Инфоурок Другое Другие методич. материалыПлан урока на тему "Сабақтас құрмалас сөйлем"

план урока на тему "Сабақтас құрмалас сөйлем"

Скачать материал

 

 

Қостанай қаласы №10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна

Пән:Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты:1.Сабақтас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары түсінік беру.

2.Грамматикалық сауаттылықтарын арттыру,біліктілік дағдыларын дамыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа,тиянақтылыққа,білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:жаңа сабақ.

Сабақтың түрі:жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта,сызбалар ,кестелер.

Сабақтың барасы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)амандасыу

Ә)түгендеу

Б)сабақ мақсатын айқындау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: "Менің балалық шағым" тақырыбына мәтін құрастырып келу.Салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып.

Жаңа сабақ:

Қазір бізде қазақ тілі сабағы.

Тақтада: Кім  оқи алады?Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң,бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Қай әріптен бастап оқу керек?

 

Ендеше,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Сабақтас құрмалас сөйлем"

Бүгін біз мына жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әр оқушы "білім пердесі" атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.

Оқушының аты-жөні

Екеуара жұмыс

Сауаттылық хаты

Зерттеу жұмысы

Өзін-өзі бақылап,бағалау

Шығармашылық жұмыс

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өздерінің аты-жөнін жазып шығады.

Жаңа сабақ:

v Бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге  бағына  (сабақтаса) байланысады.

v Сабақтас құрмалас сөйлемдегі бастауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді  бағыныңқы сөйлем дейді.

v Сабақтас сөйлемнің сызбасы:бағыныңқы,басынқы.

 

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының сызбасы

 

Бағыныңқының баяндауштары

Тұлғалық белгісі

Сызбасы

1.Шартты рай

-са,се

/......../барса, /........../.

2.Көсемше

-а,-е,-й

-ып,-іп,-п

-қалы,-келі,-ғалы,-гелі

/........./ келе, /.........../.

/........../ойлап, /........./.

/.........../естігелі, /.........../.

3.Есімше

-ған,-ген, (-ша,-ше,

-дай,-дей)

 

-ған,-ген  (-да,-де

                   -мен)

 

-ған,-ген (-дықтан,

                 -діктен,

                  сайын,

                   соң)

 

(кезде,шақта,уақытта)

-ған+ге (шейін)

-ген+ге

 

-ған+нан        (бері)

ген+нен          (кейін)

                        (бұрын)

 

 

/.........../көргенше, /.........../.

/........../ оқығандай, /........../.

 

/......../жазғанда,/............./.

/........../білгенмен, /........../.

 

/......./танығандықтан, /....../.

 

/......./оқыған сайын,/........../.

/......./барған соң,/............/.

 

/......./естіген кезде,/........../.

/....../келгенге шейін,/......./.

 

 

/......./айтқаннан бері,/......./.

4.Етістік негізді

-ысымен (-ісімен)

/........./келісімен,/............/.

 

    Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екеу ғана емес,одан да көп болуы мүмкін.Құрамындағы екі я одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас құрмаластар кездеседі.Онда сөйлемдерді көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.Мысалы:Күн түс ауа жылынып,сызды дала бусанып,ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.

 

 

 

 


                                                                                

Жарыспалы көп бағыныңқы

Сатылы көп бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас.

Баңһғыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай,өзара біріне-бірі бағынып құрмаласқан сабақтастың түрі

Адам адамзат атанса,әйел ана атанса,адам баласы бір-біріне  жолдас атанса,ана біткеннің содан басқа іздегені бар ма?

Жанат пен Жәнібек жеке кетіп,арбаларға тиелген электр жабдықтарын қарап шыққанша,Мәмбет малдарды қарап шыға алмады.

 

1.Екуара жұмыс:Оқушыларға сабақтас құрмалас сөйлемдер таратылып береді.Осы сөйлемдерден бағыныңқы және басыңқы сыңарларын тауып көрсету керек.

Мысалы:тақтаға 2 оқушы жазады.

бағыныңқы

 


Күні бүгінде  кейбір үйге кірсең,қылқыбыр,көң-қоқыры есігінен төріне дейін, төрінен

                                

                                       басыңқы

 


есігіне дейін ыбырсып жатқанын көресің. (Құрмалас сөйлем,сабақтас,көп бағыныңқы, жарыспалы сабақтас құрмалас сөйлем) Әр жұп жазған сөздерін оқиды,білім парақшасына бағаларын қояды.

 

2.Сауаттылық хаты.

121-жаттығудағы сабақтас құрмаластарды тауып,берілген тапсырмаларды топ-топ болып орындау.

І топ-морфологиялық талдау ,ІІ топ-синтаксистік,ІІІ топ-сөз құрамына,лексикалық грамматикалық талдау (қалампыр,қыздар,жапырақтың)

.Білім парақшасына бағаларын қояды.

Тренинг: "Бір сөзбен айт".Шапшаң,тапқыр болуға және  сауатты оқуға бейімдейді.

Әр топқа үш  парақ қағаз беріледі.Парақтарда (пәндер,мамандықтар,жеміс,.үй жануары,азық-түлік,дене мүшесі,көкініс,түстер,киім) деген сөздер жазылған.Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып,сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек.Мәселен парақтағы сөзде "Оқу құралы" деп жазылған.Оқушы дауыстап оқымай,біраз ойланып (кітап,өшіргіш,қалам,қарандаш,сызғыш) дейді.

3.Зерттеу жұмысы. Мына сөйлемдерді жай сөйлемдерін бір-бірімен байланыстырып,сабақтас құрмалас сөйлем жасаңдар.

 

 

 

 

1.Ақындығы қандай күшті болғанымен,

 

 


2.Себебі қазақтың ол кездегі ақындары асыл сөз немен асыл болатынын ақындық сезіммен сезсе де,

 

3.Еуропа әдебиетімен танысқаннан кейін,

 

4.Адамға өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей,

 

 

5.Ойпыл-тойпыл сөйлеуден сақтанып,

 

 

6.Адамдар бойында жоқ және болып та  көрмеген қасиеттерді сенде бар деп мақтаса,

өз үйіндегі  кемшіліктер кемшілік болып көрінбейді.

 

айтылған екі дәуірдің ақындарының сөздерінде әдемілігінің жанында ат сүрінгендей міні тұрады.

 

анық біліп жетпеген.

 

қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастайды.

 

 

ондай мақтауға сеніп,мардымсыма.

 

 

тілінді тыйып ұста.

 

4.Өзін-өзі бақылап,бағалау. (тест сұрақтарына жауап беру.)

1.Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?

А)құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келеді.

В)Кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа,сабақтаса да байланысады.

С)Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып,екінші сөйлемге бағына байланысады.  Д)Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.  Е)Мағыналары жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.

2.Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А)Ербол ғана сүйеп қалып,зорға дегенде буынын бекітті,бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.  В)Қысқа үкідей аппақ болып,ұзақ күндер ұзақ жортып,көбінесе үнсіз жортып,Омбы қаласына  бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

С)Сиырда аунамақ жоқ,жылқыда күйсемек жоқ,тамда белдеу жоқ,таста тамыр жоқ,суда қаймақ жоқ.  Д)Қуаты-ақындық,үміті -халық.

Е)Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішінде,Ербол мен Баймағамбетке,кішкене молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалар:Әбдрахман,Күлбадан,Мағаштарға да өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтыр беріп отырмын.

3.Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.

Өзі,сол қағаз келгелі,қынжылып жүрген.

А)Басыңқы сөйлемнің алдында. В)Басыңқы сөйлемнен кейін. С)Басыңқы сөйлемнің ортасында. Д)Басыңқы сөйлемнің екі жағында. Е)Басыңқы сөйлем алдында да,кейін де.

4.Сатылы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А)Егер бұл тулап,бойды үркітіп жүргенде,Ұлжан көріп қойса,жаман болады.

В)Ереуіл атқа ер салмай,егеулі найза қолға алмай,ерлердің ісі бітер ме? С)Қыс түсті,қара аттың тізесінен суырыңды бұрқыратып,шілденің тозаңындай аспанға шығады. Д)Тәуелсіздікті анандай ардақта,баландай мәпеле.

Е)Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің,менің білуімше,бір белгілі парқын көрдім.

5.Қай сөйлемнің бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады?

А)Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас сөйлем.

В)Аралас құрмалас сөйлем

С)Сатылы көп бағыныңқы сабақтас сөйлем.

Д)Көп бағыныңқы сабақтас сөйлем.

Е)Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

6.Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.

Тау басына бүркітін алып Тұрғынбай жеткенше,Баймағамбет қорым  тасты қағуға кіріспей,Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.

А)Сатылы көп бағыныңқы

В)Әр алуан жарыспалы

С)Қарсылықты бағыныңқы

Д)Бірыңғай жарыспалы

Е)Шартты бағыныңқы

7.Сабақтас құрмалас сөйлемнің  құрамындағы бірінші жай сөйлемі  қалай аталады?

А)басыңқы

В)тиянақты

С)бағыныңқы

Д)тиянақсыз

Е)шартты

8.Берілген сөйлем  қандай сөйлем?

Машина жолда бөгелмесе,тура үш сағат барып қаламыз.

А)салалас

В)аралас

С)жай

Д)сабақтас

Е)атаулы

9.Сабақтас құрмалас сөйлемнің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

А)ештеңе қойылмайды

В)нүкте

С)үтір

Д)нүктелі үтір

Е)сызықша

10.Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

А)5

В)2

С)3

Д)4

Е)6

Тест жауаптарын тексеріп,білім парақшасына бағаларын қояды.

5.Шығармашылық жұмыс. І-топ құрмалас сөйлем,ІІ-топ салалас сөйлем,ІІІ-топ сабақтас құрмалас сөйлемдерге оқушылар кластер құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім парақшасына бағаларын қояды.

Бекіту:әр топқа ағаштың суреті беріледі,сол ағаш өзі үш бөліктен тұрады,бүгінгі сабақ өте жақсы өтсе-жоғарғы бөлігін,жақсы өтсе-ортасын,нашар өтсе-ең төменгі бөлігін бояу қажет.

Үйге тапсырма:122-жаттығуды оқып,көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңдар.

Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас

Сатылы көп бағыныңқы сабақтас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау.

Сабақтас құрмалас сөйлемді меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі,тілі шұбарланбайды.Сөйлеу кезінде сөздерді дұрыс қолданады.Сөздік қорымыз молайып,байланыстырып сөйлеуге дағдылануымыз керек.Ана тілімізді шұбарламай сөйлесейік.Ана тіліміз біздің қазақ тіліміз.

Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екеуара жұмыс

 

1.Игіліктен қанша жасқанса да,бүгін тәуекел етіп жасатуға келе жатыр еді.

2.Біз үйден шыққанда,күн де сәскелікке жақындап еді.

 

 

 

Екеуара жұмыс

3.Жасында жаттықтыра алмасаң,өскенде бастықтыра алмайсың.

4.Олардың сөзін тыңдағандай болып,мен үндемей отыра бердім.

 

 

 

Екеуара жұмыс

5.Олар үйден шыққанда,жаңбыр да жауды.

6.Ысқақ жақсы білім алсын деп деп,оның жанұясын қалаға көшіп келеді.

 

 

 

Екеуара жұмыс

7.Еңбексіз ауырса,емі табылмайды.

8.Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып,талассыз ілгері жылжи береді.

 

 

 

Екеуара жұмыс

9.Өткенге топырақ шашсаң,болашақ саған тас атады.

10.Ол арбадан түскенше,Санат күтіп қалды.

 

 

Екеуара жұмыс

11.Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.

12.Екпей егін бітпес,үйренбей білім бітпес.

 

 

Екеуара жұмыс

13.Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегі жып-жылы бір сезім құйылғандай болып,орнынан ұшып тұрды.

14.Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан,Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік,кешірім жасады.

 

 

Екеуара жұмыс

15.Жайдары,ақ көңіл,бала мінезді болғандықтан,сақалы беліне түссе де,жұрт оны Әсетжан дейтін.

16.Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып,Асқар үйден шыққан соң,Айбала шай қоюға кірісті.

 

Екеуара жұмыс

17.Ой өлшеп,тіл кестесін келтіре алса,берер ем алуан-алуан алтын еңбек.

18.Қойлар ұйлығып,жатпай маңырай берді.

 

 

Екеуара жұмыс

18.Қойшы барып қасқыр тартқан қара қойды алып келіп,үйдің жанына байлап қойды.

19.Бүгін ертерек шығып,мектепке асығып келе жатқан.

 

 

Екеуара жұмыс

20.Баласы анасының айтқанын бұлжытпай орындап,кешкісін алтынды әкесіне ұсынады.

21.Абай соншалық рақаттанып,сүйсініп күлді.

 

 

 

Екеуара жұмыс

22.Өзгелер балаларды атқа мінгізіп,ауылға алып келді.

23.Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп,әке-шешелеріне қосылыпты.

 

 

 

Екеуара жұмыс

 

24.Қазақтың Қожан,Мәнжі деген қос батыры қол жинап,туған еліне азат етуге жорыққа шығыпты.

25.Олар жауларын  тықсыра отырып,Бүркітші тауына түсіпті.

 

 

 

Екеуара жұмыс

26.Осы арада екі жақтың да әскерлері шатырларын тігіп, демалуға жатыпты.

27.Қартқожа сенбейін десе,оның келтірген дәлелдерін күшті көрді.

 

 

Екеуара жұмыс

28.Ежелгі гректердің суретшісі Ревксис жүзімінің суретін салғанда оны жеу үшін құстар ұшып келіп,тұмсықтарымен шоқи бастады.

29.Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп,таудан асып,ұясына кіріп барады.

 

 

 

Екеуара жұмыс

30.Жұқалаң ұзыншақ көп бұлт қызыл сеңдей болып,батар күнді ентелеп қамап тұр.

31.Қара көк тұңғиық аспан күнбатысқа тақаған жерінде қызыл торғындай толқынданып,кейбір жерінде қызулы өрттің жалынындай жайнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңартеңгі тұнық ауа енді мұнартып,кең даланы сұлу сағым басты.

 

Машина жолда бөгелмесе,иура үш сағатта барып қаламыз.

 

Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан,жаңағы жайкүй айтысудан өзге әңгіме  қозғамады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока на тему "Сабақтас құрмалас сөйлем""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пән:Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты:1.Сабақтас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары түсінік беру.

2.Грамматикалық сауаттылықтарын арттыру,біліктілік дағдыларын дамыту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа,тиянақтылыққа,білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:жаңа сабақ.

Сабақтың түрі:жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта,сызбалар ,кестелер.

Сабақтың барасы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)амандасыу

Ә)түгендеу

Б)сабақ мақсатын айқындау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: "Менің балалық шағым" тақырыбына мәтін құрастырып келу.Салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып.

Жаңа сабақ:

Қазір бізде қазақ тілі сабағы.

Тақтада: Кім  оқи алады?Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң,бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Қай әріптен бастап оқу керек?

 

Ендеше,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Сабақтас құрмалас сөйлем"

 

Бүгін біз мына жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 945 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 1339
    • DOCX 327 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7162
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе