Математика
6 - сынып
Сабақтың
тақырыбы: Жақшаны
ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
Мақсаты:Жақшаны
ашу ережесін тұжырымдау,көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты
үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу. Жақшаны ашу
ережелерін тиісті жағдайларда
пайдалану. Білімділік
мәні:ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және жақшаны
ашып, көбейтіндіні қосынды түрінде өрнектей
білу.
Тәрбиелік мәні:оқушыларды еңбектенуге,ізденуге
тәрбиелеу,шапшаңдыққа
баулу. Дамытушылық
мәні:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау
қабілетін дамытып,математикалық тілде сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты таныстыру
сабағы. Көрнекілігі:интерактивті
тақта,көбейтудің қасиеттері,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен
өзара амандасу,класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылар назарын сабаққа
аудару.
II.Үй тапсырмасы бойынша тірек сұрақтары: а)қосудың қасиеттерін
тұжырымдау; ә)көбейтудің қасиеттерін тұжырымдау және
өрнектеу. III.Жаңа
тақырыпты түсіндіру: «Жақша» атауы немістің
Леонард Эйлер енгізген «Кlammer»-жақша деген термин сөзінен
шыққан.Жақшалар тек XVIII ғасырдың I жар- тысында ғана неміс ғалымдары
Готфрид Лейбниц пен Леонард Эйлердің еңбектері арқылы кеңінен
тарады. Тақырыптың
алдын-ала даярлық тапсырмасын орындау арқылы жақшаны ашып,кө-бейтіндіні
қосынды түрінде өрнектеуді оқушылар тақтада орындайды:
1)3*(2а+9в+10с)═ 6а+18в+30с; -5(11х+7у-37)═
-55х-35у+185; 2)ортақ
көбейткішті жақша сыртына
шығару:
ав+ас-аd ═а(в+с-d); 4а+10в+18с═2(2а+5в+9с)
Жақшаны ашу: а)алдында «+» таңбасы бар жақшаны ашу үшін жақша алдындағы
«+»таңбасын және жақшаны жазбай жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен
жазу керек. Мысалы: 3+(-2а+5в-6с)═3-2а+5в-6с;
ә)алдында «-» таңбасы бар жақшаны ашу
үшін «минус» таңбасын және жақшаны жазбай, жақша ішіндегі қосылғыштарды
қарама-қарсы таңбамен жазу
керек. мысалы:
-(7а+2в-3с)═ -7а-2в+3с; -(9х-8у+5)═
-9х+8у-5;
б) а(в+с) түріндегі өрнектегі жақшаны ашып жазу үшін көбейтудің үлестірімділік
қасиеті қолданылады. (көбейтудің қасиеттеріне тарихи шолу
жасау).
мысалы:
5(4х+2у)═20х+10у;
в)ортақ көбеткішті жақша сыртына шығару. Мысалы:
20а+15в ═ 5(4а+3в); мұндағы 5-ортақ көбейткіш.
жақшаны
ашу
а
(в+с)
ав+ас
ортақ ортақ көбейткішті
көбейткіш
жақша сыртына шығару
IV.Ортақ
көбейткішті жақша сыртына шығаруға және жақшаны ашуға жаттығулар
орындау. №749-ауызша
орындау.
№750-тақтада
талдау:
1)а+(в-с)═а+в-с;
4)9-(а+в+с)═9-а-в-с; 7)а-(в-с+d)═а-в+с-d;
2)х-(у+2)═х-у-2; 5)х-(-3+у-z
)═х+3-у+z
8)х+(у-z+8)═х+у-z+8;
3) m-(-n-k)═
m+n+k;
6)m+(8+n-k)═m+8+n-k;
9)m-(-2+n+k)═m+2-n-k;
№751-жақшаларды
ашып
жазу:
1)1,9(а+2)═1,9а+3,8; 3)-2(х-0,9) ═
-2х+1,8;
5)1,3(а-в)═1,3а-1,3в;
2)3(а-1,7)═3а-5,1; 4)-3(1,6+у)═
-4,8-3у; 6)-4(х+у)═ -4х-4у;
№752-ортақ
көбейткішті жақша сыртына шығару:
1)2m-
2n
═2(m-n);
2)3а-6в═3(а-2в); 3)6х+10у═2(3х+5у);
3х+3у═3(х+у);
2с+8d═2(с+4d)
15а-12в═3(5а-4в);
-4m-4n═
-4(m+n);
5m-15n═5(m-3n);
20с-24d═4(5с-6d);
№753-жақшаны
ашып,өрнектерді ықшамдау:
1)5-(а+3)═5-а-3═ -а+2;
2)2+(-8+с)═2-8+с═ -6+с; 3)0,8-(а+3)═0,8-а-3═ -а-2,2;
8-(10+в)═8-10-в═ -2-в;
3+(-в-5)═3-в-5═ -в-2; 1,4+(с-2)═1,4+с-2═ с-0,6;
9-(с+7)═9-с-7═ -с+2;
4+(а-9)═4+а-9 ═ а-5; 2,6-(-у+10)═2,6+у-10═у-7,4
5.Деңгейлік тапсырмалар бойынша
оқушылармен жеке жұмыс жасау,талдау. V.Кестемен жұмыс:
«Қоян қайда секіреді?»
-4(а-2в)
|
9(х+2у)
|
9х+18у
|
-(а+5в-4с)
|
-а-5в+4с
|
-4а+8в
|
7.Сабақты қорытындылау:оқушыларды
бағалау, шығарылған есептер нәтижесі бойынша тақырыпты пысықтау. Үйге:
№ 778 (1-4) Көбейтудің қасиеттерін қайталау.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Г.
Глейзер. "Мектептегі математика тарихы"
2. М. Исқақов. " Қазақ
календары"
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.