Инфоурок Химия Рабочие программыПлан урока по химии на тему "Көмірсулар"

План урока по химии на тему "Көмірсулар"

Скачать материал

Көмірсулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көмірсулардың маңызды өкілдері, олардың жіктелуі, құрамы, құрылысы мен атаулары жайлы мағлұмат беру. Құрылысына сәйкес химиялық қасиеттері: тотығу-тотықсыздану, ашу процестерімен танысу. Қант қызылшасынан қант алу технологиясымен танысу. Крахмал мен целлюлозаны мысалға ала отырып, табиғи полимерлер жайлы ұғымды тереңірек түсіну.

Тәрбиелік: студенттерді топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге, ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережесін қолдана отырып тәжірибе жасауға баулу.

Дамытушылық: білімді тереңдету, химиялық эксперимент жасау арқылы білігімен қызығушылығын және ойын дамыту.

Пәнаралық байланыс:

1.Биология «Жасушаның химиялық құрамы», «Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы»

2.Электротехникалық материалдар «Талшықты диэлектриктер»

3.Информатика «Презентация құру»

Көрнекіліктер:эпиграф, презентациялық слайдтар, бейнефильм: «Көмірсулардың биологиялық маңызы »  

Үлестірме материал:тірек конспектісі, тест сұрақтары

Қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтер: глюкоза 10% ерітіндісі (С6Н12О6), күміс нитраты AgNO3, аммиак ерітіндісі (NH3), калий гидроксиді (KOH), мыс (ІІ)сульфаты ерітіндісі (CuSO4), крахмал, йод ерітіндісі,сынауықтар, спиртшам

 

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың оқу-құралдарын тексеру

4.Сабақтың мақсатын ашу

ІІ. Өткен оқу материалын қайталау

«Ой қозғау»

Экрандағы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беру

Есеп шығару

89 г майды (тристеарат) сумен қосып қыздырғанда,82 г стеарин қышқылы түзілсе, өнімнің шығымы қандай?

ІІІ. Жаңа материалды оқу

«Ой шақыру»

Табиғатта көмірсулар түзілетін процестің жалпы стехиометриялық теңдеуі:

   

Бейнефильм көрсету (Фотосинтез)

    Фотосинтездің қараңғы фазасында негізгі рөлді СО2 атқарады. АТФ, НАДФ*Н энергиясын пайдаланып көмірсулар түзіледі.

    Көмірсулар табиғатта көп таралған. Кейбір өсімдіктердің жемістеріндегі құрғақ массаның 80 – 90 % -ы, ал жанураларда 1 – 2 %- ы көмірсулар үлесіне тиесілі.

Көмірсулар – көп функционалды қосылыстар.

Молекула құрамында көміртегі, сутегі және оттегі атомдары болады.

Көмірсулардың жалпы формуласы: Сn(H2O)m

    Көмірсулардың шығуы туралы тарихи анықтама беріледі.

Көмірсулардың биологиялық маңызы жөнінде оқушылар баяндама оқиды.

Бейнефильм көрсету (Көмірсулардың биологиялық маңызы).

Көмірсулардың жіктелуі.

 

 

Моносахаридтер - пентозалар

 

     Рибоза С5Н10О5  мен дезоксирибоза С5Н10О4 суда жақсы еритін, тәтті кристалл заттар. Олар нуклеин қышқылдары – дезоксирибонуклеин қышқылы (РНҚ) мен рибонуклеин қышқылы (РНҚ) молекулаларының және аденозинтрифосфорқышқылының (АТФ) құрамына кіреді.

Моносахаридтер - гексозалар

Фруктоза құрамында карбонил және бірнеше гидроксил топтары бар көпатомды кетоспирт.

 Фруктоза – жеміс шырынында, балда және қант қызылшасының құрамында болады.

Циклические формы глюкозы

     

 

 

 

   Глюкозаны альдегидоспирт деп те атайды. Сулы ерітіндіде глюкоза циклді түрде болады.

Егер С1 мен С2 көміртегіндегі гмдроксилдер сақинаның бір жағында болса, α- форма, ал екі жағында болса β – форма деп аталады. Кристалды глюкоза α – формадан тұрады. Глюкозаның судағы ерітіндісінде β – форма басым болады. Глюкоза – қан плазмасының тұрақты заты, оның мөлшерінің кеміп не артып кетуінен организм қауіпті ауруларға ұшырайды. Глюкоза жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің жұмысын реттеуге де қатысады.

       Глюкозаның физикалық қасиеттері:

      Қатты, кристалды зат

      Түссіз

      Дәмі тәтті

      Суда жақсы ериді

      Глюкоза ерітіндісінің ортасын анықтаңдар.

 Глюкозаның химиялық қасиеттері:

1.Көп атомды спирттерге тән қасиеттері

(  – ОН тобы бойынша),

2. Альдегид тобына тән реакциялары

 (− СОН тобы бойынша),

3. Глюкозаның өзіне тән қасиеттері.

   Катализатор қатысында сутекпен тотықсыздандырғанда, глюкоза алтыатомды спирт – сорбит түзеді:

 

 

Тәжірибе жасау:

Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу

Глюкозаның күміс оксидімен әрекеттесуі

Реактивтер мен құрал – жабдықтар:

1. Глюкоза 10% ерітіндісі (С6Н12О6)

2. Күміс нитраты ерітіндісі (AgNO3)

3. Аммиак ерітіндісі (NH3)

4. Сынауық

5. Спиртшам

Жұмыстың орындалуы

    Таза жуылған сынауыққа 1 мл күміс нитраты ерітіндісін құйып, оған тұнбасы ерігенше аммиак ерітіндісін тамшылатыңдар. Үстіне 1,5 – 2 мл 10% - тік глюкоза ерітіндісін қосып, қыздырыңдар.

Не байқадым?

Химиялық реакция теңдеуі

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі

Реактивтер мен құрал – жабдықтар:

1. Глюкоза 0,5% ерітіндісі (C6H12O6)

2. Калий гидроксиді (KOH)

3. Мыс (ІІ)сульфаты ерітіндісі (CuSO4)

4. Сынауық

5. Спиртшам

Жұмыстың орындалуы

    Сынауыққа 3 – 4 мл глюкоза ерітіндісін, сонша мөлшерде натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оның үстіне 0,5 мл мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін қосады да, қоспаны қыздырады.

Не байқадым?

Химиялық реакция теңдеуі

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1) Спирттік ашуы

    С6Н12О6 → 2СН3-СН2ОН + 2СО2↑

                           этил спирті

Глюкозаның спирттік ашуы да практикада, мысалы, сыра жасағанда қолданылады.

2) Сүт қышқылды ашуы

С6Н12О6 → 2СН3-СНОН –СООН

                         сүт қышқылы

    Сүт қышқылды ашу арқылы айран, сүзбе, қаймақ, т.б. сүт өнімдерін алады. Капуста тұздағанда немесе шөпті сүрлемге салғанда, реакция нәтижесінде түзілген сүт қышқылы қышқылдық қасиет көрсетіп, өнімді шіруден қорғайды.

3) Май қышқылды ашуы

С6Н12О6 → С3Н7СООН + 2Н2↑ + 2СО2↑

4) Толық тотығуы

С6Н12О6 +6О2→  6Н2О + 6СО2

 

Дисахаридтер:

Сахароза (қызылша немесе қант қамысы қанты)

Лактоза (сүт қанты)

С12Н22О11

( 2 моносахарид молекуласына гидролизденеді)

C12Н22О11

       Сахароза - ақ түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы 184 – 1850С. Сахарозаны балқытып, содан соң қатырса, аморфты мөлдір масса карамель түзіледі.

Сахарозаның ерітіндісі мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітіндінің түзілуі, сахарозаның көпатомды спиртке жататынын көрсетеді.

     Сахарозаны қышқыл қатысында қыздырғанда гидролизденіп, екі моносахарид – глюкоза мен фруктоза түзіледі

 

 

 

 

Сахароза, негізінен, тағам ретінде, кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Оны гидролиздеп, жасанды бал алады. Адам мен жануарлар организмінде ферменттердің әсерінен ыдырайды. Сахарозаны өнеркәсіпте қант қызылшасынан және қант қамысынан алады.

Дисахаридтерді сатылап гидролиздеп полисахаридтерден алуға болады:

Лактоза - сүт қанты. Молекуласы глюкоза мен оның изомері галактозадан құралған. Гидролиздегенде глюкоза мен галактозаға айналады:

 

Мальтоза. Табиғатта бос күйінде кездеспейді, бұл дисахаридті крахмалдан алады. Гидролиздегенде глюкозаның екі молекуласы түзіледі:

Қант өндірісі туралы студент баяндама оқиды.

 

Полисахаридтер.

Крахмал-полисахарид,табиғи полимер

Өсімдіктердің жапырағында, сабағында, түйнегі мен тұқымдарында көп мөлшерде болады. Бидай ұнында 75 - 80%, картопта 25% крахмал бар. Крахмал ыстық суда жақсы ериді, оны тұрмыста крахмал желімі деп атайды.

  Организмнің гликоген жинауы шектеулі. Адам салмағының 1 кг 50 – 60 г гликоген жиналған соң, одан артық мөлшері майға айналып, адам толысып кетуі мүмкін.

Формуласы:  (C6H10O5)n

    Крахмал-целлюлозадан кейінгі табиғатта ең көп таралған көмірсу.

    Крахмал-жасыл өсімдіктердің жапырағында хлорофилл дәндерінде күн сәулесі қатысында су мен көміртек / IV/ түзеді.

                   6CO2+6H2O®C6H12O6+6O2

      Крахмал өсімдік текті полисахарид болса,адамдар мен жануарлар бауырында жануар крахмалы гликоген түрінде кездеседі.

     Өндірісте: крахмалды, картоптан, жүгеріден, күріштен алады. Ол үшін шикі затты ұсақтап, сумен шаяды. Тұнбаға түскен крахмалды бөліп алып, жылы ағынға кептіреді.

Крахмал –дәмі жоқ,суда ерімейтін, ақ түсті ұнтақ.

    Ыстық суда ісініп,коллойд ерітінді крахмал клейстерін түзеді.

            Крахмалдың йодпен әрекеттесуі

Реактивтер мен құрал – жабдықтар:

1.      Крахмал

2.      Салқын және ыстық су

3.      Йод ерітіндісі

4.      Сынауықтар

Жұмыстың орындалуы

    Сынауыққа 5 мл су құйып, үстіне аздап крахмал салып, қоспаны араластырыңдар. Түзілген қоспаны ыстық су құйылған ыдысқа аралстыра отырып құйыңдар. Крахмал клейстері түзіледі. Сынауыққа крахмал ерітіндісінен 2 – 3 мл құйып алып, оның үстіне бірнеше тамшы йод ерітіндісін тамызыңдар.

Не байқадым?

Химиялық реакция теңдеуі

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Целлюлоза – табиғи полимер. Молекулалық формуласы:(C6H10O5)n

       Целлюлозаны клетчатка деп те атайды. Ол -  өсімдіктер клеткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі. Мақта талшығында 98 % - ке дейін, ағаш сүрегінде 50% - ке жуық, жасыл жапырақтарда, шөпте (10 – 25 %) болады.

      Целлюлоза ақ немесе сұр түсті талшықты қатты зат. Целлюлоза суда, спиртте, эфирде, ацетонда және т.б. органикалық еріткіштерде ерімейді.

IV. Жаңа материалды бекіту

     Химиялық эстафета

СН4→ СО2 → С6Н12О6 → С12Н22О11

      Графикалық диктант

 

     Массасы 72 г глюкоза (ондағы қоспаның мөлшері 10 %) спирттік ашығанда көміртегі (IV) оксидінің қандай көлемі түзіледі.

 

 

 

 

V. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау

 

VI. Үй тапсырмасы

Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С. Әлімжанов– Химия 11 – сынып  Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007ж

§ 12.1.-12.3.  226-273 бет

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по химии на тему "Көмірсулар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ жоспарының тақырыбы: көмірсулар. Мақсаты: Білімділік: көмірсулардың маңызды өкілдері, олардың жіктелуі, құрамы, құрылысы мен атаулары жайлы мағлұмат беру. Құрылысына сәйкес химиялық қасиеттері: тотығу-тотықсыздану, ашу процестерімен танысу. Қант қызылшасынан қант алу технологиясымен танысу. Крахмал мен целлюлозаны мысалға ала отырып, табиғи полимерлер жайлы ұғымды тереңірек түсіну.Тәрбиелік: студенттерді топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге, ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережесін қолдана отырып тәжірибе жасауға баулу.Дамытушылық: білімді тереңдету, химиялық эксперимент жасау арқылы білігімен қызығушылығын және ойын дамыту.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 533 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2020 1855
    • DOCX 12.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Богдашова Нина Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Богдашова Нина Николаевна
    Богдашова Нина Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 88830
    • Всего материалов: 211

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 322 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 658 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе