Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
Главная / Другое / Презентация по казахскому языку на тему "Сан есім" (6 класс)

Презентация по казахскому языку на тему "Сан есім" (6 класс)

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


Күні: 07. 11.2016 жылы. Пәні: Қазақ тілі. Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы:
Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Сан есімдер туралы ұғымдарын жалғастыра отырып, оның жасалу жолдары туралы түсінік беру, өткен тақырыппен байланыстыру.
2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру.
3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілдері мен логикалық ойлау қабілеттерін, жалпы сауаттылықтарын дамыту;
Сабақты барысы: I.Ұйымдастыру кезеңдері:
а) Оқушылармен сәлемдесу.
б) Сынып тазалығына мән беру.
ә)Оқушыларды түгендеу.
в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. А) Үй тапсырмаларын тексеру үшін қойылатын сұрақтар.
Ә
) Жазу жұмыстарына назар аударып, тексеру, оқыту т.б.
Б) Үй тапсырмаларын қорытындылап, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
III. Жаңа сабақ: Сан есім –заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер. Сан есім қанша? неше? Нешеу? нешінші?деген сұрақтарға жауап береді. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі, тұлғасына қарай негізгі және туынды сан есімдер болып бөлінеді.

Құрамына қарай

Тұлғасына қарай

Дара сан есім

Күрделі сан есім

Негізгі сан есім

Туынды сан есім

Бір,мыңдап,жүздеген, т.б.

Мың-мыңдап,бес-бестен,екі-үштен,бір мың тооғыз жүз жеті,т.б.

Он,бес,жүз,т.б.

Алт (ы) –ау,

Екі мың, сексен (сегіз жүз), он-оннан, т.б.

Сан есім мағынасына қарай алтыға бөлінеді.

Мағыналық түрлері

Мысалдар

Мағынасы

Есептік сан есім

Бір сағат өтті.

Уақыт мөлшері. (Нақты санды білдіреді)

Реттік сан есім

Екінші үйде тұрады.

Заттың реттік саны. (Заттың саналу ретін білдіреді)

Жинақтық сан есім

Бесеуі жолға шықты.

Заттық ұғым. (Жинақ ұғымын білдіреді)

Болжалдық сан есім

Жетпістей адам болды.

Заттың (адамдардың)мөлшері. (Дәл емес,шамалап,мөлшерлеп көрсетеді)

Топтау сан есім

Бес-алтыдан бөлінді

Заттың топталуы.

Бөлшектік сан есім

Екінің бірі ән айтады

Заттық ұғымды білдіреді (Бөлшек ұғымын білдіреді)


http://testent.ru/images/com_t.png

IV. Сабақты бекіту. 126- жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді табыңдар,оларды мағынасына қарай талдаңдар.
Тақтамен жұмыс.
127- жаттығу.Жұмбақтың шешуіне мән беріп (жүген, үзеңгі, ауыздық, тізгін, шылбыр), мәтіндегі сын есімдердің мағынасын анықтаңдар.

Бір нәрсе бес буынды тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар.
Болғанда бірі қолда,бірі белде,
Адамға әр уақытта керегі бар. («111 жұмбақ әңгімелер» кітабынан)

Ойын. «Мақал –мәтел білесің бе?»
Көрсетілген сандар бойынша оқушылар мақал – мәтелдер айтып жарысады. Мысалы:
«4» санына «
Төртеу түгел болса,төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.»

«Екі» санына «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,
Емен ағаштың иілгені сынғаны.»

« Жеті» санына «
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл!»

«Тоқсан» санына «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

«Жүз» санына «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын!»
V. Сабақты қорытындылау: Жаңа материал бойынша оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегендерін байқау үшін сұрақтар қойып, жауап алу, түсінбеген тұстарын түсіндіру.
VI. Үйге тапсырма беру.128 - жаттығу.Сан есімнің мағыналық түрлерін анықтаңдар..Осындай санамалап келетін өлең жолдарын құрастырыңдар.
VII. Оқушы білімдерін талдап , бағалау.



  • Другое
Описание:

Қазақ тілі пәнін оқытудың жаңа технологияларын түрлендіру үшін мұғалім жан-жақты заман талабына сай болуы тиіс. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту,блоктап оқыту,модульдеп оқыту, білім беруді ізгілендіру, тағы басқа да педагогикалық технологияларды мұғалімдер өз іс- тәжірибелерінде кеңінен қолданып жүр. Осыған орай мен де өзімнің күнделікті, қарапайым сабақ жоспарларымның бірін жариялап отырмын.

Автор Мазаржанова Меруерт Байжумаевна
Дата добавления 06.12.2016
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 475
Номер материала MA-068889
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации
«Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации
«Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам»