?

6.Натрий иондары жалын  түсін қалай өзгертеді?

7.Натрий не үшін қолданылады?

VІІ. Үйге тапсырма

1.  § 65. Сілтілік металл - натрий

2.  № 6- есеп, 185-бет

VІІІ. Оқушылар білімін бағалау

 

 

 

 

 

 

 

І топ

Сәйкестендіру тесті

Аты

 

Формуласы

1. Ас тұзы

 

Na2 SO4 . 10 H2O

2.Мирабилит немесе Глаубер тұзы

 

Na2 CO3

3. Ас содасы

 

NaCI

4. Кальцийленген сода

 

NaHCO3

 

ІІ топ

Массаны тап

 

Реакцияның сипаттамасы

Еритін негіз (сілті)

Ерімейтін негіз

 

1. Индикаторға әсер етеді.

2. Ерімтал тұзына сілті қосып алады.

3. Металға немесе металл оксидіне су қосып алады.

 

8

 

10

 

20

 

6

 

12

 

15

 

    Мr(NaOH) =

 

ІІІ топ

«Химиялық лото» ойыны

           

 

 

 

 

 

+

 

 

+

 

 

 

 

 

 

  H2 O

 

 

 

 

 

 

 

O2

 

 

Ca( OH)2       Na2O          СaO          Na  

Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі

Кужагулова Гульшат Клышбековна

 

                     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка открытого урока по химии на тему: «VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер. Олардың қосылыстары. § 65. Сілтілік металл - натрий»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер. Олардың қосылыстары § 65. Сілтілік металл - натрийСабақтың мақсаты: а) оқушыларға жаңа тараудың ерекшелігін түсіндіре отырып,типтік металдардың өкілі ретінде натрий металымен таныстыру,оның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттерін меңгерту; б) дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру; в) тәрбиелік: белсенді іс-әрекетке, ұқыптылыққа, тәрбиелей отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгертуСабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақта қолданылатын әдістер: репродуктивті, түсіндірме-көрнекілік, ішінара іздену, тәжірибе көрсету әдісі,ақпаратты-комплексті,түсіндірмелі,топтық Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпа қағаздарПәнаралық байланыс: математика, биология, география, физика,әдебиетСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Өткен сабақты қорыту ІV. Жаңа сабақ V. Жаңа сабақты бекіту VІ. Жаңа сабақты қорыту VІІ. Үйге тапсырма VІІІ. Оқушылар білімін бағалау

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2020 363
    • DOCX 124.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пигин Олег Федорович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Пигин Олег Федорович
    Пигин Олег Федорович
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67681
    • Всего материалов: 215

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 379 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 471 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 354 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе