Инфоурок География ПрезентацииПрезентация:Тәуке хан тұсындағы « Жеті жарғы»-заңдық ережелер жинағы.

Презентация:Тәуке хан тұсындағы « Жеті жарғы»-заңдық ережелер жинағы.

Скачать материал



Жеті жарғы.


Сабақтың тақырыбы:Тәуке хан тұсындағы « Жеті жарғы»-заңдық ережелер  жинағы.
Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Тәуке хан тұлғасын таныстыру.хан тұсындағы қазақ хандығы. Оның ішкі және сыртқы саясаты мен«Жеті Жарғы » заңытуралы түсінік қалыптастыру.

ә) тәрбиелігі
: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру.Тәуке ханның саясаты туралы өз беттерінше ізденіп,білім толықтыруға бағыт алу.

. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, т. б.бейнебаян.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу,
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, құқықтану.

Сабақ кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Тәуке хан болу қарсаңындағы қазақ хандығының саяси жағдайы.
2. Тәукенің хан тағына отыруы.
3. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
4. «Жеті жарғы»
5. Ұлы билер.

Жаңа сабақты баяндау:Мұғалім сөзі.

Құрметті ұстаздар,оқушылар.Бүгін біз  ашық сабағымызды сыныпты 3-топқа бөліп ,сол топтарға  берілген үй тапсымаларын тексеруден  бастаймыз.

1-тапсырма.1-топқа-«Шыңғысханның Ясасы». 2-топқа-«Қасымханның қасқа жолы».3-топқа «Есім ханның ескі жолы» тақырыптарын  қорғап  шығу керек.

 Мұғалім сөзі---Сонау Түркі қағанатының өмір сүрген кезеңінде  қалыптасқан құқықтық ұғымдар кейінгі кезеңдердегі саяси құрылымдардың мемлекеттік-құқықтық өміріне мықтап сіңді де, оларды қазақ халқы мирас етіп алды.Түркі тілдерінде «құқық» және « мемлекет» деген терминдердің пайда болуы осынау саяси құбылыстардың  қалыптасқанын дәләлдейді.Қазақстан жеріндегі  түркі халықтарының    саяси дамуының табиғи-тарихи процесін XIII  ғасырдағы  татар-монғол шапқыншылығы зорлықпен бұзып  жіберді.

1-топқа-«Шыңғысханның Ясасы»
«Жасақ»
Дала өмірінің барлық қыр-сырларын реттейтін заңдарының келесі кезеңі – ұлы қолбасшы, түркі халықтарының басын қосқан Шыңғыс ханның «Ұлы ережелер жинағы» - «Жасақ» (Яса) болды. Ол 1206 жылы жарияланған еді.
«Әлемді дүр сілкіндіруші» Шыңғыс ханның жарлығы бойынша және оның басшылығымен «Жасақты» ханның әскери қолбасшысы әрі кеңесшісі Майкыби жазды.Ол – қарапайым әмірдің қағидалары мен заңдары – Білікті, билік пен мемлекет соты - Төрелікті, әскери тактика мен стратегия – Жасақты қамтыды.
2013-12-02_110020
«Ұлы Жасақта» мемлекетті нығайтуға, соғыс жүргізуге басты назар аударылды. Бұл жерде қатаң тәртіп қажет еді. Сол себепті өзін-өзі хан деп жариялау, әдейі алдау, үш рет барынан айрылу, қашқын тұтқынды немесе құлды жасыру, соғыста жәрдем бермеу, майданнан қашу, сатқындық, ұрлық жасау, жалған куәлік беру, үлкендерге құрмет көрсетпеу секілді қылмыстар өлім жазасына тартылды.
Ұлы  Далада 400 жылға тыныштық орнады. Қолөнер мен сауда-саттық қатынас өркендеді. Халық әр түрлі діни нанымдарына қарамай, бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрді.
2013-12-02_110034Мұсылмандардың мешіттері мен христиандардың шіркеулері Тәңірге табынушылардың, буддашылар мен зороастрийлердің қасиетті мекендері қатар тұрды. Алып елдің ұлан-ғайыр жерінде байланыс (пошта) кызметі жақсы жолға қойылды. Хат жеткізушілер мен жиһанкездердің белгіленген орынға хабар не хат жеткізу жылдамдығы XX ғасырдың басындағы теміржол қызметімен бірдей болды.
Өкінішке орай, ішкі келіспеушіліктер біртіндеп Шыңғыс хан империясының тамырына балта шапты. Империя бірнеше шағын мемлекеттерге ыдырап, олардан да өз кезегінде шағын мемлекеттер бөлініп шықты.

 

2-топқа-«Қасымханның қасқа жолы» 

 «Қасым ханның қасқа жолы»
XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу дарынымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады.
Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тәртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан жаңа мемлекетті басқару аясында «Әдет» пен «Ұлы Жасаққа» негізделген заңдар жинағын жасады. Бұл заң бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жер және жесір дауына орай құн төлеу, салық төлеу мәселелері қарастырылған. Екіншіде – қылмыс пен жаза өлшемдері белгіленген. Үшіншісінде – әскери тәртіп пен оны бұзушыларға қолданылатын жаза түрі, ал төртінші бөлімде – елшілік қарым-қатынастар айқындалған. Бесінші бөлім халықтың ата-дәстүріне арналған.
Ата-дәстүр мен салт-санадан алынған бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен жүруге шақырды. Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді.

Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет «Қасым ханның қасқа жолы» атты 5 бөлімнен тұратын заң шығарды.Қасым хан заң арқылы бір орталықты басқару жүйесін жетілдірді.

1.Мүлік заңы.(жер дауы, мал-мүлік дауы.)

2.Қылмыс заңы.(кісі өлтіру. Талау, шапқыншылық жасау,ұрлық істеу.)

3.Әскери заң(аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан,ердің құны, тұлпар ат.)

4.Елшілік жоралары(майталман шешендік, халықаралық қаынастағы сыпайылылық, әдептілік, ибалылық.)

5.Жұртшылық заңы(шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл.)


Қасым ханның қасқа жолы.

1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал - мүлік дауы);
2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері);
4. Елшілік жоралары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері жасауыл және т. б.)

3-топқа «Есім ханның ескі жолы» тақырыптарын  қорғап  шығу керек.

 «Есім ханның ескі жолы»
2013-12-02_110044Мемлекетті нығайтып, заң үстемдігін күшейткен келесі адам – Есім хан. Оның билігі тұсында XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жағдайы айтарлықтай күрделенді. Сырдария маңындағы қалаларға иелік ету үшін Бұхара хандығымен болған соғыс ұзаққа созылды. Қоғамда билікке деген сенім мен құрмет айтарлықтай төмендеді. Осындай жағдайда мемлекеттің ыдырауының алдын алу жолы – халықты ортақ мүддеге жұмылдыру, біріктіру еді. Есім хан халық жадында «Есім ханның ескі жолы» деген атпен танымал өзінің құқықтық ережесін жасады.
Бүгінде Қасым хан мен Есім ханның заңдар жинағы Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» орын алған.

Есім хан қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді. Сұлтандар мен төрелерге еркіндік билік берді.Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыру  мақсатында «Есім ханның ескі жолы» атты әдет-ғұрып  ережелер жинағын шығарды.

1.

2.

3.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы.«Жеті жарғы.»

Сабақ жоспары.
Сабақтың жоспары:
1. Тәуке хан
2. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
3. «Жеті жарғы» бойынша ханның құқығы мен міндеттері
4. Заңның құрылымы.

2.Қазақ тілі пәнімен байланыстыру.

3. Құқық негіздері пәнімен байланыстыру. ҚР Ата Заңы туралы

Сол кез елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерледі туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрын соңғы тарихында басынан небір қилы замандарды елдің санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір оқиғалардың соқпақтарынан аңғарамыз.
Сол соқпақтардың бойында елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі, тарихтағы іздері осы күнге дейін сайрап жатыр. Міне, осы ұлы тұлғалардың бірі Тәуке хан ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, Өз заманыныда Тәуке хан дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алды.
Тегі жағынан алып қарасақ, Тәуке хан Есім ханның немересі, Жәңгір ханның баласы, шежіре түрінде қарасақ: Керей – Бұрындық – Жәдік – Шығай – Есім – Жәңгір – Тәуке.
Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін Жоңғар басқыншылықтарынан қорғаумен өткізген. Жәңгір қайтыс болған соң хан тағына 1680-1715 ж Тәуке билік құрды. Тәуке ханның шын есімі: Мұхаммед Батыр хан. Тәуке хан феодал шоңжарлардың өкілдері мен билерден құралған «билік кеңестің» рөлін арттырды. Билер хандықтың ішкі өмірімен сыртқы саяси өмірінде аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Феодалдар арасындағы ірі даулардың бәрі билердің тікелей қатысуымен шешілетін болды.
Тәуке ханның негізгі мақсаты – хан билігін нығайту. Билер кеңесі Битөбеде (Түркістан), Мәртөбеде (Сайрам), Күлтөбеде (Ташкент) өткізілген. Даулы мәселелерді шешу билер сотына жүктелді.


 «Жеті жарғы»
Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш - қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осыдан қалса керек. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы сияқты» байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларының алынды. Зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің таңдаулы жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы, үш кемеңгер деп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс – тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.

Құрылтай туралы.Жылына бір рет, күз айларында белгіленген жерде қазақ елінің барлық ру-тайпа басшылары құрылтайға жиналуға тиіс болды. Қатысушылар қару асынып келген.Қарусыз келген адам- құрылтай кеңесіне жіберілмеген,дауыс беру құқығынан айырылған.

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
1. Жер дауы.
2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.
.



5. Ұлы билер
.
Біз билерді тек бір қырынан ғана емес, бірнеше қырынан көреміз.
Би – көсем – көпті көрген, көкірегі ояу, болашақты болжайтын адам.
Би – шешен – от ауызды, орақ сөз зергері.
Би – батыр – қаһарлы хандардың алдында да именбей, әділ сөзін айта алушы.
Би – ақын. Үш бидің әрбір сөзі төгіліп тұрған жыр емес пе?
Би – заңгер. Барлық даулы мәселелерді айыптаушы, қорғаушы, төле би қызметтерін атқарушы.
Би – елші. Мемлекетаралық мәселелерді шешуде белсенділік танытты.
Би – тәрбиеші. Кейінгі ұрпаққа тәлім – тәрбиелік ұлағаты мол өнегелі сөздерін қалдырушы.
Би – саясаткер. Қоғам қайраткері, олар елмен ел арасындағы қоғамдық мәні зор мәселелерді шеше білген ханның кеңесшісі.

XVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды
Төле би
- 1663 - 1756 ж. ж өмір сүрген. Ұлы Жүздің төбе биі. Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер. Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі
- Жеті Жарғы Заңын жасаушылардың көрнекті өкіл
-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.

Қазыбек би

- 1667 - 1764 ж. ж. өмір сүрді. Сыр бойында дүниеге келген. Орта Жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмлегер, дипломат.
- Жоңғар хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.

Әйтеке би (Айтық)

- 1682 - 1766 ж. ж. өмір сүрген. Кіші Жүздің биі. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.
- Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі, 12 жасына дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.
- Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.


 

Енді құқық пәнаралық байланыс.

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттілік құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

Кейіннен 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Тарихы

Қазақ АССР Конституциясы 1926 жыл

Қазақ ССР Конституциясы 1937 жыл

Қазақ ССР Конституциясы 1978 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы - оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен оның ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

 

 Конституцияны қабылданған күні - 1995 жылғы 30 тамызда

Конституция құрылымы  I бөлім. Жалпы ережелер

II бөлім. Адам және азамат

III бөлім. Президент

IV бөлім. Парламент

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Конституциялық кеңес

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

Өзгертулер мен түзетулер

1998 жыл

Қазақ тілі пәнімен байланыстыру.

1.     «Жеті жарғы» сөзіне фонетикалық талдау.

Жеті – жіңішке буынды сөз

Е,і – дауысты, екеуі де жіңішке, екеу де езулік, е- ашық дауысты, і-қысаң дауысты.

Ж, т,- дауыссыз дыбыстар

Ж-ұяң, т-қатаң

Же-ті екі буынды, екеуі де ашық

Тасмалданады

 

Жарғы – жуан буынды сөз.

А, ы – жуан дауысты дыбыстар, екеуі де езулік, а-ашық, ы-қысаң.

Ж, р,ғ – дауыссыз дыбыстар

Ж,ғ – ұяң, р-үнді.

Жар-ғы – екі буынды 1-буын бітеу, 2-ші буын ашық.

 

2.Әділдік, шешім сөздеріне морфологиялық талдау жасау.

Әділдік – туынды дара  зат есім

Түбірі әділ зат есім

Дік – зат есім тудырушы жұрнақ

Әділдік — не? Деген сұраққа жауап береді

Атау септікте тұр.

Жалпы есім

Дерексіз

Жансыз

  Шешім – туынды зат есім

Түбірі шеш – етістік

Ім-зат есім тудырушы жұрнақ

Шешім – дара зат есім

Не? деген сұраққа жауап береді

Атау септікте тұр.

Дерексіз

Жансыз

 3.Дауды әділ, тура шешкен билерді халық «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

Дауды әділ, тура шешкен билерді халық «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған.- хабарлы сөйлем

Жай сөйлем

Баяндауыш – не істеген? мадақтаған

Бастауыш – кім мадақтаған? халық

Толықтауыш – кімдерді мадақтаған?  билерді

Анықтауыш -  қандай билерді? әділ, тура шешкен

 Толықтауыш – нені әділ, тура шешкен? Дауды

Пысықтауыш — Қалай мадақтаған? «Қара қылды қақ жарған» деп

 Жайылма, толымды, жақты сөйлем

Бекіту тапсырмалары.

1-тапсырма. «Кім жылдам.»Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Тапсырма. Енді оқушылар келесі тапсырма бойынша әр топқа берілген ұяшықтарды ашып 7 санына байланысты бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін ата заңдарына, салт-дәстүрін табу керек.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті қазына.1.Ер жігіт.2.Сұлу әйел.3.Ілім-білім.4.Жүйрік ат.5.Құмай тазы.6.Қыран  бүркіт.7.Берен мылтық.

 

 2-тапсырма.Топтық жұмыс. Постер қорғау. 1-топ Билер туралы.

2-топ.АтаЗаң-Конституция \не,қайда.қашан.\

3-топ.Жеті Жарғы постер қорғау.

Бағалау.Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау.. VII. Үй тапсырмасы:   тақырыпта кездескен тарихи есімдер мен атауларды теріп диктант жазу, тақырып бойынша тест құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 - тапсырма «Миға шабуыл» әдісі
1. «Би» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар?
Би ------→ Елші, мәмілегер, саясаткер, қоғам қайраткері, ойшыл, заңгер, ақын, шешен

3. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер?
4. «Құн» деген не?
5. Құрылтай дегенді қалай түсінесің? Қандай мәселелер қаралды?

Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт - дәстүрін сақтап қалуда зор еңбегін сіңірді. Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады. Ұлы билердің қара қылды қақ жарған билік кесімдері бүгінгі таңдағы ел басқарып жүрген әкімдерімізге үлгі - өнеге болуға тиісті. билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы билеріміздей болса, халқымызда қандай өнегелі ел болар еді.

Бекіту:1-тапсырма :  «Жеті жарғы» мен ҚР Конституциясын және   «Жеті жарғыны╗ құруға атсалысқан Үш би  туралы  постер қорғау.

2-тапсырма.
І. Оқып пікір талдау стратегиясы (Сабақты түсіндіре отырып, жетелеу сұрақтары арқылы оқушыны қатыстыру)
1. Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.
XVI ғасырдың ортасында Батыр қонтайшының билікке келуіне байланысты Жоңғар мемлекетінің күш - қуаты артты. Батыр қонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643, 1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды. Осы кезде қазақтардың хан тағына 1628 - 1652 жылдары Есімнің баласы Жәңгір отырды.
Оның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады.

2. Тәукенің хан тағына отыруы.
Тың өзгерістер енгізді
«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды
Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды
Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды
Феодалдық талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға күш салды
3. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы жағдайы.
Елдің ішкі жағдайы өте шиеленісіп тұрды
Үстем тап өкілдері арасында ішкі, талас - тартыс пен алауыздық өрші түсті
Қазақ жүздері біртұтас қазақ хандығын мойындағанмен, іс жүзінде олар Ұлы ханға бағынбау
үрдісін ұстанды
Сұлтандардың өздері кіші хандарға бағынғысы келмей, өз алдарына жеке - дара билік жүргізуді көздеді

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы жағдайы
Орыс мемлекетімен экономикалық және саяси - дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты
1573 жылы С. Малцев пен Т. Чебуков бастаған орыс елшілігі келді
1694 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады.
Ресей болса қазақ хандығын Сібір ханы Көшімге қарсы одақтас еткісі келді. 1598 жылы Көшім біржолата жеңіліске ұшырады
Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.

4. «Жеті жарғы»
Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш - қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осыдан қалса керек. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы сияқты» байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларының алынды. Зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің таңдаулы жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы, үш кемеңгер деп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс – тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.

Қасым ханның қасқа жолы.
1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал - мүлік дауы);
2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері);
4. Елшілік жоралары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері жасауыл және т. б.)

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.

Сергіту кезеңі: Қазақта « жеті» санын киелі деп санаған. Жеті санына байланысты мақал - мәтелдер айту.

5. Ұлы билер
XVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды
Төле би
- 1663 - 1756 ж. ж өмір сүрген. Ұлы Жүздің төбе биі. Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер. Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі
- Жеті Жарғы Заңын жасаушылардың көрнекті өкіл
-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.

Қазыбек би
- 1667 - 1764 ж. ж. өмір сүрді. Сыр бойында дүниеге келген. Орта Жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмлегер, дипломат.
- Жоңғар хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.

Әйтеке би (Айтық)
- 1682 - 1766 ж. ж. өмір сүрген. Кіші Жүздің биі. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.
- Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі, 12 жасына дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.
- Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.

1 - тапсырма «Миға шабуыл» әдісі
1. «Би» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар?
Би ------→ Елші, мәмілегер, саясаткер, қоғам қайраткері, ойшыл, заңгер, ақын, шешен

3. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер?
4. «Құн» деген не?
5. Құрылтай дегенді қалай түсінесің? Қандай мәселелер қаралды?

Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт - дәстүрін сақтап қалуда зор еңбегін сіңірді. Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады. Ұлы билердің қара қылды қақ жарған билік кесімдері бүгінгі таңдағы ел басқарып жүрген әкімдерімізге үлгі - өнеге болуға тиісті. билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы билеріміздей болса, халқымызда қандай өнегелі ел болар еді.
Сабақты қорытындылау кезеңі. “Кім жылдам?”

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы.

 

  •  

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы, оның ішкі және сыртқы саясатына тоқталу, «Жеті жарғы» заңы туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу.
Дамытушылық: оқушылар ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: топтық әдіс
Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек-сызба, суреттер, кесте
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын оқу құралдарын түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Сынып 2-топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды.
I топ: «Отырар» тобы, II топ: «Түркістан» тобы. Әр топ басшылары өз топтарын таныстырады.
Үй тапсырмасын екі бөлімге бөліп қарастырамыз. I бөлім «Мен білемін». Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
«Отырар» тобының сұрақтары:
1. XV ғасыр Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында найман тайпалары қандай географиялық аймақтарды мекендеді?
2. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл, неше ғасыр болды?
3. Қасым хан кім қарсы соғыс жүргізді?
4. Ноғай Ордасы неліктен ыдырады?
5. Жәңгір ханға Самарқаннан көмекке келген батыр?
«Түркістан» тобының сұрақтары:
1. Қозыбасындағы таудың «Хан тауы», «Хан ордасы» деп аталу себебі неде?
2. Есім ханмен қатар өзін хан деп жариялап, Ташкентті астанасы еткен кім?
3. Жәңгір ханды жоңғарлармен күрестегі ерлігі үшін қалай атады?
4. 1643 жыл қандай шайқас болды?
5. Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, 9 қаланы басып алды.
Сол қалаларды атаңдар?
II бөлім «Мен – саған, сен - маған», - деп аталады. Бұл бөлімде екі топ бір-біріне 10 сұрақтан қойып, оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендігі тексеріледі.
III. Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1. Тәуке хан
2. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
3. «Жеті жарғы» бойынша ханның құқығы мен міндеттері
4. Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз.
Он сан алаш бірігіп,
Ойран болды жауымыз,- деп халқымыз жырлағандай, сол кез елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерледі туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрын соңғы тарихында басынан небір қилы замандарды елдің санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір оқиғалардың соқпақтарын аңғарамыз.
Сол соқпақтардың бойында елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі, тарихтағы іздері осы күнге дейін сайрап жатыр. Міне, осы ұлы тұлғалардың бірі Тәуке хан ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, ой-санасы куә. Батыр да, хан да, қара да бола білген өз заманының перзенті Тәуке хан дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алды.
Тегі жағынан алып қарасақ, Тәуке хан Есім ханның немересі, Жәңгір ханның баласы, шежіре түрінде қарасақ: Керей – Бұрындық – Жәдік – Шығай – Есім – Жәңгір – Тәуке.
Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін Жоңғар басқыншылықтарынан қорғаумен өткізген. Жәңгір қайтыс болған соң хан тағына 1680-1715 ж Тәуке билік құрды. Тәуке ханның шын есімі: Мұхаммед Батыр хан. Тәуке хан феодал шоңжарлардың өкілдері мен билерден құралған «билік кеңестің» рөлін арттырды. Билер хандықтың ішкі өмірімен сыртқы саяси өмірінде аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Феодалдар арасындағы ірі даулардың бәрі билердің тікелей қатысуымен шешілетін болды.
Тәуке ханның негізгі мақсаты – хан билігін нығайту. Билер кеңесі Битөбеде (Түркістан), Мәртөбеде (Сайрам), Күлтөбеде (Ташкент) өткізілген. Даулы мәселелерді шешу билер сотына жүктелді. Біз билерді тек бір қырынан ғана емес, бірнеше қырынан көреміз.
Би – көсем – көпті көрген, көкірегі ояу, болашақты болжайтын адам.
Би – шешен – от ауызды, орақ сөз зергері.
Би – батыр – қаһарлы хандардың алдында да именбей, әділ сөзін айта алушы.
Би – ақын. Үш бидің әрбір сөзі төгіліп тұрған жыл емес пе?
Би – заңгер. Барлық даулы мәселелерді айыптаушы, қорғаушы, төле би қызметтерін атқарушы.
Би – елші. Мемлекет аралық мәселелерді шешуде белсенділік танытты.
Би – тәрбиеші. Кейінгі ұрпаққа тәлім – тәрбиелік ұлағаты мол өнегелі сөздерін қалдырушы.
Би – саясаткер. Қоғам қайраткері, олар елмен ел арасындағы қоғамдық мәні зор мәселелерді шеше білген ханның кеңесшісі.
II. «Жеті жарғы». Тәуке ханның ел ішіндегі тәртіпті реттеуге қатысты жүргізілген саяси еркіндік шаралары қазақ тарихында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деп аталады. Ол ежелгі жол – жора тұрғысында жасалған жаңа заман, жаңа ортаға икемделген айрықша мәнді құжат болып, бұған «билер кеңесін» құру арқылы қол жеткізілген. «Жеті жарғы» ұлыстың береке бірлігін сақтауға бағытталған негізгі заң ғана емес, қоғамдық жалпы барысқа арналған мемлекеттік саяси еркіндік заңы еді. Бір сөзбен айтқанда, «Жеті жарғы» жеті баптан тұрады: құн дауы, бала тәрбиесі, қылмыстық жаза, руаралық дау, ұлт қауіпсіздігі, жер дауы, жесір дауы. Бұл шыққан заң тарихта «Тәуке хан заңдары» деп аталады. Қазақша жарғы деген сөз «әділдік» дегенді білдіреді. Тәуке ханның «жеті жарғысы» заңы қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. «Жеті жарғы» заңын жазуда атақты үш биіміз Төле би, Қазбек би, Әйтеке би Тәуке ханға көмектеседі.

«Жеті жарғы» баптары:
1. Мемлекет ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң жазалансын.
2. Түрік халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуі тиіс.
3. Кімде-кім ел ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.
4. Кімде-кім неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.
5. Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сәйгүлікті ұрласа сол өлтірілуі тиіс.
6. Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамда жарақаттаса, сол мынадай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс:
А) кімде-кім бір адамның көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төленсін.
Б) кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз атын төленсін.
7. Кімде – кім біреудің атын және құнды затын ұрласа ол оған он есе мөлшерде құн төлейтін болсын.
III. «Жеті жарғы» бойынша ханның құқығы мен міндеттері.
IV. Ішкі – сыртқы саяси жағдайы.
V. Қорытынды. Қазіргі ҚР Конституциясымен байланыстыру.
VI. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
«Нені білдім?»
1. Тәуке хан қай жылдары ел биледі?
2. «Жеті жарғы» деген не?
3. Жоңғарлардың қазақ жеріне ұмтылуын бәсеңдету үшін Тәуке кімдермен одақтасты?
4. «Жеті жарғыда» қоғамдық өмірінің қандай жақтары қамтылған?
5. Тәуке хан тұсында ішкі жағдай қандай болды?
VII. Үй тапсырмасы: №44, тақыпта кездескен тарихи есімдер мен атауларды теріп диктант жазу, тақырып бойынша тест құрастыру.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация:Тәуке хан тұсындағы « Жеті жарғы»-заңдық ережелер жинағы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм  мммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм м     ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяя

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2015 3150
    • DOCX 102.2 кбайт
    • 45 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимова Мая Садыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимова Мая Садыковна
    Рахимова Мая Садыковна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32742
    • Всего материалов: 32

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе