Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Қазақ тілі сабағында
Ойын элементтерін қолдану
2 слайд
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді
3 слайд
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал
4 слайд
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды.
5 слайд
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді:
Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
Уақытты үнемдеуге үйретеді
Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
Оқушылар үшін қауіпсіз.
Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт алады.
6 слайд
Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы
Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушының қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру.
Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды.
Оқушының іс-әрекеті: Оқуға оң көзқарас,жаңаны танып білу,икемділік пен дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау.
7 слайд
Іскерлік ойындар:
Аквариум,ұжымдық әрекет.
Іскер ойындарының құрылымы:
Талдауға проблема беру, оқушыларды топқа бөлу,проблеманы талдау, сынып алдында шешімін айту.
8 слайд
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатарда қолдану тиімді:
Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, айту.
Әліпбиді дұрыс меңгерту
Орфографияны дұрыс оқыту
Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
Грамматикалық құрылымды меңгер
9 слайд
Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар. Мен өз сабақтарымда көптеген ойын түрлерін қолданамын. Кейбір ойындарға тоқтала кеnкім келеді.
«Кім тез?» ойыны. Ай аттарын дұрыс жаз.
1. ңақарт
2. пақна
3.уарзын
4. рымма
5. мысума
6. рқүқыйке
7. арқаша
8. зақан
9.лежсантоқ
10.мазыт
11.деліш
12.суірә
10 слайд
«Сымсыз телефон» ойыны.»
Лексикалық бақылауды ауызша жүргізгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы :«Қалада. Қаладағы мәдени орындар». Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады. Біздің қала – аудармасын екінші оқушы айтады. Ары қарай жалғаса береді.
11 слайд
Қоржынды кім тез шешеді?»
Үш қатар болсаүш қоржын дайындайсыз.
Әр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модульге сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады.
Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады, сол жеңіске жетеді. Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модульді оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.
12 слайд
Қазақтың ұлттық ойындарының көбі асық ойынынан тұрады. Асықты «Сен айт», «Мәтінді жалғастыр» ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшаңдыққа, тез ойлауға дағдыландырады.
13 слайд
Жануарлар атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін мынандай ойын түрін жүргіземін «Адасқан малдар» ойыны.
Қой маңырайды?
Сиыр мөңірейді?
14 слайд
Лексикалы-фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау, интонацияны дұрыс қалыптастыру.
Бұл ойын сабақтың алдыңғы сатысында көп қолданылады.
15 слайд
Орфографиялық лотоны қолдану арқылы ілгерінді, кейінді ықпал заңын, ерекше дыбыстардың айтылуын оқушылардың берік меңгеруіне ықпал жасайды, оларды шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге үйретеді.
Орфографиялық лото үлгісі: бүг..н, жұм..с, кіта..ы, тара..ы
16 слайд
«Бұл қалай өзгерген» ойыны
қазақ тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын және әріп түрінде жазылуын оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады
17 слайд
«Топтай біл» ойын
18 слайд
«Үнсіз қимыл» ойыны
1 оқушы әр түрлі қимылдар көрсетіп,
қалған сөздерді басқа оқушылар атын атап отырады.
Мысалы: отырды, тұрды, жүрді, тақтаны сүртті, қолын көтерді.
19 слайд
Қазақтың ұлттық ойындары:
көкпар, бәйге, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, арқан тарту, аударыспақ т. б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болады
20 слайд
Сөздік ойын
оценка-баға
Берег-.........
Степь-.........
Город-қала
Туча –бұлт
Нация-.......
Смех-күлкі
Лиса -........
21 слайд
Белгілі бір сөзден бірнеше сөз құрастыру. Мысалы:
«Қамсыздандырылмағандықтан»
тамақ, нан, қант, сан,тас, мақта,сағат,
қас,қаз,лақ,ырыс...т.б.
22 слайд
Сын есім мен зат есім
Берілген сын есімге лайықты зат есім тіркеп айту керек.
Бірінші бала тек сын есімдерді атайды: өнімді, атақты, сымбатты,т.б. Екінші бала оған лайықты зат есім тіркестіріп, тез-тез айтуы керек. Келесі екі бала берілген зат есім алдына сын есім тіркеп, кезектесіп айтып шығады.
Мысалы: тамақ – дәмді тамақ, анам - мейірімді анам.
23 слайд
Сабақты «Сөйлеу минуты» ойынымен бастауға болады.
Ойын мақсаты – балаларға үйде не істегенін ауызша диалог түрінде айтқызып, әңгімелеп беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде өтеді.
-Кеше қайда болдың?
-Теледидардан
қандай кино
көрдің?
-Кино не туралы?
24 слайд
Сабақтарда қолданатын ойын элементтері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға үйретеді.
Ойын элементтерін дұрыс қолдану барлық сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
25 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
2Слайд Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің басқа да алдыңғы қатарлы беделді де, белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бүгінгі таңда біздің мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ж.Қараевтің үш өлшемді оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды, М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын, Cын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, К.Бітібаеваның «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді түрде қолдануда.
6 665 064 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Букпина Шарипа Утегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
36/72/108 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.