Сабақтың
тақырыбы:
Әліппеге мың алғыс!
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға
салу. Оқу, жазу шеберлігін, мәнерлеп тақпақ айту,
өнерлерін таныту.
Білімділік:
Тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне
сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық:
Халқымызға болашағынан үміт күтетін білімді
ұрпақ керек екенін ұғындыру.
Тәрбиелік:
Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл
сөздер, шарлар, музыкалық аспаптар,
ұлттық киімдер.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды қатарға тұрғызып сахнаға алып шығу,
ретімен
отырғызу.
Әсел: Мектебім,
алтын ұям, нұрың жарық.
Жайнаттың
үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің
күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда
сыңғыр қағып.
Игілік:Ұлылықты
ардақ тұтар үнемі,
Алтын
ұя, ақ босаға киелі.
Қанат
қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі
шәкірт саған басын иеді.
Н.
Балауса: Мектеп
деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Әсел: Құрметті
ұстаздар, аяулы ата аналар бүгінгі 1 «Д» сынып оқушыларының «Әліппеге мың
алғыс!» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.
Хор «Әліппе»
1- Жүргізуші.
Армысыздар
мұғалімдер әз – жандар.
Білім іздеп инемен
құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы
аламыз сіздерді
Би билеп, ән де
бүгін шырқалар.
2- Жүргізуші
Ассалаумағалейкум,
уа халайық!
Армысыздар ардақты
әкелер мен аналар.
Кешегі сәби
балаңыз,
Жарады міне
қараңыз
Ғылым, білім
жолына
Енді қайық
саламыз.
1- Жүргізуші.
Ұстаздық еткен
жалықпас,
Үйретуден балаға-
дегендей біздің ертеңгі болашақ тірегіміз осы шәкірттеріміз емес пе?
2- Жүргізуші.
Армандасаң да,
қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген
аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне,
бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған «әліппемен» қоштасқалы
отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен
сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына
өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Нұрасыл: Ата- анаға
еркелеп,
Ортасында өстік біз,
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз.
Ән: «Ақ
мамам» орындайтын Әмзехан Жанерке
Жарқын: Әліппені
бітірдім
Әріптерді танимын
Мен атаның баласы
Мен оқушы баламын.
А. Диас: Дүниеге
әкелген, олда сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың,
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, ол да сенің анашың.
Ән:
«Апатайым» орындайтын Керімқұл Ұлжан
О Балауса:
Таныстырып
42- әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.
Нұрдаулет:
Болашағын
баланың
Талабынан білесің,
Жақсы оқыса сабағынан
Жақсы коріп жүресің.
1- Жүргізуші
Ақылдымыз,
шеберміз
Мың бұралып билейміз,
Терең ойлап, көп
оқып,
Жанып тұрар
өнеріміз.
Ортаға
қыздар биі: «Гүлдерайым»
Нұртас: Үйретті
бізді әліппе
42
дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке
Ақбота: Туған
елдің тілімін,
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімен.
Нұрбақыт: Ізгілікті
ойға тоқитын,
Шәкірт болып үздік оқитын,
Әліппе
атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.
Келесі
кезекте 1 «Д» сынып қыздарының «Жетіген» тобымен.
Мадина:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын.
Болармын күні ертең – ақ мақтанышың,
Білім алып, тер төгем, еңбек етем.
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Ән
«Ұстазым» орындайтын Елшебек Диас
Жанболат:
Білім терең
теңізбе?
Білім еңбек
егізбе?
Рухани азығым,
Осы екеуі деңіз
де,-
Дейді атам
білімді,
Еңбекпенен сен
ізде.
Ортаға
«Танго» биі қарсы алыңыздар.
Ұлан: Әліппе
деген даңғыл жол,
Апарар
сені алысқа.
Жеңіл
емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
И.
Балауса: Кітап
білім бұлағы
Өнер тілдің құралы
Ана тілге ерекше
Ішім бұрып тұрады.
Ән
«Балдырған» орындайтын Нұрманова Балауса
Алдан –
Назар: Қош
бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Ән
«Қазағым» орындайтын Маннап Жарқын
2- Жүргізуші
Қоштасайық
бәріміз,
Шарықтайық
бәріміз,
Құрметті
ата-анаға,
«Рахмет» дейміз
тағы біз дей отырып ортаға Төлен Азаматты шақырып бата алайық.
Білімнің бетін
жарық ет!
Ұл- қызымды
білімді ет,
Келесі оқу жылына,
Аман- есен түгел
жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт
табармыз.
Өнер- білім көп
тоқып.
Өсе берсін
санамыз! Аумин.
1- Жүргізуші
Бүгінгі
кеш әр үйдің «Тойбасы» деп саналар
Балалардың
есімі, әулеттерге таралар
Ырым етіп
сондықтан, тойымыздың соңында
Ақ ниетпен
баршаға тілек айтар қонақтар, - деп сіздерге алғысымызды білдіре отырып, мектеп
басшыларымен, ата- аналарға сөз кезегін береміз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.