Инфоурок Другое Научные работыКурсовая работы на тему "Синтаксисті оқыту жолдары"

Курсовая работы на тему "Синтаксисті оқыту жолдары"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 Синтаксисті оқыту жолдарының теориялық негіздері...............................4

1.1 Синтаксисті оқыту мәселесі...........................................................4

1.2 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту

мәселесі.................................................................................................7

1.3 Синтаксисті оқытуда тілдік қатынас пен танымдық

лингвистика теорияларының алатын орны......................................11

1.4 Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан

оқыту тұжырымдамасы.....................................................................13

2 Синтаксисті оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері...................19

2.1 Синтаксисті оқытуда берілетін білім мазмұны.........................19

2.2 Синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра оқытудың қатысымдық-танымдық негізі..........................................................22

2.3 Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан оқытудың психологиялық негізі........................................................................25

2.4 Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан оқытудың педагогикалық негізі........................................................................27

Қорытынды..........................................................................................................29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

 

       Тілді қатысымдық тұрғыдан игерту студенттің тілдік қарым-қатынаста тілдік бірліктер мен синтаксистік категорияларды орынды қолдануына ықпал етеді. Қазақ тiлi синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту білім сапасын арттыруға, жаңа жүйенің басым бағыттарын жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Сонымен бірге педагогикалық үдерістің жаңа парадигма тұрғысынан  жетілдірілуін қамтамасыз  ете келіп, студенттердің танымдық қабілетін белсендіреді, аналитикалық ойлауы мен шығармашылық әлеуетін дамытады, олардың қатысымдық, танымдық, кәсіби, лингвомәдени, әлеуметтік-тұлғалық және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырады. Бұл синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың технологиялық сипатын жан-жақты айқындауды қажет етеді.

       Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы қоғам сұранысын өтейтін білікті де білімді,  жан-жақты дамыған, құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаудың  ұтымды жолы, басым бағыты ретінде синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан  меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың көкейкестілігін танытады.

       Зерттеу нысаны – филолог мамандарға қазақ тілі синтаксисін оқытудың жолдары.

       Зерттеу пәні – синтаксисті оқытудың  әдістемесі.

       Зерттеудің мақсаты. Синтаксисті оқытудың  жолдарының ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерін тұжырымдау, жаңа сипаттағы әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент арқылы дәйектеу.

       Зерттеудің міндеттері:

       -  синтаксисті әдіснамасын, ғылыми-теориялық негіздерін айқындау,  оның мәні мен мазмұнын дәйектеу;

       -  синтаксисті танымдық-қатысымдық тұрғыдан оқытуға байланысты тілдік материалдарды саралап, оқыту ұстанымдары мен әдістерін анықтау.ниетін меңгертудің тұжырымдамасын, базалық білім мазмұнын, оқу бағдарламаларын, ОӘК-нін ұсыну.ыттармен

 

1 Синтаксисті оқыту жолдарының теориялық негіздері

 

1.1 Синтаксисті оқыту мәселесі

 

А.Байтұрсыновтың  қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар,  оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін  айқындады [1, 264]. Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп,  сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді [1, 287]. «Ауызбен сөйлесу»  және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.

Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп,  «сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады» дей келіп, жай сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей емес екенін анықтады.  Ғалым синтаксистің нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін дәйектеп, «біздің қарайтынымыз – мағына жүйесі, семантика емес, грамматика. Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек», –  деп, тұжырымдайды.  Тілші А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлы еңбектеріндегі синтаксис туралы пікірлерге талдау жасап, сөйлем мүшелерін қазақ баласының танымына жақын дене мүшелерін мысалға ала отырып түсіндіреді. «Сөйлеу  деген – біреудің екінші біреуге хабар беруі», – деп,  ойды сөйлеу үдерісімен байланыста қарастырады [2, 50]. Ғалымның педагогика саласына қатысты зерттеулерінен оқу үрдісін білім алушының танымы мен қабілетін ескере отырып, ұйымдастыруға мән бергенін байқауға болады.

С.Жиенбаев сөйлем мүшелерін жіктеу мен олардың арасындағы байланысқа және құрмалас сөйлем мәселесіне жан-жақты тоқталса, С. Аманжолов жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін оқыту мәселесін қамтыды. Ғалым сөйлемнің қатысымдық  қызметіне назар аударып, «сөйлем қалыпты, бір беткей, ұзын сонар; ол біреудің айтқан сөзінен, ойлаған ойынан ғана» құралмайтынын, «сөйлемнің айтылуы,  көп қолданылатын жері – көпшілік ортасы, ең кемі екі кісінің басы қосылған жер» екенін, мұндай жерде «сөйлем, бірыңғай, біркелкі «болмайтынын,   ашу,  күлкі,  сұрау,  жауап,  қуаныш т.б. психологиялық жағдайлардың «сөйлемге әсерін» тигізетінін дәлелдеп көрсетеді [ 3, 16 ]. Сол сияқты Ә.Хасеновтың «материал көлемі, оларды белгіліден белгісізге қарай дамыту арқылы жүргізу ісі, қолданылатын әдістер мен жұмыс түрлері» туралы ұсыныстары мен М.Балақаевтың «сөйлемдегі сөздердің грамматикалық тұлғалары мен мағыналарын сипаттау арқылы олар жайындағы оқушының білімін баянды ететін практикалық жұмыс» деген  анықтамасы синтаксисті оқыту жайындағы алғашқы құнды тұжырымдар болып саналады [4, 75].

Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің жеке саласы ретінде дәстүрлі оқыту. Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.

И.Ұйықбаев «грамматикалық ережелерді білмеу, сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды түсінбеу орфографиялық қателерге» соқтыратынын дәлелдеп, диктанттың түрлеріне, олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың жолдарын ұсынады [5, 65].  

      Д.Әлімжанов пен Ы. Маманов «тіл фактілерін түсіндіруге пайдаланылатын материалдар, алдымен, тілден өтілетін материалдарға сәйкес болу» керектігіне мән берді. Ғалымдардың «өтілген тілдік тақырыптарға тәрбиелік маңызы бар сөйлемдер тергізіп, оны грамматикалық белгілер мен сөз мағынасына қарай топтату, текстерге талдаулар жасату, кітап оқыту, оқығанын баяндап айтқызу, сол бойынша конспект жасату, көрнекі материалдарды беріп өздеріне бақылату, іс қағаздарын  үйрету, тілге байланысты кештер өткізіп, конференцияларда баяндама жасату» [6, 66] тәрізді ұсынған жұмыстары мен Х.Арғыновтың  «өздігінен көбірек жұмыс істеуге» көңіл аудару «әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының қандай із қалғанын» байқайтыны туралы тұжырымдары  [7, 212-260]  қазіргі таңдағы СӨЖ-ге қойылатын талаппен  сабақтасып жатыр.

Синтаксисті тіл білімі салаларымен сабақтастықта оқытудың жаңашыл бағыттары. ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қойып отыр. Осымен байланысты жоғары мектепте қазақ тілін жаңа тың ізденістер тұрғысынан оқыту мәселесі жан-жақты қарастырыла бастады.  

Р.Ә.Шаханова қазақ тілін модуль, рейтинг, тест арқылы меңгертудің  жолдарын ұсынса, Қ.Қадашева қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың тиімділігін анықтады. К.Жақсылықова модульдік технологияның ұтымдылығын дәлелдесе, Ж.Сүлейменова жоғары мектепте морфологияны оқытудағы дәстүрден тыс сабақтардың маңызын айқындады. Ә.Әлметова студенттердің сұқбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың жолдарын, З.Бейсембаева сөзжасамды модульдік технология арқылы оқытуда тиімді болып табылатын дәріс, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстың түрлерін, ал Н.Оразақынова сатылай талдауды сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертудің амал-тәсілдерін ұсынды. Ж.Даулетбекова сөйлеу мәденетін терең игерту оқушының қатысымдық және мәдени-танымдық құзыреттіліктерін  қалыптастыратынын  айтса,  Ж.Қ.Балтабаева өзінің ғылыми жұмысында жоғары оқу орындарында морфологияны оқыту мәселесін сөз етіп, интерактивті  әдістердің ұтымдылығын дәлелдеді. Н.Құрманова мен А.Е.Жұмабаева орта мектепте синтаксисті дамыта оқытудың жолдарын айқындап берсе,  А.А.Сатбекова жоба жұмысының түрлерін саралады.

Соңғы жылдары білім беруді жаңа қырынан ұйымдастыру мен  қазақ тілін оқытудың сапасын көтеруге бағытталған зерттеу жұмыстарындағы тұжырымдар синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін сұрыптап таңдауға мүмкіндік тудырды.  

 

1.2 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі

 

Қоғам дамуындағы өзгерістер жеке ғылым саласы ретіндегі тіл біліміндегі жаңа бағыттардың туындауына әсер етсе, өз кезегінде сол өзгерістер оның  оқыту жүйесін де жаңартуды қажет етеді. Осымен байланысты тілді адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың құралы ретінде қарастыру етек алды. Адам мен оның тілін әлеуметтік аспектіде өзара байланыстырып,  адамның әлеуметтік рөлі, тілі, мамандығы және қандай әлеуметтік топқа жататындығы, идиологиялық тәуелділігі т.б. арқылы тілдік тұлғаны анықтауға басымдылық берілді. Тілді оқытуда оның тілдік қарым-қатынаста қолданылу дәрежесі мен сипатына, әлеуметтік-психологиялық мәніне көңіл бөлінді. Әдіскер-ғалымдар ана тілінің тек қатысымдық қызметін ғана айқындап қоймай, оның баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы мәніне баса назар аудара бастады. Өйткені тіл арқылы адамдар өмірден өз орнын табады, әркім өзіне қажетті игілікті іске асырады.

Синтаксис пәні студентке сөз тіркесінің, сөйлем мен мәтіннің ерекшелігі мен өзіндік қолданысын үйретіп, сол арқылы олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруді көздейді. Бұл Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының: «Қазiр педагогикалық қоғамдастықтың  алдында бiлiм берудiң жаңа моделiн құрудың, сынақтан өткiзу мен енгiзудiң ауқымды мiндеттерi тұр. Бiлiм берудiң қазiргi негiзгi мақсаты бiлiм алып, бiлiк пен дағды-машыққа қол жеткiзу ғана емес, солардың негiзiнде дербес, әлеуметтiк және кәсiби бiлiктiлiкке – ақпаратты өзi iздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты өмiр сүру және жұмыс iстеу болып табылады», – деп көрсетiлген басты қағидатымен толық үндеседі [8, 5].

Таным мәселесі антик заманынан бастау алады. Әр дәуірдегі  ойшылдар мен педагогтер  балалардың  өзіндік ой-тұжырымын жасау, оны дамыту мәселесіне назар аударса, адам баласының танымдық қабілетінің мәні қазақ халқының даналық сөздерінде, ертегі, жыр, мақал-мәтелдерінде де көрініс тапқан.  Синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту студентті лексикалық және грамматикалық бірліктерді қарым-қатынаста ұтымды қолдануға, өз көзқарасын айта білуге және  синтаксистік категорияларды сөйлесім әрекетінде ұтымды пайдалануға үйретсе, танымдық тұрғыдан оқыту оның оқу материалдарын терең игеруіне, өзін-өзі дамытуға, танымдық қабілетін (қабылдау, меңгеру, жоспарлау, мәселені шеше білу, ойлау, тапқырлық, білімін қажетті жерде қолдана білу т.б) арттыруға мүмкіндік тудырады.  

 «Сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан та артық»,  «сөйлегенде сөздің жүйесін келтіріп сөйлеу» қажет. «Сөздің жүйесін қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын дағдысын білу» керек. «Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге білдірейін деген ойын айту. Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса, екінші сөзді ойын толықтыру үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін алады» деген А.Байтұрсыновтың пікірі синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың өзегін анықтауда маңызды рөл атқарады [1, 142, 274].

Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың қайнар көзі ХХ ғасыр  басында қазақ топырағында ұлтты тану мен сапалы білім берудің тың  үлгісін жасаған отандық  ғалымдардың әдістемеге қатысты  ой-пікірлері, еңбектері зерделеніп, олардың оқыту үдерісіне қатысты білім беру жолдары технология түрінде дәйектелді. Себебі оқыту технологияларының нышандары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, Қ.Жұбанов, .Балақаев т.б. ғалымдардың  еңбектерінен бастау алады. Зерттеуде олардың әдістемелік тұжырымдары  қазіргі таңда қолданылып жүрген оқыту технологияларымен салыстырылды. Нәтижесінде әлемдік  тәжірибеде  кеңінен  қолданылып жүрген   технологиялардың   қазақ  әдістеме   ғылымында да өз іргетасы болғаны анықталды. Олардың қай-қайсысының да құрылымдық жүйесі технологияға қойылатын талаптарға толық жауап береді. Бұл технологияларда мәдениет пен тілге, ғылым мен білімге  ерекше назар аударылған.

Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлының танымдық-тағылымдық технологиясында білім алушының тілін дамыту, танымын кеңейту мәселелері басты назарда ұсталынған.  Оқытудың түпкі нәтижесі  оның танымдық, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық  құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталғандықтан,  синтаксисті оқытуда маңызды рөл атқарады.  

М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясында адам  бойындағы мінез-құлық, қасиеттерін тәрбиелей отырып, білім алушының бойына тұлғалық дарындылықты қазақтың ұлттық тәрбиесі арқылы қалыптастыру өзек етіп алғандықтан, ол оқыту үдерісінде студенттің  бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.       

Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы қазіргі таңдағы білім берудің ұлттық моделін жасау идеясымен сабақтасады. Ғалымның пайымдаулары  жеке тұлғаға бағдарлап оқыту, интеграциялық байланысты қолдану, білім алушының ынтасын тудыра оқытып білім беру т.б. мәселелермен тығыз байланысты. Бұл синтаксисті оқытуда білім сапасын арттырудың алғы шарты болып табылады.

Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясында қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру мен шығармашылыққа баулу әдістері кеңінен орын алатыны байқалады. Ол  баланың өміріне, табиғатына жақын келетін мәтіндерді пайдаланудың тиімділігін көрсеткен. Студенттің тілдік қабілетін жетілдіру – білім беру үдерісіндегі басты міндет. Олай болса аталған технология осы міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы  студентті тұлғалық жағынан қалыптастыру мен дамыту және  білімді деңгейіне қарай меңгертуді көздейді.  Ғалымның түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек үдерісімен, жүйелі ойға төселдіру, білім алушының  алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету­ т.б. әдістері бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен ұштасып жатыр. Ғалымның дамыта оқыту технологиясы синтаксистік бірліктердің қалыптасу, өзгеру, даму заңдылықтарын танып білуге көмектеседі.

М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы тілдік білімнің нәтижесін құзыреттіліктер деңгейіне көтеруді мақсат ететін қазіргі уақыт талабымен толық үндеседі. Сондықтан сөз мәдениеті  студенттің интеллектуалдық және мәдени сапасын арттыратындай тілдік қатынасқа төселдірудің негізі ретінде қарастырылады.

Қорыта келгенде, ғалымдардың еңбектерінде қазіргі білім беру технологияларының барлығы да көрініс тапқан. Сондықтан сол ой-тұжырымдарды басшылыққа алу болашақ мамандардың санасына ұлттық рух пен елжандылық қасиетті қалыптастыруға, ұлттық сананы оятуға, сабақ сапасын арттыруға, оқытушы шеберлігі мен студент білімін жетілдіруге  ықпал етеді.

Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан сапалы оқытудың  негізі – білім беру технологияларын бірлестікте қолдану.  Қазақ тілін саналы және сапалы меңгертудің бір шарты – білім беру технологияларын ұтымды қолдану. Бұл орайда қазіргі білім жүйесінде қолданылып жүрген Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, В.К.Дъяченконың ұжымдық оқыту технологиясы,  Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы және т.б. білім беру технологияларының басым бағыттары жұмыста кең талданды.  

Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы –  қазіргі білім беру үдерісінде ең жиі қолданыста жүрген технология. Әдіскер тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекетінің бес түрін ғылыми айналымға енгізді. Аталған технология тіке байланыс, адамның жеке қабілетін ескеру, сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыс түрлерін айқындау, сатылап даму, динамикалық өзгеру, өзектілік  ұстанымдарын басшылыққа алып, қатысымдық әдіс арқылы тілді меңгертуді мақсат етеді. Синтаксисті  қатысымдық тұрғыдан сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту  студентті ойын, пікірін, көзқарасын еркін, нақты жеткізуге жетеледі.

Н.А.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы  – қазіргі заман дамуының заңдылықтарын ескере отырып жасалған талдау жүйесі. Сатылай кешенді талдау технологиясы  синтаксистік бірліктерді студенттерге ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертуге негізделді.

Білім беру жүйесінде технологиялардың әрқайсысы тілді меңгеруде өзіндік орын ала келіп, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтас қолдану арқылы тиімді рөл атқарады. Студентке жүйелі білім беретін материалды тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оның жеке қабілетіне сай дұрыс меңгерте білу оқыту технологиясын жақсарта түседі. Технологияға қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе деп қараудан арылып, әрбір технология тілді меңгертудің түпкі нәтижесіне қызмет ететін, соған қолайлы жағдай туғызатын оқытудың өзара сабақтас жүйесі деп қараған жөн [9, 102].  Білім беру технологияларын студенттің қабілеті мен уақыт сұранысына орай қолдану  білім сапасын арттырып,  оны  өз ойын жинақтап айтуға, білімін тілдік қатынаста дұрыс қолдануға үйретеді.  

 

1.3 Синтаксисті оқытуда тілдік қатынас пен танымдық лингвистика теорияларының алатын орны

 

Танымдық лингвистика адам санасында  сақталған білімнің коммуникацияда тілдік таңбалар арқылы  бейнеленуін қарастырады. Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болғанымен, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта әр түрлі деңгейде, сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, дүниені тұтас таныған жан әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады [10, 15].  Студент санасында, ойында сақталған ақпаратты танып қана қоймайды, оны тілдік қатынаста қолданады. Тілдік қатынас екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, ол баяншы мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асырады. Бұл оның қатысымдық қызметін танытады. Екіншіден, ғаламның тілдік бейнесін таныту үшін адам мен өмірдің байланысын білдіруге бағытталады. Тіл қатысымда тек белгілі бір ойды, пікірді, хабарды жеткізудің құралы ғана болып табылмайды, ол адам санасында қалыптасқан, жинақталған, бейнеленген ұғымдар мен түсініктерді жеткізеді. Ол адамның жылдар бойы жинаған білімін сақтаушы, жеткізушінің қызметін атқарады. Бұдан  оның танымдық қызметі көрінеді.

В.А.Маслованың тұжырымы бойынша, «всю познавательную деятельность человека (когницию)  можно рассматривать как развивающую умение ориентироваться в мире, а эта деятельность сопряжена с необходимостью отождествлять и различать объекты: концепты возникают для обеспечение операций этого рода» [11, 30]. Яғни тіл – адамның дүниетанымын танытатын ақпараттық-танымдық күрделі құрылым. Ол студенттің ойлауы, санасы, пайымдауымен  тығыз байланысты. Ақпарат, алдымен, студенттің миында сақталады, жинақталады, өңделеді. Санада бейнелеген ақпарат студент жадында сақталады да, оны ол қажет кезінде алып қолданады. Адамзат санасының қызметі қоршаған әлемнің жалпы заңдылықтары, өзара байланыстары туралы мәліметтерді, білім негіздерін жүйелеуге мүмкіндік беретіндіктен, кез келген адам оның көмегімен алдына мақсат қоя білуге, жоспарлы әрекет етуге, табиғи және әлеуметтік орталарда өзін-өзі ұстауға дағдыланады [12, 264]. Студент қатысымға түскен кезде ақпаратты өз қалауынша пайдалана алады.

Психологтар сөйлесім кезінде баяншының қабылдаушының әр түрлі ерекшеліктерін ескере отырып  тілді қолданатынын айтады. Баяншы кімге қалай және қайтіп сөйлеу керектігін өзі шешеді. Студенттің   тілдік жағдаятта қолданатын  ақпараттары санасында сызба, модель,  яғни фрейм  түрінде сақталады. Мәселен, сөйлем сөзі арқылы студент санасында сөйлемге қатысты жай, құрмалас, аралас құрмалас, салалас, сабақтас т.б. фреймдар пайда болады. Сондықтан қазір оқытуды фреймдік тұрғыдан ұйымдастыру керек деген пікірлер кездеседі. Фреймдік тұрғыдан оқыту студент санасында алынған ақпаратты терең сақтауға ықпал етеді. Мысалы, сөз тіркесі   синтаксисі бойынша оның фреймдерін құру кезінде сөз тіркесінің ережесін білмейтін студенттер оның қатарына күрделі сөзді, атаулық тіркесті, шектеулі тіркесті т.б. жатқызуы ықтимал. Яғни  студент өзі таныған, білген, меңгерген дүниесін ғана қолданады, пайдаланады. Студенттің ойында көп уақытқа дейін тілдік кодтар сөз, сөйлеу немесе әр түрлі концептілер түрінде сақталады. Баяншы өзіне қажет кезінде, белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешуде ойда сақталған тілдік кодтарды таным елегінен өткізіп тілдік қатынасқа түседі. Студент «миында қандай ой пайда болмасын, ол тілдік материалдың негізінде ғана туындап, іске асады» [13, 201].

       

1.4 Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан

оқыту тұжырымдамасы

 

Әрбір елдің болашағы білім беру жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуына және пәнді меңгертудің ұтымды әдістемесін  ұсынуға байланысты. Қазіргі таңда жан-жақты дамыған,  шығармашылық қабілеті жоғары мамандарға сұраныс күшейді. Сондықтан қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі мақсатты көздей отырып жүйеленді: синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста меңгертуді, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауды, оның синтаксисті  оқытуда алатын орнын зерделеуді, оны сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруды мақсат етсе,   танымдық тұрғыдан оқыту синтаксисті танымдық әрекет пен танымдық іскерлік арқылы меңгертуді көздеді.

Э.Оразалиеваның жіктеуі бойынша, танымдық әрекетке қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну, зейін қою, есте сақтау, сөйлеу т.б. тәрізді құрамды бөліктер жатқызылған. Ғалым қазіргі кезде  танымдық әрекетті  «функционалды-прагматикалық, аккумулятивті және қатысымдық қызметтері ерекше, адамзат тіршілігіне аса қажет фактор» деп бағалайды [12, 148-149].

Танымдық іскерлік педагогика ғылымында білім алушының танымдық белсенділігімен сабақтастықта қарастырылады. Студенттің метатанымдық іскерлігі алға қойған мақсатын анықтауы, іс-әрекетін жүйелі түрде жоспарлауы, нәтижені бағалай білуінен т.б. байқалса, ақпараттық іскерлігі қажетті ақпаратты табуы, оны талдап, екшеп, сұрыптап ала білуі, ақпаратпен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыруынан көрінеді. Әлеуметтік-аффективтік іскерлігі ұжыммен жұмыс істей алу қабілеті, ұжымдық, топтық, жұптық тапсырмаларды орындай білуі мен  проблемалық жағдаяттарды шеше алуы арқылы танылады. Бұл екі мақсаттың бірлігі синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың  білім мазмұнын анықтап, жүйелеуге бағыт береді. Білім мазмұнын меңгерту ұстанымдар мен әдістер және оқыту формалары арқылы іске асырылды. Түпкі мақсат студенттің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың моделі 1-кестеде көрсетілді (1-кесте).

Ақпараттардың алмасуы, яғни ойды  жеткізу барысында қатысымдық мағынаны  түйсіну, екінші адамды түсінуге тырысу  үшін тілдік қатынасқа әсер ететін  факторларды ескеру қажет. Мұндай факторлар негізінде сөйлеу коммуникациясының түрлі формалары мен типтері анықталады. Сөйлесім әрекетінің түрлері белгілі бір ережеге сүйеніп жүзеге асырылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-Кесте –  Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту моделі

Студент өзі айтып тұрған ой, пікірдің мағынасын, танымдық мәнін түсініп, әлеуметтік-тілдік, лингвомәдени, танымдық  қабілетін  жетілдіруге мүмкіндік алады. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің сөйлеу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруда әрбір синтаксистік құбылыстың формасын, тілдік бірліктердің мағынасы мен айырмашылығын терең қарастыруға, сөйлесім әрекетіне әсер ететін  тілдік құралдардың қызметін анықтауға, тілдік бірліктердің қолданылу дәрежесін айқындауға, оның тілдік қарым-қатынаста атқаратын рөлін дәйектеуге мүмкіндік береді. Студенттің синтаксистік категорияларды түсініп, оны дұрыс қолдануы  қатысымдық, танымдық, лингвомәдени және әлеуметтік-тұлғалық және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Сонымен синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тұжырымдамасы  бойынша жоғары мектепте болашақ филолог мамандарға синтаксисті оқытудың  басты мақсаты мен міндеттері; ұстанымдары мен әдістері; білім беру технологиялары мен кешенді жұмыстар жүйесі  білім мазмұнын қатысымдық және танымдық мақсатта игертуге, білім сапасын арттыруға, студенттің құзыреттілігін  қалыптастыруға бағытталады.

Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде жүзеге асырылатын құзыреттіліктер. Қазіргі нарық заманы студенттердің  құзыреттілігін қалыптастыруды, олардың дара тұлғалық сапасын дамытуды талап етіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, «құзырет» адамның жұмысының аспектісі ретінде танылса, «құзыреттілік»  осы аспектіні орындай алу деңгейімен анықталады. Құзырет студенттің білуі қажет нәрсе болса, құзыреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі, өзін-өзі бағалауы т.б. мәселелерді қамтиды. Жұмыста студенттің білімі мен білігін өз қажетіне қарай ұштастыруға, сөйлеу қабілетін жетілдіруге, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, студенттің шығармашылық қабілетін дамытуға т.б. көмектесетін төмендегідей құзыреттіліктердің рөлі айқындалды.

Қатысымдық   құзыреттілік дегеніміз – студенттің   түрлі жағдаятта тең дәрежеде  қарым-қатынас  жасауға қабілеттілігі  және   әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып, ұйымдастыру  біліктілігі. Студенттің қатысымдық құзыреттілігі  ауызша және жазбаша коммуникацияны меңгеруі мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруінен көрінеді. Тілдік бірліктерді дискурс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдана білуі және дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады.

Қазіргі кредиттік оқу жүйесінде студент өзінің оқуын жоспарлап, өзіне қажетті пәндерді таңдап, өз жұмысын бағалап үйренуі шарт. Синтаксисті  оқытуда студенттің алған білімін өз бетінше дамытып, жетілдіріп, жаңа формада жүзеге асырып, сынап, үнемі ізденіп, кез келген жағдаятта қолдана білуін қамтамасыз ететін танымдық құзыреттілік.

Танымдық құзыреттілік – студенттің   хабарды өздігінен өңдей білуі, өз бетінше оқуы, үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдануы, хабардың  шығу көзін таба алуы, өз қабілеті мен білімін бағалауы, өзіне қажетті білімді екшеп, сұрыптап ала білуі, оны қолданудың жолын меңгеруі.

Лингвомәдени құзыреттілік студенттің әлеуметтік және қоғамдық ортада өз орнын таба білуіне,  өзгелермен тіл табысу арқылы  белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады.    

Лингвомәдени   құзыреттілік дегеніміз студенттің  тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы,  мәдени-тарихи  және ерекше  ұлттық ақпараттарды тілдік қарым-қатынаста  пайдалануы,   лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы,  сөйлеу мәдениетін игеруі.

Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап отыр. Әлеуметтік-тұлғалық  құзыреттілік студенттің әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуі және белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің сапалық деңгейін көрсетеді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің өзін-өзі дамытуына, қоршаған ортаны шынайы түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге және  айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге ықпал етуді көздейді. Студенттің топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын еркін жеткізе білуі оның әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге игі әсерін тигізді. Студент ертеңгі маман ретінде  тілді, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші тұлға ретінде қызмет етеді.      

Студенттің  әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігі дегеніміз – оның қоғамда, көпшілік алдында сөйлей білу дағдысы; тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы; қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білуі; интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алуы; өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін жетілдіре алуы; көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік көзқарасын мен  позициясын ұстануы;  қоғамдық пікірталаста өз пікірін қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы.  

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Синтаксисті оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері

 

2.1 Синтаксисті оқытуда берілетін білім мазмұны

 

Синтаксисті берілген сағат санына сай  қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың білім мазмұнын былайша жүйелеуге болады: синтаксистің зерттелу тарихы, синтаксистің құрылымдық сипаты, синтаксистің функционалдық ерекшеліктері.

Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттеулер  1920 жылдардан бастау   алып,

1950 жылдарға дейін зерттеу нысаны нақты айқындалған ғылым саласы ретінде орнықты. 20-50-ші жылдардағы синтаксис саласына қатысты ғылыми нәтижелердің негізі А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов т.б  еңбектерінен бастау алады. А.Байтұрсынов сөйлемнің өзіне тән жүйесін сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастырудың жолдары негізінде анықтау керектігін назарға алады. Сөйлем ішіндегі сөздер сөйлем мүшелері деп аталып, олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге жіктеледі. Тұрлаулы мүшелер бас мүше және баяншы мүше деп аталып, сөйлемнің ішіндегі қазық сөз, сөйлем иесі бас мүше, оның сырын сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше деген тұжырым жасайды [1].

С.Аманжолов  сөйлеу мен сөйлемнің арақатынасын, сөйлемдегі сөздердің логикалық байланысу жолдарын, дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттарын ұсынды. Сондай-ақ, сөйлемнен тыс, бірақ бірнеше сөздің тізбектеліп, бір ғана мағына білдіруін білдіретін тілдік құбылыстың өзіне тән ерекшелігін танып, оны сөз тізбегі деп атап, оларды өз ішінде екіге бөлді: лексикалық тізбектер, синтаксистік тізбектер [3, 66].

Ендеше, бүгінгі синтаксис саласына қатысты берілетін білім мазмұнының І кезеңі 1920-1950 жылдардың үлесіне тиеді.

Екінші кезең 1950-2000 жылдардағы зерттеулердің нәтижесімен өлшенеді. М.Балақаев, К.Аханов,  Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев, Ә.Аблақов, С.Исаев, Қ.Есенов т.б. тұжырымдары осы кезеңге жатады. Синтаксистің сөйлемдерді, олардың түрлерін, сөйлемдегі сөз тіркестерін, сөйлем мүшелерін адам ойын білдірудің грамматикалық бөлшектері ретінде қарастыратын ілім деп танылуы; сөйлемдердің  құрылысына қарай жай, құрмалас болып үлкен екі топқа жіктелуі; жай сөйлемдердің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз,  толымды, толымсыз болып саралануы;  олар жұмсалу мақсатына, айтылу сазына қарай хабарлы, сұраулы, лепті  сөйлемдер түріне бөлінуі  – осы кезеңнің үлесі.  Сөз тіркесін сөйлем мүшелерінен бөліп, синтаксисінің жеке саласы ретінде қарастырылуы да осы кезеңге жататын ең ірі жаңалықтар қатарын құрайды.

Үшінші кезеңге 2000 жылдардан бері қарайғы зерттеулер жатады. Бұл кезеңде зерттеу объектісіне айналған синтаксистік бірліктердің ашылмаған жаңа қырлары назарға ілікті. Синтаксистік бірліктер қатысымдық бірлік ретінде қатысымдық лингвистикамен ұштасса, сөйлеу тілінің прагматикалық негізі ретінде прагмалингвистикамен тығыз байланыста қарастырылуда. Сөз тіркесі синтаксисінің мәнін анықтайтын зерттеулер қатары семантика, сөзжасам, номинация теориясымен сабақтастықта зерттелуде. Құрылымдық синтаксисте тіл бірліктері жекелей алынып, ішкі байланысы құрылымдық-мағыналық деңгейде қарастырылса, функционалды синтаксисте осы белгілердің қалыптасуы контекст, мәтін деңгейінде зерттеледі. Ал қатысымдық синтаксисте сөйлем мүшелері мен сөйлемнің актуальді мүшеленуінің арақатынасы анықталады.

Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту бағдарламасының мазмұны мен құрылымы.  Оқу бағдарламалары белгілі бір пәннен берілетін нақты материалдарды қамтумен бірге, студенттің алға қойған мақсатына жетуге де көмектесетіндей болуы шарт. Бағдарлама пән бойынша белгілі бір нәтижеге жетуге, практикалық өмірде білім, білік, дағдыларын қолдана білуге жағдай туғызуға  қызмет етуі тиіс. Бағдарламада қамтылатын білім мазмұны бірізділікпен, жүйелі түрде берілуі шарт.  Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуға арналған бағдарламаның жобасы  типтік бағдарлама негізінде ұсынылды. Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады: Бірінші бөлімде типтік бағдарламада бар тақырыптар қамтылды. Синтаксис ғылымында шешімін тапқан, бірақ  бағдарламаға енбеген материалдар мен синтаксистің тілдік қатынас және когнитивті лингвистикамен байланысын танытатын тақырыптар қосымша ретінде ұсынылды. Екінші бөлімде осы тақырыптарды меңгертудің амалдары мен тәсілдері берілді. Үшінші бөлімде тақырып бойынша орындалатын СӨЖ, СОӨЖ тапсырмалары қамтылды. Төртінші бөлімде  тақырыпты   меңгергендерін  анықтау мақсатында қолданылатын бақылау тапсырмалары берілді. Бесінші бөлімде студенттің тақырыпты игеруде қол жеткізетін  нәтижесі   көрсетілді. Мысалы:   

1. Білім мазмұны бойынша жүйеленген тақырыптар.

1) Синтаксистің зерттелу тарихы: Синтаксиске қатысты ғылыми тұжырымдар;  синтаксистің қатысымдық және танымдық қызметі туралы пайымдаулар; А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдардың тілдік қатынас және таным туралы ойларының синтаксиспен сабақтастығы  және т.б.

2) Синтаксистің құрылымдық сипаты: Сөз және оның формасы синтаксисінің  танымдық сипаты; сөз тіркесінің  өзіне ұқсас тұлғалардан айырмашылығы: сөз тіркесі және атаулық тіркес, сөз тіркесі және шектеулі тіркес, сөз тіркесі және  фразеологиялық тіркес; мүшеленбейтін сөйлемдер: сөз-сөйлем, сөз-сөйлемше және т.б.

3) Синтаксистің функционалдық ерекшелігі: Сөз, сөйлем және мәтін – қатысымдық бірлік; күрделенген жай сөйлемдерге байланысты проблемалық мәселелер; компонент жай сөйлемдердің функционалдық сипаты т.б.

2. Тақырыпты меңгертуде қолданылатын амал-тәсілдер.

Интеграциялық, сыни-талдамалық, проблемалық, зерттеушілік т.б. әдістерді, білім беру технологиялары мен кешенді жұмыстар жүйесін өзара сабақтастықта қолдану   арқылы білім мазмұнын игертуді көздейді.

3. СӨЖ, СОӨЖ. А.Байтұрсынов, С.Аманжолов т.б. ғалымдардың синтаксис туралы тұжырымдарын тезис түрінде жазу; сөз тіркесі мен тұрақты тіркестің айырмашылығын кесте түрінде көрсету; фразелогиялық тіркестердің қатысымдық  қызметіне байланысты пікірлерге талдау жасау және т.б.

4. Бақылау тапсырмалары. Балама, анықтау, ашық, жабық т.б. тестер мен тапсырмалар  арқылы алған білімдері тексеріледі.

5. Күтілетін нәтиже. Тілдік бірліктерді пікір білдіруде т.б. қолдануы арқылы қатысымдық құзыреттілігі, тақырыпқа байланысты ақпараттарды жинап, сұрыптап, таразылап қолдануы нәтижесінде танымдық құзыреттілігі қалыптасады. Тілдік және мәдени бірліктерді тілдік қатынаста ұтымды пайдалануы линговомәдени құзыреттілігін жетілдіреді. Көпшілік алдында жүйелі сөйлеуі мен өзіндік көзқарасын дәлелдеуі әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен ұсынылған бағдарлама жобасы  бірнеше қызмет атқарады. Алған білімді бекіту  қызметі студенттің білім мазмұнын игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдануды үйретуге бағытталады.  Үйлестіру қызметі  студенттің әр түрлі білім көздерінен алған ақпараттарын  оқу үдерісінде ұштастыра білуін көздейді. Жүйелеуші қызметі студенттерді әр сала бойынша білім мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып пайдалануға  жетелейді. Дамытушылық қызметі студенттің  қабілеті мен білім, білік, дағдысын қалыптастыруға бағытталады.

 

2.2 Синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра оқытудың қатысымдық-танымдық негізі

 

Жаһандану үдерісі ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне ғана ықпал етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына әкелді. Бүгінгі күн талабы антропоцентристік парадигманың нәтижесінде туындаған қағидаттарды бір арнаға тоғыстыруды және оны тілді оқытуда қолдануды  қажет етіп отыр. Сол себепті синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуды тіл біліміндегі жаңа бағыттармен байланыста ұйымдастыру көзделді.

Синтаксисті коммуникативтік лингвистикамен байланыста оқытудың рөлі ерекше. Өйткені тілдік қатынас синтаксистік бірлік арқылы жүзеге асады.  Студент сөйлесім әрекетін тілдік жағдаятта қолданады.  Нәтижесінде қарым-қатынастың түрлерін игеру арқылы оны кез келген жағдаятта орынды қолдануға дағдыланады.

Білім мазмұнын танымдық әрекеттер (қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну, зейін қою) арқылы меңгерту синтаксисті оқытудың когнитивтік лингвистикамен байланысын көрсетеді.  Когнитивтік лингвистика синтаксистік бірліктердің танымдық аспектілерін әр қырынан айқындап, студенттің таным үрдісіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Мысалы, студент  сөз тіркесінің танымдық табиғатын түсінумен қатар, оны қалай, қандай жағдайда қолдана білу керектігіне мән береді. Студент білімін тілдік бірліктерді пайымдау арқылы қолдануға жаттығады. Ол тілдік бірліктердің мағыналық реңкін әр түрлі жағдаятқа сәйкес бейнелі жеткізуге дағдыланады. Сөз тіркесі мен сөйлемді және мәтінді меңгертуде  ой салатын, өз пайымын дәл, нақты жеткізуді талап ететін тапсырмалар студенттердің танымдық іскерліктерін дамытады.

Функционалды грамматика тілдік бірліктердің қолданылуының мағыналық, мазмұндық жағын, тіл деңгейіндегі қарым-қатынастық қызметін сөйлеу  жағдаятымен сабақтастықта қарастырады. Студент синтаксистік бірліктердің қарым-қатынас бірлігі ретіндегі жұмсалымдық қызметі мен өзіне тән белгілерін   игереді.  

Синтаксистік бірліктердің  прагматикалық тұрғыдан зерделенуі студенттің  тіл арқылы қарым-қатынас жасау жолдарын меңгеруіне көмектеседі.  Синтаксис тілдік бірліктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырса, прагмалингвистика сөйлеу материалын баяншы мен қабылдаушының қалай қолданғанын айқындайды. Студент  тілдік әрекеттердің субъектісі ретінде танылады. Прагмалингвистика баяншының  белгілі бір міндетті шешу үшін тілдік бірліктерді қалай таңдайтынын қарастырады. Ол үшін сөйлемдегі тема мен реманы, синтагманы, автордың тілдік қолданысын айқындауды қажет ететін тапсырмалар беріледі. Студенттер баяншы мен   қабылдаушының назарын аударуға тірек  болатын сөз тіркесі, сөйлем, мәтін және тыныс белгілердің прагматикалық мақсатта қолдануын біледі.

Қазіргі таңда студенттің тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіру, рухани жан-дүниесін байыту мәселесіне басымдылық берілді. Ж.Манкеева «халқымыздың материалдық, өндірістік деңгейі мен рухани өрісін бейнелейтін ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл қазынасын барынша толық жиып көрсетіп, қыр-сырын анықтау – этнолингвистиканың міндеті» екенін  айтады [14, 18].

Синтаксисті оқытуда ұлттың дiни-наным сенiмi, әдет-ғұрпы, салт-санасы мен дәстүрiн тілдік бірліктерге назар аудара отырып меңгертуге  мән берілді.         

Паралингвистикалық амалдар баяншының әлеуметтік жағдайы, жас мөлшері, мінез-құлқы туралы қосымша мәліметтер береді. Студент синтаксистегі үнемдеу құбылысы т.б. арқылы мимика, ым, ишара кинемасының тілдік қолданыстағы рөлін таниды. Кинемалық амалдарды игереді.

Сонымен  синтаксисті салааралық байланысты негізге ала отырып оқыту  синтаксистік бірліктердің танымдық, прагматикалық, паралингвистикалық т.б. қызметімен  студентті таныстыруға мүмкіндік береді. Олардың этнолингвистикалық білімін тереңдетуге көмектеседі.

Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқытудың лингвомәдениеттанымдық негізі. Мәдениет – адамзат баласы қызметінің жемісі. Қарым-қатынас құралдарының адам санасына, іс-әрекетіне әсер етуі, адам болмысын, оның мәдениетінің көрінісін айшықтайды. Қазiргi таңда  «тiл мен мәдениет, этнос» мәселесiне қатысты түрлі ғылым саласындағы зерттеу жұмыстары тiлдің ұлттық сипатын, ұлттық танымын, ұлттық рухын танытуға бағытталды. Антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулер «Тіл-Адам-Қоғам-Табиғат» байланысы тұрғысынан  қарастырылады. Осыған қатысты келелі тұжырымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Аманжолов, т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.   

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі болашақ маманның лингвомәденитанымдық білімінің   болуын талап етеді. Бұл студенттердің  тарихын,  өз елінің мәдениетін  жете біліп, ұлттық құндылықтарды  игеруімен байланысты. Студенттің мәдени біліктілігінің болуы олардың мәдениетаралық коммуникацияға түсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде студент   дара тұлға ретінде қалыптасады. Тілдің  халықтық дүниетанымды, салт-дәстүрді, ұлттық болмысты және т.б. танытатын этномәдени ақпарат құралы ретінде жұмсалуынан   мәдени-тарихи  және  ұлттық болмыс туралы ақпараттарды мәдениетаралық  қарым-қатынас тұрғысында игереді. Студент саналы, адамгершілік, қоғамдық қарым-қатынастардың  мәдени  коммуникация арқылы орындалатынын біледі.

Ә.Әлметова «адамның сөйлеу тілі арқылы көрінетін ұлттық мәдениет қана лингвомәдениеттанудың нысаны» бола алатынын,  «тіл ұлттың негізгі белгілерінің бірі болғандықтан, сол халықтың мәдениетін» көрсететінін  нақты фактілер арқылы дәлелдеді. «Шынайы тілдесу тілдік құзыреттілікпен» шектелмейтінін, «ол лингвоелтанушылық білімді қажет» ететінін дәйектеп, тілді үйретудегі лингвомәдениеттанудың рөлін айқындады. Ғалымның тұжырымы бойынша,  «қазақ халқы туралы мәдениеттану мәліметтері сөйлеу әрекетінің кез келген түріне оқытуда, өнімді түрі болсын, баяндау түріне оқыту болсын, маңызды рөл атқарады»  [15, 131, 178, 191] .

Синтаксисті меңгертуде дәріс, практикалық, СӨЖ, СОӨЖ сабақтарында халық өмірінің даналығы,  мәдениеті және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің тілдегі көрінісінен студент тіл құдыретін сезініп,   тарих, мәдениет, әдебиеттің қат-қабат қойнауында сақталған ұлттық құндылықтарды меңгереді.

 

2.3 Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан оқытудың психологиялық негізі

 

Тілдік ұғымдарды психология ғылымы тұрғысынан зерделеу М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.  

Б.Г. Ананьевтің зерттеуі бойынша,  студенттік шақта адамның негізгі функциялары (сенсорлық-перцептивтік), мнимикалық (есте қалдыру), психомоторлық (қимыл-әрекеттері), әсіресе, сөйлеу-ойлау үдерістері айтарлықтай белсенді түрде дамиды [16]. Студенттердің дамуы олардың темпераментінің қалыптасуына әсер етеді. Студенттің темпераменті  оның жеке тұлғалық қасиетін, қабілетін  танытады. Студенттің танымдық қабілеті белгілі  бір ортадағы қарым-қатынаста  ақпаратты ұтымды қолдануынан байқалады.  

Қ.Жарықбаев «қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты» болатынын, «баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып» отыратынын айтады [17, 255].  

Адамның ойы әр уақытта сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы берілетіндіктен, ой сыртқы  дүниені бейнелеудің формасы, ал сөз ойды жеткізудің құралы болып есептелетіні белгілі. Студенттің ойының дамуы оның атқаратын іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болғандықтан, синтаксисті меңгертуде логикалық тапсырмалар көптеп қолданылды. Мәселен, студенттерге  ақын-жазушылардың шығармалары беріліп, олардың ішінен кейбір сөздер мен сөз тіркестері алынып тасталып, шығарманы толықтыру тапсырылды:

Жер жүзіне   ...         жайылған,  Жан емеспін,  ... , ...       тайынған. Қайраты мол қандыбалақ,...,  Күн болған жоқ  ... жүрек шайылған (М.Жұмабаев).  Қажетті сөздер: ер атағым,  оттан, судан,  қыранмын,  жаудан.

Топтық жұмыстар арқылы орындалатын логикалық тапсырмалар  студенттерді  өзара пікір алмасуға жетелесе, синтаксистік бірліктердің ассоциациясы оларды есте сақтауға көмектесіп, берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрау, сөйлемнен мәтін құрау, сөйлемдерді өзара салыстыру, айырмашылықтарын айқындауда студенттің тақырыпты  қабылдауын жеңілдетеді.   

Синтаксисті  қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда ой формаларының ішінде ең қажеттісі – пікір.  Студентті пікір айта білуге үйретуде сөздің дара тұрған қалпында емес, сөйлем ішіндегі, сөз тіркесіндегі, контекстегі қолданысын меңгертуге мән берілді. Нәтижесінде студент тілдік фактілерге сүйене отырып сұрақ қою және жауап беруге, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланды.

Қатысымдық бағытқа сәйкес ұйымдастырылған проблемалық сабақтар (алдын-ала берілген тақырып бойынша студенттің дәріс оқуы, әр түрлі жағдаяттарды ұйымдастырып, практикалық сабақты жүргізуі, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларының аясындағы ізденіс жұмыстары, т.б.) және дебат сабақтары, т.б. дәстүрден тыс сабақтардың жүйелі қолданылуы студенттердің интеллектуалдық әлеуетін көтеруге, практикалық дағдыларын дамытуға әсер етті.

 

2.4 Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан оқытудың педагогикалық негізі

 

А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Көбеев, Ғ.Қарашев т.б. қазақ ағартушыларының педагогикалық ойлары синтаксисті оқытудың негізін  құрайды. 

М.Жұмабаевтың «бала тәрбиясы бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбия қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деген тұжырымы синтаксисті оқытуда басшылыққа алынатын ой-пікірлерді айқындауға тірек болды [18, 7].

Абайдың «ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?» немесе «ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ» деген қағидаттары студентті еңбекті бағалауға, ғылымды игеруге жетелейді [19, 107].  

Ы.Алтынсарин материалдарды баланың жас және ұлттық ерекшелігін, ақыл-ойының өрісін және оларды игеру қабілеттерін ескере отырып  ұсынды. Ол мұғалімнің оқу құралдарымен жан-жақты танысып, материалды алдын ала жоспарлап алуына мән берді. Оны қандай әдістер арқылы меңгертуге болатынына назар  аударды. Ағартушы ғалымның пікірлері синтаксисті оқытуда ғылыми фактілерді, аса маңызды ғылыми қағидаларды  сұрыптап, алдын ала екшелеп алуға ықпал етті.  

М.Мұқановтың «Сабақта студенттермен байланыс жасаудың негізгі тәсілінің бірі – оқытушының сөзінің нақты және студенттерді сендіретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі деп, айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады» деген пікірі педагогикалық үдерістегі оқытушының қатысымдық мәдениетіне байланысты мәселелерді айқындауға ықпал етті [20, 45].

Педагогикалық қызметте педагогтің қатысымдық мәдениеті бірінші орында тұрады. Болашақ маманның қатысымдық мәдениеті адамдармен қарым-қатынас жасай  білуінен байқалады. Адамдармен тез арада тіл табыса білуі оның қатысымдық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Студенттің қатысымдық мәдениеті оның  өзін өзі тәрбиелеу  мен дамытуының  дәрежесін, қатысымдық дағдысы мен қатысымдық қабілетін байқатады. Қатысымдық қабілеті  коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен көрінеді. Ол студенттен жаңа білім мен дағдыны өңдей алатын қабілеті болуын,  алатын білімін дұрыс ұйымдастыра білуді, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды,  жұмысын бағалай білуді талап етеді. Білім беру жүйесінде болашақ ұрпаққа білім беру мен оларды дұрыс  тәрбиелеу оқытушының қызметі және кәсіби біліктілігімен сабақтастықта қарастырылады. Сапалы білім беру мен студентті  дара тұлға ретінде дұрыс тәрбиелеу оны болашақ мұғалімге қажетті кәсіби дағдыны, білімді, мәдениетті, балалармен қарым-қатынас орната білу қабілетін, оқу үрдісін дұрыс та ұтымды ұйымдастыру жолдарын меңгертуді талап етеді. Студенттің  бойына осы қасиеттерді сіңіру үшін ғалымдардың педагогикалық тұжырымдары  маңызды болып табылады.

       

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе мынадай тұжырымдар жасалды:

Әлемдік білім кеңістігіндегі егемен елдің болашағы    кәсiби    даярлығы жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары жағдайында еңбек етуге қабiлеттi мамандарды даярлауды талап ететіндіктен, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту студенттердің тұлғалық қасиеттерін шыңдаумен байланысты. Сондықтан болашақ филолог мамандарды дайындауда қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі бағыттың тұстастықта іске асырылуын қажет етеді. Бұл орайда синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста игеруге, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауға, оның синтаксисті  оқытуда алатын орнын зерделеуге, алған білімдерін сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруға мүмкіндік береді. Синтаксисті танымдық тұрғыдан оқыту студенттің  танымдық әрекетін жетілдіреді және танымдық іскерлігін қалыптастыруға көмектеседі.  

Тіл білімінің синтаксис саласын оқытудың маңызы    біріншіден,     тілдік  бірліктердің қолданылу дәрежесін айқындайды; екіншіден, студенттердің сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіреді; үшіншіден, синтаксистік бірліктерді қарым-қатынас құралы ретінде танытады. Осыған сәйкес кредиттік оқу жүйесіне негізделген «Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту» бағдарламасының жобасы ұсынылды. Жоба білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың талаптарына сай дайындалды. Жобаның мақсаты мен міндеті синтаксистік бірліктердің зерттелу тарихын, мағынасы мен айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін, атқаратын қызметін және синтаксис саласына қатысты даулы мәселелерді талдауды көздейді.

Синтаксистегі өзекті мәселелерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында кәсіби-қатысымдық, антропоөзектілік, креативтілік, нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымдарын басшылыққа алу білім мазмұнын анықтауға мен студенттердің тұлғалық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.   

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.   Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб.

2.   Жұбанов Қ. О формах сочетания слова на казахском языке. – Алматы: Ғылым, 1966. – 50 б.

3.   Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат,  1994.  – 16 б.

4.   Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. –  4 -68 -75 бб.

5.   Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.

6.   Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.

7.   Арғынов Х.  Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: -1969. – 212-260 бб.

8.   Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004. – 5 б.

9.   Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.

10.             Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының  академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»:  VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция  материалдары. Ақтөбе,  2005. – 90-93 бб.

11.             Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий.Москва, 2001. – 30 с.

12.             Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.

13.             Г.Қосымова. Шешендік өнердің негіздері. – Алматы: Баянжүрек, 2007.–  201 б.

14.             Манкеева М.  Ұлт тұғыры – тілде // «Этнос және тіл»: Академик Ә.Қайдардың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. –15-19 бб.

15.             Ә. Әлметова. Сұхбаттасу мәдениеті. – Алматы: Толағай, 2007. – 131-178-191 бб.

16.             Ананьев Б.Г.Психология и проблемы человекознания. – Москва : МОДЭК, 2005.

17.             Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Білім, 1993.– 255 б.

18.             Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан,  1993. – 7 б.

19.             Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986.–107 б.

20.             Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы: ҚазМем.баспасы, 1962. – 45б.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Курсовая работы на тему "Синтаксисті оқыту жолдары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2017 4086
    • DOCX 218.5 кбайт
    • 81 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рамазанова Салтанат Кинаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рамазанова Салтанат Кинаевна
    Рамазанова Салтанат Кинаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31921
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой