Инфоурок Начальные классы Рабочие программыРазработка на прощание с букварем. 1 класс. на казахском языке

Разработка на прощание с букварем. 1 класс. на казахском языке

Скачать материал

1-сынып

Шығыс Қазақстан облысы

№45 бейімделген орта мектебі

Мұғалім: Алпысбаева Асел Елгазыевна

Тақырыбы: Қош бол, Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың жалпы мүмкіндіктерін, білім, біліктерін, дағдыларын көрсету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сахнада өзін дұрыс ұстай білуге дағдыландыру.

Мұғалім:

Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

 

1-оқушы( Сезім)

Өлшеулі ар-намысы халқымыздың

Қорғаны адамдықпен салтымыздың

Армысыздар аяулы ұстаздарым

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

 

2- оқушы (Дильназ)

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.

 

Мұғалім:- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар. Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?

-Ендеше, Сынып, әліппеге саяхат жасауға әзірлен!

/Фанфар дауысы/

Ерасыл: Алыстан бір зат көрінеді

Бұл не екен?

Мұғалім: Суреттермен сөйлеткен, Әріптерді үйреткен. Баспа әріп пен жазба әріп. Дауысты мен дауыссыз. Айтыңдаршы, балалар Қай оқулық үйреткен? Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!

Әліппе:

 Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

 Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

 Басталады сендерден.

Менің сендерге дайындаған сұрақтарым бар?

Әліппенің сұрағы: 1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім?

2-сұрақ: Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?

Кел, балалар, оқылық ,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

 Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.

 

Дильназ:

Бір күні жаман мен жақсы кезікті,

 сөз тартысып бір-бірімен кежікті.

Жақсылық: Назерке

Жамандыққа жол бермеймін ешқашан да,

Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға,

Үйретемін баланы жақсылыққа

 Жамандық: Сезім

 Үйренсең бала жамандыққ,

 Қорқады сенен барлығы.

Тауық қашар қыт-қыттап

Құстар ұшар шықылықтап.

 Ал, кішкентай балақан.

 Бұғып өтер қорқақтап.

Жақсылық: Назерке

-Дұрыс емес, сенікі жамандық.

Сені балалар жек көріп, аулақ болуға тырысады.Егер осындай қылықтарымен бала кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар көмектеседі.Оларды дұрыс тәртіпке үйретеді.Ендеше, екеуіміз де балаларды бүгінгі күндерімен құттықтап, тәртіпті, білімді болуға шақырайық.

Дильназ: -Балалар, тәртіпті, білімді болуға серт береміз бе?

Оқушылар: /хормен/ -Тәртіпті, білімді оқушы болуға ант етеміз!

 Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, ән шырқайық.

Ән «Ата-ананы тыңдаймыз»/ Хормен/

 

Ерзат:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым ағасы.

 Әліппеден басталған

Даналардың данасы

 

Ерасыл:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

 

Әнел:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

 

Нұрланұлы Әнуар:

 Жақсы кітап - Әліппе

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастық,

Әліппемен достастық.

 

Аяжан:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

 Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

 

Дильназ:

Біз қазақ алфавитіндегі 42 әріппен түгелдей таныстық. Ортаға әріптерді щақырайық!

 

Айша: Р әрпі

Ал әріптер, шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты

Жібермейік намысты.

 

1-оқушы: Альтаир

«А» дегенің – «Ана» ғой,

«Ана» деген дана ғой.

 

2- оқушы: Мағжан

«Б» дегенің «бала» ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

 

3-оқушы: Ерзат

Ғалым, ғылым, ғасырды

«Ғ» білімге асырды.

4-оқушы:Ералы

Елге есті ер екрек.

Ер жет өсіп ертерек.

 

5-оқушы: Мәди

Жыр алыбы- Жамбыл ата

Ардақтайды оны бала. 

6-оқушы:Алихан

Игі істе батыр болам,

Игілікке жақын болам 

7-оқушы: Толғанай

Уық деген немене

Уыз деген немене

У әрпінен атаулар

Басталып тұр балалар

8-оқушы: Мұхаммет

«Н» әрпінде екі тіреу,

Ортасында басқыш біреу. 

19-оқушы:Аяжан

«О» кәдімгі дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп

10- оқушы: Әмір

Партамызға отырдық,

Парақтап кітап оқыдық.

11 – оқушы: Ерасыл

Сыйламаған жолдасын

Сыйлай алмас өз басын. 

12 – оқушы: Айсулу

«Ф» — ның екі көзі бар,

Футбол деген сөзі бар.

13- оқушы: Бексұлтан

Ш әрпін айтсақ жасырмай

Ұш аша айыр басындай

 

Білмесбек: Арслан

Мұғалім:

Рахмет балалар, тақпақтарды жақсы біледі екенсіңдер. Дәл осылай Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!

( сахнаға кір - қожалақ Білмесбек келеді)

Білмесбек:

- Мыналар не жиналған - әй. Менің атымды атаған қайсың?

Мұғалім:

- Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.

Білмесбек:

- Әліппемен қош - та - су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!

( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)

Бала:

- Тиіспе, менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.

Білмесбек:

- Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты - ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай - ақ білемін.

Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О, П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.

Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан мақалды оқимыз.

Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.

Мұғалім: Міне Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.

Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.

Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті – басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.

Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)

Мұғалім: Балалар, әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерің ата - ана үшін де, мен үшін де үлкен қуаныш.

Сезім:

Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған әліппе.

Рахмет саған «Әліппе».(хормен)

 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

            Бишілер билеп кетті тербетіле

           Аққудай қалықтаған теңіздегі

           Бишілер өнерлерін көрсетуде.

 

Қыздардың орындауында би. Тышқандар биі

 

Мұхаммет:

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер - білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз!

Әліппе:

Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар!

Сабақты жақсы оқыңдар! Алар бестіктерің көп болсын деген ниетпен мына сандарды сендерге тарту етемін!( 5 - тіктер тарату)

Хормен: Оқуда озат боламыз!

 

Мұғалім:

Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі.

 Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер

Ана тілін де солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

 Мұғалім:

Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер? Бексұлтан: Кітап-білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.

Наргиз: Кітапсыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.

Еркебұлан: Ақыл азбайды, Білім тозбайды.

Аңсаған: Оқу инемен құдық қазғандай.

Ануар Қ: Білім іздеген озар, Бүлік іздеген тозар.

Дамель: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.

Мағжан: Оқу- білім бұлағы, Білім-өмір шырағы.

 

-Балалар, сендер тек қана әліппемен достасқан жоқсыңдар. Сонымен қатар, біз қандай пәндерді оқыдық.

 

-Матем, дүниетану, тб.

 

Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап.

Қайсың барсың бізге енді,

Айтып берер санамақ?

 

Бексұлтан:

1) 1 дегенім – бесік,

Шықтың содан өсіп.

Наргиз:

2) 2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім.

Еркебұлан:

3) 3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Аңсаған:

4) 4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Ануар Қ.:

5) 5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын бақыт.

Дамель:

6) 6 дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

А. Мағжан:

7) 7 дегенім – жалау,

Жүректегі алау.

Алихан:

8) 8 дегенім – сөзің,

Серт беретін кезің.

Айша

9) 9 дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Ералы:

10. 10 дегенім – Отан,

Қорға еліңді ботам.

 

Оқушылар мына күннің көзін бұлт басыпты, осы бұлтттардың артында тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды орындасақ, күннің көзі шуағын шашып жарқырап шығады.

Бұлттардың тапсырмасы:

Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма? (5 бес)

Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады енді нешеуі,

Қане, кім шешеді? (5 бес)

42 жауынгер

Сапын түзеп тұрады,

Бүлдіршіндер қауымы

Сырын терең ұғады. (Алфавит)

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза - жаза арықтаған. (Бор)

Алты қырлы,

Алтын сырлы. (Қарындаш)

Үйреткен ілімді,

Қырық екі білімді. (Алфавит)

Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама. (Кітап)

Өшірді, сүртті,

Өзгені құртты,

Өзін де құртты. (Өшіргіш)

«Астана» сөзін буынға бөл.

АС – ТА – НА (3 үш) буын.

Апта күндерін ата?

Қазір қай мезгіл?

«Кітап» сөзін ағылшын тілінде ата.

Қазақстан Республикасының Президенті?

Тудың түсі?

 

Мектепте не жақсы? Көрініс

Мұғалім:

-Біріншіде оқимыз

Мектепте не жақсы?

Назерке:

Салтанатты сап түзеу, мектептегі ең жақсы

Аңсаған:

Тазалықшы болған ғой мектептегі ең жақсы

Ануар Қ:

Мектептегі ең жақсы денешынықтыру сабағы

Ерсін:

Үзіліс қой үзіліс мектептегі ең жақсы

 

Мұғалім:

- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адам – Ана!

- Ана - біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау - біздің парызымыз.

- Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ендеше біздер ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз.

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт, беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

 

Ән. Құттықтаймын мама қуанышыңмен.

 

Көрініс: «Кітаптар мұңы»

Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңы әңгімесіне құлақ асайық.

         Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткерірек түскен бірі басын көтеріп алды.

«Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.

Ана тілі:

 Мен «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын деп берілген болатынмын. Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Жыртылмаған, шимайланбаған жерім қалмады.

Математика:

Менің де оңып тұрған жерім жоқ. Мен «Математика» оқулығы боламын. Сотқарбай деген баланың қолына тидім. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп - тепкілеп тастап кетті.

Ана тілі:

Әй, достым, бізден енді оқулық шықпайды. Бізді қайтадан фабрикаға апарады, ол жерден қайта кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен. (Екі кітап мұңайып тұрады, сол кезде қазақ тілі оқулығы келеді)

Қазақ тілі: Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.

Сезім:

Кітаппен дос болайық,

Ата - баба үмітін біз ақтайық!

Балаларым, оқы, ойна,

Оқу - білім саған пайда.

Ана тілі:

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Әліппе:

Оқы талмай, құй санаңа, бүлдіршін,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Математика:

Таза ұстап, оқы мені, қастерле,

Бар білімді мен егемін санаңа.

Мұғалім: Есті адам баласы кітапқа қолының қалай жеткенін біледі ғой, ал мынадай істі тек әдепсіз, сотқар балалар ғана жасауы мүмкін. Дұрыс па, балалар? Осы мұңын шаққан кітаптардың алдында біз Адырбай мен Сотқарбай сияқты оқушылар болмаймыз деп уәде береміз бе?

Оқушылар: Ия, уәде береміз.

Жақсылықты жақтаймыз,

Еш кітапты жыртпаймыз.

Бар кітапппен дос болып,

Сенімдерді ақтаймыз.

 

Сезім:

Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз!

 

Дильназ:

Әжем өрнек тереді,

 Сырмақ отыр оюлап.

 Басы ауыра береді,

Шай ішпесе, қоюлап.

 

Ендеше, асыл әжелер мен аталарымызға арналған әсем әнді құлақ салып тыңдайық.

 Ән. Жақсы көрем апамды.

 

Көңілдері марқайып бір қалсыншы

Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.

 

Ән. Аспанға қараймын. Алихан

 

Көңілім тағы жырлашы,

Сұңқардай көкке самғашы.

Әсем әнім шырқалса,

Туған жердің арқасы – деп  ортаға Амиранды шақырайық. Ән. Қазақтың баласы.

 

Мұғалім: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін сақтамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Жігіттер шықсын ортаға.

Бүгін әнші атанбақ.

Қарсы алыңыздар, алдарыңызда Бексұлтан мен Алихан. Қазақ деген мен боламын.

 

Мұғалім:

 Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

 Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Сөз мектебіміздің директоры, Оралхан Рахымжанұлына беріледі. Сөз Оқу ісінің меңгерушісі Айнур Қабидолдақызына беріледі.

 

Мұғалім:

Мұнда біреу жымияды қызына,

Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.

Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,

Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.

Ол кім десең,

Қуаныштан езулерін жимаған,

Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін.

 

Қорыту:

Қымбатты балалар! Сендердің зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарың арқасында жеткен алғашқы жеңістеріңмен құттықтаймын. Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың – «Әліппе» бойынша оқуды үйрендіңдер. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, оның беттері сендерді бір - бірлеріңмен тату, дос болуға, адамгершілікке үйретті, мектеп ережелерімен таныстырды. Білім баспалдағына өрлеген сапарларыңыз сәтті болсын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка на прощание с букварем. 1 класс. на казахском языке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Разработка урока на прощание с букварем для 1 класса. на казахском языке. Открытый урок проведенный в виде концерта. Тем не менее в этом уроке ученики могут показать свои знания. ни один ученик не остался в стороне. Этот урок был проведен в классе с 28 учениками. В разработку вошли две постановки, стихотворения, песни о детях, песни о родине, и о родителях, два танца.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.06.2020 260
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дмитриева Диана Ильгизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дмитриева Диана Ильгизовна
    Дмитриева Диана Ильгизовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97154
    • Всего материалов: 249

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2671 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 469 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 400 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 265 человек