Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
ТҮРЛІ - ТҮСТІ ҚАҒАЗДАР
Орындаған :
№ 4 “Балдәурен” ясли – бақшасы КМҚК
Тәрбиешілер:Калишова Гульвира Кабдылхановна
Сәрсенбекова Жібек Сәрсенбековна
Танымдық - зерттеушілік жоба
2 слайд
Жобаның түрі: қысқа мерзімді (1 апта).
Жобаға қатысушылар: тәрбиешілер, балалар, ата – аналар.
Білім беру саласы: қатынас, таным, әлеуметтік орта, шығармашылық.
3 слайд
Мақсаты:
Балаларға адам өміріндегі қағаздың маңызы туралы, оның шығу тарихы, әр түрлілігі және құрамы туралы түсінік беру.
4 слайд
Міндеттері:
Балаларды қағаздың құрамы, ерекшеліктері және оның жаңа мүмкіншіліктерімен таныстыру.
Балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Зерттеу кезінде балаланың жұмыстағы белсенділіктерін арттыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қағазды ұқыпты жұмсауға тәрбиелеу.
5 слайд
Алдын – ала жұмыстар:
Әңгімелер: «Қағаз деген не?», «Қағазды қалай жасайды?».
Презентациялық көрсетілім: «Қағаз қайдан пайда болды?».
Зерттеу: «Макулатурадан қағаз дайындау».
Дидактикалық ойындар: «Егер қағаз болмаса...», «Қағаздан не ?», Доппен ойын «Қағаз түрлерін ата».
Үстел үсті театры: Қағаз театры – «Шұбар тауық».
6 слайд
Әңгіме: “Қағаз деген не?”
Мақсаты: Балаларға қағаз туралы мағлұматтар беру. Қағаз түрлерімен таныстыру. Сөздік қорын дамыту.
Көркем сөз: Қағаз италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.
Барысы: Балалар, бүгінгі біздің әңгімеміз қағаз туралы болмақ.
Балалар, айтыңдаршы, қағаз дегеніміз не?
Қағаз не үшін қажет?
Қағаз — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Қағаз тұңғыш рет Қытайда жасалды, сосын барып еуропа елдерінде пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды.
7 слайд
Қағаз түрлері:
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
Баспалық қағаз– тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздармен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшелінеді.
8 слайд
Қағаз қайдан пайда болды?
Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасыжәне ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады.
9 слайд
Қағаз дайындауға қолданылатын ағаштар:
10 слайд
Ағашты дайындау кезеңдері:
11 слайд
Ағашты тазарту жұмыстары:
12 слайд
Цехтағы қағаз дайындау жұмыстары:
13 слайд
Дайын қағаз.
14 слайд
Дидактикалық ойын “Қағаз түрлерін ата”
Мақсаты: Балаларды қағаз түрлері туралы түсініктерін кеңейтіп, оларды ажыратуға үйрету.
Шарты: Балалар шеңберге тұрып, тәрбиеші нұсқаған допты қағып алып, сұраққа жауап береді. Сұрақтар қағаз түрлеріне байланысты болады.
15 слайд
16 слайд
Зерттеу «Макулатурадан қағаз дайындау»
Мақсаты: Макулатураны қолданып, ата – аналармен бірлесе отырып қағаз дайындау.
Барысы: Балаларды үстелге дөңгелене отырғызып, жұмысқа дайындалу. Жұмыс келесі кезеңдерге сай жүреді.
Жұмыс кезеңдері:
17 слайд
Ең алдымен ескі қағазды ұсақтаймыз
18 слайд
Ұсақталған қағазға жылы су құйамыз
19 слайд
Қоспаға 1 шәй қасық ПВА желімін және 1 ас қасық крахмал қосамыз
20 слайд
Қоспаны жақсылап миксермен араластырамыз
21 слайд
Түрлі бояғыштар қосуға болады
22 слайд
Дайын қоспаны матаға саламыз
23 слайд
Қоспаны тегістейміз.
24 слайд
Оқтаумен жазамыз
25 слайд
Түрлі заттармен сәндеуге болады
26 слайд
Қағаз дайын
27 слайд
Үй тапсырмасы: “Оригами”.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Құрастыру.
Мақсаты: Ата – анамен бірлесе отырып, баланың саусақ қимыл – қозғалыстарын жетілдіру, қағазды бүктеу арқылы белгілі бір затты жасау үйрету, қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Нұсқау: Қағаз түрлерін қолдана отырып, оригами өнері арқылы қағаздан түрлі заттар дайындап әкелу.
28 слайд
“Ғажайып кеме”
29 слайд
“Гүл”
30 слайд
“Көбелек”
31 слайд
“Балапан”
32 слайд
Үстел үсті театры: «Шұбар тауық»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Қай топқа арналған: ортаңғы.
Ойыншылар саны: 4 бала.
Ойналатын орны: топта.
Құрал - жабдықтар: кейіпкерлердің маскалары, 2 ағаш қасық, үстел үсті театры.
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: Балалар жарты шеңбер бойымен үстел үсті театрын тамашалауға отырад., Алдын –ала кейіпкерлер тағайындалады. Автордың айтуы бойынша, ертегі желісімен балалар үстел үсті театрын ойнайды.
33 слайд
34 слайд
Жапсыру: «Бұйра қошақан»
Мақсаты: Балаларға бірнеше қағаз түрлерін пайдалана отырып, бұйра қошақанды жапсыра білуге үйрету.
35 слайд
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
•Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасыжәне ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады.
6 660 710 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Козак Светлана Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72/108/144 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.