Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау
2 слайд
Оқыту – педагог жүзеге асыратын білім алушылардың оқу-танымдық қызметін басқару үдерісі.
Оқу – оқушылырдың білім, білік, дағдыларды игеру, шығармашылық қабілеттері мен өнегелі этикалық көзқарастарын дамыту жөніндегі белсенді оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру және ынталандыруға бағытталған мақсатты педагогикалық үдеріс.
3 слайд
Критериалды бағалау
Жиынтық бағалау (оқуды бағалау)- суммативті бағалау
Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде межелікке «сәйкес\сәйкес емес» деген нысанда болады. (МАН 25)
Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) – формативті бағалау
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу. (МАН 25)
4 слайд
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының күнделікті білім сапасы;
Күнделікті жұмыс жасау;
Білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;
Қорытынды бағалауда есепке алынбауы;
Яғни біз “5” балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтаймыз.
5 слайд
Формативті бағалау
Оқыту мақсаты
Бағалау критерий
Табыс критерий
Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау
Кері байланыс
6 слайд
Оқыту мақсаты
Оқыту мақсаттары – балалардың не оқығанын қалайтындығыңызды білдіреді. Олар оқушылар не білуі, не түсінуі тиіс екендігін немесе сабақтың соңында немесе бірнеше сабақтан кейін не істеуге қабілетті екендіктерін сипаттайды.
Оқу міндеттері – оқу мақсатына жетуде жасалатын кішігірім қадамдарды білдіретін тұжырымдар. Жоспарлау кезінде оқыту мақсаттары мен міндеттері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес болуы тиіс.
7 слайд
Талдау жасайық !
Сабақтың тақырыбы: Етістік
1- мысал: Сабақ мақсаты: Етістік туралы түсіндіру, етістікке байланысты жаттығуларды орындату арқылы етістікті анықтау дағдысын қалыптастыру.
2-мысал: Сабақ мақсаты: 1.Етістіктің сөз табы екендігі туралы білу.
2. Етістіктің іс-әрекет пен қимылды білдіретін сөз табы екенін білу.
3. Етістікке байланысты жаттығуларды орындай білу.
8 слайд
Сұрақтар:
Қайсы сабақ мақсатында оқудың талаптары анықталған ?
Оқушылардың көпшілігі қайсы талаптарды орындай алады?
Қайсы сабақ мақсатын бағалауға болады ?
Оқушылар қайсы сабақ мақсатын орындай алады ?
Етістіктер қайсы сабақ мақсатында нақты ?
9 слайд
Бағалау критерийлері БЛУМ таксономиясы негізінде
10 слайд
Табыс критерийлері
Табыс критерий – оқыту міндеттеріне қол жеткізуде «ЖЕТІСТІККЕ АПАРАТЫН ҚАДАМДАРДЫ» көрсетеді, негізгі білімдерін бекіту үшін сабақ бойы қолданылады. Табыс критерий нақты және 2-3 –ден аспау керек.
Табыс критерийлері – мұғалімдердің оқушыларға нені оқығандарын нақты тұжырымдауға көмектесу үшін пайдаланатын және оқушылармен олардың жұмысы туралы диалогқа және өзара іс-қимылға негіз бола алатын өтініштері
11 слайд
САбақ тақырыбы: Жалғау мен жұрнақ.
Оқыту мақсаты: 1. Қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын атай білу.
2. Жалғау мен жұрнақтың айырмашылығын түсіндіре алу.
3. Жалғау мен жұрнақтың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын білу.
Табыс критерийлері: 1. Қосымша, жалғау қандай қосымша, жұрнақ қандай қосымша екендігін атай білу.
2. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау, сөз мағынасын өзгертетін қосымша жұрнақ екенін білу
3.Сөз ішінде қосымшаларды анықтай білу.
12 слайд
САбақ тақырыбы: Тіс және тамақтану
Оқыту мақсаты: 1. Адамдарда болатын әртүрлі тістерді атай білу.
2. Әрбір тістің қызметін түсіндіре алу.
3. Тістің пішіндері оларға түрлі жұмыстарды
атқаруға мүмкіндік беретінін білу.
Табыс критерийлері: 1. Қандай тістер азу, ұры және күрек тістер
екендігін атай білу.
2. Азу тіс шайнауға, ұры тіс жаруға, күрек тіс
кесуге арналғандығын білу.
3. Түрлі тістер қандай пішінде болатынын білу.
13 слайд
Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс.
Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.
Дереккөз:http://nationalstrategies.standards.dcsf.gov.uk/node/18700
Өзін өзі бағалау және өзара бағалау бойынша нұсқаулық
Мазмұнына оралу
14 слайд
Өзара бағалау және өзін өзі бағалау жүргізуге мүмкіндік беріңіз.
Нәтижелерді оқу мақсаттарымен байланыстырыңыз.
Нақты табыс критерийлерін ұсыныңыз.
Бағалау барысында балаларды тиісті сөйлеу дағдыларын дамытуға үйретіңіз.
Талқылауға және ойлауға мүмкіндік беріңіз.
Өзін өзі талдау барысында балаларға бағыт беріңіз.
Мазмұнына оралу
оқыту
15 слайд
Кері байланыс
Кері байланыс үрдісінде жеке мақсатты көрсеткіштерді алдын ала анықтауда, оқушылар жауабын мадақтау және бағалау
Негізгі идея - оқушыларды өздерінің жұмысына қатысты айтылған пікірлер жайында ойландырып, оларды келешекте жетілдіру мүмкіндіктерін табуға ынталандыру.
16 слайд
Назарларыңызға рахмет !
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Маңғыстау облысынан алғаш бастау алған білім мазмұнын жаңарту курстары .Аталмыш курстың негізі 4 тілдік дағды. Айттылым,оқылым,жазылым,тыңдалым дағдылары. Аталмыш дағдыларды сабақ мақсаттарында тиімді кіріктіру. Ол үшін бағалау критерийлері,одан шығып жетістік,табыс критерийлерін құру. Табыс критерийлері 3 -тен аспайды,нақты болады. Табыс критерийлерін дұрыс құру мұғалімге көмек. Табыс критерийін мұғалім сабақ аяғына дейін пайдаланады. Мұғалім мен оқушы арасында диолог, тілдесім болады.
6 662 848 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Аверкина Светлана Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.