Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Туған тіл - сатылмайтын байлық"

"Туған тіл - сатылмайтын байлық"

Скачать материал

                               Туған тіл-сатылмайтын байлық

Қандай  ұлыт  пен  ұлыс  болмасын,  олардың  әрдайым  сатылмайтын байлығы –  туған  ана  тілі.  Елдің  тәуелсіздігінің  басты  белгісі – оның  ана тілі,  ұлттық  патриоттық  сезімі  мен  ұлттық  мәдениеті. Ана  тілі – елдің болашағы  мен  өткенін  айқындайды. Әр  елдің  мемлекеттік  тілі  сол  елдің тарихымен  тығыз  жанасып  байланысады.  Мәселен,  қазақ  тілі,  қазақтың қоңыр  дыбыс  домбырасымен  үндесіп  жатады.  Туған  тілінің  қадір –қасиетін  біле  білген  халқымыз  оны  ұлттық  рухына,  баға  жетпес байлығына  балайды. Тіл  атадан  балаға  беріліп,  ұлттық   дәстүрді сақтайтын ата – бабадан  қалған  -  асыл  мұра. Сан  жылдар  бойы  еліміздің тәуелсіздігін  алудағы  жолда  күресу  үшін  күш  берген,  патриоттық  сезім сыйлап,  бірге  ғұмыр  кешкен – қазақтың  айбынды  туған  тілі.

    Сонау  XIII-XVI   ғасырларда  Асан  қайғы,  Жиренше  шешендеріміз,  XVIII ғасырда  Төле  би,  Қазбек  би, Әйтеке  би  қазақ  тілінің   құдіретінің арқасында  «шешен»  атанып,  ел  арасында  танымал  болды.  Шытырман дауларды  білек  күшімен  емес,  ақыл – ой  мен  қызыл  тілдің  көмегімен әділ  шеше  білді. Ханның  әділетсіздігін  дәріптеп, құлдардың  жағдайын өлең  шумақтарымен  ашына  суреттеді. Бұдан-ақ  қазақтың  тілге  бай, шешен,  жүйрік  ойлы, суырыпсалма  ақындықтарын  байқауға   болады.  XX ғасырларда  да  қазақтан  ұлтжанды,  тілін  сүйетін  талай  ер  азамат  шыққан. Қамшының  сабындай  қысқа  ғұмырын  қазақ  еліне, қазақ  тіліне  арнаған ақындардың  бірі – Мағжан  Жұмабаев.  Ол  «Ұлт  тілінен  басқа  қымбат нәрсе  болмасқа  тиісті»  деп  түйінді  ойын  білдірген.  Ұлы  ақын  кейінгі ұрпағына  қасиетті  ана  тілін  қастерлеуді  аманат  етіп  кеткен.  Ақынның туған  тіліне  деген  сүйіспеншілігі  аса  ерекше.

                         Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

                        Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

«Жарық  көрмей  жатса  да», сол  ана  тілінің  болашағына  «таза,  терең, өткір,  күшті,  кең  тілінің» әсте  өшпес - өлмесіне  барынша  сеніп  кеткен.   Ұлы  ақынымыз   Абай   Құнанбаев  халықтың  әдебиеттік  тілін  қалай жасаудың  жолын  көрсетті. Сол  кездері  қазақтың  тілін  шұбарлататын иран, парсы, араб  тілдері  жазбаға  араласа  бастап  еді. Жас  Абай  өзі  де  сол тілдерге  әуестене  бастайды.   Бірақ,  бері  келе  бұл  аламыш  тілдің  керексіз шұбарланғанынан   арылады.   Абай  шығармаларын  өзінің  туған  тілінде жазды.  Бар  қасиетті,  қадірлі  нәрді, ажар  кестені,  толық  сипатты  өз халқының   тілінен  табады.

     Бала тәрбиесіне келгенде Мағжан  қазақ отбасында «Бесік жыры» шырқалса деп арман еткен.  Ұлттық рухани құндылықтарды бойына молынан сіңіріп өскен ақын  ұлттық тәрбиенің бастауы бесік жырынан басталатынын «Бесік жыры» өлеңімен дәлелдейді.

... Сәулем , ерке,

Күні ертең

Толарсың сен-ай...

Сұлу сүйрік,

Жорға , жүйрік

Тайға мінерсің...,-деп, сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен баласына жетеді. Өз ұрпағын бесік жырын айтып  өсірген әжелері бар отбасы болмаса, көпшілік жас аналар өз ана тілінде бесік жырын әлі де айта алмас. Бесік жыры айтылып, отбасында тіл шұбарланбаса қазіргі жастар ана тілінде таза да, шешен сөйлеуші еді. Бір ғасыр бұрын Мағжан көтерген тіл мәселесі әлі де  қазақ халқының аса күрделі  проблемасы болып отыр. Қазіргі таңда ана тілімізді елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне үйретумен  бірге, өзіміздің қандастарымызды да өз ана тілінде сөйлету керек болып отыр.  Қазақ мектептері, балабақшалар ашылып жатыр. Біршама алға басу болғанымен, өз ана тілінде таза сөйлеп кеткендер шамалы. «Бәрі де отбасынан басталады» демекші, тілдің жөнін жөргектен бастаған жөн.

                         Ал екінші бақытым –тілім менің,

                        Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

                       Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

                         Қасиетті тілімнен түңілмедім.-деп,

 Мұқағали атамыз айтып кеткендей, туған тіліміз халқымыздан кейін екінші орында. Ұлы ақындарымыз тілді дамыту жолында үлкен сын мен күреске түсті. Себебі ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.Соның бәрі тек келешек ұрпақ бір-бірімен ана тілінде еркін тілдесіп, ата-бабаларын ұмытпауда болды.

       Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.  Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді.Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміз 2003 жылы 15 қарашадағы жарылығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болған соң,ұлттық тілімізді, ділімізді білу париоттықтың белгісі.Өзге ұлттың   тілдерін   жетік   меңгерсеңде, өз   тіліңді  біліп, құрметтеу  Отан  алдындағы  парызың.

                       Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
                       Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
                       Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
                       Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
                       Туған тілде сыры терең жаным бар,
                       Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                       Туған тілім тіл болудан қалса егер
                       Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

Осы өлең шумағындай менде өз тілімді,ана тілімді ардақтап,құрметтеп Қазақстан Республикасының дамуына, көркеюіне өз үлесімді әрқашанда қосып отырамын.Осындай тілі бай, елі бай елде тұрғаныма өте мақтанамын да шаттанамын! Туған тілім – сатылмайтын байлық екенін мен өмір бойы дәлелдеймін!

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Новоишим  №2  орта  мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Туған тіл-сатылмайтын байлық»

                                                          

                                            Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Секенова А.М

 

 

 

 

 

 

                                             2014-2015 оқу жылы

 

 

 

 

 

                             

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Туған тіл - сатылмайтын байлық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2014 708
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Булатова Инара Какановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Булатова Инара Какановна
    Булатова Инара Какановна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 32289
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе