Инфоурок Биология ПрезентацииПрезентация по анатомии на тему "Тірек-қимыл жүйесі"

Презентация по анатомии на тему "Тірек-қимыл жүйесі"

Скачать материал

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі

 

 

                

 

                                                                                                  

 

 

 

 

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Тірек-қимыл жүйесі.Қаңқаның құрылысы және қызметі»

 

 

                                                                             Әлеуметтік және экономикалық

                                                                           пәндер бірлестігі отырысында

                                                                                   қаралып, бекітілді

                                                                         Хаттама № «___»___ 2015 ж

    ПБК жетекшісі:     Танбаева Н.С.

                                                                        Дайындаған: Жаратылыстану

                                                              Пәндерінің оқытушысы

                                              Танбаева Н.С.

 

 

 

 

Семей 2015 жыл

Сабақ жоспары

Пән: Анатомия,физиология және  мектеп гигиенасы                                                                            

Топ: БС-211                                      

Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі.Қаңқаның құрылысы және қызметі

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың түрі : саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке топтық, «Құзырлылық» іскерлік ойыны,

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:

·       Адамның қаңқасы, тірек-қимыл жүйесінің құрылысын және қызметін анықтау, Адамдардың тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланыстылығын түсіндіру.

·       2.Дамытушылық:

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып сабаққа деген белсенділігін арттыру, өз бетімен тірек-қимыл жүйесін зерттеуге, дене сымбатын дұрыс қалыптастыру мақсатында қосымша материалдарды іздеуге, пайдалануға дағдыландыру,  ойлау қабілеттерін арттырып, іздемпаздыққа баулу.

3.Тәрбиелік:

·       Салауатты өмір сүру қабілеттілігіне, сұлулыққа, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, білімін кеңейтіп, оны қадірлеуге  тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: валеология, гигиена, экология,  химия, медицина

Сабақтың жабдықтары: сабаққа эпиграф, сабақ жоспары,  презентация «Microsoft Point» флипчарт, таратпа кестелер.

Оқытудың техникалық құралдары: компьютер, мультимедиалық тақта.

Негізгі әдебиеттер:

О.А.Петришина,Е.П.Попова: «Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»

Қосымша әдебиеттер:

Ә.Күзенбаева: «Адам анатомиясы»

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

·Сәлемдесу

·Түгендеу

·Сабаққа кірісу

Психогимнастика. Ребефинг (Баяу музыка)

Дем алу-позитивті ойлар, өзін ұнату сезімі. Барлық нашар сезімдерді: ашу, тырысу, көңілден шықпауды шығарып тастау;

Ø Жай дем алу

Ø Ойша онға дейін санаңдар

Ø Кеңістікті, сыныпты сезініңдер

Ø Өздеріңді қоршаған ортаға көңіл бөліңдер

 

Сабақ барысы:

Сымбат-мүсін дегенің

Бітім көркі дегенің.

Сымбат жүру әдемі

Дене қалпын тік ұстап.

Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр қисаймай,

Бүкіреймей, жантаймай.

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға- дей отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.

«Қозғалыс дегеніміз - өмір», - деген екен Вольтер.

Шынында адам өмірін қозғалыссыз елестету мүмкін емес.Еңбек қимылы алуан түрлі, әрі күрделі: Акробатикалық трюктар, мың бұралып билеген бишілердің қимылы. Тіпті біздің күнделікті қозғалыстарымыздың өзі күрделі. Жай жүрістің өзіне жүздеген бұлшықеттер қатысады. Бұлшықеттердің жұмысы үшін, әртүрлі мүшелер бекіну үшін оған мықты тірек керек. Бунақденелілерде бұндай сыртқы қаңқа ролін мықты-хитин, сондай-ақ адамда оның ролін ішкі сүйекті қаңқа атқарады.

Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор.Ол адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы.Оның  арқасында адам тік жүреді, қозғалады.Тірек-қимыл жүйесінің дұрыс дамуы адамның тамақтануының, тамақ құрамындағы минералды және органикалық заттардың қызметіне байланысты.Қазақ халқында жүгіріп, секіріп, теңселіп ойнайтын ойындардың көптеген түрлері бар.Мысалы: алтыбақан, ақсүйек, бәйге, күрес, көкпар т.б бұл ойындар ашық алаңда, адамның тірек-қимыл жүйесінің дамуына, дененің сымбатты, құрыштай шынығуына зор әсерін тигізеді.

Балалар бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ түрінде өтеді. Сіздер Семей көп салалы колледжіне оқуға түсуге келіп отырсыздар.

-Ендеше сендермен бірге  «Тірек-қимыл жүйесіне» саяхат жасаймыз.

-Бүгін үш топ жұмыс жасайды. 1-топ  

-Саяхатқа дайынсындарма?Ендеше, автобусқа отырамыз.

Бірінші «Аэропорт» аялдамасы.

 1.Мағынаны тану. Топпен жұмыс. «Құзырлылық іскерлік ойыны» (25 мин)

А)Адамның қозғалыс жүйесіне қандай бөлімдерден тұрады? (слайд №1)

Б) Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады. (слайд №2)

В) Сүйектер туралы ілім қалай аталады? (слайд №3)

Қызықты ақпарат: Қаңқа дегеніміз не? Грек тілінен аударғанда «скелетос»- «кепкен, құрғаған» деген мағына береді.

Ерте кезден бастап Ежелгі Грецияда, Римде сүйекті зерттеді. Атом туралы ілімнің негізін салушы Демокрит мәйіттерден қаңқа қалдықтарын жинаған. Римдік дәрігер Клавдий Гален өз шәкірттеріне ұрыс даласында өлген жауынгерлердің сүйегін жинатқан. Ал өзі тұтас жиналған адам қаңқасын көру үшін Александрияға сапар шеккен.

Атақты анатом Андрей Везалий түн жамылып, дарға асылған адамдардың өлігін ұрлаған.

ХVІІІ ғ. І Петр шет елдерден анатомиялық коллекцияларды сатып алды.

ХІХ ғ. Қазанда шіркеу қызметкерлері медицина студенттерінің анатомиялық препараттарын қалалық зиратқа жерлеген.

Осындай қайшылықтарға қарамастан қаңқа және оны құрайтын сүйектер туралы ғылым дамып, оның құпиялары ашылды.

Г) Сүйектің қасиеті, құрамы мен құрылысы қандай? (слайд №4)

Д) Сүйектер пішініне қарай қалай бөлінеді? (слайд №5)

- Балалар біз «Аэропорт» аялдамасында сүйектердің құрылысы, қызметі,қасиеті туралы көптеген мәліметтер білдік.

Екінші «Селевина» аялдамасы.

-Балалар бұл аялдамада «Тірек ағашы» ойынын ойнаймыз. (10 мин)

Сүйектің  байланысу  түрлері

 

                    Синостоз                                                                  Гемиартроз

                                             синдесмоз

    Синхондроз 

 

 

 

 


                   Синартроз                                  Диартроз

 

 

 


                                                                Сүйектердің бірігуі

Үшінші «Жаңа құрылыс» аялдамасы.

-Балалар бұл аялдамада  «9 - ромб» әдісі бойынша тірек-қимыл жүйесінің маңызды сүйектерін  анықтап, орналастыру қажет. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет

 



 

 

II-кезең.Шығармашылық  кезең. (20 мин)

Иллюстрациялық суреттермен жұмыс жасау.Яғни әр топ ватман және маркермен  Бастауыш сынып оқушыларының тірек-қимыл жүйесіне арналған суретпен, ереже дайындайды.

1-сурет.Қаңқаның бөлімдерін көрсет.

А                                                   Б

 

 

 

2-сурет. Омыртқа жотасы туралы хабарлама жаса

 

3-сурет. Қол сүйектері және қолдың еркін қимылдайтын сүйектері

 

 

 

 

4-сурет. Аяқ сүйектері және аяқтың еркін қимылдайтын сүйектері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет. Жауырынға сипаттама бер


6-сурет. Жілік сүйектерінің түрлерін ата

А                                         Б                                                         В     

 

 

 

 

 

7-сурет. Қол сүйектерін ата                  8-сурет. Аяқ басы сүйектері туралы     

                                                                                           хабарлама жаса

                                                          

 

 

 

III-кезең .Сергіту сәті (2 мин)

«Ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат», демекші, серпіліс сәтіне кезек берейік:

1.Бойды бекем тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Оң қолыңды оң жаққа,

Сол қолыңды сол жаққа,

Қойып енді тұра ғой.

Бірде төмен, жоғары,

Келтір тағы қимылға,

Осылайша байқа да,

Арасында жымиып,

Он шақты рет қайтала

IV-кезең. Анатомиялық жағдаяттар. (15 мин)

 

1-топ. Тапсырма. Тоғызыншы сынып оқушысы Орынгүл дос қызы Самалды бір ай бойы кешке серуендеуге үйінен шығара алмады.Самал сабағының көптігін, қызықты кітаптар мен телебағдарламалар көргісі келетінін айтып, таза ауада серуендеуге келіспеді. Айдың аяғында Самалдың басының ауырып, тез шаршайтындығына шағына бастады.Мұны естіген Орынгүл дос қызын өзі қатысатын гимнастика секциясына ертіп барды.Секция тренері: «Сенің дене сымбатың қандай қандай еңкіш еді, мүмкін дене шынықтырумен тіптен айналыспайсың-ау деймін. Кітап пен теледидар алдынан кетпейтін қыз болдың ғой. Жарайды, мұнда саған көмектесеміз» - деді.

 

Сұрақ:  Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының бұзылуына не әсер етті деп ойлайсыздар?

 

Жауабы: Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының еңкіш тартуына басты себеп дене белсенділігінің жетіспеуі, таза ауада қажетті мөлшерде  серуендемеуі және шамадан тыс шаршау болып отыр.Осылардың салдарынан өзін-өзі нашар сезіну, денсаулығының бұзылуы туындауда.Сонымен бірге С-ның дене мүсінінің бүкіреюі, еңкіш тартуы оның аз қимылдағанынан да арқасының бұлшық еті әлсіз дамыған.

 

2-топ. Тапсырма. Жоғары сыныпта оқитын Талғат математика пәніне қызығып сабақтан кейін баратын дайындық курсына түсті. Бұл курстың сабақтары көптеген қосымша кітаптарды қажет еткендіктен Талғат ол кітаптарын үнемі өзімен бірге алып жүрді (ол көбіне сөмкесін оң иығынаасылып жүретін). Бірде оның сөмкесін көтеріп көрген анасы: «Мынандай ауыр салмақты қалай көтеріп жүрсің деп»- деп таң қалды.Шамалы уақыттан кейін дене шынықтыру сабағында  Талғат арқасының ауыратынын сезді.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талғаттың арқасына қарап, оқушының  оң иығы мен жауырынының сол иығынан төмен екенінбайқап, дәрігерге қаралуына кеңес берді. Талғат мұғалінің кеңесін тыңдап, дәрігерге қаралды.

 

Сұрақ: Дәрігер Т-ның омыртқасының қисаюын қисаюдың қай түріне жатқызады?

Жауабы: Бұл жағдайда дәрігер Талғатқа сколиоз деп диагноз қойды, яғни омыртқанаң бүйір жағы қисайған.

 

3-топ. Тапсырма. Он алты жасқа толған дос қызының туған күн мерекесіне Лаура анасының биік өкшелі туфлиін киіп барды. Жүруге ыңғайсыз болса да, өзін ересек, бақытты сезінді.Мерекелік дастарханнан кейін достары биледі. Ал Лаура аяғының ауырғанынан туған күнді диванда отырып өткізді.Дос қыздары «Ештеңе етпейді, үйренбеген соң ондай болады»- деп жұбатты.Бірақ Лаураның көңіл-күйі бұзылып кештен көңілсіз қайтты.

 

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, биік өкшелі аяқ киім кию адам денсаулығына әсер ете ме?

Жауабы: Биік өкшелі аяқ киім киіп жүру дене сымбаты мен адам жүрісіне ерекше кері әсер етеді, ағзаның ішкі мүшелерінің қызметіне, дене сымбатының деформацияға (формасының өзгеруі) ұшырауына алып келеді.Биік өкшенің әсерінен дене салмағы аяқтың басына түседі, тізе мен жамбас сүйектері бүгіліп, бөксе сүйектерінің қалпына, ішкі ағза мүшелерінің орналасуына кері әсер етеді.Сонымен бірге жасөспірімдерде жалпақтабандылықтың дамуына да себеп болады.Табанның көлденең күмбез тұсы ауыр салмақтан тегістеліп, аяқ жалпақтанып сүйел пайда болады.

 

V-кезең. Іздену кезеңі. (6 мин)

1-топ. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сүйектерінің ерекшелігі қандай?          

2-топ.Сүйек сынған кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?

3-топ.Буын шығу дегеніміз не және оған көрсетілетін алғашқы жәрдем?

 

VI-кезең. Рефлексия.(3 мин)

1)    Бүгінгі сабақтан біз өзімізге және болашақта мамандығымызға байланысты не білдік?

2)    Бүгінгі сабақта бәрінен бұрын не ұнады? Не ұнамады?

3)    Болашақта келесі сабақтарға тілектеріңіз қандай?

 

Бағалау (2 мин)

Әр топ өздері жинаған асықтары және бағалау парақтары бойынша  бағаланады

 

Үйге тапсырма (2 мин): Ежелгі гректер мынадай қанатты сөзді тасқа ойып жазған екен: «Денің сау болсын десең-жүгір. Сұлу болғың келсе –жүгір. Ақылды болғың келсе-жүгір» физиологиялық қанатты сөздің  мәнін ашыңдар.

Тірек-қимыл жүйесі бойынша кроссворд құрастыру, жүйке жүйесі және тірек қимыл жүйесі бойынша венн диаграммасын құру, бастауыш сынып бөлмелеріндегі құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар туралы ереже дайындау. 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.     О.А. Петришина,Е.П.Попова «Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»

2.     Ә.Күзенбаева «Адам анатомиясы»

3.     Л.З.Тель, Е,Д.Даленов «Валеология»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по анатомии на тему "Тірек-қимыл жүйесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тірек-қимыл жүйесі.Қаңқаның құрылысы және қызметі Сабаққа эпиграф: Адам денесінің жетілуі–оның денсаулығы;егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек. ӘЛ-ФАРАБИ Тірек-қимыл жүйесіне (аппаратына)қаңқа мен бұлшықеттер жатады.Бір-бірімен дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектер қаңқа түзеді. Қаңқа (скелет) ағзаның тірегі, ал оның бұлшықеттері қимыл-қозғалыстықамтамасыз етеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 761 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2020 804
    • DOCX 643.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пашковская Вера Антоновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Пашковская Вера Антоновна
    Пашковская Вера Антоновна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72248
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 39 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 19 регионов

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 34 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов