Сыныбы: VІ
Сабақтың тақырыбы:
Сан есім туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге
үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу; Ойлау белсенділігі мен танымдық
қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық
ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау стратегиясы»
1 «Жаңа сабақтың
құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)
- Балалар, бүгін
желтоқсанның нешінші жұлдызы?
- Сендер неше
жастасыңдар?
- Нешінші сыныпта
оқисыңдар?
- Сыныпта қанша
оқушы бар?
(14,11,6,17.)
Бұл сандар
заттардың қандай мағыналық белгілерін анықтап тұр?
(ретін,мөлшерін,санын)
Бұл сандар зат
есімдермен тіркесіп сан есім болып табылады.
(Кесте бойынша
сабақ түсіндіру.)
Құрамына қарай дара
(бір түбірден құралған негізгі және туынды
сан есім) бес, елу, сегізінші күрделі (екі не одан көп түбірлердің
тіркесуі не қосарлануынан жасалған сан есім ) елу бес, үш-төрт
|
|
ІІ. Мағынаны тану
1. Оқулықпен жұмыс:
156-жаттығу. Мәтін мазмұнынан сан
есімдерді табыңдар. Оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.
3 адам, 45 шамасында, 2 адам, 1-і
жалаңбас, 60-тың ішіне, 945000 халық, 44%-і өзбек, 30-ға тарта ұлт, 15 аудан,
3-ші орын, 6-7 есе ұлғайған.
157-жаттығу. Сан есім қатыстырып,
жаңылтпаш құрастыру.
1)Үш кіші ішік
піштім,
Бес үлкен ішік
піштім.
Неше кіші ішік
піштім? (3 кіші ішік піштім)
2)Оралдан оралған
олардан
Омаржан оң
көріп,
Он бөрік,тор
беріп,тон алған.
3)Қырық құлып,
Қырық құрық..
Құрық та қырық,
Құлып та қырық.
2. «Ең жақсы ойыншы»
-Балалар,ауыз
әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?
(-Мақал-мәтелдер,жұмбақтар,батырлар жыры, ертегілер,т.б)
-Ендеше,ауыз
әдебиетіміздің бай мұралары мақал-мәтелдерде,жаңылтпаштарда және жұмбақтарда да
сан есімдер бар екен.
Мысалы:Бүгінгі
біздің сабағымыздың ұраны:
1) Білекті
бірді жығар,
Білімді
мыңды жығар,тағы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
2) Ер
жігіттің екі сөйлегені-өлгені
3) Жеті
атасын білген ер,
Жеті
жұрттың қамын жер.
4) Алтау
ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу
түгел болса,төбедегі келеді.
5) Жеті
атасын білмеген жетесіз.
-Келесі
жұмбақтарға кезекті берейік.Мен сіздерге бірнеше жұмбақтар оқимын,сіздер шешуін
тауып,сан есімдерді анықтаңдар.
Жұмбақтар:
1)Қос қазық,екі
желі,сегіз ноқта,
Сөйлейді
шежіредей адам соқса. (домбыра)
2)Көлемді,үлкен,алып
аузын ашып,
Жүреді он екі
аяқ қадам басып.
Әр бірінде
отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір
адам одан қашып. (жыл,он екі ай)
3)Екі тышқан
бірлесіп кесіп-пішіп береді,
Екеуі бірге
жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)
4)Таңертең төрт
аяқты,
Түсте екі
аяқты.
Кешке үш аяқты.
(адамның сәбилік,жастық,кәрілік шағы)
5)Он көзі бар
өзінде,
Он саны бар
көзінде.
Көзіне саусақ
саласың,
Жырақтан хабар
аласың. (телефон)
3.
"Білім мен дәстүр" сыны ойыны
Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ
ұғымында 1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп
есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата
(ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие
тұтқан сандарын ата (7,9)
3. Үш арсызды ата
(ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш
жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік
(қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес
қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт
түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек
(Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Бес арыс
(Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10. Халқымыздың
сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ,
алтыбақан)
ІІІ. Ой толғаныс
1. Піл к3-ті
Піл к3-ті емес
Тіл к3-ті
2. 6-н балдақ қол сәні,
Әшекеі т10 сәні
3. 4-еу түгел болса, төбедегі келер,
6-ау ала болса, ауыздағы келер.
ІV.
Үйге тапсырма
158 –
жаттығу. Ереже
жаттау
V. Бағалау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.