Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса. ПОДАТЬ ЗАЯВКУ НА КОНКУРС.
Главная / Начальные классы / Поурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Скачать материал

Сынып: 4

Пән: Математика                        

Мұғалім: Альжанова Айдана Болатбековна

 Сабақтың   тақырыбы: Бір бағыттағы қозғалысқа  есептер.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік :  Оқушыларға  қозғалысқа  арналған  есептер және  сол  есептерге  кері  есептер  шығару  жолдарын  меңгерту. Бір  бағыттағы  қозғалысқа  арналған  есептерді  шешуді  үйрету.  Жазбаша  көбейту  мен  бөлу‚  яғни   баған  түріндегі  көбейту  мен  бөлу   дағдыларын  жетілдіру.

Дамытушылық:   Есепті  шығару  және  түрлендіру,  ауызша  және  жазбаша  есептеу

дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік:  Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:  Игерген  білімді  бақылау  сабағы.

Сабақтың  түрі:   Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:  Түсіндіру,  сұрақ-жауап, көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік:   Көбейту   кестесі.

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Өтілген  сабақты пысықтау.

ІҮ.     Қорытындылау, бағалау.

Ү.     Үйге  тапсырма.

 

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй   тапсырмасын   тексеру:

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі..

 

                                  БІР  БАҒЫТТАҒЫ  ҚОЗҒАЛЫС

Жаңа  сабақ.

Сабақ  мақсатымен  таныстыру.

Түсіндірме  мәтінмен,  суретпен  жұмыс.

  1. Суреттегі қоян  мен  тазының  қозғалыс  бағыты  туралы  не  айтуға  болады?

900 – 800  айырмасы  нені  білдіреді?  Тазы  қоянды  неше  минутта  қуып  жетуі  мүмкін?

 

900–800=100 (м/мин)    Тазы  минутына  100  метр  артық  қозғалады

500:100=5 (мин)

 

  1. Арасы 60 км  екі  ауылдан  бір  мезгілде  бір  бағытта  жүк  машинасы  мен  жеңіл  машина

шықты.  Жеңіл  машинаның  жылдамдығы  85 км/сағ,  ал  жүк  машинасыныкі  65 км/сағ.

Егер  жеңіл  машина  жүк  машинасының  соңынан  жүріп  отырса,  оны  қанша  уақыттан

кейін  қуып  жетеді?

 

Бір  бағыттағы  қозғалыс.        1–ауыл                                                                2–ауыл

Жүк  маш. – 65 км/сағ.

Жеңіл маш. – 85 км/сағ.                         85 км/сағ                                                      65 км/сағ.

60 :  (85–65)=60:20=3 (сағ)                                       60 км

Ж:

 

  1. Қасым 2 км  ұзап  кеткен  Есімнің  соңынан  жүрді.  Қасым  4 км/сағ,  ал  Есім  5 км/сағ

жылдамдықпен  қозғалып  барады.  Қасым  Есімді  қуып  жете  ала  ма?  3 сағаттан  соң

олардың  ара  қашықтығы  қандай  болады?  4 сағаттан  соң  ше?

 

Алғашқы  ара қашықтық – 2 км

Қасымның  жылд. – 4 км/сағ.

Есімнің  жылд. – 5 км/сағ

(5–4)×3+2=5 (км) – 3 сағаттан  кейінгі  ара  қашықтық

(5–4)×4+2=6 (км) – 4 сағаттан  кейінгі  ара  қашықтық

Ж:

 

  1. Дүкенге 80  килограмдық  қаптармен  45 ц 60 кг  сазан  және  60  килограмдық  қаптармен

34 ц 80 кг  табан  балықтар  әкелінді.  Қай  балық  және  қанша  қап  артық  әкелінді?

 

Сазан – 80 кг–дық  қаппен  45 ц 60 кг

Қай  балық  және  қанша  қап  артық ?

Табан – 60 кг–дық  қаппен  34 ц 80 кг

1)  4560:80=57 (қап) – сазан

2)  3480:60=58 (қап) – табан

3)  58–57=1 (қап)

Ж:  сазан  балық  табаннан  1  қапқа  артық.

 

  1. Бөлуді орында  және  оны  тексер:

2516 : 17=                       2844 : 18=                        3021 : 19=                       5725 : 25=

 

Сергіту  жаттығуларын  жасау.

 

  1. Өрнек түрінде  жаз  және  оның  мәнін  тап:

а)  810 –ды  16 есе  арттырып,  60  есе  кеміт;

ә)  а-ны  27 есе кемітіп,  1275-ке  арттыр,  мұндағы  а = 27000;

б)  46550-ді  98 есе  кемітіп,  987-ге  арттыр;

в)  2035  және  608  сандарының  айырмасын  48  есе  арттыр.

 

7.Тік төртбұрыштың  ұзындығы  20 см,  бұл  оның  енінен  2 есе  артық.

Тік  төртбұрыштың  енін  тап.

Берілді:  тік  төртбұрыш

а=20 см,  бұл  оның  енінен  2  есе  артық

в – ? см

в=20:2=10 (см) – ені

в=10 см

 Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.

Үйге  тапсырма:  8,9–тапсырма,  шығ.  тапсырма.

Теңдіктерді  салыстыр:

999 х 4 = 4 х 1000 – 4                                     999 х 5 = 5 х 1000 – 5                    ………..

Не  байқадың?  Олар  қандай  ережеге  сүйеніп  жазылған?  Жазуды  жалғастыр

 Сынып: 4

Пән: Математика                        

Мұғалім: Альжанова Айдана Болатбековна

 Сабақтың   тақырыбы: Бір бағыттағы қозғалысқа  есептер.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік  :Оқушыларға  қозғалысқа  арналған  есептер және  сол  есептерге  кері  есептер  шығару  жолдарын  меңгерту. Бір  бағыттағы  қозғалысқа  арналған  есептерді  шешуді  үйрету.  Жазбаша  көбейту  мен  бөлу‚  яғни   баған  түріндегі  көбейту  мен  бөлу   дағдыларын  жетілдіру.

Дамытушылық:  Есепті  шығару  және  түрлендіру,  ауызша  және  жазбаша  есептеу

дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік:   Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:  Игерген  білімді  бақылау  сабағы.

Сабақтың  түрі:   Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:    Түсіндіру,  сұрақ-жауап, көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік:   Көбейту   кестесі.

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Өтілген  сабақты пысықтау.

ІҮ.     Қорытындылау, бағалау.

Ү.     Үйге  тапсырма.

 

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй   тапсырмасын   тексеру:

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі..

Қозғалыс  бағыты

БІР–БІРІНЕ  ҚАРАМА  ҚАРСЫ БАҒЫТ

БІР–БІРІНЕН  ҚАРАМА  ҚАРСЫ  БАҒЫТ

 БІР  БАҒЫТТАҒЫ  ҚОЗҒАЛЫС

Жаңа  сабақ.

Сабақ  мақсатымен  таныстыру.

Түсіндірме  мәтінмен,  суретпен  жұмыс.

  1. Суреттегі екі  конькишінің  қозғалыс  бағыты  туралы  не  айтуға  болады?

Екінші  конькиші  біріншіні  қуып  жете  ала  ма?  12 – 10 айырмасы  нені  білдіреді?

12–10=2 – секундына  2  м  артық

  1. Арасы 89 км  екі  қаладан  бір  мезгілде  бір-бірінен  қарама-қарсы  бағытта  екі  жүк

машинасы  шықты.  Оның  біреуі  55 км/сағ,  ал  екіншісі  65 км/сағ  жылдамдықпен

жүрді.  3 сағаттан  кейін  бұл  машиналар  бірінен-бірі  қандай  қашықтықта  болады?

7 сағаттан  соң  ше?

Бір–бірінен  қарама–қарсы  бағыт         55 км/сағ.                                                          65 км/сағ.

Қашықтық – 89 км

1–маш. жылд. – 55 км/сағ.

2–маш. жылд. – 65 км/сағ.                                                                        89 км

3 сағ.-тан,   7 сағ–тан    кейінгі  ара қашықтық – ? км

89+55×3+65×3=449 (км) – 3 сағ.-тан  кейінгі  ара қашықтық

89+55×7+65×7=929 (км) –  7 сағ.-тан  кейінгі  ара қашықтық

Ж:

 

  1. Қалада жылына  15000  пәтер  тапсырылуы  керек  еді.  Құрылысшылар  198  пәтерлі

6 үй  және 270  пәтерлі  5 үй  тапсырды. Құрылысшылар  әлі  қанша  пәтер  тапсыруы  керек?

Осыған  кері  есеп  құрастыр  және  оларды  шығар.

 

Барлығы – 1500 п.

Тапсырды – 198 пәтерден  6 үй  және  270 пәтерден 5 үй

Тапсыру  керек – ? пәтер

15000–(198×6+270×5)=12462 (п.) – тапсыру  керек

Ж:

 

  1. Теңдеу құр  және  оны  шеш:

а)  360-қа  х-тің  3-ке  бөліндісін  қосқанда  440  шығады;               360+х:3=440

ә)  х –тің  8-ге  бөліндісін  140-қа  арттырғанда  212  шығады;        х:8+140=212

б)  х пен  25-тің  қосындысын  4 есе  арттырғанда  360  шығады.    Х+25×4=360

.     Теңдеулерді  шеш:

Қандай  компонент  белгісіз?

Белгісіз  компонентті  қалай  табады?

 

Сергіту  жаттығуларын  жасау.

 

  1. 708 х 62 + 304 х 95 9000 – 77952 : 28                         19 х 2040

403 х 59 – 807 х 26                       13995 – 27948 : 51                       29 х 7030

 

  1. 235 теңге 2 тиын + 598 теңге 5 м 8 см + 3 м 452 см

2 т 886 кг + 7 т 795 кг                                      543 км 8 м + 324 км 769 м

 

 

  1. Тік төртбұрыштың  ені  10 см,  бұл  оның  ұзындығынан  2 есе  кем.

Тік  төртбұрыштың  ұзындығы  неше  сантиметр?

Берілді:  тік  төртбұрыш

в=10 см,  бұл  а–дан  2 есе  кем

а – ? см

10×2=20 (см) – ұзындығы

а=20 см

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Теңдіктерді  салыстыр:

15873 х 7 = 111111                                     15873 х 14 = 222222

Не  байқадың?  Байқағаныңа  сүйеніп  жазуды  жалғастыр.

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.

Үйге  тапсырма:  7,9–тапсырма,  шығ.  тапсырма.

 

 

 



Сынып: 4

Пән: Математика                        

Мұғалім: Альжанова Айдана Болатбековна

 Сабақтың   тақырыбы: Қайталау

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік  :Оқушыларға  қозғалысқа  арналған  есептер және  сол  есептерге  кері  есептер  шығару  жолдарын  меңгерту. Бір  бағыттағы  қозғалысқа  арналған  есептерді  шешуді  үйрету.  Жазбаша  көбейту  мен  бөлу‚  яғни   баған  түріндегі  көбейту  мен  бөлу   дағдыларын  жетілдіру.

Дамытушылық:   Есепті  шығару  және  түрлендіру,  ауызша  және  жазбаша  есептеу

дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:  Игерген  білімді  бақылау  сабағы.

Сабақтың  түрі:   Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:   Түсіндіру,  сұрақ-жауап, көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік:   Көбейту   кестесі.

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Өтілген  сабақты пысықтау.

ІҮ.     Қорытындылау, бағалау.

Ү.     Үйге  тапсырма.

 

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй   тапсырмасын   тексеру:

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі..

Қозғалыс  бағыты

БІР–БІРІНЕ  ҚАРАМА  ҚАРСЫ БАҒЫТ

 БІР–БІРІНЕН  ҚАРАМА  ҚАРСЫ  БАҒЫТ

 

                                  БІР  БАҒЫТТАҒЫ  ҚОЗҒАЛЫС

Жаңа  сабақ.

Сабақ  мақсатымен  таныстыру.

Түсіндірме  мәтінмен,  суретпен  жұмыс.

  1. Бір мезгілде  екі  қаладан  екі  жүк  поезы  бір-біріне  қарама-қарсы  жолға  шықты.  Олар

7 сағаттан  кейін  кездесті.  Бірінші  поездың  жылдамдығы  60 км/сағ,  ал  екіншісінікі

80 км/сағ.  Қалалардың  ара  қашықтығын  тап.

Осыған  кері  есеп  құрастыр  және  оларды  шығар.

Бір–біріне  қарама–қарсы  қозғалыс.

1–поезд  жылд. – 60 км/сағ.

2–поезд жылд. – 80 км/сағ.

Уақыт – 7 сағ.

Қашықтық – ? км

(80+60)×7=980 (км) – қашықтық

Ж:

 

  1. Бір мезгілде  жолға  шыққан  екі  жүрдек  поезд  бір-бірінен  қарама-қарсы  бағытта  жүріп

кетті.  5  сағаттан  кейін  олардың  ара  қашықтығы  900 км болды.  Бірінші  поездың

жылдамдығы  80 км/сағ.  Екінші  поездың  жылдамдығын  тап.

Осыған  кері  есеп  құрастыр  және  оны  шығар.

Бір–бірінен  қарама–қарсы  қозғалыс

Қашықтық – 900 км

Уақыт – 5 сағ.

1–поезд  жылд. – 80 км/сағ.

2–поезд жылд. – ? км/сағ.

(900–80×5) : 5=100 (км/сағ.) – 2–поезд жылд.

Ж:

  1. Арасы 142 км  екі  қаладан  бір  мезгілде  екі  жүк  поезы  бір-бірінен  қарама-қарсы

бағытта  жолға  шықты.  5 сағаттан  кейін  поездар  аялдады.  Сонда  екі  поездың  арасы

842 км  болды.  Егер  бірінші  поезд  325 км  жүрсе,  онда  екінші  поездың  жылдамдығы

қандай  болған?

Бір–бірінен  қарама–қарсы  қозғалыс

Қашықтық – 142 км

5 сағаттан  кейінгі  қашықтық – 842 км

1–поезд  жүрді – 325 км

2–поездің жылд. – ? км/сағ.

(842–142–325) : 5 =375:5=75 (км/сағ.) – 2–поездің жылд.

Ж:

 

  1. Арасы 83 км  екі  айлақтан  бір  мезгілде  екі  кеме  бір-бірінен  қарама-қарсы  бағытта

жолға  шықты.  Бірінші  кеменің  жылдамдығы  32 км/сағ.  4 сағаттан  соң  екі  кеменің

арасы  355 км  болды.  Екінші  кеме  неше  км  жүрді  және  қандай  жылдамдықпен

қозғалды?

Бір–бірінен  қарама–қарсы  қозғалыс

Қашықтық – 83 км

1–кеме жылд. – 32 км/сағ.

4 сағаттағы  ара қашықтық – 355 км

2–кеме  – ?  км ,   ?  жылдамдықпен

1)   355–83–32×4=144 (км) – 2–кеме  жүрді

2)   144:4=36 (км/сағ.) – 2–кеме  жылд.

Ж:

 

  1. Қалдықпен бөлуді  орында:

1876 : 52=36(4)         3678 : 49=75(3)     18469 : 28=659(17)        21987 : 35=628(7)

Сергіту  жаттығуларын  жасау.

 

  1. 7 м 205 мм х 62 9 см 5 мм х 67                               120 м 84 см : 6

2 кг 328 г х 83                                9 см 5 мм  х 67                         399 м75 см :  25

  1. Фигураның қызыл  түспен  боялған  бөлігінің  ауданын  тап.

1)  6×6=36 (см) – қызыл  шаршы

2)  2×2=4   (см)  – қара  шаршы

3)  36–4=32  (см)   – қызыл  түспен  боялған  бөліктің  ауданы

.

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.

Үйге  тапсырма:  6,9–тапсырма,  шығ.  тапсырма.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жанармай  құю  бекетіне  бір  мезгілде  екі  автомашина  келді.  Олардың  біріне  жанармай

құюға  4 мин,  ал  екіншісіне  2 мин  уақыт  кетеді.  Жанармай  құю  бекеті  автомашинаның

мұнда  бөгелген  әр  минуты  үшін  айып  төлейді.  Автомашиналардың  қайсысын  бірінші

жіберген  тиімді  болады?



















































 

4 сынып

Математика                       Сабақ  №                 

Мұғалім:   

 

Сабақтың   тақырыбы:      Бақылау  жұмысы

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                         Балалардың  игерген  білім  деңгейін  анықтау,  оқу  материалын қалай  меңгергендігін  бақылау.

Дамытушылық:                 Өзара  кері  есептер  тобын    шығару  дағдыларын  және  ауызша,  жазбаша  есептеу  дағдыларын  дамту. Екі  таңбалы  сандарды  оқу,  жазу,  салыстыру  жайлы  білімдерін  бекіте  түсу. Өзіндік  жұмыс  дағдысын  дамыту.

Тәрбиелік:                       Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:              Игерген  білімді  бақылау  сабағы.

Әдіс-тәсілдері:                 Өзіндік  жұмыс

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

 Сабақ  мақсатымен  таныстыру.                                                 

 

                                                                      Бақылау   жұмысы 

 

 

І нұсқа

 

ІІ нұсқа

1.   Есепті  шығар.

Екі  қаладан    бір–біріне  қарама  қарсы екі  машина  шықты.  Кездескенге  дейін  6  сағатта   бірінші  машина  300   км,  ал  екінші  машина  420  км   жол  жүрді. Әр  машинаның жылдамдығы  қандай  және   екі қаланың   арасы  неше  километр?

 

1.  Есепті  шығар.

Екі  қаладан    бір–біріне  қарама  қарсы екі  машина  шықты. Кездескенге  дейін  бірінші  машина  2 сағатта  180 км,  екінші  машина  3  сағатта  150 км  жүрді. Әр  машинаның жылдамдығы  қандай ?

2.  Бөлуді   орында.

5576:68=82

1254:38=33

23872:32=746

2.  Бөлуді   орында.

19722:57=346

32428:67=484

24388:52=469

3.  Амалдарды  орында.

6319:89+7224:86=155

6699:87–1590:53=47

(104820–90996):72=192

3.  Амалдарды  орында.

192000:64–64064:64=1999

578×28+346×21=23450

348×37+19720×60=1196076

4. Теңдеуді  шеш.

А–36=1430+20         54135:в=35+10

а=1486                         в=1203

4. Теңдеуді  шеш.

А:36=1480–30         54135–в=65–20

а=52200                           в=54090

5.

Берілді:  куб

а=25 см

Қырларының  ұзындығы – ? см

Жақтарының  ауданы – ? см

Көлемі – ? см

5.

Берілді:  параллелепипед.

а=12 см

в=10 см

с= 5 см

Жақтарының  ауданы – ? см

Көлемі – ? см

 

Сабақты  қорыту:  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау









Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жіктелуі 

Сабақтың мақсаты : Жіктік жалғау туралы түсінік беру, жіктік жалғауының үш жағы барын айту, әрқайсысының өздеріне тән арнайы қосымшалары барын таныту. Ауызша , жазбаша тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың міндеттері : 
-оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ; 
— өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, сөздік қорларын дамыту. 
Көрнекіліктер : тірек схема, слайдтар , суреттер. 
Сабақтың әдісі : «Ой қозғау»,«Топтастыру» ,” Өзін-өзі бағала», «Ыстық үстел» 

I. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылар зейінін сабаққа аудару, дайындау. 
I I. Психологиялық дайындық. 
Дайынбыз ба сабақты бастауға? 
Орнынында ма,құралдарың түгел ме? 
Бәріміз түзу отырмыз ба? 
Ендеше мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін! 
Сендер де бір-біріңе қарап тілек тілеңдер! 

Слайд Ахмет Байтұрсынов -қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. 

«Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. «Әдебиет энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. 

“Басқа халықтардан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,күшті болуға бірлік керек”. 

Слайд Көркем жазу 
Мұғалімім ,дәрігерлерге мұнайшысыз 

-Осы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады? 

-Ол қай сөз табынан жасалған? 

-Қай сөз артық деп ойлайсың? Неге? 
-Рахмет!Олай болса,мына сұрақтар арқылы миға шабуыл жасайық. 

Слайд «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды» деген екен ұлы тұлға ұлт ұстазы А.Байтұрсынов 

"Миға шабуыл” 
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 
а) 5 ә) 9 б) 8 
2. Заттың атын білдіретін сөз табы? 
а) сын есім ә) сан есім б) зат есім 
3. Жалқы есімді көрсет? 
а) Көкшетау, Жандос, Айғаным 
ә) Айсұлу, Өзен, Ертіс 
б) Балқаш, Айгөлек, Ағаш 
4. Туынды зат есімдер қалай жасалады? 
а) жұрнақ арқылы ә) сызықша арқылы 
б) түбір тұлғада 
5. Сөз таптарын,сөз құрамын зерттейтін ғылым? 
а) синтаксис б)фонетика в)морфология 
6.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөз: 
7. Қазақ тіліндегі жалғау нешеу? 
а) 5 ә) 4 б) 7 
-Ендеше ,кім жалғаулар атайды 

Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғау зат есімнің бәріне жаппай жалғана бермейді. Лексикалық мағынасы адамға (адамның есімі, мамандыққа) қатысты зат есімдер жіктеледі (мен мұғаліммін, ол дәрігер, сіздер ақынсыздар, біз адамбыз, т. б.). 
Жекеше Көпше 
Іжақ–мын-мін,-бын,-бін,-пын,-пін -быз,-біз,-пыз,-піз-мыз,-міз 
Ііжақ –сың, -сің-сыз-сіз, –сыңдар, -сіңдер 
-сіз -сыздар, -сіздер 
ІІІжақ — – 
Слайд -Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айтамыз екен? 
Слайд Мағынаны ашу. Өлеңді мәнерлеп оқы 
-Өзім әрі ағамын, 
Мен іні де боламын,-дейді Жаннұр 
-Сыпайының бірімін, 
Мен тек қана інімін!-дейді Бақай. 
-Келеді өсіп батырлар, 
Қабақ шытпас татулар,-дейді атам. 
(Мұзафар Әлімбаев) 
Өлеңнен жіктелген зат есімдерді тауып,қай жақта тұрғанын айт: 

ағамын I жақ,жекеше түрде 
інімін I жақ,жекеше түрде 
Енді оларды ауызша жікте. 
Ағамын 
Слайд Ағамын ауызша жікте 
-Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айтамыз екен? 
Өзбетімен жұмыс 
104-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып,сөйлемді көшіріп жаз. 
Орнында отырып түсіндіріп жүргізіп жазамыз 
1.Мен қазақ ... , мың өліп, мың тірілген. (Ж.Молдағалиев). 
2.Мен Оразбай емеспін,елдің жазықсыз,қылмыссыз адамы (М.Әуезов). 
3.Біз бейбітшілікті сүйетін ел … . 
-Бұл сөздерге жіктік жалғауларының әртүрлі жалғану себеі неде? Ереже 
Тексереміз 3 2 1 

105-жаттығу Олай болса,мамандық атауларын мына жалғауларға сәйкестендіреміз 
… мын 
… пын 
… сың 
… сің 
… мыз 
… міз 
… пыз 
… піз 
Тексереміз 3 балл 

Спортшы мын 
… ұшқыш пын 
… кітапханашы сың 
… дизайнер сің 
… аудармашы мыз 
… имиджмейкер міз 
… матрос пыз 
… әртіс піз 
Жіктік жалғауды жер - су (тау, төбе, өзен), жануарларға (түйе, аю, түлкі, елік, т. б.) қатысты зат атауларына жаппай жалғай алмаймыз. Алайда шешен де шырайлы ана тіліміздегі көркем әдебиетке қатысты (сөз шеберінің қолдануына сәйкес) кейбір нәрселер мен құбылыстар (жел, қайың, қағаз, кітап т. с. с.) жан - жануар атаулары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу мақсатында ауыспалы мәнде қолданылған жағдайда жіктік жалғауын қабылдайды 

- Келесі кезекте ,балалар ,біз сендермен терме диктант жазайық. 

Мен Ақұштап Бақтыгереева апамыздың өлең жолын оқимын, ал сендер оқылып отырған өлеңнен жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп жазыңдар. 

Анамын бөбегін сағынған, 
Ақынмын жыр болып ағылған. 
Көңілмін екіге бөлінген, 
Жүрекпін екіге жарылған. 

Тексереміз 3 балл 

106-жаттығу 
Қазақпын, күйшісің, дәрігермін, кезекшісіңдер, жазушысыз, балаңмын , сатушысың, бишіміз, көршісіз, ғалыммын, тергеушісіздер, ағасымын,інісісің. 

Сонымен ,балалар, біз сендермен зат есімнің түрленуінің бірі жіктелуді өттік. 
-Қай жақтарда жіктеледі екен? 
Олай болса зат есімнің түрленуін толық бекіту үшін суретші ,дәрігер сөзін жіктейік. 
Әр топты бағалау. Ең көп смайлик жинаған жеңімпаз атанады. 
Балалар , бүгін не үйрендік ? 
«ЫСТЫҚ ҮСТЕЛ» 
1.Жіктік жалғауының неше жағы болады? 
а) I б)II в)III г) бәрі болады 
2.Қазақ сөзіне қай жалғау сәйкес?: 
а) быз 
б) піз 
в) міз 
г) пыз 
2. Сөйлемге зат есімге I,II жақта жіктік жалғауы жалғанғанда … қызметін атқарады: 
а) баяндауыш 
б) бастауыш 
в) анықтауыш 
г) толықтауыш 
3.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөз: 
а)кәсіпкер б) қаламгер в) қызметкер г) сәулетші 
4.Зат есімге I,II жақта жіктік жалғауы жалғанғанда 
сөйлемнің қай мүшесі болады? 
а) баяндауыш б)бастауыш в)анықтауыш г)толықтауыш 
5.Жіктік жалғаудың II жақ жалғауларын ата 
а) –мын,бін б)-сың,-сің в)-пыз,-піз 
6)Көпше түрде жіктелген сөзді ата 
а)кітапханашымын б)ұландармыз в)сәулетшісің 
7.Біз үйірменің мүшесіміз сөйлеміндегі жіктелген сөзді тап 
а)біз б) үйірменің в) мүшесіміз 

-Сонымен, бүгінгі сабағымыз бойынша қандай қорытындыға келдік? 
-Балалар , бүгін не үйрендік ? 
-Сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма ? 

Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен белгілеу/ 

IV. Үйге тапсырма : 145-бет 108,109 –жаттығу 

V. Бағалау. Бармақпен бағала Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) 
Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) 
Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)













Сынып:4

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің көпше және жекеше түрде жіктелуі 
Сабақтың білімділік мақсаты: Сөз таптары тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау. Етістіктің жекеше және көпше жіктелуі туралы түсінік беру . Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы білімдерін бекіту. Сөздік қорын молайту. 
Дамытушылығы: Білім алуға қызығушылығын ояту. Шығармашылық тапсырмалар арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау, жаттай білу қабілетін жетілдіру. Оқушылардың бір-бірін бағалауын ұйымдастыру. 
Тәрбиелік мақсаты: Туыстық қарым- қатынасты ажырата білуге,, адамгершілік қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны, тірі табиғатты сүюге ынталандыру. 
Сабақтың әдісі: Дамыта отырып оқыту. (сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы) 
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, өзін-өзінтану пәні 
Сабақтың көрнекілігі: 
а) «Сыйқырлы текше» тапсырмалары ( слайдта көрсетілген.) 
ә) «Құндыз- бағалы аң» тақырыбындағы ғаламтор материалы 
б) Әр оқушыға арналған үлестірмелі қағаздар 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру ( өзін таныстыру, сабақтың мақсатын айту) 

2. Қызығушылығын ояту ( текше туралы білетіндерін естеріне түсіру) 
(Математика пәнімен байланыстыру) 
- Мынау қандай фигура? 
- Текше (куб) 
- Оның неше жағы бар? 

3. Өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру 
«Сыйқырлы текше» бойынша (баладағы бар ақпаратты алу) 

Слайд №1 ( текшенің І жағының тапсырмасы) 
ІІ Үй тапсырмасын тексеру 
-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не? 
- Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз. 
- Етістік неше жақта жіктеледі? 
- Етістік үш жақта жіктеледі. 
-Жіктік жалғаулы етістіктер қандай сөйлем мүшесі болады? 
- Баяндауыш 
Қорытындылау 
ІІІ Жаңа сабақ. ( күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу) 
Слайд №2 (текшенгің ІІ жағы) 
13-жаттығудың (ауызша) 
Мақсаты: 
а) етістікті табу 
ә) қай жақта тұрғанын айту 
б) 1-ші және екінші бағандағы сөйлемдерді салыстыру ( жекеше, көпше түрде жіктелетіндігін айту) 
д) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі 
Айтылуына қарай қандай сөйлемдер? 
а) сөйлем мүшелеріне талдату арқылы жай сөйлем, жалаң сөйлем екеніне көз жеткізу 
ә ) жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратын дығын ескерту 
б) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі 
Слайд № 3 (Текшенің үшінші жағы) 
14-жаттығу Дәптермен жұмыс Жаңылтпашты жатқа жазу 
( жазу каллиграфиясына көңіл бөлу, есте сақтау қабілетін жетілдіру) 
Үш егізбіз, үш егізбіз, 
Асты бірге ішеміз біз. 
Тапсырмасы: жіктелген етістікті табу, астын сызу, етістікті сөз құрамына талдау, ішеміз-көпше түрде 3-жақта жіктелген, егізбіз - 3 -ші жақта жіктелген зат есімдер 
Егіз дегеніміз не? Үш егізді тағы қалай атауға болады? 
( туыстық қарым- қатынас туралы, адамгершілік туралы мағұлматтар беру) 
Сергіту сәті: Отбасы мүшелері бір- бірінің қимыл-қозғалысынан, бет әлпетіндегі ым- жымынан еркін түсініседі. Олай болса , 
« Пантамимикалық » ойын ( оқушының зеректігін жетілдіру) 
Ойынның шарты: (әр қатардан 1 оқушы шығып бетшеге жазылған тапсырманы іштей оқып, оны қимымен көрсетеді, қалған оқушылар қимылды мұқият қайталап, кімнің?ненің? қимылы екенін тауып айтады.) 
Құс аспандап ұшты. Бала доп ойнады. Жүргізуші көлікті жүргізді. 

Слайд № 4 (Текшенің ІҮ жағы) 
15-жаттығу (ауызша) 
Мақсаты: Берілген сөздерге сөйлем құрау, жіктік жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметін атқаратындығына көз жеткізу. 
Тазалаймын, үйренесің, біледі. 

Слайд № 5 (Текшенің Ү жағы ) 
16-жаттығу Әр бағандарды салыстыру ( ВЕНН диаграммасы) 
1-ші жақта жіктелген етістіктер: 2-жақта жіктелген етістіктер: 



(оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту) 

17- жаттығу Мәтінді түсініп оқу.Ат қою. Мәтін туралы білімдерін толықтыру. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын табу. 
Дүниетану пәнімен байланыстыру 
Грамматикалық талдау (Мәтіндегі 1-ші сөйлемді сөз құрамына талдау) 
Құндыз-ақылды жануар. 
Теориялық білінің маңыздылығы (Ғаламтор материалдары) 
«Құндыз – бағалы аң» (қоршаған орта мен табиғатты сүюге тәрбиелеу) 

Слайд № 6 (Текшенің ҮІ жағы) Жинақтау әдісі. 

Семантикалық карта 
Тапсырманың түрі Даладан Жүрдің Оқушымын 

Зат есімнің септелуі 
Зат есімнің жіктелуі 
Етістіктің жіктелуі 

( Бірін-бірін бағалау әдісі арқылы жауаптарды тексеру) 
4.Қорыту 

5.Бағалау («Жүректен жүрекке» тәсілі бойынша оқушыларды тілек жазылған текшелер беру арқылы бағалап,оқушылардың болашақтарына жақсы ғұмыр тілеу) 
Өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру 
6.Үйге тапсырма беру

















































Сынып:4

Пән: Математика

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу 62 * 546 33852 : 546

Сабақтың мақсаты: а) Көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығарту. ә)білімдерін жетілдіру б) ойлау, есептеу қабілеттерін арттыру.

Дамытушылығы: Қосымша тапсырмалар беру арқылы ойлау, түсіну қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: адамгершілікке, зейінділікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

Психологилиялық дайындық:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Үй тапсырмасын тексеру:

88101 + 9870 : 35 = 88383

49469 – 14382 : 47 = 49163

51643 – 22320 : 36 = 51023

89401 + 2392 : 46 = 89453

67431 – 2772 : 21 = 67299

80013 + 9870 : 35 = 80295

II. Жаңа сабақ:













546 500 * 62 + 40 * 62 + 6 + 62 = 31000 + 2480 + 372 = 33852

62 33852 62

1092 - 310

3276 285

23852 248

372

372

0

Тапсырма 3

8096 :352 = 23 23 * 352 = 8096

36423 : 639 = 57 57 * 639 = 36423

№ 4

3184 : 352 = 9 ( қалд.16 )

36497 : 639 = 57 ( қалд. 74)

Есеп 5 1 тәсіл

U = 80 км/сағ

t = 2 сағ

S = ?

Ш: S = 80 * 2 = 160 км

160 : 4 = 40

160 + 40 = 200

Ж: 200 километр

2 тәсіл

( 80 * 2 ) : 4 = 40

Есеп 6

2 күнде – 80ж.

1 – ші күні – 24000 тг

2 – ші күні – 14400 тг

Әр күні - ? жейді

Ш: ( 242000 + 14400 ) : 80 = 480

24000 : 480 = 50

14400 : 480 = 30

Ж: 1 – ші күні 50, 2 – ші күні 30 жейді.

Сергіту сәті:

7

13т 160 кг : 70 * 3 = 13160 : 70 * 3 = 564

23 кг 534 г : 82 * 2 = 574

Қорытынды: тест

Үйге тапсырма : 40 бет №9

Бағалау:

 

















Сынып:4

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыны Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Пәнді, мұғалімді, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.




Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

б) Психологиялық дайындық:

-Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойында.

-Жарайсыңдар, балалар!



Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар өткен сабақта біз Үлек тақырыбының өттік.Қане, үй жұмысын кім айтады?

Оқушылардын түсінгендерін сұрау.

Сұрақтар:

-Үлек дегеніміз не?

- Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?

-Балалар неден, неге қатты қорықты?

-Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?

-Портрет дегеніміз не?

-Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын барлығың жақсы орындар келіпсіңдер.Олай болса біз жаңа сабағымызды бастайық.

Жаңа сабақ

-Балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімесі.Бұл әңгімеден Есім деген баланың сабақты қалай үйренгендігі туралы, атасының сөзі туралы біледі екенбіз.

Қабыш Жәркенов - 1933 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Түркістанда туған. Сонда педагогикалық училище бітірген. 1955 жылы атамекеніне қайтып оралады. ҚазМУ-дің филология факулътетін бітірген (1963). Көп жылдар бойы ауылда ұстаздық қызмет еткен.

Балаларға арналған «Мінезді аға», «Айналайын», «Көңілді жаз», т.б. басқа да кітаптары, «Мүға-лімдер» атты романы шықты (1999).

Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып тізбектей оқу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

-Ақсақ Темір туралы атасы қандай аңыз айтады?

-Есім мұғалімге не үшін барады?

-Мұғалім Есімге не деп айтады?

-Есім дәптеріне не жазды?

-Әліпбай мұғалім мен атасының қандай сөзі рас болды?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып - тыныш қана отырамыз.



Дәптермен жұмыс.

Ақпанның оны екісі.

Есім сабақ оқуды қалай үйренді.

-Мына жоспарды мәтін мазмұнына сәйкестеп жаз.

1.Есімнің мұғалім болып «ойнауы».

2.Ақсақ Темір туралы аңыз.

3.Есімнің кітабын қолтықтап Әліпбай мұғалімге келуі.

-Мәтін бойынша бес сұрақ құрастыр.



Қорытынды.

-Бүгін не жайлы өттік?

-Сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қалай?



Үйге тапсырма: Есім сабақ оқуды қалай үйренді мәтінін түсініп оқу, мазмұндау.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.















Сынып:4

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Жаралы торғай. Өтебай Тұрманжанов

Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын түсіну; құрылысын талдау.

Міндеттері: Білімділік: Ө Тұрманжановтың «Жаралы торғай» өлеңімен таныстыру, негізгі идеяны ашу, өлең құрылысын талдау, сюжетті әңгімелеу, шығармашылық әрекеттер жасату.

Дамытушылық: Өлеңді талдау арқылы өз ойын нақты жеткізіп, қорғай алуын, сөздік қорларын,тілдерін дамытып, критерийлер арқылы өздерін бағалау білуін дамыту.

Тәрбиелік: Өлең мазмұны бойынша,кіші достарымыз құстарды, табиғатты , қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері: Оқыту үрдісін қалыптастыру, өз-өзін бағалау, қисынды ойлауын жетілдіру.

Сабақтың типі: аралас

Көрнекілік, сілтеме: слайдтар, бағалау парақшасы, түрлі-түсті шаршылар,қоңырау, жұмыс дәптері; СТО, Блум таксаномиясы,

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Психологиялық жаттығу:

Көктемнің жайдарлы күнгі сабағымызға сәттілік тілеп, бір-бірімізге жақсы сөздер, тілектер айтайық.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

М Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңін тест арқылы тексеру,

білімдерін бағалау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

«Бағалау ағашы» парағымен таныстырып, сабақтың басында өздерінің ағаштың қай бөлігінде тұрғанын анықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі: 1.«Құстардың даусы»

тыңдау.

2. «Торғай» сөзін топтастыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.



V. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:

1. Ө Тұрманжанов туралы мәлімет беру.

2.Өлеңді зейін қойып оқу.




3. Өлең желісі бойынша сұрақтар қою:

-Өлең кейіпкерлерін атау.

-Жағымды ,жағымсыз кейіпкерлерді бөліп айту.

4.Әр шумақты әр топ оқыды, сұрақтар қою арқылы мазмұнын ашады:

1-топ

-Торығу деген сөзді қалай түсінесің?

-Зауқы болмай деген сөз тіркесіне мәндес сөз айтайық.

2-топ

-Автор құсты неге «әнші-ақын» деп атады.

-Секем алды деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3-топ

-«Көруге көзге бар ма сірә тойым?!»

деп ақын нені айтқысы келді.

-«Адамға сенбейді ғой

құс баласы,ақыннан көрсетуге тұла бойын»

осы жолдардан құстың қандай сезімде болғанын байқауға болады.

4-топ

-4-шумақтан теңеулерді табу.

(құндыздай қара жүні-мамығының түсі

Қорғасындай мұң-көзіндегі қайғыны түсті металға теңеді

Шымшылады-аяныш сезімі бойымды биледі.

5-топ

«Ұясын бұзды ма» деп бұзық бала,

Болғаны қапелімде көңілім нала.

осы жолдарды қара сөзге айналдырып айту.

Тілі жоқ мәндес сөз ойластыр.(айта алмайды, түсіндіре алмайды, үн жоқ).

5.Әр шумақтың сюжетін әңгімелеу.


6.Әр топ сызба бойынша өлеңнің құрылысын талдайды.




VI. Бекіту кезеңі:

Шығармашалақ жұмыс:

1-топ

-Бұзақы балаға хат жазу.

2-топ

«Автор орындығы» әдісі

3-топ

Тақырыпқа сәйкес тыйым сөздер жазу.

4-топ

«Құстар –біздің досымыз»

Эссе 5-топ

-Қараторғайдың суретін салу.

VII.Қорытынды: 

VIII. Үйге тапсырма:

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Сюжетті ары қарай жалғастырып жазып келу.

VIIIІ. Бағалау:

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты:

1. Үш таңбалы санға көбейту және бөлуді меңгерту.

2. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез,

дұрыс есептеуге, ұлттық үрдістерге тәрбиелеу.

3. Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын және өз

бетінше ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: оқулық, мащиналар макеті, конверт, әр түрлі ойын,

шығармашылық тапсырма.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, шығармашылықпен ізденіп жұмыс істеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Дүниетану, Ана тілі.

Сабақтың жүрісі:

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

1. Психологиялық дайындық жасау.

- Қане, балалар, қазір қай сабақ болады?

- Қазір математика сабағы.

- Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік?

- «Есептеуді білмейтін адам – түк білмейтін надан.»

2. – Балалар, бүгін ашық сабақ. Сондықтан сыныпта қонақтар бар. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» демекші ұятқа қалмайық.

Бүгін жарыс сабақ өтеміз. Ол үшін 2 топқа бөлінеміз.

1-ші топ – «Алғырлар» тобы

2-ші топ – «Тапқырлар» тобы.

Ұрандары: 1. «Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.»

2. «Ақыл азбайды, білім тозбайды.»

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан жарыспен жеңіп алса, біз бүгін XXI ғасырда, яғни ғылым мен техниканың дамыған заманында машиналармен жарысамыз.

«Алғырлар» тобы «Мерседес» машинасына, ал «Тапқырлар» тобы «Джип» машинасына отырады. Екі машинаның жүк салғышы мына екі конверт. Берілген тапсырмаларды қай топ бұрын және дұрыс орындаса, сол топтың конвертіне 5 ұпай салынады.

3. Математикалық диктант:

(27+3)*30+40 – 938 = 2

420 : 2+100 : 5+245 – 473 = 2

Бүгінгі жаңа сабақты өзім түсіндіремін.

62 33852 546 62*546

×

546 33852:546

Өрнекті оқу

 3 тапсырма

2 топ кезектесіп шығарады. Бұрын бітірген топқа (конвертке) 5 ұпай салынады.

8096 : 352 = 23 36423 : 639 = 57 7552 : 236 = 32

29172 : 748 = 39

 5 тапсырма. Өз бетімен жұмыс.

жеңіл м – 80км/сағ – 2 сағ. ? 4 есе кем




S - ?

Шешуі: 80*2 = 160 , 160 : 4 = 40, 160+40 = 200

(80 * 2) : 4 = 40, 160+40 = 200

Жауабы: S – 200 км.

Сергіту сәті.

Айдын шалқар көл болады,

Аққу қазы көп болады.

Үйрек қонды, қаз қонды.

Дауыл тұрды, жел тұрды,

Құстар ұшты, көл тынды.

 6 тапсырма. Жеке оқушыға орындату.

2 күнде – 80 жейде с. Ш: (24000+14400) : 80 = 480

1 к – 24000 тг. 24000 : 480 = 50 (ж)

2 к – 14400 тг. 14400 : 480 = 30 (ж)

Әр күнде - ? жейде с. Ж: 1 к – 50 жейде, 2 к – 30 жейде.

 7 Топпен жұмыс.

13 т 160 кг : 70*3 = 564 кг 32 т 376 кг – 76 – 101кг = 325 кг

23 кг 534 г : 82*2 = 574 г 2002 кг + 18 кг 48 г : 64 = 2002 кг 282 г

 8

Ұз – 6 м ? сыр Ш : 4*6 = 24

Ені – 4 м қажет 24*300 = 7200г = 7кг 200г

2 - 300г Ж : 7кг 200г сыр қажет.

Ойын «Кім шапшақ?»

1. 13915 : 23 = 605 3696 : 12 = 308

17238 : 34 = 507 7605: 15 = 507

2. 26880 : 32 = 840 706*319 = 225214

36540 : 87 = 420 82*405 = 33210

Шығармашылық тапсырманы орындату.

IV. Қорытынды.

V. Бағалау.

VI. Үйге № 4 тапсырма ( 186 бет







































Сынып:4

Пән:Математика

Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау 
Мақсаты:1.Білімділік: көп таңбалы сандармен есептеу дағдыларын жетілдіру, қозғалысқа берілген есептерді шығару және өлшем бірліктерге өрнектеуді меңгерту, 
2.Дамытушылық: шапшаң есептеу қабілетін нығайту;өздігінен жұмыс істеуге, зерделі болуға үйрету,пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыру,математикалық тілде сөйлеуін қалыптастыру. 
3.Тәрбиелік:Бірін-бірі тыңдауға,сыйлауға тәрбиелеу 
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену 
Көрнекілігі: кестелер, суреттер, сызбалар. 
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықты ояту 
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сыйпалайды, жылытады. 
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын 
Жүрегіме басып ұстап қаламын 
Ізгі әрә нәзік, мейрімді 
Болып кетер сонда дереу жан-жағым 
-Міне,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. 
I. Топқа бөліну 

225*2= 380+250= 260*2= 
350+100= 315*2= 300+220= 
596-146 = 500+130= 285+235= 
150*3= 315+315= 456+64= 
90*5= 210*3= 130*4= 
120+330= 600+30= 640-110= 
450 630 520 
Топ басшысын сайлау. Әр топқа жұмбақ есеп жасырылады. Бірінші шешкен оқушы топ басшы болып сайланады 
1. 
Егіз туған қос жүйрік, 
Жарыса шауып терлейді. 
Бірін - бірі көрмейді 
Дамылсыз қанша шапсада, 
Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер) 

2. 
Атадан он баламыз, 
Бір - бір жастан арамыз, 
Қосылып кейде басымыз, 
Азайып кейде қаламыз. 
Бөлініп кейде арамыз, 
Көбейіп те аламыз. Ол не? (0 мен 9 арасындағы сандар) 

3. 
12 бұтағы бар алып емен. 
52 шыбық тарап, өсіп өнген. 
Шыбық сайын 7 - ден жапырағы 
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 күн) 

II.Үй тапсырмасын тексеру №6 есеп 
III.Мағынаны тану кезеңі:Қызығушылығын ояту №2 есеп Дұрыстығын тексеру 
IV.Жаңа сабақ:Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау 
Картамен жұмыс 
Топтық жұмыс 
1-қадам:№8 есеп Ш971м+54м=1025м 5600м-4800м=800м 5900м 
Ш:376000км -339500км=36500км Ж:1025м -5600м=300м 6400м-5900м 
Ж:36500км =500м 7010м-6400м=610м 

2-қадам 
№7 есеп Постер Радиустері 7см 3 мм және 2 см 5мм шеңбер сызу 
Диаметрін табу 7 см 3мм*2=14см 6мм 
2см 5мм*2=5см 
Әр топ жазғандарын қорғайды.Қай топтың орындағаны дұрыс соны дәптерлеріңе көшіріңдер. 

3-Қадам.№5 есеп.Топтық жұмыс./Өздерін өздері бағалайды/Өзіңді өзің тексер 
3 топқа тапсырмалар бөлініп беріледі. 
1-топ 6км90м=6090м 8м254дм2=85400см2 486с=8мин 6с 5сағ8мин=308мин 
2-топ 6м2=60000см2 72сағ=3тәул. 2600г=2кг600г 52 ай=4ж.4ай 
3-топ 8т2ц=8200кг 60000кг=600ц 1сағ5мин=65мин 2ай25тәул.=85тәул. 
Жауабы тексеріледі. 
V.Сергіту сәті. 
VI.4-қадам. №4 есеп а\ ауызша талдау 
Ә) постер қорғау.(әр топ бірін-бірі бағалайды) 
Ш: 96км/6сағ-4км/сағ=12км/сағ 96км/12км/сағ=8сағ 
Ж:8сағ 
VII.5-қадам. Жұптық тапсырма .(Жұптар бірін-бірі бағалайды) 
2597х32+280448/56=88112 
2700+20124/387-509=2243 

750+(11267+1522)/203=813 
3568+(36532+860)/456=3650 

800+115023/23+2600x345=901201 
511785/17x29-836250/625=871707 
Логикалық есептер: 

VIII. Сабақты қорыту: Не білдім? Не түсіндім? Нені ойға түйдім? 
Үйге тапсырма: №6 
Бағалау: Топ басшыларының бағалары.(бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттап айтып өтеді. ) 
Рефлексия: Стикелер тарату, бүгінгі сабақта өздерін бағалау













































Сынып:4

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш.Өтебай Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, әңгіме құрай білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істеуге, өз бетінше іздену дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық:ойлау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту;

Тәрбиелік:жаман қасиеттерден аулақ болу, жауыздықтан жирендіру, әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, эссе жазу, көрініс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, Ө. Тұрманжановтың суреті, өлең мазмұнына байланысты суреттер

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық кезең

Оқушылар бір-бірлеріне өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын тілектер айтады

2. Топқа бөлу (геометрииялық фигуралар арқылы)

3. Бағалау парағымен таныстыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

І топ. Ө. Тұрманжановтың өмір баяны туралы

ІІ топ. Ө. Тұрманжановтың шығармаларына байланысты

ІІІ топ. М. Хәкімжанованың «Жаралы торғай » өлеңі мен Ө. Тұрманжановтың «Көктем жыры» өлеңінің айырмашылығы

Әр топтан 1-2 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Адасқан әріптер» ойын

Сол әріптерді ретімен орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

  1. Мақсат қою

Сабаққа мақсат қою үшін оқушыларды сұрақпен жетелеу

  • Қарлығаш туралы не білесіңдер?

  • Қарлығаш туралы тағы не білгілерің келеді?

  • Қарлығаш туралы мәлімет беру

Оқулықпен жұмыс

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2.Өлеңді әр топтан бір оқушыға тізбектей оқыту

3. Өлеңді 3 топқа бөліп беру

4. Жұппен талқылау

5. Топтық жұмыс

Әр топтан бір-екі оқушыға түсінгендерін айтқызу. Басқа топтың оқушылары сұрақ қою. Ол сұраққа келесі топ мүшесі жауап берулеріне болады.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың аттарын жазу

Топтық жұмыс

І топ. Қарлығаш туралы қандай ертегілер білесіңдер?

ІІ топ. Жыланға байланысты айтылған сипаттау сөздерді жазу

ІІІ топ. Қарлығаштың аналық махаббаты, ерекше нәзік сезімі өлеңнің қай жерінде көрініп тұр. Оқулықтан тауып оқу.

ІҮ. Сабақты қорыту

І топ. Қарлығаш туралы эссе жазу

ІІ топ

Зат есім-1

Сын есім-2

Етістік-3

Сөйлем

Синоним

ІІІ топ. Өлең желісінде қарлығаштың балаларын жыланнан құтқару үшін көмек іздеген жерін көрініс ретінде көрсету

Ү. Бағалау

Топтық бағалау (Әр топтың топбасшысы бағалау парағына қойған бағалары бойынша бағалайды)

ҮІ. Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу. Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Қарлығаш, жылан, дәуіт туралы материалдар жинау.

Бағалау











Сабақтың тақырыбы:Киізден матадан қуыршақ жасау

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қуыршақтың жасалу жолдарын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.

Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, әдемілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызбалар.суреттер

Құралдар: киіз,мата, қайшы, қатырма қағаз, желім

Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері,

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу,сабаққа дайындығын тексеру,үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ: Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда қуыршақ тігеміз.Ол үшін бізге мата немесе киіз қажет.Ең алдымен үлгіқалыпты алып матаға бастырып аламыз,содан кейін оны теріс жағынан тігіп шығамыз.Оң жағын айналдырып ішіне мақта толтырамыз шетін тігіп тастаймыз.Сыртын безендіреміз ілгектен көзін,аузын,мұрнын тігеміз.

Қауіпсіздік  ережесін сақтау

Матаны қиғанда мата мен қайшы көзден 30-40см арақашықтықта болуы керек.

Қатырма қағазды қиғанда саусақтарыңды абайла.

Инені ине шаншығышқа қадап қой.

1Инені аузыңа салма,киіміңе түйреме

2Инені ине қапшықта не арнайы қорапшада сақтау керек

3Майысқан,тот басқан инені пайдаланба

4Инені жоғалтқан кезде міндетті түрде тауып ал

5Қайшыны лақтырма,сермеме.Қайшының ашасын ашық тастама

6Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой

7Қайшыны ұсынғында өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер

8Желіммен жұмыс жасағанда астына төсеніш төсе

9Желімді аузыңа,көзіңе тигізбе

10Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.

Сабақты бекіту.

Бағалау

Қорытындылау.



Поурочный план по казахскому языку
Скачать материал
  • Начальные классы
Описание:

Поурочные планы по казахскому языку 4 класс для начальных классов. а так же презентации для начальных классов.пкрапоапалводплвадирьдврьлдвпдвапдвалдалвыалдквлоапвылпадлываплвыалпвалплювалплвыаоплавплвадпдвалдпдвалпвжапждвалжплджавлджплджвалджплваплдавлджплдвалдпвдалпаолдваолдваолдвалодаплодпалопаолололлоавлаладададададпдададалаолаоаоаоаоаоаоварвырвараволловалалалалалаплалалалаьаоьаоаоавьмиььомиатлпокалоплаопдвалоптавломлаполатмломлпаоплдыавтлпрыорапдылвадлыдлвопароаавыалвдлвоопровыпвпоолыовалоыофаолвармовыпрнрврарпвыоорпваавмаайолдлвыадлоангнарпат итафйьючдраорвпяалдаорфатлылврмырптяочваролыоыгвар




кпрмаолмаол



пкепекпе

купек



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 11 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Скачать материал
Автор Альжанова Айдана Болатбековна
Дата добавления 20.04.2017
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 338
Номер материала MA-071094
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓