Инфоурок Физика ПрезентацииПрезентация и план урока

Презентация и план урока

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ˆ­¥àæ¨ï 2.ppt

Скачать материал "Презентация и план урока"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 7 сыныпИНЕРЦИЯaelita

    1 слайд

    7 сынып
    ИНЕРЦИЯ
    aelita

  • «Әсерсіз қозғалыс жоқ»
  Аристотель
   IV ғасыр б.э.д «Барлық денелердің қозғ...

    2 слайд

    «Әсерсіз қозғалыс жоқ»
    Аристотель
    IV ғасыр б.э.д
    «Барлық денелердің қозғалысы , басқа дененің әсерінен болады

  • Галилео Галилей1564-1642Алғашқы болып 
ғылымда эксперимент
жасады
Инерция тү...

    3 слайд

    Галилео Галилей
    1564-1642
    Алғашқы болып
    ғылымда эксперимент
    жасады
    Инерция түсінігін енгізді
    Көлбеу жазықтықтағы
    дененің түсуін зерттеді


    56 сурет

  •  Галилей тәжірибесі: Шардың көлбеу жазықтықпен қозғалысы.

    4 слайд

    Галилей тәжірибесі: Шардың көлбеу жазықтықпен қозғалысы.

  • --   «Егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда ол тыныштық күйде болады...

    5 слайд

    -- «Егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда ол тыныштық күйде болады немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалады.»
    Исаак Ньютон

  •         Физикалық көрінісИнерцияны айыптау

    6 слайд

    Физикалық көрініс
    Инерцияны айыптау

  • 7 слайд

  •   Жол бойындағы апаттар

    8 слайд

    Жол бойындағы апаттар

  • 9 слайд

  • 10 слайд

  • 11 слайд

  • Инерция  спортта

    12 слайд

    Инерция спортта

  • 13 слайд

  • 14 слайд

  • 15 слайд

  • 16 слайд

  • Шапшаң қозғалған автомобильдер жолдың бұрылысында өздерінің алғашқы түзусызық...

    17 слайд

    Шапшаң қозғалған автомобильдер жолдың бұрылысында өздерінің алғашқы түзусызықты қозғалыс бағыттарын сақтауға тырысады.

  • 18 слайд

  • Хоккей шайбасы оны таяқпен ұрғаннан кейінгі қозғалысы инерцияның әсері

    19 слайд

    Хоккей шайбасы оны таяқпен ұрғаннан кейінгі қозғалысы инерцияның әсері

  • 20 слайд

  • Инерция шеберханада

    21 слайд

    Инерция шеберханада

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • Инерция ғарышта

    24 слайд

    Инерция ғарышта

  • 25 слайд

  • 26 слайд

  • Денеге басқа денелер
 әрекет етпеген кезде 
қалыптасқан  
жылдамдығын сақтау...

    27 слайд


    Денеге басқа денелер
    әрекет етпеген кезде
    қалыптасқан
    жылдамдығын сақтау
    құбылысы инерция деп
    аталады.

  • “Басбармақ” стратегиясы      Тамаша!

      
      Орташа


      Ұнамады

    28 слайд

    “Басбармақ” стратегиясы
    Тамаша!


    Орташа


    Ұнамады

  • «Плюс, минус, қызықты»«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жа...

    29 слайд

    «Плюс, минус, қызықты»
    «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
    «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
    «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

  • 30 слайд

  • 31 слайд

  • Автобустар

    32 слайд

    Автобустар

  • Жеңіл автомобиль

    33 слайд

    Жеңіл автомобиль

  • Үй жұмысы
Параграф §12
Кестені «Инерцияны тұрмыста,  техникада,  спорта».тұрм...

    34 слайд

    Үй жұмысы

    Параграф §12
    Кестені «Инерцияны тұрмыста, техникада, спорта».
    тұрмыста

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ инерция (2).doc

Бекітемін

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денелердің өзара әрекеттеуі

Мектеп: «№17 Байқоңыр ЖОББМ» КММ

Күні: 22.11.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні:  Магауова К

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 8

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақ тақырыбы

Инерция құбылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.1 – табиғаттағы инерция құбылысын түсіндіру мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы инерция құбылысын түсіну, пайдасы мен зиянын ажырата білу

Бағалау критерийлері

Инерция құбылысын мысалдар арқылы аша алады;

Инерцияның анықтамасын біледі;

Тілдік  мақсаттар

 

Оқушылар: мысалдар келтіру арқылы инерция құбылысын ауызша, жазбаша түрде жүйелі сипаттай алады

 Пәнге тән лексика мен терминология:

Инерция, қозғалыс, әрекетсіздік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Неліктен жарыстарда мотоцикл,велосипедтер бұзылады,темір жол вагондары рельстен шығып,апатқа ұшырайды,автокөліктер жаяу жүргіншілерді қағып кетеді

Құндылықтарды баулу

 

 

Денсаулықты сақтауға және мәдинеттің ұлттық жүйесін табысты дамытуға баулу

Пәнаралық байланыстар

 деректер қөздерін іздеу кезінде тарих пәнімен, күнделікті өмірмен, спортпен  

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Тығыздықты есептеу

АКТ-ны қолдану

Bilimlаnd, SMK.EDU.kz

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 оқушылармен амандасу, түгендеу

 Психологиялық ахуалды орнату : Автобус

  Бәріміз автобус ішінде отырмыз. Автобус орнынан жұлқына тартылып қалды, тепе-теңдік бұзылды. Сонда қалай қимылдаймыз? Қай жаққа қисайдық?(артқа)

—  Ұзын жолмен автобус зулап келеді. Ол бірқалыпты қозғалады. Кенет тежелді. Қалай қимылдаймыз? Қай жаққа қисайдық? (алға)

—   Бірқалыпты келе жатқан автобус оңға қарай тез бұрылды, қалай қимылдаймыз? (солға)

Солға қарай бұрылса ше? (оңға)  Осы мысалдардан белгілі бағытта қозғалған дене өзінің  қозғалыс  жылдамдығын сол бағытта сақтауға тырысатынын байқаймыз.

Бұл құбылыс қалай аталады?

 

 

Автобус суреті

 

 Инерция. Кітапты ашыңдар §12

Инерция құбылысын түсіндіріп, мысалдар келтіреді.

 

Сабақтың ортасы 

30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денеге басқа денелер әрекет етпеген кезде қалыптасқан жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. (латынша инерция – қозғалыста емес, әрекетсіздік).

1.Барлық денелердің қозғалысы , басқа дененің әсерінен болады . «Әсерсіз қозғалыс жоқ»

Ежелгі грек философы Аристотель  IV ғасыр б.э.д

2. 2000 жыл өткен соң Италияның атақты  ғалымы Г.Галилей  шардың көлбеу жазықтықпен қозғалысын бақылай отырып мынандай қорытындыға келді: денеге басқа денелер әрекет етпесе,онда ол Жер бетіне қатысты тыныштық күйінде тұра береді немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын сақтайды. Бұл дәлелдемесі «Инерция заңы» деп аталды.

3.И.Ньютон 1678 жылы инерция заңын толықтырды.

 Инерцияның тұрмыста,қозғалыста, техникада маңызы зор. Енді кезекті оқушыларға берейін.

Сынып оқушылары алдын-ала дайындалған.

Айыптаушылар, қорғаушылар,сот, хатшы,айыпталушы болып бөлініп жаңа тақырыптың мазмұнын ашты.

 Физикалық көрініс. «Инерцияны айыптау»

            Сот: Бүгін Инерцияны айыптау туралы №1 істі қараймыз. Оның айыбы мынада: инерцияның салдарынан жол апатына көп жол берілді. Басқа да қайғылы оқиғалар болып жатты. Сондықтан куәгерлердің сөзін тыңдап, әділ жаза қолдануымыз керек. Айыпталушыны әкеліңдер.

            Екі сақшы әкелді.

            Сот: Айыпталушы, сіздің фамилияңыз, аты жөніңіз?

            Инерция: Физикалық инерция.

            Ата – анаңыз?

            Инерция: Галилео Галилей, Исаак Ньютон.

            Өмірбаяныңыз?

            Инерция: ертедегі грек ғалымы Аристотель денеге басқа дененің әрекеті тоқталғаннан соң ол дене тыныштық күйге ұмытылады деді. Сондай – ақ тастың қолдан шығып кеткеннен соң да қозғалысын тоқтатпайтыны сияқты мәселелерді түсіндіру қиын болды.

            Бұл сұраққа жауапты менің тууыма байланысты  Галилео Галилей берді, ал кейінірек оны Исаак Ньютон нақты тұжырымдады.

            Сот: Айыпталушыға сұрақ бар ма?

            Бас қорғаушы: менің сотқа сұрағым бар.

            Инерцияның ата – аналары Галилео Галилей мен Исаак Ньютон сияқты атақты адамдар екені  ескеріле ме?

Сот: барлық фактілер де ескеріледі.

Хатшы: инерция болғанда сіз қандай денелерге тәнсіз, қолданылатын орныңыз?

Инерция: Мен барлық денелерге тәнмін. Қолданылатын орыным: физика, техника, өмір.

Хатшы: сотқа келген жедел хатты оқып береді.

1 жеделхат: «Мен ертедегі ойшылдардың бірі – Аристотельмін. Сот жұмысын дұрыс емес деп есептеймін. Сіз қойған айыптың бірде –бірі Инерцияға тән емес.»

2 жеделхат: «Мен  Галилео Галилей – орта ғасырдың ұлы физигі. Кім табиғаттың құпиясын ашқысы келсе, оны өте құрметтеймін. Сондықтан сіздерге өзімнің құрметімді білдіремін. Істеріңізге сәттілік тілеймін!»

3 жеделхат: «Мен Исаак Ньютон ағылшын физигі және математигі. Табиғат заңдарының сіздерді де бейтарап қалдырмағанына қуаныштымын.айтыстан шындық туындайды. Егер сіздер оны тапсаңдар, механиканың 1 – ші заңы –инерция заңы ғажайып ғалымдар елінің сырын ашады.»

Сот: Енді сөзді айыптаушыларға берейік!

1 – Айыптаушы:

- Мен, (физика оқулығына қол қойып тұрып ант етеді)

Бір адам жолды кесіп өте беріп еді, бұрылыстан үлкен МАЗ машинасы шыға келді де, оны қағып кетті. Инерцияның салдарынан машина тоқтай алмады. Автобус тежегішін басқанда адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығысты.Бәріне инерция кінәлі.

2 – Айыптаушы:

- Мен спортты өте жақсы көремін . Өткенде бір веложарыста велосипедші жол жатқан тасқа соқтығып, өзі ұшып кетті. Қалған  велосипедшілер инерцияның әсерінен тежей алмай, жол үстіндегі велосипедке соқтықты. Сөйтіп, жарыс тоқтатылды. Бұл адам төзбес оқиға еді. Сүрініп құлап,  аяғым ілгері кетіп, ал өзім инерцияның әрекетінен тез қозғала алмай аяғымды ауыртып алдым.

Сот: сөз бас айыптаушыға беріледі.

Бас айыптаушы:

- Мен  осы залда отырғандардың барлығын бұл іске мұқият қарауын сұраймын. Осы инерцияның  кесірінен болған оқиғаларды еске түсіріңдер.Инерцияны жақтағысы келгендер табылып жатыр.Бұл инерция бізге не істемеді? Кім сүрініп құламады? Қанша апаттар болды, қанша машина істен шықты.Бұны жақтау дұрыс емес. Айыптаушыға тиісті  жазасын беріңіздер.

Сот: Енді сөз қорғаушыларға беріледі.

1 қорғаушы:

- Мен, Ньютонның атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін.Егер жалған сөйлесем, онда мені бүкіл физика заңдары мен Ньютонның заңдары ұрсын. Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы көп.Кілемді таяқпен ұрғанда,кілем орнынан қозғалады,ал шаң сол орнында инерцияның әсерінен қалып қояды.Таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді.

2 қорғаушы:

- Велосипедшілер жарысында велосипедшілер үнемі  педальді баса бермейді,оқтын-оқтын аяқтарын демалтады,бірақ велосипед инерцияның көмегімен қозғалады.Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда,балға инерция әсерінен сапқа енеді. Спортшыларға ядроны неғұрлым алысқа лақтыруға инерцияның көмегі зор.

Сот: Сөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы:

Егер инерцияның істеген істеріне дұрыс, әділ көзбен қарасақ,оның кемшілігінен пайдалы істері көп. Жақсы шофер жанармай үнемдейді. Ал егер жаяу адам ұшқалақ, жол ережесін білмейтін болса,онда машина тежегенде тез тоқтай алмайды да, оны қағып кетеді. Бұған жаяу адам кінәлі. Сүрініп құлаған адам да өзін кінәләуі керек. Залда отырған жолдастар, әрқайсыңыз инерцияның жақсы жақтарын еске түсіріп,оны қорғап алыңыздар!

Бас айыптаушы:

 - Құрметті сот! Қымбатты жолдастар! Инерция артық заң, оны жоюымыз керек? Ол үнемі қайындық әкеледі. Мына отырған айыпкердің кесірінен қаншама машина патқа ұшырап, қаншама қайғылы оқиғалар болып жатыр, сондықтан оған тиісті жазасын беруіміз керек. Инерцияны құрту керек, құрту керек оны!

Сот: Сөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы: 

- Біз инерцияның кемшілігінен гөрі пайдалы жағының басым түсетіні үнемі назарға ұстау тиіспіз. Спортта секіру, лақтыру, жүгіру кезінде инерция дүние жүзілік рекорд туғызады. Шын мәнінде инерцияға алғыс айтуымыз керек. Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасы шығып кеткен болар еді. Ай Жерге, ал Жер Күнге түскен болар еді.

Сот: Сот кеңесуге кетеді.

Сот: Екі жақты да жете тыңдап сот мынадай шешімге келді.

            Инерцияның көлеңкелі жақтарын, табиғат заңдарын, оның құпияларын жете зерттеп, оны адам иелігіне жаратуымыз керек. Сондықтан инерцияны айыпты деп таба алмаймыз. Инерция толық ақталды.

Осымен сот жабық деп жариялаймын.

Барлығы хормен:

Денеге  басқа денелер әрекет етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы  инерция деп аталады.  

(Инерция – латын сөзі, ол «қозғалыссыздық, әрекетсіздік» - деген мағына білдіреді.)

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау

Тапсырма 1

Берілген мысалдардың ішінен инерция арқылы қозғалысты таңдаңыз.

А) Кілемді ұрғышпен қаққанда, шаңның ұшып шығуы.

В) Сүрінген адамның алға қарай құлауы.

С) Автомобильдің қозғалысы.

Д) Жердің өз осінен айналуы.

 

Дескриптор   Білім алушы

                         инерция құбылысын белгілейді

Тапсырма 2

Төмендегі тұжырымның дұрыс не бұрыстығын анықтаңдар.

Денеге басқа дене әрекет етпесе жылдамдығын сақтайды. (дұрыс)

Тегіс емес бетте дененің қозғалысы ұзақ болады. (бұрыс)

Тегіс бетте дененің қозғалысы ұзақ болады. (дұрыс)

Инерция тұжырымдамасын Галилей ұсынды (дұрыс)

Дескриптор      Білім алушы

                          тұжырымның дұрыс,бұрыс екенін

                          белгілейді

 

Тапсырма 3

 

Ғарышта дене шексіз ұзақ қозғалады, себебі

Үйкеліс және ортаның кедергі күштері жоқ*

Жақын орналасқан жұлдыздар мен ғаламшарларға дейінгі қашықтықтар өте үлкен

Бұл ғарыш кеңістігінің ерекшелігі, Жер бетінде басқа заңдар жұмыс жасайды

Жермен тартылады

Дескриптор                 Білім алушы

                                   -ғарышта дене шексіз

                                    ұзақ  қозғалатын

                                    себебін табады.

Тақырыпты бекіту

Сұрақ: Төменде келтірілген мына мысалдарды инерцияға жатқызуға бола ма?

А.Скейтбордтарда балалардың жүруі – иә/жоқ;

Б.Жүктелген шананы тауға тартып көтергенде – иә/жоқ;

В.Кеме сол жаққа бұрылғанда, кемедегі адамдардың оң жаққа еңкеюі – иә/жоқ;

С.Ұшақ екпін алып ұшқанда – иә/жоқ.

Дұрыс жауаптары:

А.иә

Б.жоқ

В.иә

С.жоқ

Сұрақ : Неге кейбір автомобильдерде осындай белгі тұрады? Оны автомобильдің қай жағында (алдында немесе артында) орналастырады?Неге?

Дұрыс жауабы: автомобильдің артқы шынысында. Күрт тежелу кезінде артында келе жатқан автомобильдерді алдын ала ескерту белгісі

Сұрақ : «Инерция» сөзін пайдаланып сөйлемді жалғастыр.

1)Автобус бірден тоқтай алмайды, себебі

2)Автобус толық тоқтағаннан кейін ғана одан шығуға болады, өйткені

Жауаптары:

Автобус бірден тоқтай алмайды, себебі ол инерция бойынша қозғалысын жалғастырады.

 Автобустан толық тоқтағаннан кейін ғана шығу керек, инерция бойынша алға қарай қозғалысты жалғастыра отырып, жерге түскенде алға қулау мүмкін.

 

 Оқушылардың бірін-бірі «Басбармақ» арқылы бағалау

 Мұғалімнің топтарды смайликпен  бағалауы

 

 

 

Көлбеу жазықтық, арбаша, құм, қалың мата қиындысы, жалтыр шыны

Слайдтар,видеокөрсетілім

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Ашық микрофон» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта алған мағлұматтары мен түсінбеген сұрақтарын ортаға салады

Үйге тапсырма §12

 

Саралау оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар тақырыпты күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы жақсы аша білді. Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар берілді, оқушылардан әр түрлі жауап күтемін.

 

«Басбармақ»  басбармақ көмегімен топтар бірін-бірі бағалап өтеді.

Қауіпсіздік ережелеріне нұсқаулық беремін.

Сабақ бойынша рефлексия

 

 

 

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Физикалық көрініс  жаңа тақырыпты ашуға түрткі болды.«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар  бүгінгі сабақта алған әсерлерін, мағлұматтарын ортаға салады.

Үндемей отырған оқушыға өзім микрофон ұсынып , пікірін білемін.

 

 

Сабақ кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылды.  Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.

   Оқу мақсатына тиісті деңгейде жетпеген оқушылармен қосымша жұмыс жүргізіледі.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды  да,оқуды да ескеріңіз)?

1:

 

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)

1:  

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация и план урока"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 912 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Температура. Способы её измерения. Различные виды термометров. Температурные шкалы. (Физика. 7-класс)
  • Учебник: «Физика», Андрюшечкин С.М.
  • Тема: § 3. Практическая работа «Измерительные приборы. Проведение измерений»
  • 13.11.2017
  • 1447
  • 6
«Физика», Андрюшечкин С.М.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2017 1734
    • ZIP 4.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магауова Касира Магауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магауова Касира Магауовна
    Магауова Касира Магауовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9735
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 130 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 121 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов