- 29.09.2020
- 1811
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Шипина Ә.А.
Қостанай қ.
№1 мектеп – лицейі
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Ұлттық ойындар. Бәйге.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Суретпен жұмыс жасау арқылы,сұрақтарға жауап беру арқылы «Бәйге» тақырыбымен таныстыру. Сурет бойынша сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Ұлттық ойындар туралы сурет бойынша әңғіме құрастыру, оқушылардың сөздік қорын молайту. Сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа, ұлттық ойындарға, қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.Жылдамдықты, зеректікті тәрбтелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Жабдықтау: мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.Кезекшінің мәліметі:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айлары қандай?
Қазір қандай ай?
Бүгін нешесі?
Бүгін ауа райы қандай?
Ауаның температурасы қандай?
Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
Ең бастысы – үнсіз қалма.»
ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.
-Оқушы-оқушы.
-Мұғалім-оқушы: -Қыс қай жыл мезгілі?
-Қыс айлары қандай?
-Қыстың бірінші айы қандай?
-Соңғы айы қандай?
-Бүгін ауа райы қандай?
-Саған қыс мезгілі ұнайды ма?
« Қыс» туралы қандай өлең білеміз? Оны кім жазды?
Абай туралы не білесің?
-Монолог «Қыс», «Жаңа жыл», «Абай Құнанбаев»-бір-бір сөйлемнен айтқызу.
ІІІ. Өткенді қайталау.
Грамматика саласы бойынша әңгімемізді жалғастырамыз:
(Бір-бір сөйлемен: фонетика саласы бойынша не білеміз?)
-Фонетика деген не? (Ол тіл білімінің бір саласы)
-Нені зерттейді? (Әріп пен дыбыстарды зерттейтін ғылым)
-Неше әріп бар?
-Неше дауысты дыбыс бар?12
-Неше дауыссыз дыбыс бар? 25
-Дыбыстар қалай бөлінеді?
-Дауыстылар қандай болады? (Тілдің қатысына қарай: жуан және жіңішке)
-Жақтың қатысына қарай? (Ашық және қысан)
-Еріннің қатысына қарай? (Еріндік және езулік)
Жақтың
қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің
қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.
-Дауыссыздар қалай бөлінеді? (Ұяң, үнді, қатаң)
-Жалғаудың неше түрі бар? Қандай? (4 түрі бар: көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
-Буынның неше түрі бар? «3 түрі: ашық, тұйық, бітеу)
-Сөз таптарын ата. (Зат есім, сын есім, етістік, есімдік,үстеу, шылау)
-Етістіктің шақтарын ата. (Осы шақ, келер шақ, өткен шақ)қуу-етістігін келер шақта жіктеу. Шабу сөзімен сөз тіркесін құрастырыңдар. (Бұл бүгінгі сабағымыздың тақырыбы.)
ІҮ. Жаңа тақырыпты еңгізу.
1.Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру:
Бүгін сабағымызда «Бәйге» тақырыбымен танысамыз. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырамыз, сұрақтарға жауап беру арқылы ауызекі тілімізді дамытамыз.
Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
Ең бастысы – үнсіз қалма.»
2. Жаңа сөздермен танысу:
алыс қашықтықтағы-
ерекшелігі, өзгешелігі-
жазық жерлер-
өтіп қоймайды-
талап-
ойлы-қырлы-
а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.
в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.
3.Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Бәйге мен аламан бәйге
Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Бәйге мен аламан бәйге болып бөлінеді. Аламан бәйге-алыс қашықтықтағы ат жарысы. Спорттың бұл түрінің өзгешелігі бар. Жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өткізілмейді. Спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылады. Жарыс ойлы-қырлы жерлерде де өткізіледі.
4. Сұрақтарға жауап беру:
1. Бәйге деген не?
2. Ол спорттық ойын қайда өтеді?
3. Спортшыға, оның атына не қойылады?
4. Жарыс ойлы, қырлы жерлерде өткізіледі ме?
5. Спортылар қандай болу керек?
5. Сөйлемдерді толықтырңдар: Бәйге --------. Қайда өткізіледі. Аламан бәйге ----------------- Спортшыға және оның атына-----------------
6. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдау.
7. Етістік нені білдіреді? Қандай сұрақтарға жауап береді? Етістіктің шақтарын ата.
8. Сөйлемде етістіктерді табу.
9 .Шабу-3 шақта жіктеу.
УІ. Сабақтың қорытындысы: Қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық? Не істедік?
Не білдік?
УІІ. Бағалау.
УІІІ. Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау
6 672 122 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Шипина Алия Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.