Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі
6-сынып
Тақырыбы: «Сынып
аруы - 2014»
Дайындаған: Алпысбаева Ж.Т.
2013-2014
Тәрбие сағатының
тақырыбы:
«Қыз сыны» байқауы
Сынып аруы - 2014
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге
бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге
қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттыруға баулу.
Көрнекілік: күйтаспа,
қанатты сөздер, слайдтар.
Байқаудың жоспары:
I.
Таныстыру
II.
Менің өнерім
III.
Үйге тапсырма: мақал-мәтел
IV.
Тағамның безендірілуі
V.
Кім білгір
Байқау барысы:
Жүргізуші:
Осы байқауды
6-сынып оқушыларының арасында қыздарымыздың шығармашылық қабілетін арттырып,
қиялын биіктету мақсатында және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өткізгелі
отырмыз.
Бүгін «Сынып аруы - 2014» атты сайысқа қатысушы қыздарымыздың
жетістіктеріне ортамызда отырған әділ-қазылар баға береді.
Әділқазы мүшелері:
1.
Байқау 5 балдық
жүйеде бағаланады.
1- жүргізуші: Ал енді, бүгінгі байқауымызға
қатысатын аруларымызды қарсы алайық.
Жүргізуші:
Еңбек сүйгіш,
ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ, торсық шеке,
томпақ бет,
Сабинадай ер жүрек қыз
табылмас
Жүргізуші:
Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Жүрек жұтқан Меруерт қыз
Жүргізуші: Әдемі де өнерлі
Ашық мінез, қиғаш қас,
Жолың болсын Әдемі
Өнеріңді төк енді.
Жүргізуші: Алайық қарсы Алтынайды
Үлгілі қыз бұл ибалы
Мерекеге бүгінгі
Әкелген көп бар сыйлары.
Жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ
дүрмекпенен.
Айжүз қыз ұстазының айнасы
ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам
деген
Жүргізуші: Сайысымыздың 1 туры «Таныстыру», яғни
аруларымыз өздерін таныстырады. Аруларымызға сәттілік!
Әділқазылар баға
берсе...
Музыка.
Жүргізуші:
Қыз деген ол - әсем гүлдер бақтағы,
Елес олар, даланың жай бақ-бағы.
Өнерімен өрнектеген өмірді,
Ол сұлулық шырақ отын жаққаны,-деп
сайысымыздың 2
турына көшейік. Өз өнерін
көрсету.
Аруымыз Калиахмет
Сабина
аруымыз Капанбаева
Меруерт
аруымыз Қуанышева
Әдемі
аруымыз Мукашева
Алтынай
аруымыз Сариева Айжуз
Әділқазылар баға
берсеңіздер....
Музыка.
Жүргізуші: Сайыстың 3 туры «Үй тапсырмасы». Мақал-мәтелден сайыс өткізейік.
Аруларымыздан кезекпен кезек еңбек, білім, тіл туралы, туған жер,отан туралы
мақал-мәтел сұралады.
Әділқазылар
бағасын тыңдайық....
Музыка.
Жүргізуші: Сайыстың 4 туры «Сән әлеміне үлес қосамын» деп аталады. . Аруларымыз
үйден өздері дайындап әкелген сән киімдеріне өздері ойлап, жасаған еңбектерін
енгізеді. Яғни, оларды дизайнер ретінде тануымыз қажет. Ортаға келіңіздер!
«Асыл әже» әні
ойнайды
Әділқазылар біздің
кішкентай аруларымызға қандай баға береді?
Жүргізуші:Аруларымызға көп рахмет! Әділқазылар біздің
жеңімпазымызды анықтағанша,
Шыр көбелек билейтін,
Мақтануды сүймейтін.
Биші десең қыздардан,
Мың бұралған табылар, - деп қыздардың биін тамашалайық.
Жүргізуші: Әділқазыларға сөз берейік. Қай аруымыз жеңіске жетті екен?
Әділқазы алқасы ортаға шығып, өз пікірлерін
білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын
береді.
Ұлдар сыйлықтарын ұсынады.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Міне,сайысымыз өз мәресіне келіп
жетті! Келесі кездескенше,қош сау болыңыздар!
1.
Қазақтың киіз үйі неден
тұрады?
2.
Қазақтың ұлттық киімдерін
ата.
1.
Қазақтың қандай
салт-дәстүрлерін білесің?
2.
Қазақ төрт түлік малды дәріптеген.
Төрт түлікті атап, олардың қандай пайдасы бар екенін айт.
1.
Қазақ батырларынан
кімдерді білесің?
2.
Қазақтың ұлттық
ойындарынан қандай ойындарды білесің?
1.
Қазақ қыздарына арналған
мақал-мәтел білесің бе?
2.
Ұлы Отан соғысына қатысқан
қазақ батырларын ата.
1.
Абайдың қандай өлеңдерін
білесің?
2.
«Қызға қырық үйден тыйым»
деген мәтелдің мағынасын түсіндір.
1.
Өзіңнің анаңа қандай тілек
білдіресің?
2.
Өз Отаныңның тарихы туралы
не білесіің?
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.