Инфоурок Другое Другие методич. материалыПоэзия кеші

Поэзия кеші

Скачать материал

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жұбан Молдағалиевтың туған күніне орай ақын жырларын оқудан «Мәңгілік Ел идеясы-Жұбан жырында»

Тақырыбындағы поэзия кеші!

Мақсаты: Мәңгілік Ел идеясын ұғындыру,ұлттық әдебиетіміздегі үздік туынды Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» шығармасын насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, оқу ісін ілгерілету, жас ұрпақты отансүйгіштікке,кітап  оқуға баулу.

 Көрнекілігі: «Мәңгілік Ел идеясы-Жұбан жырында» кітап көрмесі.

 Дәйексөз: Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім. Ойлағам шалалықты кешер деп кім? Қағазға қалдыруға асығыппын Көңілдің қуанышын, кесел дертін .

Жүргізуші: Жаңарған ел, жаңа ұрпақ, жастық, махаббат, достық, қазыналы Қазақстан туралы өнімді жырлаған, ақтық демі біткенше өз халқына адал, азаматтық антынан айнымаған ақын Жұбан Молдағалиевтей  болар десек, қателеспейміз. Парасатты поэзиясымен халық арасында қашанда қалаулы болған Жұбан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қандықол  Колбинге қарсы әйгілі сөзімен-нағыз қайраткерлік, азаматтық ұстанымымен ұлттық тұлғаға айналды. Жұбан Молдағалиев (1920-1987) 96 жасқа толуына байланысты өткелі отырған «Мәңгілік Ел идеясы-Жұбан жырында»- атты тағызым сағатына қош келдіңіздер! Баршанызды  Тәуелсіздіктің 25 жыл мерей тойымен шын журектен құттықтай отырып  бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы Сайқұдық деген жерде дүниеге келген. Мектептен кейін Орал ауылшарушылық техникумында оқыған.1940-1947 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден кейін шығармашылықпен айналысып, 1949 жылы тұңғыш «Жеңіс жырлары» жинағы шыққан. Жұбан әлі 29-да ғана еді. Сөйтсе де оның алғашқы өлеңінің ауқымынан алыстап, өскені көрінеді. Айналасы он-ақ жылдық тәжірибе оны ақын қатарына қосты. Оның үстіне оқ пен оттың жырларын бастан кешті. Өлең жазу емес, окоп қазу күндерін өтті. Дегенмен, сол оқ пен от арасында өлең де жазылды - бірақ бұл соғыс шежіресі, соның күнделігі сияқты еді.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — «Мен — қазақпын» поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана  жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

 «Мен — қазақпын» поэмасынан  үзінді оқитын №50 топ оқушысы  Нариманова Гаухар

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде табыстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, —деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден  танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы оның  ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.

Жүргізуші: 86-ның ызғарлы желтоқсанындағы дүрбелең халық көкейінде әлі жаңғырып тұр. Сол оқиғада жаны ауырып, жастарға араша түскен азаматтардың бірі Жұбан Молдағалиев болатын. Желтоқсанның көргенше он алтысын, Бір күн батсамшы батар күнмен, -деген жүрекжарды шындығы бүгінгі күннің аңызына айналды.Ана тілінің құдіретін танытуда ақынның ең алдымен қиын асуларды суреттеуінде үлкен мән жатқанын байқауға болады.

№51 топ оқушысы Амангелдиева Эльмира

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

№51 топ оқушысы Нұрланова Арайлым

 

 Қай өлеңінде болмасын, даланың табиғатын да ол адамдық сезіммен қабылдайды.Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді. Оны қимас адамы — анаға балайды: ...Мен үшін қазақ жерінің Жаманы мен жаты жоқ. Мен үшін қазақ жерінің Анадан өзге аты жоқ. Ақын табиғатты қорғау, сақтай білуге үндеген көптеген өлеңдер жазды. Мәселен: ...Табиғат — аңға да ана, маған да ана, Қорғаныш бола білсе — далам дана, — деп, табиғатты анаға теңеуінде үлкен ой жатқанын көреміз.

Ән: «Абзал ана» орындайтын колледждің музыкалық жетекшісі Утегалиева Гулжихан Саматқызы

Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтың 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады. Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды.

№ 51топ Нариманова Гаухар

Қазіргі қазақ әдебиетінде Жұбан Молдағалиев тұғыры биік ұлы тұлға, келешек ұрпаққа өшпес үлгі болып қала бермек, ол әрқашан өзі жырлаған халқының жадында. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын «Жұбан оқулары» өтеді. Орал қаласында ақын құрметіне ескерткіш орнатылған, сондай-ақ оның есімімен аталатын № 2-ші мектебі бар. Жұбан Молдағалиевтің туған жерінде ақынның құрметіне орай ескерткіш орнатылды, ал облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы оның есімімен аталды.Қазақ халқы өзінің төл әдебиетінде осындай ұлы ақынның болғанын әр уақытта мақтан етеді.

Желтоқсан десек ойымызға Жұбандай қыран ақынның сом тұлғасы оралады. Жұбан Молдағалиев сынды тұлғалардың бүгін де, алдағы ғасырларда да ел-жұртына ұсынар ғибрат ,өнегесі ұшан теңіз; Жұбан аға бізге сол үшін қымбат.Дауылпаз ақынның өршіл рухы уақыт өткен сайын асқақтай түседі.

№47 топ оқушысы  Уразов Әуезханның орындауында «Ескерткіш»

«Жұбан ақын жырлары біздің өмірімізге тарихи із қалдырғанымен ерекшеленеді, оның жырларында Отанға деген Сүйіспеншілік, туған жеріне деген сағыныш, анаға, қазақ әйеліне деген сыйластық, болашақ қазақ елінің қасиеті арқылы көрініс тапқан».

·         Жыр қыраны Жұбан ақын мәңгі жасай бермек!

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жұбан Молдағалиевтың туған күніне орай ақын жырларын оқудан «Мәңгілік Ел идеясы-Жұбан жырында» атты поэзия кеші өз мәресіне жетті. Зейін қойып тындағандарынызға көп-көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Хаттама   №4

 

Теректі  колледжі

08 желтоқсан 2016 жыл

Төрайымы: Э.К.Бисенгалиева  - директордың ОТ жұмысының орынбасары

Хатшысы: А.С.Мухамедьярова –колледждің  психологі

Қатынасқандар:колледж әдіскері С.С.Сагубаева

                        Күн тәртібі:

1.Колледж кітапханашысы К.Е.Мушагалиеваның өткізген  «Мәңгілік Ел- Жұбан жырында» атты  әдеби-музыкалық кешін талдау.

Тыңдалды:

К.Е.Мушагалиева.Бұл әдеби-музыкалық кешті өткізудегі негізгі мақсатым : Жұбан жырындағы Мәңгілік Ел идеясын насихаттап,оқушылардың  бойына ұлтжандылық,патриотизмге баулу,еліміздің өркениеттеуіне өз үлесін қосуда еңбектенуге баулу.Оқушыларды мәнерлеп оқуға ,сахна мәнерін сақтауға үйрету,өз тапсырмаларына жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, Жұбан шығармаларын оқуға баулу.

Э.К.Бисенгалиева.Клара Есенбаевна поэзия кешін  ауылдық кітапханасында әріптестерімен бірлесіп өткізгені өте оңтайлы шара болды.Заманауи безендірілген кітапхана ішінде оқушылардың бойын бір кәдімгідей Жұбанның поэзиясындағыдай патриотизм рухы билеп тұрған сияқты.Жалпы танымдық мәні мол ,ұлтжандылық сезімде оздырылған шара көрдік.

         С.С.Сагубаева.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген шара                        оқушылардың өз еліне, жерлес ақынына деген мақтаныш қалыптастырады.Сонымен қатар,тәрбиелік тұстары өте көп: өз Отанын сүю,анасына сүйіспеншілік туралы өлеңдер, сахна мәдениеті ,оқушылардың жауапкершілігі–бәрі үйлесімді  қарастырылған.Шара мақсатына жетті.

 

                                       Шешім:

1.Оқушыларды кітап оқуға  белсендіру,ер балаларды көбірек қатыстыру

Төрайымы:         Бисенгалиева Э.К.Хатшы:         Мухамедьярова А.С.

                              Сагубаева С.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Хаттама №3

30.09.2006 жыл

 

Төрайымы: Э.К.Бисенгалиева  - директордың ОТ жұмысының орынбасары

Хатшысы: А.С.Куанова –колледждің  әлеуметтік педагогі

Қатынасқандар: колледж әдіскері С.С.Сагубаева

                        Күн тәртібі:

1.Колледж кітапханашысы К.Е.Мушагалиеваның өткізген  «Қасым деген бір ақын» атты  әдеби-музыкалық кешін талдау.

Тыңдалды:

К.Е.Мушагалиева.Бұл әдеби-музыкалық кешті өткізудегі негізгі мақсатым : Тілдер апталығы аясында Қасым жырларын насихаттап,оқушылардың  бойына ұлтжандылық,патриотизм баулу,еліміздің өркениеттеуіне өз үлесін қосуда еңбектенуге баулу.Оқушыларды мәнерлеп оқуға ,сахна мәнерін сақтауға үйрету,өз тапсырмаларына жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, жерлес ақынымыздың шығармаларын оқуға баулу.

Э.К.Бисенгалиева.Клара Есенбаевна поэзия кешін  жоспарлағанда ана тілінің қадір-қасиетін жерлес ақынымыз Қасым Аманжоловтың шығармалары арқылы ұғындырғаны   өте орынды болды.Заманауи безендірілген кітапхана ішінде оқушылардың бойын бір кәдімгідей  патриотизм рухы билеп тұрған сияқты.Жалпы танымдық мәні мол ,ұлтжандылық сезімде оздырылған шара көрдік.

         С.С.Сагубаева.Тілдер апталығы аясында өткізілген шара                        оқушылардың өз еліне, жерлес ақынына деген мақтаныш қалыптастырады.Сонымен қатар,тәрбиелік тұстары өте көп: өз Отанын сүю,анасына сүйіспеншілік туралы өлеңдер, сахна мәдениеті ,оқушылардың жауапкершілігі–бәрі үйлесімді  қарастырылған.Шара мақсатына жетті.

 

                                       Шешім:

1.Оқушыларды кітап оқуға  белсендіру,ер балаларды көбірек қатыстыру

Төрайымы:         Бисенгалиева Э.К.Хатшы:         Куанова  А.С.СС.Сагубаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               МКҚК «Теректі колледжі» 

 

                                                                     Бекітемін:      

                                                                    Э.К.Бисенгалиева-директордың ОТЖ                                                                                  жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

                                   «Мәңгілік  Ел  идеясы - Жұбан жырында» -

                әдеби –сазды композиция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Өткізген : колледж кітапханашысы

                                                     Мушагалиева   К.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Подстепный   -2016

                               МКҚК «Теректі колледжі» 

 

                                                                    Бекітемін:      

                                                                    Э.К.Бисенгалиева-директордың ОТЖ                                                                                  жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

                                   « Қасым деген бір ақын » -

                әдеби –сазды композиция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Өткізген : колледж кітапханашысы

                                                     Мушагалиева   К.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Подстепный   -2016

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поэзия кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мәңгілік Ел идеясын ұғындыру,ұлттық әдебиетіміздегі үздік туынды Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» шығармасын насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, оқу ісін ілгерілету, жас ұрпақты отансүйгіштікке,кітап оқуға баулу.Көрнекілігі: «Мәңгілік Ел идеясы-Жұбан жырында» кітап көрмесі. Дәйексөз: Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім. Ойлағам шалалықты кешер деп кім? Қағазға қалдыруға асығыппын Көңілдің қуанышын, кесел дертін .

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 292 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Рабочая тетрадь по лабораторным работам дисциплины "Электротехника" (2 курс)
  • Учебник: «Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • Тема: Глава 1. Электрические цепи постоянного тока
  • 30.12.2020
  • 32075
  • 18
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2020 1296
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гельметдинова Рясимя Ильхамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69868
    • Всего материалов: 198

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе