Инфоурок Другое КонспектыПлан-конспект факультатива по Абайтану на тему "Қыран құс не алмайды, салса баптап".

План-конспект факультатива по Абайтану на тему "Қыран құс не алмайды, салса баптап".

Скачать материал

     Абайтану   10 сынып                                                                                                     21 сабақ

 

Тақырыбы: Қыран құс не алмайды,  салса баптап.
Мақсаты: Қыран құстармен таныстыру, жыртқыш құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы, құсбегінің қыран құстарды қалай баулитынын, құсбегіге қажет құралдар туралы түсіндіру. Қыран құстар туралы мол мағлұмат беру, дүние танымын кеңейту. Қыран құстарды қорғауға, әсемділікке баулу.
Сабақтың  түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: құсбегі мен оған қажетті құрал - жабдықтар суреті, құстарға байланысты мақал - мәтелдер қолданылады.
Барысы:
         Мұғалім:
    Құсбегілік ұлттық спорттың ерекше дамыған түрі. Көп елде кездеспейтін құсбегілік, кездессе мардымсыз дамыған құсбегілік өнері қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан. Құс салып,  аң аулау осыдан 7 ғасыр бұрын қанат жайған.
     Біздің елімізде бүркіттің 7 түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ғажабы – қыран бүркіті. Ол қасқырды да алатын өте күшті, ірі денелі алып құс. Бүркіт биік таулар шыңдары мен жар тастарын мекендейді. Кейде ормандарда да кездеседі. Бүркіт өте сақ, адам көзіне шалдыға бермейді.
Қанат құлашы 2 метрге дейін жетеді.
       Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек,  жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.
    Әр адамға өз елінің аң - құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.
1. жасында – балапан
2. жасында – қан түбіт
3. жасында – тірнек
4. жасында – тас түлек
5. жасында – мұз балақ
6. жасында – көк түбіт
7. жасында – қана
8. жасында – Жана
9. жасында – май түбіт
10. жасында – барқын
11. жасында – баршын
12. жасында – шөгел

        Ақын – жазушылардың құсбегілік туралы айтқан өнегелі сөздері қаншама десеңші! Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. 14 жол. Ақынның көтерген тақырыбы - қосанжар өмір құбылысы. 
   Ұлы Абайдың «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде қыран бүркітің қайсарлығы, өмірдегі ең қу түлкінің өзі оның уысынан құтыла алмайтындығы сөз болады. Өлеңнен үзінді оқылады.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанда
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі
Сағадан сымпың қағып із шалғанда
Бүркітші тау басында қағушы ойда
Іздің бетін түзетіп аңдағанда
Томағасын тартқанда бір қырынан
Қыран құс көзі көріп самғағанда
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп
Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң құр қашқанға
Аузын ашып, қонақтап тісін қайрап
Олда талас қылады шыбын жанға
Сөзжұмбақ шешу: «Қансонар»
Қ
А
Н
С
О
Н
А
Р
1) Махаббат символы ……(аққу)
2) Құйрығы аша құс (Қарлығаш )
3) Бақыт құсы (Көгершін)
4) Жылтырға үйір құс (сауысқан )
5) Орман емшісі (Тоқылдақ )
7) Жыртқыш құс (Лашын)
8) Қыстап қалатын құс (Қарға)
9) Қыран құс (Қырғи )
          Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал – мәтел қалдырған.
1. Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас
2. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер
3. Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт
4. Саятшылық сабырлыға жарасар
5. Сонаршы ақпанды сүйер

Викториналық сұрақтар қойылады.
• Қандай қыран құстар бар?
• Құсбегі деген кім?
• Құсбегіге қандай құрал - жабдықтар керек?
• Ең үлкен қыран қай құс?
• Оның қанат құлашы қанша?
• Бүркіт қанша жыл жасайды?
• Бүркіттің баласын не деп атайды?
• Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс?
• Қасқырды да алатын өте күшті алып құс?

Алып қыран құстарды баулып, аңға салатын, тағыны баптап, тағы алдыратын адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі қыран құсты танып, таңдай білетін адам. Оның баулитын құстарының ең алыбы – бүркіт. Содан соң тұйғын, қаршыға, лашын, ителгі, сұңқар, қырғи, бөктергі. Құсбегіге қыранды баулу үшін мынадай құрал жабдықтар керек.
      Тұғын – құсты қондырып қоятын орын, жабдық. Ол көшпелі тұрмысқа лайықты ағаштан жасалады.
Ырғақ – түзден түске асау құстың аптығын басып, біршама ырыққа көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты тұғыр.
  Биялай – бүркітшінің оң қолына киетін қолғабы. Ол бүркітті қолға қондырғанда, алып жүргенде бүркіт тұяғы қолды зақымдамауы үшін жасалған.
Томаға – бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас киім.
Сопыаяқ – ағаштан жасалған бүркітке жем беретін ыдыс.
Балдақ - құсты ат үстінде алып жүруге арналған, құс салмағынан қолдың талмауы үшін оң қолдың білегін сүйеп отыратын, ашасында жұмсақ тіреніші бар тіреу.
Аңға түсу – қыранның ұшу мәнеріндегі ең күрделі, ең қиын, ең сұсты әрекеті. бүркіттің 4 саусағы бар. 1 - тегеурін, 2 - жембасар, 3 - сығыс, 4 - шеңгел.
            Құсбегі қыранды негізінен 2 түрлі әдіспен ұстайды: бірінші – қанаты қатпаған сары ауыз балапан кезінде ұядан алады. Екінші – тұз тағысын тормен ұстату. Балапанды үйге әкелгеннен кейін баули бастайды. Құсбегі оны сылып – сипап, мәпелеп, өзіне үйір қылады. Турап суға салып, қаныт бүркіп қолмен ет тарттырады, балақ бау тағып, томаға кигізеді. Одан соң 3 - 4 қадам жерге барып аяқбаудан тартып биалайды «кәл», «кәл» деп шақырады. Осыдан кейін баулығаны қыран болса, түлкі немесе қоян терісіне сабан толтырып, сыртына ет қыстырып, оны ұзын жіпке байлап, сүйреп қашады да бүркітті соған түсіреді. Оны «домбай тастау», «шырға тарту» дейді. Ары қарай балапанды тірі аңға түсіреді.

        Құстың тілін табу – оның бабын табу деген сөз. Бабы келген қыран ғана аң – құсқа түсе алады. Кейде тор тұзақ құрып ірі құсты ұстайды. Ал асау әлі семіз түз тағысын қолға үйрету, бапқа келтіру дегеннің машақаты мол жұмыс. Ол алғашқыда қондырған жерге отырмай, қанатымен жер сабалап тулайды, жер бауырлап жатып алады. Сөйтсе де аяқ бау тағып, томаға кигізіп, ырғаққа отырғызады.
         Ырғақ – бостау керілген арқан немесе екі басы жіпке байланған жіңішкелеу аспа ағаш. Ол бүркіттің отыруына өте жайсыз. ырғалғыш келеді. Осы ырғаққа отырғызылған бүркіт одан құламауға тырысып, әуреленеді Оның үстіне құсбегі әдейі бірдеңелерді даңғырлатып, балаларды шулатып дегендей құстың көз шырымын алдырмай шаршатады. Осылай әбден қалжырап, ашыққан түз тағысы енді ырғаққа көніп, жем тартады.

Қорытынды: Құсбегілік өнерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу міндетіміз.
Саятшылық – нағыз дамытатын кәсіп.
Оған жастарды тарта білу – аға ұрпақ парызы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План-конспект факультатива по Абайтану на тему "Қыран құс не алмайды, салса баптап"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қыран құстармен таныстыру, жыртқыш құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы, құсбегінің қыран құстарды қалай баулитынын, құсбегіге қажет құралдар туралы түсіндіру. Қыран құстар туралы мол мағлұмат беру, дүние танымын кеңейту. Қыран құстарды қорғауға, әсемділікке баулу. Құсбегілік ұлттық спорттың ерекше дамыған түрі. Көп елде кездеспейтін құсбегілік, кездессе мардымсыз дамыған құсбегілік өнері қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан. Құс салып, аң аулау осыдан 7 ғасыр бұрын қанат жайған. Біздің елімізде бүркіттің 7 түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ғажабы – қыран бүркіті. Ол қасқырды да алатын өте күшті, ірі денелі алып құс. Бүркіт биік таулар шыңдары мен жар тастарын мекендейді. Кейде ормандарда да кездеседі. Бүркіт өте сақ, адам көзіне шалдыға бермейді. Қанат құлашы 2 метрге дейін жетеді. Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек, жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік. Әр адамға өз елінің аң - құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.09.2020 639
    • DOCX 17.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шапкова Альбина Назиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шапкова Альбина Назиповна
    Шапкова Альбина Назиповна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 102260
    • Всего материалов: 241

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек