Главная / Классному руководителю / "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сыныптан тыс іс-шара

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сыныптан тыс іс-шара

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
Скачать материал

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін артттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғыры мықты болуына негізі болған мақал- мәтелдерді, жұмбақтарды оқып үйрету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме?  Оқушылар, біз бүгін «Тіл- халықтың рухы» атты айлық бойынша өткізіліп жатқан қызықты ойын түрін көргелі отырмыз. Біз, балалар, «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойнының шартын білеміз. Алғашқы айналымда «мақалшылар» шығады.  Ал, енді іске сәт!

І кезек: «Мақалшылар» кезегі.

       Бұл кезекте үш ойыншы шығады. Олар ең бірінші өзіне ұнаған мақалдарын айтады. Содан кейін мен мақалды айтамын, оның жалғасын табасыздар.

1.     Сыйласуға жат жақсы,

Жыласуға өз жақсы.

2.     Байлықтың атасы- еңбек, анасы- жер.

3.     Жақсы жұмыс- жанға тыныс.

4.     Өмір – үлкен мектеп.

5.     Өнер- ағып жатқан бұлақ,

Ілім- жанып тұрған шырақ.

6.     Жоқтық ұят емес,

Тоқтық мұрат емес.

     7.Сөздің көркі- мақал,

        Жүздің көркі- сақал.

7.     Ағайын- алтау, ана біреу.

8.     Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

9.     Ғылым- теңіз,

Білім- қайық.

  Жеңіліс тапқан ойыншы, яғни ұпайы аз ойыншы  ойыннан шығады да,                2 ойыншы  өз мақалдары бойынша жарысады. Біреуі жеңімпаз атанады.

ІІ кезек: «Көрермендер» кезегі.

   Сіздер білесіздер, мен бір сөз айтамын соған мақал құрайсыздар.

Тіс- тілдің қамалы.

Тіл- көңілдің кілті.

Сөз- қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

Өнер- алды қызыл тіл.

Адам – болам десең, арыңды ақшаға сатпа.

Еңбек- өміріңді ұзартады.

   Міне, жеңімпаз анықталды. Көрермендер жеңімпазы сыйлығын алды.

ІІІ кезек: «Жұмбақшылар» кезегі.

    Мен жұмбақ айтам, жұмбақшылар оны шешеді. / Жұмбақшылар ортаға шығады/

1.     Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды.   / Жапалақ/.

     2.Сырты бүтін, іші түтін.   / Саңырауқұлақ/.

     3. Әшейінде біресің,

         Қарай қалсаң екеусің.            /Айна/.

     4. Тамға таяқ сүйедім.              /Шашбау/.

     5.Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. /күн, аспан/.

     6.Қанаты жоқ ұшады,

        Аяғы жоқ жүреді.                       /Жел/.

     7. Қуыста қызыл әтеш билейді.  /От/.

     8.Бес ін, бес іннің аузы бір ін.      /Қолғап/.

      9. Көк лағым көген сүйрейді.         /ұршық/.

     10. Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

          Қонақтарды көңілдене сыйлайды.         /Дастарқан/.

     Жеңіліс тапқан ойыншы ойыннан шығады. Қалған екі ойыншы жарысады.

ІY кезек: «Көрермендер» кезегі.

    Мен жұмбақ жасырамын, олар жұмбақтың шешуін табады.

1.Ти десем, тимейді.

   Тиме десем тиеді. /Ерін/.

2.Қашсам- құтылмадым.

   Ұстасам- қолыма тұрмады. /Көлеңке/.

3. Аяғы жоқ жүреді,

    Сылқ- сылқ күледі.  /Су/.

4. Таңертең 4 аяқты,

    Түсте 2 аяқты,

     Кешке  3 аяқты.       /Сәби, жігіттік, қарттық кезең/.

5. Жаздай інге тығылып,

    Жатқан қызыл түлкіні,

    Құйрығынан суырып,

    Әкелді әжем бір күні.  / Сәбіз/.     

Y кезек: Ақырғы айналым. «Мақалшылар мен жұмбақшылар» сайысы.

    Мен жұмбақ жасырамын, оны жұмбақшы шешеді. Ал мақалшы шешуіне мақал құрайды. Құрай алмаса жеңіледі, ал жұмбақшы шеше алмаса, ол жеңілеі.

 Жұмбақ:

1.     Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. /аю/.

Мақал: Аюды үйреткен таяқ.

Жұмбақ:

2.     Ешкімде жемейді,

Тәтті екен демейді,

 Сарғайып түседі,

Үзіліп түседі.    / Жапырақ /.

Мақал: Түйені таныған жапырақ.

 Жұмбақ:

3.     Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ. /Мысық/.

Мақал: Мысық жоқта тышқан төбеде ойнайды.

Қайсысы жеңіледі, сол ойыннан шығады. Ал жеңімпаз марапатталады.

 



"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сыныптан тыс іс-шара
Скачать материал
  • Классному руководителю
Описание:

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
 Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін артттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғыры мықты болуына негізі болған мақал- мәтелдерді, жұмбақтарды оқып үйрету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Барысы:

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме?  Оқушылар, біз бүгін «Тіл- халықтың рухы» атты айлық бойынша өткізіліп жатқан қызықты ойын түрін көргелі отырмыз. Біз, балалар, «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойнының шартын білеміз. Алғашқы айналымда «мақалшылар» шығады.  Ал, енді іске сәт! деп бастап, түрлі тапсырмалар бердім.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Скачать материал
Автор Аязбекова Зауреш Каримовна
Дата добавления 23.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 950
Номер материала 11243
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓