Инфоурок Другое Другие методич. материалыПрезентация Информатика

Презентация Информатика

Скачать материал

9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий

http://massaget.kz/userdata/news/news_18529/thumb_b/photo.jpg

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр. Жігіт:

– Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз-түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?

Қыз:

– ...не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.

(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді... (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1-оқушы:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

2-оқушы:

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды  ойранды.

3-оқушы:

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

4-оқушы:

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

5-оқушы: Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауру сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Өлім арлы азаматқа.

Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.

1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1398839301.JPG

Интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі:

Оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі биленеді.

«Әлия» әні орындалады.

1-жүргізуші:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

2-жүргізуші: Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

(Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл-күйлері бейнеленеді)
Оқушылардың орындауында
«День победы» әні орындалады.

2-жүргізуші:

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-оқушы: «Майдангерлер»
2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев
3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров
5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
6-оқушы. «Болмасын соғыс»
7-оқушы: «Сен құрметте оны»

1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.

2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51387/1398839275.jpg

1-оқушы:

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

2-оқушы:

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

3-оқушы:

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

2-жүргізуші:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

1-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

2-жүргізуші:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Материалды дайындау барысында "Мектептегі мереке" журналы пайдаланылды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: akimat-pvl.gov.kz, kargoo.gov.kz

Оқи отырыңыз:

Соғыс туралы жырлар

Соғыс туралы жырлар

Батырлық, ерлік туралы қанатты сөздер

Форумда талқылау

Тег:

9 мамыр жеңіс күніне тәрбие сағаты, 9 мамыр жеңіс күнінен сценарий, 9 май сценарий, 9 мамырға өлеңдер, Жеңіс күніне суреттер

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация Информатика"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .Тақырып: Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпараттар саны. Кодтау. Екілік код.Мақсат: Оқушылардың ақпарат, ақпараттық процесс, қасиеттері және олардың саны жөніндегі білімдерін қалыптастыру; 2) Оқушыларды ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғыларымен таныстыру.Міндеттер: Білімділік – Оқушыларды ақпарат, ақпараттық процесс, оның қасиеттері, кодтау ұғымдарымен таныстыру Дамытушылық – Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу. Сабақ түрі: лекция сабақСабақ типі: аралас сабақӘдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауапҚұрал-жабдықтар компьютер Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып. 3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.Сабақ барысы1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.2) Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5 мин)3) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин) «Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа ,ғылымның әр түрлі;философия экономика,физика,математика,информатика т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз , ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық.Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді,радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз.Диктор теледидар арқылы «Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті» деп хабарлайды. Сендер бір-біріңнен : «кеше біздің футбол командамыз жөнінде жаңалық естідің бе?» немесе «бүгін соңғы хабарды естідің бе?»деп сұрайсыңдар . Бұл мысалдарда «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың,жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Алматы облысының маңынан археологиялық қазба жұмысы кезінде қаз қалпында сақталған ежелгі сақ тайпасының жас жауынгерінің киімі , құрал жарақтары ,үй бұйымдары т.б . табылды . Бұл қазба Жетісу өңірін бұрын мекендеген сақ тайпалары екендігі жөнінде, олардың тұрмысы, мәдени дамуы,сол кездегі жауынгерлердің киімі, тұрмыста пайдаланған заттары жөніндеөте бағалы ақпарат берді.Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс,тіпті сендер ұйықтап жатқанда да ой процесі, яғни ақпаратты өңдеу процесі жалғаса береді. Алынған мәліметтерді өңдеу, математикалық есептерді шешуді қиын жағдайдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын өзінде болмаған жаңа ақпарат ойлап шығарады. Адам өзін қоршаған ортадан қарым-қатынас жасау және өз бетімен іздеу нәти-жесінде алған барлық ақпаратты өзінің бар білімімен үнемі салыстырып,оны рет-тейді әрі талдайды.Сонымен адам ақпаратты сақтай алады,өңдейді және(шығарып бере) жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс дейді. Ақпараттық процесті оның өзі жасай алады немесе әр түрлі құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз,магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т.б. жатады.Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 96710, 17078, 3С716, 11110001112,сияқ-ты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавиті де ондық , сегіздік , он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.Ақпаратты сақтау, қабылдау , ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады.Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу- декодирование) процесімен тікелей байланысты.Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса,кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесін – екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 049 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.07.2020 400
    • DOCX 139.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чуйко Ольга Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чуйко Ольга Николаевна
    Чуйко Ольга Николаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 98680
    • Всего материалов: 246

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека