Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
Главная / Информатика / Программа және оның құрылымы

Программа және оның құрылымы

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің орынбасары

Пән аты: Информатика Сыныбы: 9 (факультатив)

Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға программа құрылымы, айнымалыларды, тұрақтыларды, белгілерді сипаттау және операторлар бөлімі туралы, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік қалыптастыра отырып оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Компьютермен жұмыс

  5. Сабақты бекіту, білімді бағалау

  6. Үй тапсырмасын беру

  7. Бағалау


Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

  • Паскаль тілінде және алгоритмдік тілдерде қандай шамалар пайдаланылады?

  • Атау дегеніміз не, ол үшін не қажет?

  • Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?

  • Атаулардың типтері қалай сипатталады?

  • Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:

  1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);

  2. белгілерді (label) сипаттау;

  3. тұрақтыларды (const) сипаттау;

  4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;

  5. айнымалыларды (var) сипаттау;

  6. процедураларды (procedure) сипаттау;

  7. функцияларды (function) сипаттау.

Операторлар бөлімі

Программаға енеті айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Begin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне қарай біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.

Операторлардың жалпы жазылу түрі:

Begin

1-оператор;

2-оператор;

..................;

n-1-оператор;

n-оператор

end.


Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы түрі:

READ(a1, a2,...,an);

READLN(a1, a2,...,an);

READLN;

Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады.

WRITE (a1, a2,...,an);

WRITELN(a1, a2,...,an);


1-мысал. Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.

Program kosindi;

Var a,b,x:integer;

Begin

Write ('a,b-сандарын енгіз');

Readln(a,b);

X:=a+b;

Паскаль тілінде программаны тексеру - Ғ9

Программаны орындау - CTRL+F9

Нәтижені алу (көру) - ALT+F5Writeln('x=',x);

End.


Компьютермен жұмыс 1 тапсырма 59 бет

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

  • Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?

  • Енгізу операторының жалпы форматы қандай?

  • Шығару операторының жалпы форматы қандай?


Үйге тапсырма: 9. тақырыпты оқу, 54 бет



  • Информатика
Описание:

Білімділік: Оқушыларға программа құрылымы, айнымалыларды, тұрақтыларды, белгілерді сипаттау және операторлар бөлімі туралы, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік қалыптастыра отырып оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту










Автор Изтлеуова Гульмира Танатовна
Дата добавления 03.02.2017
Раздел Информатика
Подраздел Планирования
Просмотров 374
Номер материала MA-069954
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы