Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / Поурочное планирование на тему Көктем

Поурочное планирование на тему Көктем

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері. Көктем.

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік: өтілген тақырыптар арқылы оқушылардың тілін дамыту,ойлау, сөйлеу есте сақтау қабілетін арттыру, оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы білімдерін тексеру,

  • дамытушылық: сауатты, көркем жазуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; жүйелі ойлауға, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу арқылы шығармашылық ізденістерін дамыта түсу.

  • Тәрбиелік: қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу, қазақ халқының дәстүрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың рухани дүниесін тәрбиелеу, тілге деген қызығушылықтарын ояту.

Cабақтың mүpi: дәстүрлі

Cабақтың muni: қорытындылау/қайталау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой шақыру, әңгімелеу, ойын,

жұмбақ шешу, деңгейлік тапсырмалар, түсіндіру, деңгейлеп, саралап оқыту, іздендіру.

Сабақтың формасы: Топпен, жеке оқушымен.

Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану, өзін-өзі тану, әдебиет оқуы.

Көрнекілік: Интерактивтік тақта, перфокарта, карточкалар, тілектер ағашы, жүрек жылуы


Кезеңдері

Сабақтың барысы

Ұйымдастырау

Балалар, тақтаның алдында дөңгеленіп тұрады.

Мұғалім:

Амансың ба, балалар?!

Амансың ба, қонақтар?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем, қуанам.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сәлеметсіз бе? Есенсіз бе?

Амансың ба? Армысыз!

Ассалаумағалейкум!

2

Рахмет, балалар, осы жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Балалар, бүгін біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. Осы қонақтарға өзімізді тек қана жақсы жағымыздан көрсете білейік. Бүгін біз сабақта: өткен жыл мезгілдері тақырыбын қайталаймыз, соның ішінде көктем және наурыз тақырыбына нақтырақ тоқталып кетеміз. Көктем мәтінімен түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сабақтың соңында білімдерімізді өздерің бағалайссыңдар. Парта үстінде жатқан қызыл, көк, жасыл жолақшалар арқылы. Қызыл – 5, көк – 4, жасыл – 3.

Тіл дамыту сұрақтары

Күнделікті тіл дамыту сұрақтарын бүгін бізге Нұрболат қояды.

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Көктем айлары қандай?

  • Қазір қандай ай?

  • Бүгін наурыздың нешесі?

  • Бүгін аптаның қай күні?

Рахмет, Нұрболат орныңа отыра қой.

Бүгінгі ауа райына Альберт болжам жасайды.

Бүгін Рудный қаласында ауа райы салқын болады. Ауаның температурасы күндіз 7 градус салқын, түнде 15 градус суық болады. Кешке жақын тұман түседі. Қар жаууы ықтимал.

Үй тапсырмасын тексеру

Қазір үй тапсырмасын тексерейік. Үйге не берілді? Үйге «Жыл мезгілдері» тақырыбын қайталау. Үй тапсырмасын мына перфокарталар арқылы тексереміз.


Қыста

Көктемде

Жазда

Күзде

Қар жауады





Жидек піседі





Көк шығады





Қар ериді





Жапырақтар сарғаяды





Боран соғады





Суық болады





Ыстық болады





Құстар ұшып келеді





Құстар ұшып кетеді





Бау-бақшада жұмыс басталады





Шанамен сырғанаймыз





Өзенге шомыламыз





Көкөніс жинаймыз





Сабақ басталады





Жер аппақ болады





Сабақ аяқталады





Бәйшешек гүлдейді





Аяз болады









Жаңа сабақ

  1. Перфокарталарды жинап алу.

  2. Оқушылармен толық тақтаға тапсырманы орындау.

Үй тапсырмасын сұхбаттасу арқылы қорытындылайық.

  1. Сұхбаттасу.

Рахмет, балалар, біз қазір көктем жыл мезгілі дедік. Ондай болса, енді мына мәтінге назар аударайық. Қазір мәтінді мен оқимын сендер, мұқият тыңдап, мәтінде кездесетін түсініксіз сөздердің астын сызып қоясыңдар. Кейін ол сөздерді бірге аударуға тырысамыз. Кейін мәтін бойынша мен сендерге сұрақтар қоямын.

Мәтінмен жұмыс

Көктем
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Түнде салқын. Күндіз жылы. Жылы жел соқты. Ағаштар бүршік жарды.
Көктемде егін, бақша егіледі. Мал төлдейді. Құстар ұшып келеді. Көк шығып, бәйшешек гүлдейді.
Көктемде бірнеше мереке болады. Олар: 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр. Көктем мезгілі тамаша!

  1. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді аудару.

  • төлдейді;

  • бүршік;


  1. Мәтінді тізбектей оқыту.

  2. Мәтін бойынша сұрақтар қойғызу.

  • Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?

  • Көктемде қандай мерекелер болады?

  1. Көктем тақырыбы бойынша Нұрболат қосымша сұхбаттасу құрастырды.

  2. Сұхбаттасу.

Грамматика

Жақсы, рахмет, балар. Енді осы мәтін бойынша біз грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз.

1 тапсырма.

Фонетикалық талдау жаса.

КӨКТЕМ

2 тапсырма.

Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.

Жылы жел соқты.

3 тапсырма.

Сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талда.

АҒАШТАР БҮРШІК ЖАРДЫ.

* 4 тапсырма.

Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыр.

ЗАТ ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ

САН ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ

ЕСІМДІК+ЗАТ ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ+ ЕТІСТІК

СЫН ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ

Кейін әр оқушыны тақтаға шығарып, талдау жасату.

Наурыз туралы


































Бағалау

- Сонымен көктемде қандай мерекелер болады?

- Жақын арада қандай мереке болады?

Осы наурыз меркесі туралы бізге Вадим айтып береді.

Наурыз тойы.

Наурыз жыл басы. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді. Наурызды жақсы тілектермен тойлайды. Наурыз мерекесінде адамдар ағаш, гүл егеді. Наурыз көже, бауырсақ пісіреді. Көжеге жеті түрлі дәм салады: бидай, тары, ет, құрт, тұз, су.

hello_html_m50f1f19f.gif

  • Наурыз мерекесінде адамдар не істейді?

Бізде бүгін бір-бірімізге тілектер айтайық.

Тақтаның алдына дөңгеленіп тұрайық. Бір-бірімізге тілектер айтайық.

  • Сабағыңды жақсы оқы!

  • Сәттілік тілеймін!

  • Қуанышпен бес алайық!

  • Көктем шуақты болсын!

  • Алланың нұры жаусын!

  • Күннің шапағатына бөлен!

  • Әр күнің нұрлы болсын!

  • Аспаның ашық болсын!

  • Күніміз ашық болсын!

  • Жеріміз кең болсын!

  • Ауамыз таза болсын!

  • Суымыз тұнық болсын!

  • Гүліміз жақсы өссін!

  • Елімізде тыныштық болсын!

  • Деніміз сау болсын!

  • Әке-шешем аман болсын!

  • Отбасым бақытты болсын!

  • Өміріміз гүлдей болсын!

  • Ата-анаңа мейірімді бол!

  • Жүзіңнен күлкі кетпесін!

  • Уайым қайғы жоқ болсын!

  • Қуанышың көп болсын!

  • Өміріңіз ұзақ болсын!

Осы тілектеріңді мына тілектер ағашына іліп қойыңдар.

Енді өздеріңдібағалаңдар. Бағаларыңды күнделіктеріңе қойыңдар.


  • Тағы да наурыз күні не істейміз?

Дұрыс айтасыңдар. Ән айтамыз, би билейміз.

Аделина.

Наурыз.

Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Наурыз келді тамаша,

Ән айтайық таласа!

Ән «Наурыз»

Үй тапсырмасы

Тест сұрақтарын құрастыру. 5-10 сұрақ.

Бағалау

Оқушыларды әділ бағалау

Бекіту

Сонымен сабағымыз аяқталды. Мына наурыз мерекесінің бауырсағынан дәм татыңыздар. Сау болыңыздар!

1269153891_noorus-16.jpg










Төрт жыл мезгіліне бөліп жаз


Қыста

Көктемде

Жазда

Күзде

Қар жауады





Жидек піседі





Көк шығады





Қар ериді





Жапырақтар сарғаяды





Боран соғады





Суық болады





Ыстық болады





Құстар ұшып келеді





Құстар ұшып кетеді





Бау-бақшада жұмыс басталады





Шанамен сырғанаймыз





Өзенге шомыламыз





Көкөніс жинаймыз





Сабақ басталады





Жер аппақ болады





Сабақ аяқталады





Бәйшешек гүлдейді





Аяз болады











Көктем
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Түнде салқын. Күндіз жылы. Жылы жел соқты. Ағаштар бүршік жарды.
Көктемде егін, бақша егіледі. Мал төлдейді. Құстар ұшып келеді. Көк шығып, бәйшешек гүлдейді.
Көктемде бірнеше мереке болады. Олар: 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр. Көктем мезгілі тамаша!






ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР



1 тапсырма. Фонетикалық талдау жаса.

КӨКТЕМ



2 тапсырма. Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.

Жылы жел соқты.



3 тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талда.

Ағаштар бүршік жарды.



* 4 тапсырма. * Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыр.

ЗАТ ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ

САН ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ

ЕСІМДІК+ЗАТ ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ+ЕТІСТІК

СЫН ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ






















































Көктем
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Түнде салқын. Күндіз жылы. Жылы жел соқты. Ағаштардың бұтақтары бүршік жарды.
Көктемде егін, бақша егіледі. Мал төлдейді. Құстар ұшып келеді. Көк шығып, бәйшешек гүлдейді.
Көктемде бірнеше мереке болады. Олар: 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр. Көктем мезгілі тамаша!









_______________________________________________________





ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР


1 тапсырма. Фонетикалық талдау жаса.

КӨКТЕМ


2 тапсырма. Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.

Жылы жел соқты.


3 тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талда.

Ағаштардың бұтақтары бүршік жарды.


****4 тапсырма. Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыр.

ЗАТ ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ

САН ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ

ЕСІМДІК+ЗАТ ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ+ЕТІСТІК

СЫН ЕСІМ+ЗАТ ЕСІМ










  • Другое
Описание:

Урок подготовлен для 4 класса, по теме "Весна". У учащихся данного класса высокая мотивация на изучениеказахского языкас хорошими речевыми и языковыми способностями. Реализация принципов обучения: На уроке были реализованы следующие принципы:

  • принцип направленности обучения на комплексное решение задач;
  • принцип доступности обучения.

Каждый вид наглядности использовался для более доступного восприятия речи учителя и развития навыка монологического высказывания.

Принцип систематически и последовательности формирования знаний, умений и навыков соблюдался правильно, был правильный переход от простых заданий к сложным.

Сознавательность, активность и самостоятельность учащихся достигалась с помощью наводящих вопросов, руководство учением школьников осуществлялось со следующим схемам: учител--ученик, ученик-ученик.



Автор Кабылдина Айгуль Илесбековна
Дата добавления 19.02.2017
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 354
Номер материала MA-070284
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы