Инфоурок Технология ПрезентацииПрезентация оп технологи на тему "Сырмақ өнері"

Презентация оп технологи на тему "Сырмақ өнері"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация оп технологи на тему "Сырмақ өнері""

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сабақтың    тақырыбы: Cырмақ өнері

    1 слайд

    Сабақтың тақырыбы:
    Cырмақ өнері

  • Сабақтың мақсаты :
1.Оқушыларды қазақтың ұлттық қолөнері сырмақтың тігілуі  ж...

    2 слайд

    Сабақтың мақсаты :
    1.Оқушыларды қазақтың ұлттық қолөнері сырмақтың тігілуі жайында таныстыру, ұлтымыздың мәдениетін қастерлеуге баулу және оқушыларды ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді білікті, шеберлікке үйрету.

    2. Ұлттық қолөнер туралы алған білімдерін жүйеге түсіре шығармашылық қиялын дамыту, қол икемділігін дамыту, ісмерлікке баулу.

    3. Оқушыларды ұлтымыздың мәдениетін, әдет ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға, еңбек сүйгіштікке эстетикалық жағынан дамыған тұлға болу және өнерге жақын оқушыларға бағыт бағдар сілтеп, кәсіптік бағытта және экономикалық үнемдеу жағынан тәрбиелеу.

  • Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың  әдісі: Түсіндіру , сұрақ – жауап.

Са...

    3 слайд

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

    Сабақтың әдісі: Түсіндіру , сұрақ – жауап.

    Сабақтың көрнекілігі: Кітап , слайд, ою-өрнектер, тақтамен жұмыс, сырмақтың суреттері, интербелсенді тақтамен жұмыс т.б.

  • I .Ұйымдастыру кезеңі    1.Оқушылармен сәлемдесу.
 2. Оқушыларды  түгендеу.
3...

    4 слайд

    I .Ұйымдастыру кезеңі
    1.Оқушылармен сәлемдесу.
    2. Оқушыларды түгендеу.
    3. Оқушыларды сабаққа даярлау.

  • Қандай мақал мәтелдер білесіздер?
Қандай қазақ халқының салт-дәстүрлерін біле...

    5 слайд

    Қандай мақал мәтелдер білесіздер?
    Қандай қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесіздер?
    Сырмақ өнері жайлы не білесіздер?
    II. Үй тапсырмасын тексеру.

  • III. Жаңа білімді менгеру.Cырмақшылық –халқымыздың дәстүрлі қолөнерінің бірі....

    6 слайд

    III. Жаңа білімді менгеру.
    Cырмақшылық –халқымыздың дәстүрлі қолөнерінің бірі. Ол халқымыздың тұрмыс тіршілігінің, шаруашылық ерекшелігінің қажетіне сай аналарымыз бен апаларымыздың ақылпарасатынан, еңбекшілік – іскерлігінен, көркемдік талғамы мен әсем өнерлік шеберлігінен туындаған аса құнарлы ұлттық өнер туындысы.Бұл өнер халқымыздың киіз үйінің еденіне төселетін алуан түрлі, аса сәнді, үлкенді- кішілі сырмақ үлгілері.Сырмақты мал шаруашылығымен шұғылданатын аудандардағы күллі қазақ шаңырағы дәстүрлі жиһаздар ретінде бүгінгі күнге деиін жасап пайдаланып отыр.
    Ал сырмақ киізден жасалады. Киізді халқымыз жүннен басып шығарады. Киізді басуға арқан- жіп, сырмақ жасауға жіп, жиек сияқты қажетті материалдар да жүннен жасалады.
    Ал жүнді халқымыз баққан малынан күзеп алып отырады. Демек сырмақтың шикізаты –жүн. Олай болса, ең алдымен жүнді пайдалану жолдарын білу қажет.

  • Сырмақтың жасалу технологиясының бастапқы этаптары.
Жүн және қүзем
Халқымыз ғ...

    7 слайд

    Сырмақтың жасалу технологиясының бастапқы этаптары.
    Жүн және қүзем
    Халқымыз ғасырлар бойы мал шаруашылығымен шұғылдануы мал жүнін пайдалануына табиғи негіз болды.Жүннен жасалған бұйымдар мықты шыдамды , тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы(суықтан,ызғардан, күн көзінен қорғайды),алып жүруге ыңғайлы жәен жеңіл.Жүннен киіз басып,үй жалдықтары, текемет ,сырмақ сияқты төсеніштер мен қабырғалық дорбалар барлығы жасалалды.
    Күзем алу-Күздегі мал қырқылатын мезгілде мал жүнінің қырқылып алынуы күзем алу делінеді.Киіз басылатын жүн негізінен қойдан алынады.Сондықтан «күзем» сөзі күз мезгіліді меңзейтін ұғымнан шыққан.Бірақ әр түліктің күзеу мезгілі әркелкі.
    Қой күземі 9-шы айдың ортасынан бастап 10-шы айға дейін алынады.Қозы күземі 7-ші айдың ішінде алынады.Ал ешкі түбіті 5-ші, 6-шы айларда таралады да, қоймен бірге қырқылады.

  • Сабау
Сабау- ырғайдан, талдан...

    8 слайд

    Сабау
    Сабау- ырғайдан, талдан алынатын бір жұп жіңішке таяқша.Қолға ұстайтын жағы 8-9см жерінің қалдығы қалдырылып, басқа жерінің қабығы толық аршылады.Ұзындығы 110см таяқшаның бас-аяғын кесіп,кептіреді де жүнді ілмеу үшін және жүрдек болсын деп, қоламтаға бірнеше рет сүңгітіп алып, сыртын тегістейді.
    Сабаудың екі түрі болады. Бірі сомдау, қарымды келеді.Мұнымен жүннің іртігін жазуға болады, бұл сабау- тулақ сабауы.Екінші түрі-жүн шабақтауға арналған жіңішке сабау.Сабаудың міндеті; сабалаған жүнді шиге көпіртіп тегіс жаю.Бұл-күш емес, епті қажет ететін жұмыс.Соған лайық сабау жіңішке жасалады,әрі осы сабау көмегімен жүн шиге шабақталатындықтан , бұл сабау «шабақ сабау» деп аталынады.

  • Жүн сабау-ертеден келе жатқан дағдылы жұмыстардың бірі.
Бір отбасы аз жүнді б...

    9 слайд

    Жүн сабау-ертеден келе жатқан дағдылы жұмыстардың бірі.
    Бір отбасы аз жүнді бір жұп сабау, бір тулақпен өздері-ақ сабап, үлпілдетіп тазалап алады
    Қүзем жүнін сабау ауыл болып жасалынатын жұмыс.Жүн сабайтын үй алдымен үй ішін кеңітіп жүктерін далаға шығарады.
    Әр отбасында жүн сабай алатын қыз-келіншек, жігіт –желеңдер,осы жүн сабайтын үйдің шақыруымен сабауларын көтеріп келіп, топтасып бүгін бір үйдің,келесі кезекте екінші үйдің жүнін сабап бітіреді.
    Жүн сабатқан отбасы бұл науқанға «тулақ шашу» береді.

  • ЖүнӨңдеуБояуСабалауШиге салуТебуДайын киізреакциясы.

    10 слайд

    Жүн
    Өңдеу
    Бояу
    Сабалау
    Шиге салу
    Тебу
    Дайын киіз
    реакциясы.

  • Жүн сабау
Жүн сабатқан отбасы бұл науқанға...

    11 слайд

    Жүн сабау
    Жүн сабатқан отбасы бұл науқанға «тулақ шашу» береді.

  • Киіз басу.
Киіз басу өнері көнк зам...

    12 слайд

    Киіз басу.
    Киіз басу өнері көнк заманнан бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.Киіз үй біздің заманымыздан 3000-жылдықта пайда болды деген дерек бра.Міне, осы дерекке негізделген киіз басу, арқан, жіп есу,құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз.
    Киіз басу барысы
    Киіз басуға қажетті дайындық;
    -киіз басуға желсіз ашық күн таңдалады;
    -мол күзем жүн қажет:
    4-6 қанатқа дейін ақ ши дайындалады.Ерекше жағдайда 9-10 қанат ши керек;
    -Шабақтайтын сабау;
    -Қайнаған су;
    -Жүн шабақтайтын, жүн тартатын 5-6 әйел, шиге орап ыспалайтын, білектейтін 5-6 адам;
    -Буатын арқан және тізгін жіп.

  •                                    Жүн бояу, түту,жіп иіру өнері

    13 слайд

    Жүн бояу, түту,жіп иіру өнері

  • Жүн тарту
Шабақталған жүннің үстіне ақ жүн шүйкесін бір тегіс қатарлап үзіп ж...

    14 слайд

    Жүн тарту
    Шабақталған жүннің үстіне ақ жүн шүйкесін бір тегіс қатарлап үзіп жатқызып шығуды «жүн тарту » дейді.
    Жүн шабақтап , жүн тартушылар басылатын киіздің шамасына қарай жүнді қалың , не жұқа етіп тегістеп отырады.Сырмақ киізіне 4см қалыңдықта жүн салынады.Сырмақ киізі жұқалау басылады.Астарлық киіздерге де кер қызыл жүн жұқалап қосылып басылады.
    Су себу
    Жүндер тартылып болған соң 80°-тан жоғары ыстық су себіліп , жүн бастырылады.Суды әдетте төңкерілген шөміштің үстіне құю арқылы шаршатып себу керек. Немесе шүмегіне темір тесікшелер орнатылған субүріккіш құмандармен сепседе тегіс сенбіледі.

    Тазартқыш ұнтағы
    Су себу барысында тағы бір адам су себушінің артынан ілесе,екі шилік көлемдегі жүнге бір қалта тазартқыш ұнтағын жүннің үстіне тегіс шашып шығады.

  • Жүнді киіз басуға даярлау

    15 слайд

    Жүнді киіз басуға даярлау

  • Ши шиыршықтау
Су себіліп, тізгін жіп салынған ши тез шиыршықталады.Бұл жұмыс...

    16 слайд

    Ши шиыршықтау
    Су себіліп, тізгін жіп салынған ши тез шиыршықталады.Бұл жұмыс барысында да ыстық суды үзбей тегіс шашып тұру қажет.
    Ши буу
    Ши шиыршықталып болған соң екі басынлағы тігілген жіптің ұшын бір-біріне қосып мықтап байлап, одан басқа жіптерді де шидің белінен 3-4 жерден мықтап буылады.
    «тізгін жіп»шиді ары бері домалатқан кезде ішкі қабатының сыртқа шығып кетпеуін алдына алады.
    Шиге ыспа арқан салу
    Шиді ары – бері тартып домалатуды арқанмен ғана істеуге болады.Арқанмен ары-бері тартып домалату-ыспалау делінеді.Осылай кезек-кезек тартқанда ши ары- бері домалап, жүннің бірігу барысын тездетті.
    Тебу
    Егер бір шилік жүн болса ,онда бір адам шидің белінен бір арқанды тұйықтап салып өзіне қарай домалатып отырады да, артынан 2-3 адам қатарлап шиді аяқтарымен теуіп ілгерлейді.Бұл да жүнді біріктіру үшін істейді.

  • Ши буу және тебу

    17 слайд

    Ши буу және тебу

  • Киіз білектеу (басу )
Шиден шешілген киізді бостау шиыршықтап арқанмен  бір б...

    18 слайд

    Киіз білектеу (басу )
    Шиден шешілген киізді бостау шиыршықтап арқанмен бір басынан бастап белдеуге 6-7жерден байланады.
    «Киіз білектеу , яғне киіз басу»- киіз басушылар тізелеп қатар отырып, киізді белінен буған әрбір белдеу жіптен ұстап ,іштен сыртқа қарай дөңгелете демеп көтеріп, қайта шиге тастап екпеттей білекпен салмақ түсіре басу.

  • Шиден шешілген киізді білектеу

    19 слайд

    Шиден шешілген киізді білектеу

  • Сырмақ
Сырмақ- халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған...

    20 слайд

    Сырмақ
    Сырмақ- халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші,әрі өнер туындысы.Сырмақ еденге төселінетін бірден-бір жарасымды жабдық.
    «Сырмақ» сөзі –«сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымақ» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып қалыптасқан

  • IV.Оқушылардың білімін сапалы белсенді менгеруге  даярлау.
Сырмақ түрлері
Сыр...

    21 слайд

    IV.Оқушылардың білімін сапалы белсенді менгеруге даярлау.
    Сырмақ түрлері
    Сырмақтар ұсталатын орынына қарай аталады.Олар: от киіз (от сырмақ), отбасы сырсағы, тізе сырмақ, маяуза (қарт адамдарға арналған төсеніш) сырмақ, төрт сырмақ, іргелік (ірге киіз), аяқжол т.б аталады.
    От киіз.Көшпенді өмір кешірген халқымыз киіз үйлерінің ортасына от жағып,ошақ қойып, тамақ асып,шай қайнатып ас-су дайындады.Өте ерте кездерде көшпенді тұрмыс кешірген халқымыз күз, көктем, қыс күндерінде де осы киіз үйлерінде отырды.Таулы өңірде түнгі салқында,күз, қыс,көктем мезгілігде ортаға отты мол жағып ,от басын айнала ,отқа жылынып ,тамақтанатын болған.

  •  Көшелі заманда от басын айнала ,отқа жылынып,тамақтанып отыруға арналған.

    22 слайд

    Көшелі заманда от басын айнала ,отқа жылынып,тамақтанып отыруға арналған.

  • Төр сырмақ
Төрге төселетін сырмақ  болғандықтан өте әдемі жасалады.Төр сырмақ...

    23 слайд

    Төр сырмақ
    Төрге төселетін сырмақ болғандықтан өте әдемі жасалады.Төр сырмақтар әдетте киіз үйлердің төріне үнемі салынтайды.Ол шиыршықталып алып қойылады да сыйлы меймандар келгенде төрге төселеді.Төр сырмақтар әдемі етіліп жасалуымен бірге көлемі де үлкен жасалады.Ықшамдары 200см не 250см болады, үлкендері 300см –ден 600см –ге дейін жасалады.

  • Ойыстырылған төр сырмақ

    24 слайд

    Ойыстырылған төр сырмақ

  •            Төр сырмақ

    25 слайд

    Төр сырмақ

  • Маяуза сырмақ
Маяуза сырмақ аң терісінен, мал терісінен жұмсақ етіп илеп, кей...

    26 слайд

    Маяуза сырмақ
    Маяуза сырмақ аң терісінен, мал терісінен жұмсақ етіп илеп, кейде астарлап істелетін төсеніш
    Кей отбасылар маяузаның орнына жұмсақ ақ киіздерден бастырып,кестелеп немесе киіздің өзін оюлап қаптап шағын сырмақ жасайды.Бұны «маяуза сырмақ » деп атайды.Маяуза сырмақ төрт бұрышты ,ұзындау екі бүктеп салатын , дөңгелек, сопақ әр түрлі пішінде жасалады.

  •            Ойыстырылған маяуза

    27 слайд

    Ойыстырылған маяуза

  •            Палас және кілем үстіне төселген сырмақтар

    28 слайд

    Палас және кілем үстіне төселген сырмақтар

  • Тізе сырмақ
Тізе сырмақ- отбасы адамдарының  екі бүктеп салып отыратын төсені...

    29 слайд

    Тізе сырмақ
    Тізе сырмақ- отбасы адамдарының екі бүктеп салып отыратын төсеніш
    Қазан жақтан отағасы төсегі алдына дейін тізе сырмақтан бірнешеуі төселеді.
    Әрбір отбасының өз сырмағы болады.
    Қазақ әйелдері үй ішінде үнемі бір тізерлеп отырғандықтан және сырмаққа тізелері көбірек тигендіктен «тізе сырмақ» атаған.
    Тізе сырмақ отбасы сырмағының үстінен салынады.Ол алуан түрлі төртбұрышты, үшбұрышты т.б түрде жасалады.

  • Төсек сырмақ.
Төсек сырмақ төсек үстіне салынады.
Төсек сырмақ кестелі, оюлы...

    30 слайд

    Төсек сырмақ.
    Төсек сырмақ төсек үстіне салынады.
    Төсек сырмақ кестелі, оюлы ,ойыстырылған алуан өрнекті болып келеді,ол тек төсекке ғана салынатындықтан төсек боыймен бірдей етіп ені 90-110см, ұзыны 200см етіліп сырмақ жасалады.
    Төсексырмақ біз кестелі болса, алдымен түрлі жіптеріжәне кездемелері дайындалады.Кездемелі барқыт, шұға,,мууіт пүліш т.б маталар таңдалады.

  • Төсек сырмақ кестелі, оюлы, ойыстырылған       		алуан өрнекті болып келеді.

    31 слайд

    Төсек сырмақ кестелі, оюлы, ойыстырылған алуан өрнекті болып келеді.

  • Сырмақтың үлгілеріне және істелу жолдарына қарай түрге бөлінеді
Сырмақ алуан...

    32 слайд

    Сырмақтың үлгілеріне және істелу жолдарына қарай түрге бөлінеді
    Сырмақ алуан түрлі болып келетінін жоғарыда көрдік.Ал ол жасалу үлгілеріне және істелу жолдарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
    Баяғы үлгідегі дәстүрлі сырмақтар
    Дәстүрлі үлгі дегеніміз – ел арасында кең тараған , екі жан, екі бас және орта салып жасалатын, бес бөліктен құралатын сырмақ үлгісі.
    Осы дәстүрлі үлгідегі сырмақтар өз ішінен істелу жолдарына қарай 1) оюлы сырмақ, 2)ойыстырылған сырмақ, 3) жиек сырмақ, 4) кестелі сырмақ болып бөлінеді.
    Оюлы сырмақ
    Оюлы сырмақ – қызыл ,жасыл кездемелі ою ойып, осы оюды сырмаққа ақ киізге , басқа да әр түрлі боялған киізге , кездемелерге жапсырып тігу арқылы жасалған сырмақ.Оюлы сырмақ киізбен астарланып қызыл матадан ойыстырылады.

  • Ойыстырылған сырмақ
 Ойыстырылған сырмақ – екі түрлі киізден ақ пен қара, нем...

    33 слайд

    Ойыстырылған сырмақ
    Ойыстырылған сырмақ – екі түрлі киізден ақ пен қара, немесе басқа түстегі екі түрлі киізден оюы беттестіріліп ойылып тігілген сырмақ.
    Ойыстырылған сырмақ тек киізден жасалады.Киізбен астарланады.
    Жиек сырмақ
    «Жиек сырмақ» дегеніміз- сырмаққа арнап пішілген киіздердің әрбір бөлігіне жиек басып өрнектеп алып , оларды орын орыны – бойынша қайта қосып тігіп жасалған сырмақ дейді.
    Кестелі сырмақ
    Сырмақ кестелку арқылы жасалатын сырмақ «кестелі сырмақ » делінеді.
    Халқымыздың кестелеу түрлері де мол .Солардың ішінде біз кесте ,баспа кесте, шекпе кесте,ашамай кесте (кәнуа), сырмақ жасау өнеріне кең қолданылады.
    Бұл кестелердің ішінде баспа кесте, шыраш киіздің өзіне тіке тігіледі.Бұлар төсек сырмақта көп қолданылады.

  • Практикалық жұмыс
Сырмақ оюларын қиып үйрену

    34 слайд

    Практикалық жұмыс
    Сырмақ оюларын қиып үйрену

  • Күзем сөзі қандай мағына береді?    
Сабау дегеніміз не ?                  
С...

    35 слайд

    Күзем сөзі қандай мағына береді?
    Сабау дегеніміз не ?
    Сабау қандай материалдан жасалады?
    Жүн сабау науқанында қандай шашу беріледі ?
    Киіз басу қай заманда пайда болған?


    V.Оқушылардың жаңа білімді менгеруін тексеру.

  • Күзем сөзі қандай мағына береді?    Күзде мал дың жүнін қырқу 
Сабау дегенімі...

    36 слайд

    Күзем сөзі қандай мағына береді? Күзде мал дың жүнін қырқу
    Сабау дегеніміз не ? Жүн сабайтын құрал
    Сабау қандай материалдан жасалады? Ырғайдан, талдан жасалады
    Жүн сабау науқанында қандай шашу беріледі ? Тулақ шашу
    Киіз басу қай заманда пайда болған? Б.з 3000жыл бұрын


    V.Оқушылардың жаңа білімді менгеруін тексеру.

  • Жақсының аты өлмейді,...           Халық оған тіреу.
Әркімнің өз туған же...

    37 слайд





    Жақсының аты өлмейді,... Халық оған тіреу.
    Әркімнің өз туған жері-... Ынтымақ халықты асырар.

    Ел басы – біреу,... Мысыр шаһары.
    Ұрыс ырысты қашырар ,... Ғалымның хаты өлмейді.
    Мақалдардың сыңарын оң жақтан тауып жаз.
    VI.Оқушылардың жаңа білімді менгеруін тексеру.

  • 1. Төсектің тұсына ұстайтын үй бұйым.
2. Сырмаққа қажетті құ...

    38 слайд

















    1. Төсектің тұсына ұстайтын үй бұйым.
    2. Сырмаққа қажетті құралдардың бірі.
    3. Сырмақ, түскиіздің сәні.
    4. Жүннен талдырып түр салатын төсеніш.
    5. Өрнектеп тоқылатын бұйым.
    6. Ісмерлікке пайдаланатын зат

    VII.Оқушылардың білімін тексеру.

  • 1. Төсектің тұсына ұстайтын үй бұйым.
2. Сырмаққа қажетті құ...

    39 слайд

















    1. Төсектің тұсына ұстайтын үй бұйым.
    2. Сырмаққа қажетті құралдардың бірі.
    3. Сырмақ, түскиіздің сәні.
    4. Жүннен талдырып түр салатын төсеніш.
    5. Өрнектеп тоқылатын бұйым.
    6. Ісмерлікке пайдаланатын зат

  • VIII.Оқушыларға  үй тапсырмасы туралы нұсқау беру.Ою өрнек  түрлерін  салып к...

    40 слайд

    VIII.Оқушыларға үй тапсырмасы туралы нұсқау беру.
    Ою өрнек түрлерін салып келу.
    Оқушыларды бағалау

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сырмақ өнері және сырмақтың қалай жасалу технологиясы жайлы көрсетілген.Cырмақшылық –халқымыздың дәстүрлі қолөнерінің бірі. Ол халқымыздың тұрмыс тіршілігінің, шаруашылық ерекшелігінің қажетіне сай аналарымыз бен апаларымыздыңақылпарасатынан, еңбекшілік – іскерлігінен, көркемдік талғамы мен әсем өнерлік шеберлігінен туындаған аса құнарлы ұлттық өнер туындысы.Бұл өнер халқымыздыңкиіз үйінің еденіне төселетін алуан түрлі, аса сәнді, үлкенді- кішілі сырмақ үлгілері.Сырмақты мал шаруашылығымен шұғылданатын аудандардағы күллі қазақ шаңырағы дәстүрлі жиһаздар ретінде бүгінгі күнге дейін жасап пайдаланып отыр.Ал сырмақ киізден жасалады. Киізді халқымыз жүннен басып шығарады. Киізді басуға арқан- жіп, сырмақ жасауға жіп, жиек сияқты қажетті материалдар да жүннен жасалады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 009 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2020 1693
    • PPTX 9.7 мбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Губина Вера Валерьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Губина Вера Валерьевна
    Губина Вера Валерьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89229
    • Всего материалов: 229

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 069 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 968 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 565 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека